Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Қоғамдық қор таратылғаннан кейін қалған мүлік оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады (АК-ның 107-бабының 8-тармағы). Егер басқа заңды тұлға да осы мақсатты көздейтін болса, онда қалған мүлік сыйға тарту шарты бойынша осындай заңды тұлғаның балансына беріледі. Егер таратылған қордың мақсаттарын мемлекет қана жүзеге асыратын болса, онда мүлік Қаржы министрлігінің тиісті органына беріледі. Таратылатын қордың мақсаттарына ұқсас мақсаттарды Қазақстанда бірде-бір ұйым жүзеге асырмайтын болса, онда қалған мүлік қоғамдық қордың құрылтайшылары арасында бөлінеді.

Қор болып табылмайтын ұйымдарды қорлар деп атайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар қоғамдық қорлар бола алмайды. Сондықтан АК-ның 107-бабының ережелері оларға таралмайды. Бюджеттен тыс мемлекеттік қор мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдардың дербес түрі болып табылады, оның құқықтық жағдайы өзінің қызметін реттейтін нормативтік актілермен айқындалған.

 

10.4.Тұтыну кооперативі. Тұтыну кооперативі - бұл қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі (АК-ның 108-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, бағбандық, бақша және гараж кооперативтері тұтыну кооперативіне мысал болып табылады.

Тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайын АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және "Тұтыну кооперативі туралы" 2001 ж. 8 мамырдағы №І976 заң айқындайды. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі тұтыну кооперативінің бір түрі болып табылады. Оның қызметін "Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы" 2003 ж. 8 сәуірдегі №404 заң реттеп отырады.

Тұтыну кооперативі нақ өз қатысушыларының қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылады. Мұндай қажеттер жеке адамның тұтынуымен шектелген, ал оларды қанағаттандырудың ақшалай нысаны болмайды. Бірақ бұл ережеден өзгешелік бар. Селолық тұтыну кооперативтері өз мүшелерінің ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін (АК-ның 108-бабының 7-тармағы). Селолық тұтыну кооперациясының ерекшеліктері "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" 1999 ж. 21 шілдедегі №450-Г ҚР заңымен айқындалады.

Өндірістік кооперативтен өзгеше, тұтыну кооперативіңдегі мүшелік оның қызметіне міндетті түрде еңбекпен қатысуды талап етпейді. Әдетге, азамат, тұтыну кооперативінің мүшесі болып табылады. Алайда, заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады (АК-ның 108-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Тұтыну кооперативін екі және одан да көп азаматтар құруы мүмкін. Тұтыну кооперативінің атауы оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуге тиіс.

Жарғы тұтыну кооперативінің бірден-бір құрылтай құжаты болып табылады. Мұндай кооперативті құруда құрылтай шарты жасалмайды. Тұтыну кооперативінің жарғысында АК-ның 41-бабының 5-тармағында көрсетілген барлық заңды тұлғаларға ортақ мәліметтерден басқа, кооператив мүшелері пайларының мөлшері туралы шарттарды; кооператив мүшелері пайларының құрамы және оларды енгізу тәртібі туралы, олардың жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзіреті және олардың шешімдер қабылдау, оның ішінде шешімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі туралы; кооператив мүшелерінің шеккен залалдарды жабу тәртібі туралы ережелер болуға тиіс (АК-ның 108-бабының 3-тармағы).

Тұтыну кооперативі өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Тұтыну кооперативінің мүлкі меншіктің жеке меншік нысанының құқықтық режиміне бағынады. Пайшылардың (уәкілеттілердің) жалпы жиналысы тұтыну кооперативінің жоғары органы болып табылады. Тұтыну кооперативінің басқару органдары тұтыну кооперативі құрылтайшыларының қалауы бойынша анықталуы және аталуы мүмкін. Тұтыну кооперативінің басқару органдары жеке-дара және алқалы болуы мүмкін (мысалы, басқарма).

Тұтыну кооперативі коммерциялық ұйым емес. Сондықтан ол бұл әрекет оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндіктен ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Табыс табуды қызметтің негізгі мақсаты етпеу — тұтыну кооперативінің міндетті белгісі. Тұтыну кооперативінің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға беріледі (АК-ның 108-бабының 4-тармағы).

Кооперативтің қызметі едәуір дәрежеде оның мүшелерінің қосымша жарналары есебінен жүзеге асырылады. Қосымша жарналар енгізу туралы шешімді жалпы жиналыс қабылдайды. Тұтыну кооперативінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша төлемеген бөлігі шегінде жәрдем беру жөнінен ортақ жауапты болады (АК-ның 108-бабының 2-тармағының 2-бөлігі).

Тұтыну кооперативінің ерекшелігі — оның мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті. Бұл міндеттерді орындамаған ретте кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін (АК-ның 108-бабының 2-тармағының 1-бөлігі).

Тұтыну кооперативі таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда, ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы (АК-ның 108-бабының 5-тар-мағының 1-бөлігі). Үлесті бөліп беру кооперативтің ақша қаражатынан ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Егер бұрынғы пайшының үлесін төлеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болса, онда кооператив өз мүлкін сатып, міндеттемесін осы қаржыдан өтеуге тиіс. Кооперативтен шығатын пайшының келісуімен үлес мүліктік нысанда бөлінуі мүмкін. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, тұтыну кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің кооператив мүшелігіне бірінші кезекте қабылдану құқығы болады. Кооперативке қабылданған мұрагер қосымша пай салымын енгізбейді. Егер кооператав жарғысы оның қайтыс болған мүшесінің мұрагерін бірден қабылдауға жол бермесе, онда мұрагер мүліктегі қайтыс болған мүшенің пайына сай келетін ақшалай үлесін алады (АК-ның 108-бабының 5-тармағының 2-бөлігі).

 

11 тақырып. Коммерциялық емес ұйымдар

11.1.Діни бірлестіктер.

11.2.Ауылшаруашылық серіктестіктер.

11.3.Өзге де коммерциялық емес ұйымдар.

11.1 Діни бірлестік — бұл рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген, азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі (АК-ның 109-бабының 1-тармағы).

Жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар) және олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер деп танылады. Діни басқармалар (орталықтар) өздерінің жарғыларына (ережелеріне) сәйкес өз жарғылары (ережелері) негізінде әрекет ететін діни оқу орындарын, мешіттерді, ғибадатханалар мен өзге де діни бірлестіктерді құруға құқылы. Діни бірлестіктер қоғамдық қорлар арқылы да, сондай-ақ дербес те қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға және рақымшылық жасауға, сондай-ақ қайырымдылық үйлерін (баспаналар, интернаттар, ауруханалар және басқаларын) ашуға құқылы ("Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" 1992 ж. 15 қаңтардағы №І128-ХП (бұдан әрі - Діни бірлестіктер туралы заң) заңның 14-бабының 3-бөлігі, 7-бабының 1, 3-бөліктері).

Діни бірлестіктің құқықтық жағдайын Діни бірлестіктер туралы заң айқындайды. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдар тек заң актілерінен тұрады (Діни бірлестіктер туралы заңның 2-бабы), Бұлар АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және Діни бірлестіктер туралы заң. Қазақстан Республикасының діни бірлестіктермен, олардың орталықтарымен және басқармаларымен, оның ішінде республика аумағынан тысқары тұрған әрі заңмен реттелмеген орталықтармен және басқармалармен қатынастары олар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы уағдаластықтарға сәйкес шешіледі (Діни бірлестіктер туралы заңның 7-бабының 5-бөлігі). Діни бірлестікті құрамында кемінде 10 адам болатын азаматтар тобы құруы мүмкін. Тіркеуге ұсынылатын жарғыда (ережеде) мыналар көрсетілуі тиіс:

- діни бірлестіктің атауы, орналасқан жері және шегінде ол өз қызметін жүргізетін аумақ;

- ұстанатын діні, қызметінің мәні мен мақсаты;

- діни бірлестіктің құрылымы, қалыптасу тәртібі, оның басқару органдарының құзіреті және өкілеттік мерзімі;

- діни бірлестіхтің құқықтары мен міндеттері;

- діни бірлестік мүлкінің құралу тәртібі;

- діни бірлестік жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

- діни бірлестікті қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі.

Діни бірлестіктердің саяси партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді (Діни бірлестіктер туралы заңның 4-бабының 2-бөлігі).

Республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында қимыл жасайтын діни басқармаларды (орталықтарды), бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, ғибадатханаларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, ал жергілікті діни бірлесліктерді тіркеуді — аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік тіркеу мерзімі дінтану жене өзге сараптама жүргізу, сондай-ақ діни бірлестік берген құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болғанда тоқтатыла тұрады (Діни бірлестіктер туралы заңның 9-бабы).

Діни бірлестік қызметінің дін оқытатын жағын айқындайтын құжаттар мемлекеттік органдарда тіркеуге жатпайды.

Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасыңцағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелері), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының (ережелерінің) негізіне алынуы мүмкін (АК-ның 109-бабының 3-тармағы).

Шетелдік дін орталықтарының Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктердің басшыларын тағайыңдауы Қазақстан Республикасының тиісті билік органдарымен келісуі бойынша жүзеге асырылады.

Діни бірлестіктер жаныныан қайырымдылық жасау, діни әдебиеттерді және өзге де мәдени-ағартушылық қызметті зерделеп, тарату үшін азаматтар қоғамдары, бауырластықтары, басқа да бірлестіктері құрылуы мүмкін. Олардың өз жарғылары (ережелері) болады және қоғамдық бірлестіктер үшін белгілеген тәртіппен тіркеледі.

Рухани діни оқу орындары мен бірлестіктерін құруға, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың миссионерлік қызметіне олар жергілікті билік органдарында тіркелгеннен кейін ғана және ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келген жағдайда рұқсат етіледі.

Діни бірлестіктер өз қаражаты есебінен сатып алған немесе өздері құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретінде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтін басқа да негіздер бойынша сатып алынған мүлікке меншік құқығы болады (АК-ның 109-бабының 9-тармағы). Діни бірлестіктер меншігінде сондай-ақ шетелдердегі мүлік те болуы мүмкін (Діни бірлестіктер туралы заңның 16-бабының 3-тармағы).

Діни бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы ұйымға өздері берген мүлікке, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар діни бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал діни бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 109-бабының 10-тармағы).

Жергілікті өкілді органдар мен мемлекеттік органдар мемлекет меншігіндегі ғибадатханалар мен өзге мүлікті діни бірелстіктердің меншігіне беруге немесе өтеусіз пайдалануға беруге құқылы. Діни бірлестіктер өздеріне ғибадатханаларды маңайындағы аумағымен қоса алуда басым құқықты иеленеді.

Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды (Діни бірлестіктер туралы заңның 4-бабының 1-тармағы); егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін болса, олар шетелдік діни орталықтардан, халықаралық миссионерлік және қайырымдылық қоғамдары мен қорларынан қаржылай және басқа материалдық жәрдем алуы мүмкін.

Діни бірлестік өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес мінәжаттық мақсаттағы, әлеуметтік және қайырымдылық шараларды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар құруға құқылы. Кәсіпорындар тек шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін. Сондықтан, діни бірлестік, кәсіпорын құрылатын жағдайда оның мүлкінің меншік иесі болмағанымен, құрылтайшысы болады да, кәсіпорының мүлкіне міндеттемелік құқықтарын сақтайды. Бұл арада діни бірлестіктер құдайға құлшылық ету әдебиеттерін шығару және діни мақсаттардағы заттар өндіру жөніндегі кәсіпорындар құруда ерекше құқықты пайдаланады. Басқа мекемелер мен ұйымдар мұндай қызметті тиісті діни бірлестіктердің, басқармалар мен орталықтардың келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Діни сипаттағы мерзімді басылымдарды және құдайға құлшылық ету мақсаты көзделмейтін өзге де діни әдебиеттерді шығару баспасөз туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады (Діни бірлестіктер туралы заңның 13-бабының 3—5-тармақатры).

Діни бірлестік азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен және негіздер бойынша таратылады. Діни бірлестік таратылатын ретте оның меншігінде болған мүліке иелік ету бірлестіктің жарғысына (ережесіне) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Діни бірлестіктерге тиесілі мінәжаттық мақсаттағы мүлікке несие берушілердің талаптары бойынша өтем салынбайды. Құқықтық мүрагерлер жоқ болған жағдайда мүлік мемлекет меншігіне көшеді.

11.2. Ауылшарушылық серіктестігі. Ауылшаруашылық серіктестігі жаңа коммерциялық емес заңды тұлғаның бір түрі болып табылады. Ауылшаруашылық серіктестігі өндірістік кооперативпен ұқсас болып келеді. Бірақ оның өзіне тән айырмашылығы бар: 1) өндірістік кооперативтің мүшелері болып тек азаматтар болады, ал ауылшаруашылық серіктестігінде жеке және заңды тұлғалар да бола алады; 2) ауылшаруашылық серіктестігін құру мақсаты – ауылшаруашылық өнімін өндіру емес, ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін техникалық және өзге қызмет көрсетулерде өз мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру; 3) өндірістік кооперативте әрбір мүшенің еңбекпен қатысуы талап етіледі, ал ауылшаруашылық серіктестігінде, әдетте өзінің мүшелігімен қызмет көрсету үшін мүліктік жарналары ғана біріктіріледі.

Ауылшаруашылық серіктестігін құру, мүшелігі мен қызметінің негізгі бағытын айқындау ерекшелігі. Ауылшаруашылық серіктестігі ауылшаруашылық өнімін өндіріуші болып табылатын азаматтардың және / немесе заңды тұлғалардың бастамашылығы бойынша құрылады. Ауылшаруашылық өніміне өндірістің толық технологиялық процесінен өткен өсімдік және жануар өнімдерін өндіру жатқызылады. Ауылшаруашылық серіктестігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші болып табылатын шаруа (фермер) қожалығына, өндірістік кооперативке және шаруашылық серіктестіктерге біріге алады. Ал оның екінші ерекшелігі оның кәсіптілігі. Бұл серіктестер екі немесе бірнеше қызмет түрлерін қамтуы мүмкін. Мысалы, қамту-өткізу, қамту-өткізу – қайта өңдеуші, сервистік-өткізу-қамту, қамту-қайта өңдеуші және т.б.

Серіктестіктегі мүліктік қатынастардың ерекшелігі: 1) пай жарнасын енгізі жөніндегі қатынастар; 2) серіктестіктің мүлкін қалыптастыру, құрамы мен құқықтық режим; 3) серіктестік мүшелерінің немесе олардың мұрагерлернің серіктестік мүлкіне құқықтары; 4) серіктестік мүшелерінің серіктестік мүлкіндегі өз үлесін талап етуге құқықтары; 5) мүшелердің серіктестікпен өзара шарттық қатынастары.

 

11.3. Өзге де коммерциялық емес ұйымдар. Заңға сәйкес, өзге ұйымдастырыушылық-құқықтық нысанда нотариалды палаталар, адвокаттар алқасы, сауда-өндірістік палаталар, аудиторлар палаталары, пәтер меншік иелерінің кооперативі (КСК) және басқа коммерциялық ұйымдар нысанында құрылуы мүмкін.

Нотариалды палата. Нотариалды палата нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру барысында нотариат туралы заңды сақтаумен бақылауды жүзеге асыру үшін, соынмен қатар жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және білдіріу үшін құрылатын өзін-өзі қаржыландыратын кәсіби коммерциялық емес ұйым болып табылады(Нотариат туралы Заң 26-бап, 1-тармағы). Әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әр аумағында бір ғана нотариалды палата құрылады. Нотариалды палата мүшелікті көздейді.

Адвокаттар алқасы. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және білдіру үшін құрылатын, сонымен қатар адвокаттық қызмет туралы Заңда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру мақсатында құрылатын өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын кәсіби, тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Адвокаттар алқасының жоғарғы органы болып алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конфе­ренция) табылады; оның атқарушы органы – президиум (төралқа); бақылаушы органы – ревизиялық комиссия.

Адвокаттар алқасының ерекшелігі – нақты алқаның аумағында тәжірибелік ісін жүзеге асыратын адвокаттардың міндетті мүшелігінде. Адвокаттар алқасы мен нотариалды контораның осы жерде ұқсастықтары бар.

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктері. Заңды тұлғалардың бірлестіктері тек қауымдастық нысанында немесе заңды тұлғаның атауында және оның құрылтай құжаттарында олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын көрсету арқылы құрылуы мүмкін. Терминология тұрғысынан қарағанда, заң қауымдастық пен одақтың арасындағы айырмашылықты айқындамайды. Әдетте, қызметтің бір түрімен айналысатын адамдар бірлестігін қауымдастық деп, ал белгілі бір бірлескен мақсаттар үшін қүрылған бірлестікті одақ деп атайды.

Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерді білдіру және қоргау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады. Қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде мекемелер зор жарғылық нәтижеге жету үшін қауымдастықтарға (одақтарға) бірігеді. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір бірлестіктің мүшелері болуы мүмкін. Барлық аталған жағдайларда қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы). Сондықтан табыс табуды өзінің негізгі мақсаты ететін заңды тұлғалар бірлестігі шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам нысанында ресімделуі тиіс.

Қауымдастық (одақ) заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлға бірнеше бірлестіктің мүшесі болуы мүмкін. Қауымдастықтың (одактың) мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады (АК-ның 110-бабының 4-тармағы). Қауымдастық (одақ) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық (одақ) мүшелері оның міндеттемелері бойьшша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделмеген мөлшер мен тәртіп бойынша ортақ жауапты болады (АК-ның 110-бабының 5-тармағы).

Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйымдарды құруға арналған тәртіппен және жағдайларда құрылады. Құрылтай шарты мен жарғы қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттары болып табылады. Қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында барлық заңды тұлғалар үшін ортақ болып табылатын және АК-ның 41-бабының 4, 5-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, қауымдастықтың (одақтың) басқару органдарының құрамы мен құзіреті туралы, оның ішінде олар бойынша шешімдер бірауыздан немесе қауымдастық (одақ) мүшелерінің білікті көпшілік дауысымен қабылданатын мәселелер туралы, қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейін қалған мүлікті бөлу тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс.

Қауымдастықтың (одақтың) мүлкі оның мүшелерінің жарналары, өз қызметінің нәтижелері жөне өзге де заңды түсімдер есебінен құрылады. Қауымдастыққа (одаққа) оның мүшелері берген мүлік оның меншігіне көшеді. Қауымдастық (одақ) өзінің балансында тұрған мүліктің меншік иесі болып табылады.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 437 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кафедра меңгерушісі Адилова К.А. | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 2 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 3 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 5 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 6 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 7 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 8 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 9 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница| Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 12 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)