Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 5 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

8.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бұл шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі, серіктестік (бұдан былай — ЖШС) деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар АК-да және заң актілерінде көзделуі мүмкін (АК-ның 77-бабының 1-тарма-ғының 1-тармақшасы).

ЖШС қатысушыларының саны шектелмейді (АК-ның 77-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы).

Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар (қатысушьшар) анықтайды және ол серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс (ЖШС туралы заңның 23-бабының 2-тармағы). ЖШС-ның жарғылық капиталының кепілдеуші маңызы бар. ЖШС-ның мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі нақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ жауапты болады (ЖШС туралы Заңның 25-бабының 3-тармағы). Егер ЖШС жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үш көпшілік дауысымен қабылданады (АК-ның 81-бабы).

ЖШС-ның жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. АК-ның 79-бабына сәйкес бірқатар мәселелерді жалпы жиналыс қана шеше алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мыналар жатады:

- серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту;

- серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын белгілеу;

- серіктестіктің қаржылық есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;

- серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

- серіктестіктің байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясының (тексерушісін) сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестік тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

- ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;

- серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бірлестіктерге қатысуы туралы шешім шығару;

- тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысынан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару.

ЖШС-ның қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бір
бөлігін) үшінші адамдарға беруіне болады. ЖШС-ға қатысушылар
үшінші тұлғалар алдында үлесті немесе оның бір бөлігін сатып алуға артықшылық берілген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай
құжаттарында немесе серіктестік қатысушыларының келісімімен өзгеше көзделмесе, үлесті (оның бір бөлігін) сатып алуға артықшылық берілген құқықты қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлестерінің мөлшеріне барабар жүзеге асырады. Үлес (оның бір бөлігі) сатып алуға артықшылық берілген құқық бұзыла отырып сатылған кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай ішінде өзіне сатып алушының құқықтары
мен міндеттерін аударуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) үшінші жақтарға беру мүмкін болмаса, ал серіктестіктің басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серіктестік қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлік беруге міндетті (АК-ның 80-бабының 1-3 - тармақтары). Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысының үлесі оны толық төлеп болғанға дейін оның төленген бөлігі мөлшерінде ғана болып берілуі мүмкін. Қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ол не басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабының 4-5 - тармақтары).

Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серіктестіктің қалған қатысушыларының келісімімен ғана рұқсат етілетіндігі көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес серіктестіктің қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлеріне және заңды тұлғалардың құқық мирасқорларына ауысады. Үлестің ауысуына келісім беруден бас тарту серіктестік қатысушының мұрагерлеріне (мирасқорларына) заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен жағдайлар бойынша үлестің нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлік беру міндетіне әкеліп соқтырады. Заң актілерінде үлестің заңды тұлғалардың құқық мұрагерлеріне ауысу ерекшеліктері көзделуі мүмкін (АК-ның 80-бабының 6-тармағы).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген серіктестік алдындағы өз міндеттерін бұзған жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесін серіктестіктің қатысушымен келісімінде белгіленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келісімге қол жетпеген жағдайларда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот белгілейді (АК-ның 82-бабы). Қатысушының жеке борыштары пайда болғанда да үлесті мәжбүрлеп сату қажеттігі тууы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз борыштарын өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие берушілер борышқор-қатысушының үлесін белгіленген тәртіп бойынша бөліп беруді талап етуі мүмкін (АК-ның 83-бабы).

ЖШС қызметінде сенімгерлікпен басқаруды пайдалану. Жаңа құқықтық институт ретінде сенімгерлікпен басқару ЖШС туралы заңдарда айтарлықтай кеңінен пайдаланылган. Сенімгер басқарушының өзінің иелігіне берілген мүлікті пайда алушының мүдделері үшін өз атынан басқаруын, пайдалануын және оған билік етуін сенімгерлікпен басқару деп түсіну керек. Шарттарда және заң құжаттарында баяндалған сызбадан белгілі бір ауытқушылықтар көзделуі мүмкін.

Сенімгерлікпен басқаруды пайдаланудың бірінші жағдайы ЖШС-ны құру кезеңіне байланысты. Егер ЖШС жарғысында оның құрылтайшыларының серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлікті енгізу көзделген болса, серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанаға дейінгі және құрылудан кейінгі кезеңде сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиісті құрылтайшы немесе үшінші тұлғаны көрсете алады (ЖШС туралы заңның 24-бабының 8-тармағы). Сонымен, бұл, бір жағынан алғанда, міндетті болмағанымен, қарым-қатынасты рәсімдеудің қажетті түрі, екінші жағынан алғанда, жарғылық капиталды құруға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқаруға кедергі болмайды. Мұндай құқықтық сызбаның артықшылығы сенімгер басқарушының көтеріңкі жауапкершілігіне байланысты. Біріншіден, дау туатын жағдайда міндеттемелердің бұзылуына оның кінәлілігі анықталады, екіншіден, сенімге берілген мүліктен ақы өндіріп алуға болмайды.

ЖШС-ны құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда сенімгерлікпен басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылын, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс (ЖШС туралы Заңның 13-бабының 3-тармағы).

Екінші жағдай ЖШС туралы заңның 56-бабында көзделген, ол бойынша, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, ЖШС немесе оның мүлкі сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мұнда мынаны есте ұстау керек: ЖШС заңды тұлға және құқық субъектісі ретінде емес, АК-ның 119-бабында көрсетілгеніндей, тұтас мүліктік кешен ретінде басқаруға беріледі. Мүлікті басқаруға беру туралы айтқанда, мүліктік кешеннің бір бөлігін ғана беру көзделеді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді ЖШС-ның жалпы жиналысы қабылдайды.

Үшінші жағдай қатысушының үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігімен байланысты. Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өнімі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы әрекет етуге құқылы. Қатысушының мүдделерін білдіру тәртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңдарда белгіленеді (ЖШС туралы заңның 42-бабының 4-тармағы).

Төртінші жағдай мәжбүрлеп қайта құру кезінде туады. Егер соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезінде бөлуді, бөліп шығаруды жүргізуге уәкілетті ЖШС-ның атқарушы органдары соттың шешімінде белгіленген мерзімде серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды жүзеге асырмаса, сот серіктестіктің мүлкіне сенімгер басқарушы тағайындап, оған қайта ұйымдастыратын серіктестіктің мүлкі есебінен осы серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап ЖШС-ны басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Сенімгер басқарушы сотта ЖШС-ның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны бөлу, бөліп шығару ңәтижесінде пайда болатын серіктестіктердің құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Соттың аталған құжаттарды бекітуі жаңадан пайда болатын серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады (ЖШС туралы заңның 64-бабы).

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Бұл ҚР-дағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады. Көптеген елдердің заңдары серіктестіктің мұндай нысанын мүлде пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз болмашы ерекшеліктеріне қарамастан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Олардың бәрін белгілі бір заң реттейді. Егер қарым-қатынастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке АК-ның, ЖШС туралы заңның және ЖШС-ның қызметін реттейін шаурашылық серіктестіктер туралы жарлықтың ережелері қолданылады. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады (АК-ның 84-бабының 1-тармағы). Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауы, сондай-ақ "қосымша жауапкершлігі бар серіктестік" немесе "ҚЖС" аббревиатурасы болуы тиіс (ЖШС туралы заңның 4-бабының 1-тармағы). Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді (АК-ның 84-бабының 2-тармағы).

 

 

9 тақырып. Коммерциялық заңды тұлғалар

 

9.1. Акционерлік қоғам.

9.2.Өндірістік кооператив.

9.3. Мемлекеттік кәсіпорын.

 

9.1. Акционерлік қоғам. Акционерлік қоғам — коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (АК-ның 85-бабының 5-тармағы). Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім жөне мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.

Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны — халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уөкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетгі орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Банк, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді. Қоғам:

- ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда);

- өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;

- акционерлердің саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабының 1, 2- тармақтары).

Акционерлік зандар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді-Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар.

Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Құрылтай құжаттары нотариатта куәландырылуы тиіс. Құрылтай шартында баяндалған мәліметтер, шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға заң актілерінде көрсетілген жағдайларда немесе қоғамның шешімімен ғана көрсетілуі тиіс. Жарияланған акцияларды шығару мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылтай шартының қолданылуы тоқтатылады.

Қоғамның жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қол қоюға тиіс және нотариатта куәландыруға жатады. Қоғамның жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған үш жұмыс күні ішінде жарғының көшірмесін беруге міндетті.

Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз — бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін анықтауда және өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.

Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтар), талап ету құқығы және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады. Егер қоғамның орналастыратын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оны бүкіл пайдалану мерзімі үшін төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.

АК-ның 89-бабының 1-тармағынан "акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді" деген норма алынып тасталды. Бұдан келіп, қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер алдындағы қоғамның борышын өтеу үшін қоғамның несие берушілері оларды сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу мемлекеттік акциялар пакетіне әсер етпеуі тиіс, өйткені өзгеше істеу мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру рәсімін орағытып өтуді білдіретін болады.

Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай кұжаттары болып табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағы). Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының ашық қоғам құру жөніндегі әрекеті қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартында белгіленген міндеттемелерін орындаған соң тоқтатылады. Өз кезегінде, қоғамның жарғысы өзінің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды. Жарғыға қоғам құрылтайшыларының уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс және ол нотариаттық куәландыруға жатады. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының кешірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Акционердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция — бұл бағалы қағаз. Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады (АК-ның 139-бабының 1-тармағы).

Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар (АК-ның 91-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Атаулы бағалы қағаз дегеніміз — бұл өзі куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз (АК-ның 129-бабыньщ 3-тармағының 6-бөлігі). Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықгы акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 12-бабының 1 жөне 3-тармақшалары). Құжатсыз бағалы қағаздар дегеніміз — бұл құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар (АК-ның 129-бабының 3-тармағының 3-бөлігі).

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс. Артықшылықты акциялардың меншік иелері — акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.

Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс (АК-ның 139-бабының 3-тармағы, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 13-бабының 5-тармағы).


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Дәрістер | ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР | ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Ағымдағы рейтингті бағалау шкаласы | Кафедра меңгерушісі Адилова К.А. | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 2 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 3 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница| Рыночная система

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)