Читайте также:
|
|
АК-ң 41-бабының 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес, құрылтай шарттарында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлғаны құруға міндеттенеді, бірлескен қызметті құру тәртібін, оның мүлкін (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару) меншікке беру және оның қызметіне қатысу шарттарын айқындайды. Сонымен қатар шартта құрылтайшылардың аарсындағы таза табысты бөлу тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқаруға қатысу, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарттары мен тәртібі көзделеді, сондай-ақ жарғысы бекітіледі.
Коммерциялық емес ұйымадр мен мемлкеттік кәсіпоырндардың құрылтай құжаттарында осы заңды тұлғаларды құру нысанасы мен мақсаты көзделуі міндетті. Ал шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер құрылтай құжаттарында қызметтің нысанасы мен мақсатын көрсету олардың міндеті емес, құқығы болып табылады.
Жалпы ереже бойынша, құрылтай құжаттың мамұны коммерциялық құпияны құрайды, және ол мемлекеттік немесе өзге ресми органдарға, үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.
Заңның мазмұнына сүйенетін болсақ, құрылтай шарты заңды тұлғаның әрекет ететін кезіне дейін жарамды болып табылады.
Қатысушылардың арасындағы өзара қатынасы және қатысушылар мен заңды тұлғаның арасындағы өзара қатынастары заң нормаларымен және осы заңды тұлғаның жарғысымен (ережесімен) реттеледі.
6.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды. Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік түұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан өрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы). Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды жөне филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды. Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұл-ганың уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлес-тіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағы). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлға-лардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірыңгай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46—49-баптарын қараңыз).
7 тақырып. Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін өзгерту
7.1.Заңды тұлғаны тарату және қайта құру.
7.2.Заңды тұлғаның банкроттығы.
7.1.Заңды тұлғаны тарату және қайта құру. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату яғни тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың — жер қойнауын пайдаланушылардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын ұдайы немесе өрескел бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді. (Жер қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағывдағы 3-тармақшаны қараңыз).
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшьшардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.
Қосу кезіде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға қүрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүлікітк құқықтары мен міңдеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді (АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз).
Өткізу актісі дегеніміз — бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына өтетін мүліктік қүқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік иесі бекітіп, тіркеу кезіңде жаңадан құрылған заңды тұлғага беруі тиіс (АК-ның 47-бабы).
Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуде тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан қүрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгілде көрсетілуі тиіс.
Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың ңегізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.
Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады. Бөлінетін заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлғаларға өтеді.
Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және дан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мұнда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды. Сондықтан бастапқы заңды тұлға қайта тіркеуден өтуге тиіс (мүлкі өзгерген), ал бөлінген, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүліктік құқықтар мен міндетгердің өтуі де бөлу балансымен ресімделеді.
Бөлу балансы дегеніміз - бұл қайта құрылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің бөлу және бөліп шығару кезінде құқық мирасқорлары арасында бөлінуін рәсімдейтін бухгалтерлік құжат. Бөлу балансын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітіп, жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеу кезінде тапсыруы тиіс.
Тіркеу кезінде өткізу актісі мен бөлу балансын тапсыру ең алдымен қайта құрылатын заңды тұлғалардың несие берушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан құрылтай құжаттарымен қоса тиісті өткізу актісін және (немесе) өткізу балансын тапсырмау, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлық туралы ережелердің болмауы жаңадан құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады (АК-ның 47-бабының 2-тармағы). Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілерінің құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге асыры-латын бірқатар шаралар көзделеді. Мәселен, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл жөнінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілерін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бөлу және бөліп шығару кезінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқор болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады (АК-ның 48-бабы). Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры — заңды тұлғасын қайта қүру туралы АК-да бөлек сөз болады (АК-ның 45-бабының 2-тармағы).
Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта қүру сот органдарының шешімімен және заң қүжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру тек бөлу, бөліп шығару немесе өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар бұзылған кезде; банкроттық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Ерікті түрде қайта құру шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның, өндірістік кооператив қатысушыларының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес және осы заңды тұлғалардың құрылтай қүжаттары бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың қайта құрылуын ерекше атап өту керек. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру ҚР Үкіметінің шешімі бойьшша, ал коммуналдық кәсіпорынды қайта құру жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорынды қайта құруды уәкілетті орган жүзеге асырады (Мемлееттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асыратын уәкілетгі органдар, яғни мемлекетгік органдар республикалық кәсіпорындар үшін министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және өзге де осыған ҚР Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар, ал коммуналдық кәсіпорындар үшін —осыған жергілікті әкімшілік басшысы уәкілеттік берген жергілікгі атқару органдары болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуын тікелей көздейді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрлігінің келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынның өзгеруі — уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрілігінің жергілікті органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
7.2. Заңды тұлғаның банкроттығы. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банкроттықтың субъектілеріне заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жатқызылады. Заңдарда банкроттық рәсімінде борышкер ретінде заңды тұлғалардың қатысу ерекшеліктері белгіленген. ҚР банкроттық туралы Заңының 2-бабы, 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер банкрот деп танылатын субъектілердің қатарына кірмейді. Осыған сәйкес, Азамттық кодекстің 44-бабының 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкіпен жауап береді деген норма орынды болып келеді. Қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер мұндай жағдайда тек ақша қаражаттармен жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банкроттықтың субъектілеріне заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жатқызылады. Заңдарда банкроттық рәсімінде борышкер ретінде заңды тұлғалардың қатысу ерекшеліктері белгіленген. ҚР банкроттық туралы Заңының 2-бабы, 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер банкрот деп танылатын субъектілердің қатарына кірмейді. Осыған сәйкес, Азамттық кодекстің 44-бабының 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкіпен жауап береді деген норма орынды болып келеді. Қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер мұндай жағдайда тек ақша қаражаттармен жауап береді. Банкроттық туралы іс сотпен қаралады және тек қана сотпен ғана борышкер банкрот деп танылуы тиіс. Сот шешімі бойынша заңды тұлға келесі жағдайда таратылуы мүмкін:1) банкрот болған жағдайда;2) заңды тұлғаны құру барысында жойылмайтын сипатта заң бұзушылықтарға жол берумен байланысты заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз деп таныса;3) заңды тұлғаның жарғылық мақсатына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асырса; 4) тиісті рұқсатсыз (лицензясыз) қызметті жүзеге асырса;5) заң актілерімен көзделген басқа жағдайларда.
8 тақырып. Шаруашылық серіктестіктер
8.1. Шаруашылық серіктестік туралы жалпы ұғым. Толық серіктестік.
8.2.Сенім серіктесітігі.
8.3.Жуапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.
8.1. Шаруашылық серіктестік туралы жалпы ұғым. Толық серіктестік.Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда — қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; олар едәуір дәрежеде біріне-бірі танылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, "құрылтайшы" терминін пайдаланады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін. Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады. АК-ның 58-бабының 3-тармағы). Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС заңның 10-бабының 1-тармағы "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды" деп белгіледі.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары — құрылтай шарты және жарғы. Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акцио-нерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жар-ғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруа-шылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады (АК-ның 58-бабының 9-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс (АК-ның 58-бабының 4 және 5-тармақтары). Заңды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 44-1 және 5-тармақтарында аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарының мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы).
Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:
- егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шарттың;
- егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс (АК-ның 41-бабының 6-тармағы).
Жарғылық капиталға салым салу. Қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі құрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түрінде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікті барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады.
Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікті қайта тіркеуде оның қатысушысының ақшалай салымын серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытынды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бұл ережеден ерекшеліктер бар. Мысалы, серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді (АК-ның 59-бабының 1-тармағының 1—4-бөліктері).
Салым ретінде мүліктік құқық, мысалы, мүлікті пайдалану құқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабы). Соңғы ереже айтарлықтай пікірталас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да, қарсыластары да жеткілікті.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және (немесе) құрылтай қүжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармағы).
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Find the words | | | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница |