Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Азаматтың есімі — оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімімен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК-ның 15-бабының 1-тармағы). Заң есім ретінде азаматтың фамилиясын, өз есімін, қаласа әкесінің атын қоса алғанда, оның толық есімін түсінеді. Белгіленген тәртіппен берілген және құжаттарда (туу туралы куәлікте, жеке куәлікте, төлқүұатта және т.с.с.) жазылған есімнің ғана заңдық маңызы болады.

Заңдарда азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін. Мәселен, ауызша түрде жасалатын сатып алу-сату мәмілелерінің көпшілігі оларға қатысушылардың есімдерін анықтауды және жазуды қажет етпейді.

Заңдарда құқықтарды жасырын атпен немесе бүркеншік есіммен жүзеге асырудың арнайы ережелері көзделуі мүмкін. Мысалы, автордың туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен шығару құқығы бар (АК-ның 977-бабы, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 ж, 10 маусымдағы Заңның 15-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы).

Алғашында адам туылған соң отбасылық заңдарда белгіленген тәртіппен оған есім қойылады. Азамат отбасылық заңдарда белгіленген жалпы тәртіппен немесе кейбір жағдайлар үшін көзделген заңдардағы тәртіппен өз есімін немесе оның құрамдас бөліктерін өзгертуге құқылы.

Жалпы ереже бойьшша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі. Есімді ауыстыруға дәлелді себептер болғанда ғана рұқсат етіледі. Некелескенде немесе ажырасқанда жұбайлардың өздерінің және олардың балаларының, сондай-ақ асырап алған балаларының фамилиялары арнайы тәртіппен өзгертіледі. Қазақ ұлтына жататын азаматтар фамилияларының өзгертілуін есімді ауыстырудан айыра білу керек. Бұл адамдар өздерінің қалауы бойынша қазақ тіліне жат қосымшалардан арыла отырып, бірақ фамилиясы мен екесінің атындағы түбірлерді сақтау арқылы өз фамилиясы мен әкесінің аты жазылуын өзгертуге құқылы. Азаматтық хал-ахуал актілеріне өзгерістер енгізбестен, төлқұжаттар мен жеке куәлистер беру кезінде ішкі істер органдары фамилия мен әкесінің аты жазылуын өзгертуді оңайлатылған тәртіппен жүргізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ ұлтына жататын адамдардың фамилиясы мен әкесінің аты жазылуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 ж. 2 сәуірдегі Жарлығы).

Адам есімі жазылуының өзгеруі секілді, есімінің ауысуы оның бұрынғы атымен, жасырын атымен немесе бүркеншік есімімен иеленген құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды және өзгертпейді. Азаматтың есімінің ауысуы немесе жазылуының өзгеруі оның борышқорлары мен несие беруішлерінің мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс болғандықтан, бұларға осындай өзгерістер дер кезінде хабарлануы тиіс.

Басқа адамдар азаматгың есімін оның келісімімен ғана пайдалана алады.

Азаматтың тұрғылықты жері. Азаматтың тұрғылықты жері оны дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Тіркелімнің немесе тұрғылықты жерге мемлекеттік тіркелудің тек дәлелдемелік маңызы бар және олар өзімен-өзі заңдық тұрғылықты жерді көрсетпейді. Азамат тұратын үй немесе пәтер, осы мекеннің ауданы емес, нақ елді мекен ғана түрғылықты жер деп танылады. Үйдің немесе пәтердің мекен-жайы азаматтың тұрғылықты жерін тек нақтылай түседі.

14 жасқа жетпеген және басқаның қамқорлығында болатын адамдардың тұрғылықты жерінің заңдық ерекшеліктері бар. Мұндай адамдардың тұрғылықты жері тиісінше олардың ата-аналарының, асырап алушыларьшың немесе қорғаншыларының тұргылықты жері бойынша анықталады да, сондықтан қажетті тұрғылықты жері деп аталады.Егер 14 жасқа жетпеген адамның ата-аналары әр түрлі елді мекендерде тұратын болса, ол іс жүзінде бірге тұратын ата-анасының тұрғылықты жері кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері болып есептеледі.

"Тұрғылықты жер" термині заңда жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше мағынада да қолданылады. Жеке тұлғаларды резиденттерге жөне резидент еместерге бөлуде елді мекен емес, осы жеке тұлға тұрақты тұрып жатқан ел ескеріледі. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бар, оның ішінде, уақытша шетелде тұрып жатқан немесе Қазақстан Республикасыньщ шегінен тысқары жерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалар резиденттер деп танылады, ал резидент ұғымына кірмейтін қалған жеке тұлғалардың барлығы резидент еместер болып саналады ("Валю-талық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы Заңы).

Азаматтық хал-ахуал актілері. Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматтық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілері заңдық фактілерге жатады. "Неке жене отбасы туралы" Заң азаматтық хал-ахуал актілерін заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар ретінде тұжырымдайды.

 

 

4 тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

4.1.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

4.2.Азаматты өлді деп жариялау.

 

4.1.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану. Қайда екені белгісіз, оның үстіне, хабар-ошарсыз кеткен адамды өлді деп есептеуге айтарлықтай негіздер болса, онда азамат қатысатьщ құқықтық қатынастар әрі қарай дами алмайды. Хабар-ошарсыз кеткен адамдармен құқықтық қатынастары бар адамдардың мүдделері қорғалуы тиіс. Сондықтан азаматты хабар-ошарсыз кетгі деп тану және өлді деп жариялау институты АК-да баянды етілген Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылы мүмкін (АК-ның 28-бабының 1-тармағы). Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны өлді деп жариялау — бұл оның қатысуымен орындалатын құқықтық қатынастардағы күмәндылықты жоюдың заңдық түрі, ол азаматты хабар-ошарсыз кетгі деп тануда оны тірідей табудың анықтығына немесе азаматты өлді деп жариялауда оның өлімінің шүбәсыздығына сүйенеді. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану да, сондай-ақ оны өлді деп жариялау да мүдделі адамдардың өтініштері негізінде азаматтық іс жүргізу зандарының ережелері бойынша сот арқылы жүзеге асырылады. Адамды хабар-ошарсыз кетті деп танудың және өлді деп жариялаудың шарттары мен салдары түрліше болады. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетгі деп танылуы мүмкін. Мұнда тұрғылықты жерінде азаматтың болмау фактісінің өзі емес, онда азамат туралы мәліметтердің болмауы маңызды. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану бірқатар құқықтық салдарды туғызады. Бұлардың адамды өлді деп жариялаудың салдарынан айтарлықтай айырмашылықтары бар, өйткені олар бұл адамның тірі табылуының анықтығына сүйенеді. Соттың хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық тағайындауы — аса маңызды салдар. Бұл қамқоршылықтың әрекетке қабілетсіз адамдарға белгіленетін қамқоршылықтан айырмашылығы болғанымен, бұлар бір терминмен белгіленеді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында оларға қамқоршылық белгіленеді. Мүлікке деген қамқоршьшық оны хабар-ошарсыз кеткен адамның мүдделері үшін қамқоршылыққа алудан тұрады. Сондықтан мүлікті пайдалану жөніндегі қамқоршының мүмкіндіктері оның меншік иесінің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі болады. Қамқоршы мүлікті күтіп ұстау және сақтау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс және мүлікті жұмсауда оның әрекеттері шектеулі болады. Атап айтқанда, ол хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті жандарға осы мүлік есебінен қаражат бөлуді, сондай-ақ оның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешекгерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Іс жүзінде, хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық жасау мекемесі мүлікті қамқоршының сенімгерлікпен басқаруьша беру больш табылады. Сенімгер басқарушының қүқықтары мен міндеттері АК-ның Ерекше бөлімінің тиісті тарауларында баяндалады.

Сот адамның хабар-ошарсыз кетуі фактісін мойындағанға дейін оның мүлкіне қамқоршылық жасау екі жағдайда белгіленуі мүмкін. Біріншіден, қамқоршыны мүдделі адамдардың өтініші бойынша Қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындай алады. Бұл, мысалы, мүліктің жоғалып кету қаупі төнгенде немесе оны тиісті күйде сақтау қажет болатын кезде істеледі. Екіншіден, АІЖК адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы өтінішті қабылдаған соң қамқоршылық және қорғаншылық жасау органына бұл адамның мүлкін қорғау үшін қамқоршы тағайындауды ұсыну құқығын көздейді.

Мүлікке қамқоршылық тағайындаумен қатар, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың басқа да бірқатар салдары болады. Атап айтқанда, ол берген немесе оған берілген сенімхаттың қолданылуы тоқтатылады (АК-ның 170-бабының 7 және 8-тармақтары). Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың жұбайы онымен қиылған некені азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдарында бұза алады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 16-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы). Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азамат өзінің тұрғылықты жерінде пайда болуы мүмкін немесе оның тұратын жері анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы өз шешімінің күшін жояды (АК-ның 30-бабы және 32-бабының 1-тармағы). Мұнда хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы қабылданған шешім бұзылған адамның мүлкіне қамқоршылық жасау тоқтатылады. Бірақ, қамқоршылардың соттың осындай шешімі шыққанға дейін жасаған мәмілелері өз күшін сақтайды.

 

4.2. Азаматты өлді деп жариялау. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы 3 жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жаза-тайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда 6 ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабының 1-тармағы). Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабы). Екі жағдай үшін де оларды анықтаудың сот тәртібі көзделгеніне қарамастан, азаматты өдді деп жариялауды оның өлімі фактісін танудан айыра білу керек. Азаматтың белгілі бір уақытта және белгілі бір мән-жайларда өлуі фактісін анықтау тәртібін АК емес, АІЖК белгілейді. Азаматтың белгілі бір уақытта және белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуының дәлелдемелері болатын кезде сот мұндай фактіні белгілейді, бірақ азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдары өлім оқиғасын тіркеуден бас тартады. Адамды өлді деп жариялау оны алдын ала хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді. Азаматты өлді деп жариялау оның өлімі кезіндегідей салдар туғызады, атап айтқанда, оның мүлкіне мұрагерлік ашылады. Адамды өлді деп жариялау туралы соттың шешімі занды күшіне енген соң азаматтық хал-ахуал актілерін жазу кітабына оның өлімі туралы жазылады да, тиісті куәлік беріледі.

Азаматты өлді деп жариялау, егер ол іс жүзінде тірі болып шығатын жағдайда, оның құқық субъектілігін жоя алмайды. Ал азаматтың оны өлді деп жариялаған сәттегі субъективтік құқықтарына келетін болсақ, мұндай жариялау жойылған соң оның кейбір субъективтік құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін, кейбір құқықтарын қалпына келтіру мүмкін емес немесе ол басқа адамдардың мүдделеріне қисынсыз залал келтіруі мүмкін. Сондықтан АК азаматты өлді деп жариялауды жоюдың оның мүлкіне қатысты салдарын мұқият көрсетеді (АК-ның 32-бабы). Бұл салдардың төмендегі жағдайларға қарай бірқатар өзара айырмашылықтары бар. Біріншіден, мүлік жаңа иесіне тегін өтті ме, әлде ақылы негізде өтті ме? Екіншіден, мүлікті алушы мен мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білді ме? Өлді деп жарияланған азамат өзінің тірі оралу уақытына қарамастан, кез келген адамнан оған тегін өтіп кеткен, өзінің сақталған мүлкін қайтаруды талап ете алады. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкін ақылы мәміле арқылы алған адам бұл мүлікті қайтаруға міндетті, ал ол жоқ болатын жағдайда — шығынның орнын толтыруға міндетті.

 

 

5 тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

5.1. Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері.

5.2. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі.

 

5.1. Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).

Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".

Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:

· ұйымдық бірлік;

· мүліктік оқшауланушылық;

· дербес мүліктік жауапкершілік;

· азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны үйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек. Сонымен бірге, ұйымдық бірлікгі ұдайы көпгеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы он жылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады. Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары). Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Мүліктік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз). Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байлаыысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы — заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).

Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндетгемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз). Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды түлғалардың кейбір түрлері қүрылтайшыларьшың олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауатылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-тармағы).

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету — заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабьшың 4-тармағы).

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлы субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз — бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы" Заңның 4-бабы"). Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушьшар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін айыру құралы болып табылады. Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады. Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда кілттері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 464 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Дәрістер | ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР | ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ | Ағымдағы рейтингті бағалау шкаласы | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 3 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 5 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 6 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 7 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кафедра меңгерушісі Адилова К.А.| Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)