Читайте также:
|
|
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз — бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар жөне өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі (АК-ның 39-бабының 2-тармағы), заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның бланкілерінде, жасасатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметгер көрсетіледі. Заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің іс жүзіндегі мекен-жайының заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген мекен-жайға сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да пошталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы (39-баптың 3-тармағы). Заңды тұлғаның тұратын жерін анықтаудың маңызы - оның тұрған жері тұлғаның құрылу және қызмет ету жағдайларын - тіркеуші органды таңдауды, несие берушілер заңды тұлғаға немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын таңдауды, міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды (АК-ның 281-бабы), ал әр түрлі елдердің заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда -қолданылатын құқықты таңдауға ықпал етеді.
5.2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық қабілетгілігі "рұқсат етілгеннен басқаның бәріне тыйым салынған" деген принципте бейнеленді. Сондықтан кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатга болады. Олардың кейбіреуінің құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарында егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебап қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен, коммерциялық заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-тармағы). Олардың құқық қабілетгілігін "тыйым салынғаннан басқаның бәріне рұқсат етілген" принципімен бейнелеуге болады. Алайда кейбір заңды тұлғалардың, ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілетгілігі арнайы сипатта болады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар басым болатын кәсіпорындарға қарағанда, шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындардың құқық қабілетгілігі айтарлықтай шектеулі болады (АК-ның 200-бабын, Мемлекеттік кәсіпорьш туралы жарлықты қараңыз). Қазыналық кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік мүдделер жолында қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін құрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар өрісті арнайы субъектілер болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлықтың III тарауы).
Коммерциялық емес ұйымдардың құқық қабілеттілігі туралы мәселені жеке қарастыру керек. Олардың құқық қабілетгілігін арнайы құқық қабілеттілік ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардың белгілі бір — басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т.с.с. мақсаттар үшін құрылатынын айқын көздейді. Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің жарғыларында көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады. Таяу уақытқа дейін АК мемлекетгік, сондай-ақ жеке мекемелер үшін кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарына дербес билік ету мүмкіндігін көздеп келді (1994 ж. редакциядағы ҚР АК-ның 206-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз). Енді, табысқа дербес билік ету құқығын баянды еткен12 норманы АК-дан шығарып тастауға байланысты мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің арнайы құқық қабілетгілігінің бұрынғыдан да тар өрісті сипаты жөнінде айтуға болады.
Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған барлық заңды тұлғаларға қолдануға болатын құқық қабілетгіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мүндай шектеу белгілі бір занды тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рұқсат беру арқылы жүргізіледі немесе, керісінше, заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін. АК-ның 10-бабының 4-тармағында баянды етілгеніндей, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тауарлардың, жүмыстардың және көрсетілетін қызметтің тізбесі, мемлекеттік лицензияларды беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен қосымшалар қамтылған Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген.
Кейбір қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияларды берудің және қайтарып алудың, оның қолданылуын тоқтатудың өзге негіздері мен өзге тәртібі көзделуі мүмкін (қараңыз, мысалы, Мұнай туралы жарлық, Жер қойнауы туралы жарлық). Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау қажеттігі заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің пайда болу және тоқтатылу уақытын, соңдай-ақ олардың шекарасын анықтауды қажет етеді.
Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Заңды тұлғаның құрылтайшысы — меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұғалар қүрылуының қажетті алғышарты болып табылады. Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңы тұғалардың құылуы мүмкін емес. Осыған сәкес заңы тұғалар құылуының өкімдік, рұсат ету жәе нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады. Заңды тұғалар құылуьшың өкімдік тәртібі оның қүрьпггашпының өкімі негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен кәсілорындар осындай әдіспен құылд. Мемлекетгік мүлікті басқаруға уәілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы). Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті органның алдын ала рұқсаты, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі — мұнда заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін. Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы).
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде бір рұқсат беруін талал етпейді. Қазіргі уақытта мемлекепік емес коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қодцанылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттгік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері көрсетілген.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау жөне араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
занды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
жариялық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі дам қүпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар тікелей ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және қайта тіркеуге түрліше талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметген алынған табыс ҚР зандарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу занды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңцы тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.
6 тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде
6.1.Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру.
6.2.Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.
6.3. Заңды тұлағлардың филиалдары мен өкілдіктері.
6.1. Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру. ҚРАК-нің 36-бабына сәйкес, заңды тұлғаның оқшауланған мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік немесе заттық құқыққа ие болуы мүмкін. Құрылтайшылары мүлікке қатысты міндеттемелік құқыққа ие болатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамды, кооперативтерді жатқызуға болады. Ал құрылтайшылары мүлікке қатысты меншік құқығына немесе басқадай заттық құқықты сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының негізінде мүлікке ие болатын ұйымдарды жатқызуға болады. Құрылтайшылары мүлікке мүліктік құқықтарды сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды, діни бірлестіктерді жатқызуға болады.
Жоғарыда аталғандарды қорыта айтатын болсақ, мына кестені байқауға болады:
Меншік иесі болып табылатын заңды тұлға | Меншік иесі болып табылмайтын заңды тұлға | |
Оларға қатысты қатысушылары мүліктік құқықтарды сақтайды | Оларға қатысты қатысушылары мүліктік құқықтарды сақтамайды | |
1.Шаруашылық серіктестіктер 2.Акционерлік қоғам 3. Өндірістік кооперативтер 4. Тұтыну кооперативі | 1.Қоғамдық бірлестіктер 2.Қоғамдық қорлар 3. Діни бірлестіктер | 1. Мемлекеттік кәсіпорын 2. Мекеме (сондай-ақ, мемлекеттік) |
АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:
- занды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтары;
- заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;
- заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның қүрылтайшыларының міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.
Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын ңемесе өзге де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығындағы мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның, ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.
Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.
Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.
Заңдарда көзделген жағдайларда коммерциялық үйымдық-қүқықтық нысаңцағы коммерциялық емес заңды тұлғаны қүруға рүқсат етіледі, мысалы, қор биржасы, зейнетақы қоры акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін. Сондықтан коммерциялық және коммер-циялық емес ұйымды ажыратудың өлшемі заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген "заңды тұлғаның қатысушылары (құрылтайшылары) арасында таза табысты бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі" болуы тиіс. Егер заңның күшіне немесе құрылтай құжат-тарына сәйкес заңды тұлға алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлуге (дивидендтер төлеуге) құқылы болса, онда оны коммерциялық ұйымға жатқызу қажет, өйтпеген жағдайда — бұл коммерциялық емес ұйым болады.
Бұл коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды ажы-ратудың негізгі өлшемі. Сонымен бірге, коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе — олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның 105,107,109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рұқсат етеді (қараңыз, мысалы АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз — бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін және алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару әлеуметтік-медени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады.
Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін белгілі бір нысан көзделеді. Мәселен, заңның талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3—1-тармағы).
Заң қауымдастықтар және одақтар (АК-ның 110-бабы) нысанында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бірлестіктерін құруға жол береді (АК-ның 110-бабы). Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін үйлестіру мақсатында, соңдай-ақ олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау үшін құрылады. Қауымдастықтың құрамына кірген заңды тұлғалар өздерінің дербестігін сақтайды.
Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртұтас мүлік ретінде толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды (кәсіпорындарды және мекемелерді) ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек (АК-ның 102-бабы).
Заңды тұлғалардың келесі түрлері ретінде еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды атауға болады.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым деп танылады (АК-ның 94-бабының 1-тармағы).
Басқа мемлекеттік кәсіпорын өзінің мүлкі есебінен құрған заңды тұлға еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-бабы).
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғаға тиесілі болса, ол тәуелді заңды тұлға болып табылады (АК-ның 95-бабы).
Еншілес және тәуелді тұлғалар құқықтың дербес субъектілері болып саналады, азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді және өз міндеттемелері бойынша дербес жауапты болады, бірақ негізгі заңды тұлғалар арнайы құқықтық тетіктер арқылы еншілес және тәуелді заңды тұлғалардың олардың қызмет сипатына ықпал ететін шешімдер қабылдауына түрткі бола алады (АК-ның 94—95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптарын қараңыз). Тәуелді және еншілес заңды тұлғалар ережелерінің ерекшеліктері шаруашылық серіктестіктер туралы заң құжаттарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен және Бәсекені дамыту туралы және монополиялық Қызметті шектеу туралы заңмен айқындалады.
6.2. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. АК-ң 41-бабының 1-тармағына сәйкес, заңды тұлға өз қызметін, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады.
Жарғының негізінде ғана мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлкеттік мекемелер құрылады. Ал жарғы мен құрылтай шартының негізінде толық және сенім серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жуапкерішілігі бар серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік емес мекемелер құрылады.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 192 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница | | | Find the words |