Читайте также:
|
|
Тұздар – химиялық қосылыстың күрделі, бірнешенегізді тобы. Шығуына байланысты органикалық және бейорганикалық заттар деп бөледі. Тұздар – металлдар мен қышқыл қалдығынан құралған, диссоциация кезінде металл катионы мен қышқыл қалдығының анионын, кейде басқа да иондарды түзетін күрделі зат. Құрамына байланысты тұздар орта, қышқылдық, негіздік және т.б. болып бөлінеді.
Орта тұздар тек металл катионы мен қышқыл қалдығының анионына ыдырайды. Оларға: кальций корбанаты СаСО3, калий перманганаты KMnO4 және т.б. Орта тұздарды құрылыста кеңінен қолданады, мысалы, кальций, магний, алюминий, кремний тұздары және т.б.
Қышқылдық тұздар - толық емес ауыстыру өнімдері немесе сутек атомын сутектендірілген анион мен катионнан тұратын көпнегізді қышқыл молекуласындағы металл атомына айырбастау. Сулы ерітіндіде олар металл ионына және сутектендірілген анионға, яғни құрамына сутек кіретін иондарға ыдырайды. Қышқылдық тұздар өзінің құрамында металл атомына орынбасу немесе айырбастауға қабілетті сутек атомынан тұрады. HCO3- ионы құрамында металл атомына орынбасу немесе айырбастауға қабілетті сутек атомынан тұрғандықтан сутектендірілген болып табылады.
Формуланың жасалуы мен қышқылдық тұздардың атына мысал келтірейік.
1-мысал. Темірдің (III) тетрагидроортотеллураттың формуласын құрастырыңдар. H6TeO6 қышқылына сәйкес формула; H4TeO6 сутектендірілген қышқыл қалдығының формуласы; B(H4TeO6)=II (6-4) валенттілігі. Демек, тұздың формуласы Fe2(H4TeO6)3.
2- мысал. Формуласы Mn(HAsO4)2 болатын тұзды атаңыз.
H3AsO4 қышқылына сәйкес келетін формула. Оның тұздары – арсенаттар. HAsO4 қалдығының валенттілігі: B(HAsO4)=II (3-1). Бір қышқыл қалдығында бір сутек атомы. B(Mn)=IV (2*2) мына тұздағы марганецтің валенттілігі. Тұздың атауы – марганецтің (IV) гидроарсенаты.
Құрылыста тұтқыр және басқа да өндірістен алынатын негіздік тұздардың маңызы көп.
Негіздік деп қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан тұздарды айтамыз. Олардың құрамы металл ионы мен гидроксотоптардан құралған гидроксидтелген катиондардан тұрады. Құрамында гидроксидтелген катиондардың бары бұл тұздардың маңызды белгісі болып табылады, сондықтан негіздік тұздар қышқыл қалдығына ауысуға қабілетті гидроксотоптардан тұрады. (FeOH)+ ионы құрамында қышқыл қалдығына ауысуға қабілетті ОН тобынан тұратындықтан гидроксидтелген катион болып табылады.
Формуланың жасалуы мен негіздік тұздардың атына мысал келтірейік.
3- мысал. Темірдің (III) дигидросульфатының формуласын құрыңыз.
H2SO4 қышқылына сәйкес формула; SO4 - қышқыл қалдығы, валенттілігі II, Fe(OH)2+ - гидроксидтелген катион формуласы; валенттілігі B (Fe(OH)2)+= I (3-2). (Fe(OH)2)2SO4 тұздың формуласы.
4- мысал. Формуласы (MnIV(OH)2)3(AsO4)2 тұзды атаңыз.
H3AsO4 қышқылына сәйкес формула. Оның тұздары – арсенаттар. AsO4 қалдығының валенттілігі: B(AsO4) =II. Гидроксидтелген катион екі гидроксотоптан тұрады, сондықтан ол еківалентті (4-2). Тұздың атауы – марганецтің (IV) гидроксоарсенаты.
Комплексті тұздар қышқыл {H2[SiF6]}, негіз {[Cu(NH3)4](OH)2}, карбонил {[Fe(CO)5] – темірдің пентакарбонилі}, тұз және басқа да бола алатын комплексті қосылыстардың есепсіз топтарының бірі болып табылады.
Комплексті қосылыстардың ерекшелігі химиялық байланыстан басқа донорлы-акцепторлы байланыстың жүзеге асуы болып табылады.
Комплексті деп міндетті түрде комплексті иондардан тұратын ионға ыдыратушы донорлы-акцепторлы механизм бойынша ковалентті байланыс орындалатын тұздарды айтады. Комплексті қосылыстар комплексті бөліктерден (катион немесе анион) және ішкі сфера нондарынан; кейде тек комплексті бөліктерден тұрады, мысалы карбонилдер {[Fe(CO)5] – темірдің пентакарбонилі}. [NH4]Br аммоний бромидінде [NH4]+ аммоний катионы комплексті бөлігі болып табылады, ал Br- ішкі сферасын құрайды.
Комплексті ионның зарядын ішкі сфера ионының заряды бойынша анықтайды, ол көлемі бойынша тең, бірақ ішкі сфера иондарының суммарлы зарядының белгісі бойынша қарама- қарсы. Комплексті ион комплексқұраушы атом мен онымен байланысқан лигандалардан тұрады. [SiF6]2- ионында Si4+ атомы комплексқұраушы; F- - лиганда.Атом-комплексқұраушы ережелер негізінде алгебралық теңдік құрып анықтауға болатын белгілі тотығу деңгейімен сипатталады:
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1038 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гидроксидтерге қысқаша сипаттама | | | Дәріс №3. Электролиттік диссоциация |