Читайте также:
|
|
Су – әлсіз электролит. Оның диссоциациясы қайтымды:
HOH ↔ H+ + OH-
Судың диссоциациясы стандартты теңдікте (T=298K, p=101,3 кПа) алгебралық (1.1) немесе логарифмдік (1.2) формада берілетін судың ионды өнімімен сандық сипатталады:
[H+] * [OH-] = 10-14; (1.1)
pH + pOH = 14, (1.2)
мұндағы [H+] пен [OH-] - H+ пен OH- иондарының тепе-теңдік молярлы концентрациясы; pH – сутектік көрсеткіш; pOH – гидроксидті көрсеткіш.
Сутектік көрсеткіш pH (пэ аш) – сутек катионының концентрациясының бұрыс ондық логарифмі:
pH = - lg ɑ (H+). (1.3)
Гидроксидті көрсеткіш pOH (пэ о аш) – OH ионының активті концентрациясының бұрыс ондық логарифмі. pOH-ты математикалық түрде мына формула арқылы есептеуге болады:
pOH = - lg ɑ (OH-). (1.4)
мұндағы - lg ɑ (H+) пен - lg ɑ (OH-) - H+ және OH- (сәйкес) иондарының активті концентрациясының ондық логарифмі. Теңдікті жаңартып, H+ және OH- иондарының активті концентрациясын есептеп шығаруға болатын теңдңкті аламыз:
ɑ(H+) = 10-pH ; (1.5)
ɑ(OH-) = 10-pOH. (1.6)
Бұл иондардың активті концентрациясын иондарының молярлық концентрациясы олардың белсенділігіне тең яғни ɑ(H+) = [H+] екенін есептеп, (1.4)-тен алынған формула арқылы да шығаруға боладды:
[H+] = 10-14: [OH-]; (1.7)
[OH-] = 10-14: [H+]. (1.8)
H+ ионының жалпы концентрациясын төмендегі формуламен шығарады:
с(H+) = ɑ(H+): α д(кислоты) . (1.9)
Әлсіз электролит диссциациясының дәрежесін мына формуламен есептеуге болады:
ɑд =
мұндағы с – молярлы концентрация; ɑд - электролиттік диссоциацияның дәрежесі; Кд – диссоциация константасы.
Судың иондық туындысы қай сулы ерітіндіде болсын H+ және OH- ионынан тұратынын көрсетеді. Нейтралды ортада олардың концентрациясы бірдей және стандартты теңдік үшін 10-7 моль/л-ді құрайды; қышқылдық ортада c(H+)-тен c(OH-) көп, мысалы 10-3 - 10-5 моль/л, сілтілік ортада c(H+) c(OH-)-тан кіші, мысалы 10-10 моль/л және т.б.
pH есебі нейтральды ортада 7-ге тең, қышқылдық ортада 7-ден кіші, ал сілтілік ортада 7-ден үлкен мәнді көрсетеді. Демек, нейтральды ортада pH=7, қышқылдық ортада pH<7, сілтілік ортада pH>7. Ортаның реакциясы құрылысқа тән ағып өту процесі үшін маңызы өте зор. Мысалы, цементті ұстау процесі күшті сілтілік ортада (pH>12) тиімді ағады. Әлсіз сілтілік ортада болаттан жасалған арматураның коррозиясы тез күшейеді. Қышқылды жауындар ғимараттар мен кальций карбонатынан жасалған өнер ескерткіштердің күйреуіне әкеліп соғады.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1514 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс №3. Электролиттік диссоциация | | | Тұздардың гидролизі |