Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коллоидты жүйелер және олардың құрылыстағы алатын орны.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Дисперсті фазасының өлшемі 100-ден 1 нм-ге дейінгі дисперсті жүйелер коллоидты жүйелер(ерітінділер) деп аталады.

Коллоиды ерітінділер табиғатта кең тараған. Олар тірі және тірі емес заттардың құрамында болады, агрегаттық күйіне байланысты сұйық, жартылай сұйық және қатты бола алады. Коллоидтар құрылыс конструкциясының негізін құрайды.

Коллоидтық жүйелердің ортасы болып сұйықтар, кейде газдар есептеледі. Коллоидты ерітінділердің дисперсті фазасы қатты затпен көрсетілген. Ауадағы қатты заттардың коллоидты шаңды бөліктері – газ коллоидты жүйенің мысалы бола алады.Коллоидтар лиофильды, лиофобты, зольдар, гельдер және т.б.

Лиофобты(гидрофобты) коллоидты жүйелер деп, коллоид пен молекулалық ерітінді арасында химиялық байланыс болмайтын жүйе.

Лиофильды(гидрофильды) коллоидты жүйе деп, коллоид пен молекулалық ерітінді арасында химиялық байланыс пайда болатын жүйе.

Гидрофильды коллоидтарды молекулалық және мицеллярлы коллоидты деп екі түрге бөледі.

Молекулалық коллоидтар- жоғары молекулалық, химиялық қосылыстардың: полисахаридтер, нәруыздар және т.б ерітінділері.

Мицеллярлы коллоидты жүйелер ерімейтін заттан құралған ерітінді мен мицеллден тұратын жүйе. Мицелла зарядталған түйіршіктен және қарсы иондардың диффузиялық қабатынан тұрады. Түйіршік ядродан және адсорбты ион қабаттарынан құралған.

Калий силикаты мен тұз қышқылынан алынған кремний қышқылынан пайда болған мицеллярлы колллоидты бөліктің құрылымын қарастырайық.

2HCl(изб)+ K2SiO3= H2SiO3(коллоид)+2KCl

Ядро кремний қышқылынан алынған. Мицеллярлы коллоидтар қатқан портландцементтің және басқа тұтқыр заттардың негізін құрайды.

Зольдар - құрылымы ерітінді құрылымымен бірдей коллоидтық жүйелер. Тұтқырлығы және консистенциясы да ерітінділердікі сияқты. Алюминий гидроксидының және кремний қышқылының зольдары және т.б зольдар болып табылады.

Гельдер (студни)- құрылымы ерітінді құрылымынан өзгеше коллоидты жүйелер. Олар бұлшық ет, сіңір, шеміршек, жануарлар сүйектері және бетон. Коллоидтық жүйелердің басты қасиеті ол- коагуляция, оның беті седиментация болып табылады. Коагуляция - жабысуының арқасында коллоидтың іріленуі. Коагуляция жасырын және ашық болады. Ашық коагуляцияның белгісі ретінде қарусыз көзбен көрінетін седиментация болып табылады. Коагуляция коллоидық жүйенің бұзылуына алып келеді. Ол қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді.

Қайтымды коагуляция деп- оны тудырған факторлар жойылғаннан кейін алдыңғы коллоидтық жүйенің құрылымын қалпына келтіретін коагуляцияны атайды.

Қайтымсыз коагуляция деп- оны тудырған факторлар жойылғаннан кейін алдыңғы коллоидтық жүйенің құрылымын қалпына келтіру мүмкін емес коагуляцияны атайды.

Коагуляция құрылыста тұтқырлардың қатаюы кезінде маңызды рөл атқарады. Құрылыста технологиялық операцияларда тиксотропия қолданылады. Ол механикалық әсер кезінде гельдың зольға айналуы және керісінше, механикалық әсер біткеннен кейінгі зольдың гельға айналуы. Тиксотропия бетоннан жасалған құрылыс конструкцияларын қалыптау кезінде іске асады.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 892 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Гидроксидтерге қысқаша сипаттама | Дәріс №2. Тұздар. | Дәріс №3. Электролиттік диссоциация | Судың электролиттік диссоциацисы. Сутектік және гидроксидті көрсеткіштер | Рылыс болатын орталарда химиялық реакциялардың өтуі. | Дәріс №6. Магний және кальций қосылыстары | Дәріс 7. Алюминий мен темір қосылыстары. | Кремний қышқылы, силикаттар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұздардың гидролизі| Шынайы ерітінділер және олардың құрылыстағы алатын орны.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)