Читайте также: |
|
H2Si03 - метакремний қышқылы H4Si04 - ортокремний қышқылы
Метакремний қышқылы іркілдек (коллоид) күйінде болады.
Алынуы:
Тұзынан күшті қышқылмен бөліп алуға болады.
Na2Si03 + H2S04 (конц.) = H2Si03 ↓+ Na2S04
H2Si03 - екі негізді, әлсіз, тұрақсыз қышқыл.
Екі сатыда диссоциацияланады; тұздары силикаттар деп аталады.
NaHSiO3- натрий гидросиликаты
Na2Si03 - натрий силикаты
Na2Si03 + H20 + 2C02 = 2NaHC03 + H2Si03 ↓ ақ тұнба
Осыған қарағанда кремний қышқылы көмір қышқылынан да әлсіз қышкыл.
Н2Si03 оңай айырылады.
H2Si03 = Н20 + Si02
Na2Si03, K2Si03 - ерімтал тұздар, оларды сұйық шыны деп атайды, желім ретінде қолданылады.
Шыны алуда мына реакдиялар жүреді:
Na2C03 + Si02 = Na2Si03 + C02↑
CaC03 + Si02 = CaSi03 + C02↑
Кәдімгі шынының құрамын былай өрнектеуге болады:
Na20 • СаО • 6Si02
Химиялық шынының құрамы:
К20 • СаО • 6Si02. Ол қиын балқиды.
Лағыл (рубин) шыныда Сr3+ ионы болады. Таза құмнан кварц шыны өндіріледі, ол медицинада (ультракүлгін сәулелерді өткізетіндіктен), химиялық ыдыстар жасауда қолданылады.
Цемент ендірісінің негізінде мына реакциялар жатыр:
Аl203 • 2Si02 • 2Н20 = Аl203 • 2Si02+ 2H20
СаС03 = СаО + С02↑
СаО + Si02 = CaSi03
Цемент, бетон, темір-бетон, қожбетон - құрылыс материалдары.
Қазақстанда силикат енеркөсібінің кәсіпорындары төмендегідей болып шоғырланған:
· Маңғыстауда - СаСО3 әктас;
· Жітіқарада (Қостанай облысы) - асбест;
· Семейде - цемент зауыты;
· Өскеменде - «Аютас» зауыты;
· Ақтөбе, Таразда - шыны ендірісі;
· Ленгер, Есік, Өскеменде - кірпіш зауыттары бар.
Кремнийдің ашылу тарихы. Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы - силициум, ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізгі химиялық қосылыс, ол - кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша: қатты тас. 1834 жылы академик Г. И. Гесс қысқаша «кремний»деген атауды (грекше» кремнос - жартас. шың, құз»деген мағынада) ұсынды.
Кремнийдің табиғатта таралуы. Табиғатта оттегінен кейінгі көп таралған элемент - кремний. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі - 25%. Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана, көптеген силикаттар мен барлық өсімдік (әсіресе қырықбуындылар мен бамбук) құрамында кездеседі. Сондай - ақ тірі организмдер мен кейбір микроорганизмдер денесінде де болады. Адам организмінде де 0, 1 процентке жуық кремний болады, оны әзірге биологиялық рөлі белгісіз.
Қолданылуы. Таза кремний көбінесе темір, мыс, алюминий, қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар, триодтар және радиотехникада – қабылдағыш үдеткіштер даярлауда, әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. Шыны, цемент т. б. құрылыс материалдары үшін де кремний қосылыстары қажет.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 930 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс 7. Алюминий мен темір қосылыстары. | | | ДАЛЬНОСТЬ И ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ПОЛЕТА |