Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гидроксидтерге қысқаша сипаттама

Читайте также:
  1. Бағдарлама (пәннің қысқаша мазмұны).
  2. Дәріс №3. Зерттеудің физикалық әдістері. Әдістердің жалпы классификациясы және сипаттамасы.
  3. Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура
  4. Дәуірдің сипаттамасы
  5. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  6. Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар

Дәріс №1. Бейорганикалық заттар мен құрылыс химиясының проблемасына қысқаша сипаттама. Бейорганикалық заттар класынына жалпы сипаттама. Жай заттар мен оксидтерге қысқаша сипаттама

Негізгі ұғымдар: «зат», «жай зат», «металл», «жалпы металл», «бейметалл», «инертті газ», «күрделі зат», «оксид», «пероксид», «тұз түзбейтін оксид».

Құрылыста жай заттарды кееңінен қолданады. Металдарды құрылыс конструкцияларын және машина жасауда қолданады. Қүкіртті (бейметалл)құрылыс техникасын жасау үшін қажетті резина алуда қолданады, инертті газдар свительниктерде инертті атмосфера құрады.

Құрылыста қышқылдық, негіздік және амфотрелі болып бөлінетін тұз түзуші оксидтердің маңызы зор.

Негіздік деп қышқылдармен өзара әрекеттесіп, тұз бен су түзетін тұз түзуші оксидтерді айтады.

Құрылыс өндірісі үшін кальций, магний оксидтері маңызды. Қышқылдармен әрекеттесіп тұз бен су түзетін тұз түзуші оксидтер қышқылдық деп аталады. Құрылыс өндірісі үшін кремний диоксидін әр түрлі түрлендірудің маңызы зор. Сілтімен де, қышқылдармен де әрекеттесіп, тұз бен су түзетін оксидтер қышқылдық деп аталады. Ең маңызды амфотерлі оксидтердің формуласын есте сақтау керек. Негіздік және қышқылдық қасиеттерінде бірдей деңгей көрсететін оксидтерге мыналар жатады: ZnO, SnO, PbO, Al2O3, Cr2O3, SnO2, PbO2, MnO2. Барлық амфотерлі оксидтер молекулярсыз құрылымды заттар болып табылады. Олар суда ерімейді, сондықтан өзара әрекеттеспейді, химиялық инертті, бірақ қыздырған кезде қышқылдармен және сілтінің концентрлі ерітінділерімен әрекеттеседі. Балқытқан кезде сілтілер мен қышқыл оксидтерімен өзара әрекеттеседі. Құрылыста алюминий оксидінің маңызы көп. Құрылыста құрылыс машинасындағы жанармайдың толымсыз жану өнімі болып табылатын көміртек монооксидінің (иіс газы)СО маңызы зор екенін атап өткен жөн. Иіс газы – жағымсыз ауа ластаушы.

Гидроксидтерге қысқаша сипаттама

Гидроксидтер – үш химиялық элемент атомынан құралып, оның екеуі оттек пен сутек болып келетін күрделі газ. Гидроксидтерді 3 топқа бөледі:

1. Гидроксидтер қышқылдармен де, сілтілермен де өзара әрекеттесуге қабілетті, себебі қышқылдар мен негіздер сияқты жиі диссоцияланады және де ол амфотерлі гидроксидтер деп аталады. Амфотерлі гидроксидтер қышқылдар (сілтімен әрекеттеседі) мен негіздер (қышқылдармен өзара әрекеттеседі) сияқты қасиет көрсетеді.

Олар суда ерімейді және әлсіз электролиттер болып табылады. Ең маңызды амфотерлі гидроксидтер болып саналады: Zn(OH)2(негіз сияқты) ↔ H2ZnO4 (қышқыл, цинкаттар сияқты); Pb(OH)2↔ H2PbO4 (плюмбиттер); Al(OH)3 ↔ HalO2 (металалюминаттар); Cr(OH)3 ↔ HCrO2 (метахромиттер); [Sn(OH)4] ↔ H2SnO4 (станнаттар); [Pb(OH)4] ↔ H2PbO3 (плюмбаттар) және т.б.

Құрылыста оларды жақсы адсорбенттер болғаны үшін суды тазартуда қолданады(алюминий гидроксиді).

2. Қышқылдар – заттардың күрделі тобы.

Қышқылдар – сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын, сутек пен қышқыл қалдығының анионын катиондарға диссоциялайтын заттар.

Қышқылдардың жеңіл электролиттік диссоциациясын мынандай үлгі арқылы бейнелеуге болады:

HNO3=H+ + NO3-

Қышқылдарды диссоциациялық қабілеті бойынша әлсіз, күшті және орташа деп бөледі. Әлсіз қышқылдарға көмір, кремнийлі, борлы, азот, хлор және басқа да қышқылдар жатады. Күшті қышқылдарға азотты, тұз, хлорлы, күкірт, селенді, хлорлы және т.б. Орташа қышқылдарға ортофосфорлы, пирофосфорлы, ортомышьякты, күкіртті және т.б. қышқылдар жатады. Олар әрдайым көпнегізді; диссоциациясының бірінші сатысы бойынша күшті қышқыл болып табылады, ал басқа сатысы бойынша – әлсіз.

Тотығу деп металдармен өзара әрекеттескенде молекулярлы сутек пен тұз түзетін қышқылдар.

Тотықсыздану деп металдармен өзара әрекеттесуінде тұз, су және оттекқұрайтын аниондарды қалпына келтіретін өнемідерді түзетін қышқылдарды айтады.

Кез келген концентрацияның азотты қышқылдары мен күкіртті, селенді қышқылдардың концентрлі ерітінділері ең маңызды тотығу қышқылдары болып табылады. Тотықсыздану мен тотығу сияқты кез келген қышқылдар металдарды тотықсыздандырады, бірақ қышқылды қалпына келтіру өнімдері әр түрлі.

Қышқылдардың атауы мен олардың тұздарының формуласын білуіміз қажет: тұз қышқылы HCl (тұздар- хлоридтер), бромсутек қышқылы HBr (бромидтер), иодсутек HI (иодидтер); күкіртсутек H2S (сульфидтер); азот HNO3 (нитраттар); азотты HNO2 (нитриттер); күкіртті H2SO3 (сульфиттер); күкірт H2SO4 (сульфаттар); фосфор H3PO4 (фосфаттар); мышьяк H3AsO4 (арсенаттар); көміртек H2CO3 (карбонаттар); хлор HClO4 (перхлораттар); метаиодты HIO4 (метапериодаттар); ортоиодты H5IO6 (ортопериодаттар): ортотеллкрлы H6TeO6 (ортотеллураттар); хром H2CrO4 (хроматтар); екіхром H2Cr2O7 (дихроматты) және т.б.

Қышқылдардың химиялық қасиеті әр түрлі. Күшті қышқылдар (күкірт, тұз, азот және басқалары) өте агрессивті. Олар улы және негізін құрайтын талшықтарды бұзады. Адам мен жануар ағзасының талшықтарын ойып түсіретін ықпалын тигізеді. Әсіресе күкірт қышқылы қауіпті болып саналады, сондықтан да қышқылдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Қышқылдар құрылыста маңызды рөл атқарады. Кремний қышқылы цементті тастың беріктігін қамтамасыз етеді, күкірт және тұз қышқылдары металдарды өңдеуде қолданылады.

3. Негіздер – металл мен гидроксо тобынан тұратын типті гидроксидтер, металл катионы мен гидроксид ионына ОН ыдырауға қабілетті. Негіздер қышқылдығымен сипатталады – бір металл атомымен байланысты ОН тобының санымен.

Негіздік қышқылы бойынша бір (КОН), екі (Са(ОН)2) және үшқышқылды (Mn(OH)3). Мысалы, КОН – бірқышқылды негіз, Са(ОН)2 – екіқышқылды.

Электролиттік диссоциация дәрежесі бойынша негіздерді сілтілер мен әлсіз электролиттерге бөледі.

Сілтілер – сулы ерітіндіде 100% диссоциацияланатын негіздер. Литий, натрий, калий, рубидий, франций, кальций, стронций, барий және радий гидроксидтері сілтілер болып табылады.

Аммоний гидроксиді мен ерімейтін негіздер әлсіз электролиттер болып табылады. Негіздер, әсіресе сілтілер, химиялық белсенді. Сілтілер – күйдіргіш, яғни киімді жеп қояды, адам мен жануар денесінің талшықтарын бұзылуына әкеліп соғады. Бұл оны қолданған кезде аса сақтықта болғанды қажет етеді.

Негіздер құрылыста кеңінен қолданылады. Кальций және магний гидроксиді ізбесті және магнезиалды тұтқырдың негізі болып табылады, кальций гидроксиді бетондардың булы сұйықтықтарында үлкен рөл атқарады.

Әдебиет Негізгі 1[1-15], қосымша [3-8]

Бақылау сұрақтары:

1. Әдеттегі металдар әдеттегі емес металдан несімен ерекшеленетінін анықтап, жауапты дәлелдеңіз.

2. Жай заттардың құрылыста қолданылуына үш дәлелді мысал келтіріңіз.

3. Тұзтүзуші оксидтердің негізгі кластарын атаңыз, оксидтер мен олардың құрылыста қолданылуына сәйкес мысал келтіріңіз.

4. Осы химиялық қосылыстартың әр түрлі кластарына жататын гидроксидтерге мысал келтіріңіз.

5. Қышқылдарды неге гидроксидтер деп есептеуге болатынын анықтаңыз.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1730 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс №3. Электролиттік диссоциация | Судың электролиттік диссоциацисы. Сутектік және гидроксидті көрсеткіштер | Тұздардың гидролизі | Коллоидты жүйелер және олардың құрылыстағы алатын орны. | Шынайы ерітінділер және олардың құрылыстағы алатын орны. | Рылыс болатын орталарда химиялық реакциялардың өтуі. | Дәріс №6. Магний және кальций қосылыстары | Дәріс 7. Алюминий мен темір қосылыстары. | Кремний қышқылы, силикаттар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Помните слова Эразма Роттердамского: «Нет ничего отважнее, чем победа над самим собой».| Дәріс №2. Тұздар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)