Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура

Читайте также:
  1. Альтернативная процедура урегулирования споров (процедура медиации).
  2. Дәріс №3. Зерттеудің физикалық әдістері. Әдістердің жалпы классификациясы және сипаттамасы.
  3. Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары.
  4. Дәріс. Қайталану операторлары.
  5. Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану
  6. Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу.
  7. Дәріс. Жазбалар. Жазбаларды қолдану мысалдары

Практикалық есептерде программаны құрғанда, ол үлкен программаның белгілі бір бөлігін әртүрлі мәндер бойынша бірнеше рет қайталап пайдалануға тура келеді. Мұндай бір типтес программа бөлігін программаның әр бөлігінде қайталап жаза бермеу мақсатында оны жеке қосалқы программа ретінде бөліп жазған қолайлы. Жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оған оралып, оны пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа (ішкі программа) дейді. Қосалқы программаға автоматты түрде енуге және одан шығуға болады.

Қосалқы программаны пайдалану төмендегідей мүмкіншіліктер береді:

- негізгі программаның көлемі кішіриеді;

- негізгі программада пайдаланған айнымалыларды қосалқы программада паидалануға болады.

- қосалқы программада берілген жады ұяшықтарын ол орындалмай тұрғанда бос ұяшық ретінде (бос айнымалы ретінде) пайдалануға болады;

- қосалқы программаны пайдалану құрылымдық программалауға мүмкіндік береді.

Паскаль тілінде алгоритмдік тіл тәрізді қосалқы программаның 2 түрі пайдаланады олар процедура (PROCEDURE) және функция (FUNCTION). Бір программада бір немесе бірнеше процедура және функция пайдалануы мүмкін. Паскаль тілінде процедурамен функциялар программаның айнымалылар баяндау бөлімінен (VAR) кейін жазылады.

Процедураның жалпы түрі:

Procedure <процедураның аты> [(<формальді параметрлер тізімі>)];

<Баяндау бөлімі>

BEGIN

<Операторлар бөлімі>

END;

Негізгі программада процедураны шақыру түрі төмендегідей болады:

<Процедураның аты> [(<Нақтылы параметрлер тізімі>)];

Негізгі программада баяндалған атау негізгі және қосалқы программада да пайдаланыла алады. Мұндай атаулар глобальды атаулар деп аталады. Қосалқы программада баяндалған атаулар тек қосалқы программада ғана пайдаланады. Мұндай атауларды локальды атаулар дейді.

Формальді және нақтылы параметрлер үшін келесі талаптар орындалу қажет:

а) формальді және нақтылы параметрлер саны бірдей болу керек;

б) Формальді және нақтылы параметрлердің типтері және орналасу реті бірдей болу қажет.

Турбо Паскаль тілінде формальді параметрлердің үш түрі бар:

1. Параметр-мән

2. Параметр-айнымалы.

3. Параметр-константа.

Мысал:

Program prim;

Var a,b:integer;

Procedure chan (var x,y: integer);

Var z:integer;

Begin

z:=x; x:=y; y:=z;

end;

begin

readln(a,b);

chan(a,b); writeln(a,b);

char(a,b); writeln(a,b);

end.

Мысал:

PROGRAM LAB4;

CONST N=5;

TYPE MATRIX= ARRAY [1.. N, 1..N] OF INTEGER;

VAR A, B, C, D: MATRIX;

I,J: INTEGER;

PROCEDURE MULT(R: MATRIX);

VAR I,J: INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO N DO

FOR G:=1 TO DO

READ(R[I,J]);

END;

PROCEDURE MULT(X,Y: MATRIX; VAR Z: MATRIX);

VAR I,J,K,S: INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO N DO

FOR J:=1 TO DO

BEGIN

S:=0;

FOR K:=1 TO N DO

S:=S+ X[I,K]*Y[K,J];

C[I,J]:=S;

END;

END;

BEGIN

VV(A);

VV(B);

VV(C);

VV(D);

MULT(A,B,A); MULT(A,C,A); MULT (A,D,A);

FOR I:=1 TO N DO

BEGIN

FOR J:=1 TO N DO

WRITE (A[I,J]:4);

WRITELN;

END;

END.

Негізгі әдебиет: 1[161-181]

Қосымша әдебиет: 5[16-19], 6[104-116], 7[187-211].


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 777 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің қысқаша мазмұнында | Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор. | Дәріс. Қайталану операторлары. | Бақылау сұрақтары | Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану | Модульдердi баяндау | Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар | Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы | Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бүтiн типтегi мәлiметтермен келесi амалдар орындалады| Бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)