Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәуірдің сипаттамасы

Читайте также:
  1. Дәріс №3. Зерттеудің физикалық әдістері. Әдістердің жалпы классификациясы және сипаттамасы.
  2. Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура
  3. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  4. Кесте-Объектiлердiң өрт сөндiру сипаттамасы

Бұл кезеңде өлшеу құралдары және аспаптары шығарылды. Г. Гаилей телескопты құрастырда және алғашқы термоскопты жасады. Н. Коперник гелиоцентрлік жүйені жүзеге асырды. Ақындар мен суретшілер өз шығармашылықтарында әлем мен адамды ақиқаттағыдай бейнелеуге талпынды. Олар антикалық авторлардың өнерінде тірек іздеді. Сондықтан да, Кеш Ортағасырдаң бұл кезеңі Батыс Еуропада «Қайта өрлеу» деген атты иеленді.

Қайта өрлеу мәдениетінің идеялық мазмұны гуманизм философиясы болды (гуманизм ортасында адам және ақиқат жердегі әлем тұрды). Мұратты адам – энциклопедист және тудырушы, өз тағдырын жасаушы. Мәдениет және ғылым адамзаттық сипат алды және шікеуден өзіндік және тәуелсіз бола бастады.Бұл кезеңде ұлы адамдар төрт немесе бес тілде сөйледі, шығармашылықтың бірнеше саласында көрінді.

Олардың ішінде – Франческо Петрарка, суретшілер – Рафаэль Санти, Микеланжело Буонароти, Тицциан Вечеллио, Леонардо да Винчи, ұлы жазушылар – Уильям Шекспир, Мигель де Сервантес, Лопе де Вега және ұлы дәрігерлер – Андрес Везалий, Парацельс, Джироламо Фракасторо және т.б.

Басынан масштабтары бойынша жергілікті болды, (Батыс Еуропаға ғана таралған) Қайта өрлеу мәдениеті әлем мәдениетінің дүниежүзілік құбылысы болып табылды. Өз күші ақылы ол адамзаттың келесі әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер етті. Ренессанстық мәдениет білім және гуманитарлық пәндерді жаңа мәселелермен және танымдық жаңа әдістермен байыта түсті, ал XVI ғ натурфилософия мен жаратылыстануға күшті әсер етті.

Қайта өрлеу дәуіріндегі жаратылыстанудың негізгі сипаттары мыналар: 1) гуманисттік дүниетаным; 2) ғылымда тәжірибелік әдісті бекіту; 3) математика мен механиканың дамуы; 4) метафизикалық ойлау (класикалық орта ғасырдағы схоластикалық әдіспен салыстырғанда бір адым алға болып табылды)

Адам денесіне және оның құрылысына қызуғышыық туындады. Анатомия тек қана дәрігерлерді ғана емес, сондай- ақ сұңғат өнершілері мен мүсіншілерді қызықтырды. Қазіргі күнге дейін жеткен Микеланджело мен Рафаэльдің анатомиялық суреттемелері олардың бұлшықет пен қаңқа ұрылымының анатомиялық зерттеулерімен айналысқанын көрсетеді.

Оның егізін салушылардың бірі – данышпан итальян ғалымы және суретшісі Леонардо да Винчи. Ол әскери- инженерлік ісі және гидротехника саласында құнды техникалық заттар жасаған. Өзінің ашқан жаңалықтарымен ол физиканы, геометрияны, механиканы, архитектураны, астрономияны, геологияны, ботаниканы, анатомияны байыта түсті.

Ғылымда тәжірибелік әдісті бекіте отырып, Леонардо да Винчи Батыс Еуропада адам мәйітін ашқандардың және адам денесінің құрылысын жүйелі зерттігендердің алғашқыларының бірі болды. Ол анатомиялық зерттеуледің жаңа әдістерін енгізді: ағында сумен мүшелерді жуу, бас миының қарыншаларына және тамырларына балауыз енізу, сүйектермен мүшелерді кесу.

Леонардо көптеген бұлшықетерді, сүйектерді, жүйкелерді және ішкі мүшелерді суреттеген және бейнелеген. Оның анатомиялық суреттемелері длдігі және шеберлігімен кейінгі жаңадан шыққан жұмыстарды асып түседі.

XVIII ғ. Леонардо да Винчидің жазбалары және суреттемелерінен оның еңбегінің 13 томы құрастырылған. Олардың ішінде: «Жануарлар туралы кітап», «Анатомиялық дәптерлер» және т.б. Осылайша Леонардо да Винчидің тек XVIII ғ ғана аты әйгілі болды (А. Везалийдің негізгі еңбегі жарық көргеннен соң ғана).

Андреас Везалий 3 университетте оқыған – гуманитарлық ғылымдар бойынша Лувенде, медицинаны оқу үшін Монпелье мен Парижде. 1537 ж 23 жасында Падуеде ол медицина докторының дәрежесін иеленіп, кейін Венеция респудликасының шақыруы бойынша Падуандық университеттің (сол уақыттық үздік ғылыми орталығы) магистрі болды. Везалий анатомия саласындағы маңызды авторитет Гален болғандағы дәуірде өмір сүрді. Оның еңбектерін Везалий жақсы білетін, оған үлкен сыймен қарайтын, кітаптарын аударып, тіпті оларды баспаға қайтадан дайындаған. Алайда, адам мәйіттерін кесіп ашу барысында, Везалий Галеннің адам денесінің құрылысына көзқарастарының қате екендігін аңғарды, өйткені оның тәжірибесі тек маймылдар мен басқа жануарлардың анатомиясын зерттеуге негізделген болатын.

Везаоий Галеннің 200 қатесін түзеткен, адам қаңқасын, оның бұлшықеттері мен көптеген ішкі мүшелерін дұрыс суреттеген; жүрек пердесінде сңылаудың болмайтынын анықтаған (ал Галеннің айтуанша жүрек пердесіндегі саңылау арқылы қан оң қарыншадан сол қарыншаға өтіп, сол жерде «пневмамен» байланысады); жүректің қақпақшаларын суреттеп, осылайша қанның айнлмалы ағуын негіздеуге алғышарттар берген.

Базельде Иоанн Опориннің баспасында Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» іргесін қалаушы еңбегі жеті кітап түрінде жарық көрді.

А. Везалийлің тәжірибемен негізделген қорытындылары ортағасырлық схоластикаға күшті әсер етті. Везалийдің Париж университетіндегі мұғалімі, схоласт және галенист Якоб Сильвий өз оқушысын «есалаң» атады.

1546 ж Везалий дамыған Падуандық университеттен қуғындалды. Анатомия кафедрасын оның мирасқоры, анатомияның «алтын ғасырын» жаратушысы Реальдо Коломбо басқарды. Еуропадағы инквизиция және басқаша ойлаушыларды шіркеу жазалап жүрген уақыттарда Везалий шіркеумен канондалған Галеннің авторитетіне қасқойлық жасағаны үшін айыпталды. Соңында ол Иерусалимге жасау керек болды. Қайтар жолында кеменің суға батуынан Везалий Занте аралына түсіп, сол жерде күш пен таланттылық жанданған шағында дүние салды. Везалий еңбектерінен анатомия тарихының «алтын ғасыры» ашылады.

1546 ж Испания философы – дін оқушы және дәрігер Мигель Сервет Батыс Еуропада бірінші рет кіші қан айналым шеңберін суреттеген. Қан өкпеден қайтадан жүрекке оралуын көрсете отырып, ол жетіспейті звеноны еске түсірді және қанның айналымда жүруі туралы тұрақты теорияның пайда болу жолында мазмұнды алғашқы адым жасады. Бұл теорияны кейін У. Гарвей 100 жыл өткен соң өңдеді.

Серветтен кейін қаннның жылжуын зерттеу жалғасты. Сөйтіп Фаллопийдің оқушысы және Гарвейдің мүғалімі Иероним Фабриций тәжірибе жүзінде веноздық қақпақшаларды бірінші болып көрсетті, осылайша, вена бойымен қанның бір жақты жүрекке қарай бағытталып жылжуын дәлелдеді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі анатомиялық зерттеулер қанайналымды зертттеумен ғана шектелген жоқ, - олар организмнің көптеген жүйелерін де қамтыды. Бартоломей Евстахи 1563 ж адамның есту мүшесіне, соның ішінде оның атымен аталған есту түтігін суреттеп берген. Габриель Фаллопий репродуктивті мүшелердің құрылысын, адам ұрығының және оның тамыр жүйесінің дамуын зерттеді, жатыр түтіктерінің құрылысын және қызметін бірінші болып суреттеген.

Осылайшы, Қайта өрлеу дәуіріндегі көптеген ғалымдар – титандардың күшімен ғылыми анатомияның негізі қаланды. Оның негізінде физиология, терпия, хирургия өз дамуына бастама алды.


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 698 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мысырдағы медицина. | Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы. | Ндістан медицинасы. | Ытайдағы медицинаның дамуы. | Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина. | Хирургияның дамуы. | РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | Кеңес медицинасының принциптері | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. | Денсаулықтықорғау саласында халықаралық ынтымақтастық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина| Ятрохимия және медицина.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)