Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Б.э.д. ІІ мың жылдың аяғында ІІ мың жылдың басында Вавилон мемлекеті құрыла бастады. Кейінірек б.э.д. І мың жылдықта солтүстік – шығыс бөлігінде Месопотамия мен Ассирия құрылды. Осы мемлекеттерінің ішінде шаруашылықтың және мәдениеттің сонымен қатар медицинаның дамуы жағынан Вавилон басты орында болды.Вавилон патшалығы ерте вавилондық кезеңде Хаммурапи патшалығы уақытында өркендеу иелігіне жеткен (б.э.д. 1792-1750ж). Ол 42 жыл билік жүргізіп аса ұлы мемлекет құрды. Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін Вавилонға бірінші рет шапқыншылық жасалған. Б.э.д. 668-626ж

Ашшурбанипал кезінде өркендеу иелігіне жеткен Ассирия Вавилонның көршісі болған және оның кезінде қазіргі уақытқа дейінгі сақталған сазды тақташаларға жазылған бірнеше мыңдаған клинопистік жазулары бар Ниневия қаласында патшалық кітапхана салынған. Тақташалардағы жазулар «Егер адам ауырса» деген сөздерден басталады, содан кейін аурудың белгілері және дәрігерлерге арналған дәрілердің дайындалуы туралы мәліметтер жазылған. Тақшадағы жазулар «Ол жазылып кетеді» деген сөзбен аяқталады.

Медицинада екі бағыт болды: асуту (дәрігерлердің мәдениеті) және ашипуту (дұға оқу мәдениеті) екі салтта сақталып б.э.д. І мың жылдықтың ІІ жартысында қосылған және ол ашипутуға жақынырақ болған. Сырқаттылық туралы түсінік үш негізгі категорияға бөлінген.

1.Жоғарғы сенім себептері: «құдайдың қолы,» «Ламаштудың құшағы» (Ламашта атты кемпір түнде қалада жүріп балаларға қалтырауды таратады деген ұғым болған).

2.Жалпы қабылданған дәстүрлерді, заңдарды, моральдік және басқада салттарды бұзғаны үшін ызалану.

3.Өмір салты мен табиғаттың жаратылуымен байланысты шынайы себептер (дұрыс тамақтанбау, ластанған өзенде шомылу).

Асу дәрігерлері – аурудың дамуын жиі шынайы себептермен байланыстырған. Асу болжамдары «Ол жазылады,» «Оны емдеу керек» деген өзімшілдік ойларымен аяқталады. Асу дәрігерлігі – эмпирика дәрігерінің тәжірибелік қабілетіне негізделген. Оның емдеу мақсаты шынайы болған. Мысалы: «қалтырауды тоқтату,» «ісіктерді кетіру,» «ауруды қайтару,» және т.б. Ашипу дәрілерінің басты мақсаты дұға оқу болған. Ашипу аурудың түрін және себебін анықтап, ем жүргізерге дейін болжамын айтқан. Ашипу көбіне «ол қайтыс болады,» «Ол жазылмайды» деген қолайсыз болжамдар жасаған. Сирек «ол өмір сүреді,» «ауруынан жазылады» деген жақсы болжамдармен аяқталған. Егер болжамы тұрақсыз болса ашипу ем жүргізбейтін болған. Олар адам денесінің құрылысы туралы білгенше, өлген адамдардың ішкі құрылыстарын ашпаған. Олар өлген жануарлардың ішкі құрылысын ашып бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек,шектер туралы жалпы мәлімет алған.

Әйелдерді босандыру мен әйелдер айналысқан. Ассиро – Вавилондық мәдениеттің ішінде астралогия үлкен орын алған. Астралогиялық болжамда ең маңыздысы астралогиялық күнтізбе болған. Ол күнтізбе арқылы босануға, операцияларға және т.б. сәтті және сәтсіз күндерді белгілеген. Ассиро – Вавилондық астрология басқа халықтарға таралып, медицинадан үлкен орын алған.

Вавилон мен Ниневия қалаларын қазу кезінде көпірпердің, су құбырларының, саздан жасалған канализациялардың қалдықтары табылған, сонымен қатар жұқпалы аурумен ауырғандарды қаладан алыстату туралы заңдар болған. Б.э.д. XVIII ғ құралған Хамурапи патшаның Вавилондық заңдылықтары туралы жазылған ескерткіштері қазіргі заманға дейінгі сақталған.Ескерткіште өмірдің барлық жағына арналған ежелгі заңдар жазылған.Дәрігерлердің қызметіне және оның әр түрлі жағдайдағы соттық жауапкершіліктері туралы бірнеше мағұлматтар базальтты бағанада жазылған.

Ежелгі Шығыс елдеріндегідей Вавилонда сырқаттылықтан емделуге тек қана байлардың шамасы келген.Грек тарихшысы Геродат б.э.д. Vғ кедей адамдарды емдеуге арналған ежелгі вавилон салтын жазған.


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ытайдағы медицинаның дамуы. | Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина. | Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина | Дәуірдің сипаттамасы | Ятрохимия және медицина. | Хирургияның дамуы. | РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | Кеңес медицинасының принциптері | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. | Денсаулықтықорғау саласында халықаралық ынтымақтастық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мысырдағы медицина.| Ндістан медицинасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)