Читайте также: |
|
Денсаулық қорғаудың Ресейде қалыптасуы Кеңес билігінің бірінші жылдарында төрт басты принцип негізінде жүзеге асырылды:
1. мемлекеттік сипат
2. алдын алу бағыты
3. денсаулықты қорғау бойынша жүргізілетін шараларда тұрғындардың қатысуы
4. медициналық ғылым мен денсаулық қорғаудың тәжірибесінің бірлгі
Бұл идеялардың дамуы 1917 ж қазанына дейін басталған. С.П. Боткин және Г.Е. Рейн комиссиясын, Йоган Петер Франк еңбектерін еске түсірсек жеткілікті. И.П. Франк мемлекеттік денсаулыққорғаудың идеясын құрып, оны өзінің «Жалпы медциналық полицияның жүйесі» еңбегінде жүзеге асырған. Немесе әртүрлі дәуірдегі ұлы ойшылдардың (Гипократ, Ибн Сина, Пирогов және т.б.) мұраларына жүгінейік. Сонда да бұл принциптеді мемлекеттік саясат дегейіне жеткізу тек қана Ресейде Кеңес билігінің бірінші жылдарында жүзеге асырылды.
Медициналық білімнің қайта құрылуы бұл жылдары алдын алу бағыттамасына негізделген. Оқу жосарына әлеуметтік гигиенаның жаңа курсы енгізілген, яғни бұл арқылы тек емдеу дәрігерлерін ғана емес, ұйымдастырушы- дәрігерлерді дайындауға мүмкіндік туды. 1930 ж университеттерлің медициналық факультеттері жеке медициналық институттарға өзгертілген.
Емдеуде әлемде бірінші рет орталықтанған жалпы кеңестік жеткілікті ақысыз денсаулық қорғау жүйесінің пайда болуы денсаулықсақтаудың ұйымдастырушылық принциптердің негізінде пайда болып, бұл принциптер әлемнің көптеген елдерінде (Ұлыбритания, Қытай, Куба, Манғолия, Солтүстік Корея және т.б.) денсаулыққорғаудың жалпы ұлттың мемлекттік жүйелердің үлгісі болды.
И.П. Павлов (кеңестік кезең)
Кеңестік ғылымның қалыптасуы кезінде өткен жолдары, оның мәселелері және жетістіктері И.П. Павловтың тағдырында көрініс тапқан.
И. П. Павлов – XX ғ әлемнің әйгілі ғалымы және аса ірі физиологы. И.П. Павлов (1849-1936) – сол кездегі Нобель сыйлығының елдегі жалғыщ лауреаты және 87 шетелдік және отандық академиялар, университеттер, ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі -1917 ж ақпан қуанышпен қабылдады. Ал 1917 ж қазанын қабылдамады. «Россияға жасалатын әлеуметтік және сяси тәжірибе сәтсіздікке әкелді».
1921 ж 24 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің «академик И.П. Павлов және оның қызметкерлерінің ғылыми жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар туралы» қаулы қабылдады.
Павлов өзін Ресей физиологтарының II ұрпағына жатқызды. Отандық физиологияның негізін салушы деп ол И. М. Сеченовты есептейді. «Оған орыс физиологының атасы атағы берілуі керек еді. Оған дейін физиология профессоры тек мұғалім болған... Иван Михайлович Сеченов – ғылымның ең ірі қайраткері болды, ол жүйке жүйесінің басты белгілерінің бірі – кідіру құбылысы жөнінде ілімнің негізін салды».
«Біз Иван Михайлович және менің қымбатты қызметтестерімнің тобымен бірге тірі организмді зерттеуге батыл физиологиялық билік алдық және бұл - әдемдік ғылымдағы, жалпы адамзаттық ойлаудағы біздің даусыз жетістігіміз.
1935 ж И.П. Павлов «Жастарға хат» жазды, өзін ғылымға арнаған жас адамдардың ұрапқтарына мұра болып қалды.
И.П. Павлов айналасына жас талантты адамдарды жинап, өз ісін жалғастырушы жас ғалымдарды дайындаған.
И. П. Павлов әлемдегі әйгілі ғылыми физиологиялық мектептің бірін ашты. Оның оқушылары Л.А. Орбели (1882- 1958), А.Ф. Самойлов (1867- 1930), П.К. Анохин (1898- 1974), Э.А. Асратян, Б.П. Бабкин (1877- 1950) болды. Оның ғылыми «немерелері» және «шөберелері» бүгінгі таңда Ресейлің ғылыми орталықтарында жұмыс істейді.
Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 420 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | | | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. |