Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ытайдағы медицинаның дамуы.

Читайте также:
  1. Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы.
  2. Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы.
  3. Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.
  4. Хирургияның дамуы.

Б.э.д ІVғ-ІІІ мыңжылдықта Хуанхэ өзенінің жағасында тайпалар қоныстанып б.э.д ІІғ ортасында мемлекетке айналған. Ежелгі қытайдағы медицинаның дамуы туралы көне иероглифтік кітаптарда жазылған. Оның кейбіреуіне ең көнесі Нэй цзиннің энциклопедиялық еңбектері болып саналады (18 кітап). Алғашқы тоғызы (Су вэнь) ағзаның құрылысы мен қызметіне, аурудың диагностикасы мен еміне арналған.Қытай халық медицинасының негізінде ежелгі қытайлық материалистік философиясы жатыр. Қытай халық медицинасының ерекшелігі чжень – цзю терапиясы (чжень-акупунктура немесе инелік терапия; цзю-мокса немесе күйдіру)болып саналады.

Оның эмперикалық тамыры ерте заманда қытай дәрігерлерінің өмірлік нүктелердің барын және оларды тітіркендіргенде емдік әсер беретіндігін тапқаннан басталған. Бұл әдіс туралы толық мағұлматтар б.э.д ІІІ ғ жазылған. XIV ғ «өмір нүктелері» 700 астам болған, «өмір сызықтары» 14 топқа біріктірілген. Инелер алғашқы кезеде кремни мен яшмалардан жасалынған, содан кейін бамбук сүйектерінен, кейінірек қола, күміс, алтын, платина металдарынан жасалынды. Инелік терапиясын үйрену үшін арнайы атластар және шиелерді нүктелермен жүйелерге енгізуге арналған манекендер болды.Барлық атақты қытай дәрігерлері инелік терапияны білген. Ежелгі қытай дәрігерлері пульстік терапияға ерекше көңіл бөлген.

Қытай дәрігерлері пультің 24 – 200 астам түрін бөлген. Пульс туралы Нэй цзин трактатында айтылған. Б.э.д. ІІІ ғ ежелгі Қытай пуль туралы ғылымы 10 томдық трактатта жазылған (Мо-цзин 280 ж). Ибн –Сина пульстің 48 түрін жазған, соның ішінде 35 Қытай медицинасынан алған. Оның негізін қалаған дәрігер Бянь-цзяо перифериясында әрбір органның тамыр соғысы әртүрлі болады және оларды кем дегенде тоғыз жерден тыңдау керек деген.

Қытайда дәрілік терапияда дамыған қытайдың халықтық фармациясынан әлемдік тәжірибеге өсімдік туындыларынан:жень-шень тамыры,жуа, чеснок жануарлардан алынған: бауыр желатина және т.б. енген. Ең көрнекті еңбек – ұлы шөпші Ли Ши-чженя 52 томдық еңбек жазған, оның ішінде 1892 дәрілік заттар жазылған. Сонымен бірге Қытайда вариоляция кең дамыған. Шешекке қарсы егу, ауру адмның кептірілген іріңді шешек пустуласын енгізумен аяқталаған. Аурудың алдын алу мақсаттарында келесі сөздер айтылған, медицина өлімнен құтқармайды, бірақ ол өмірді ұзартпайды, мемлекеттерді және халықты өзінің кеңестерінен күшейте алады деген.

Гигиена және профилактика элементтеріне сәйкес қытай медицинасында жалпы жағдайды жақсартатын: диета, сулы процедуралар және емдік гимнастикаға көңіл бөлінген. Қытайда императорларға қызмет ететің мемлекеттік медицина мекемелері болған. Дәріханалар арнайы мекеме ретінде болған. Қазіргі уақытта ҚХР-ң денсаулық сақтау мекемелері ежелгі қытай медицинасынан қалған қоса құру мұраларды қолданады

Осы арқылы Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде халықтық эмпериалық, храмдық және медицина болған. Әсіресе Мессопатамияда храмдық медицинаның әсері күшті болған. Жалпы алғанда ежелгі Шығыстағы құлиеленуші мемлекеттерде ауруды тану және профилактика және ауруларды емдеуге арналған көптеген дәрілер болған.

 

Тақырыбы: «Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина»


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 766 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мысырдағы медицина. | Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы. | Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина | Дәуірдің сипаттамасы | Ятрохимия және медицина. | Хирургияның дамуы. | РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | Кеңес медицинасының принциптері | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. | Денсаулықтықорғау саласында халықаралық ынтымақтастық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ндістан медицинасы.| Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)