Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Дәріс №14

Тақырыбы: Несеп жүйесінің функциональдық анатомиясы және дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.

Бүйректің макроскопиялық құрылысы.

Бүйректің фиксациялық аппараты.

Бүйректің құрылымдық-функциональдық бірлігі. Зәрдің түзілу кезеңдері. ЮГА.

Бүйректің форникальдық аппараты.

Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі.

Несеп ағардың, несеп қуығының, несеп жібергіш өзектің функциональдық анатомиясы.

Несеп шығару жүйесі мүшелерінің даму ақаулары.

Зәрдің шығу механизмі.

Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.

Несеп жүйесі мүшелерін екі топқа бөлуге болады:

1. Бүйрек, зәр түзуші жұп без.

2. Зәрді жинау және шығару қызметін атқаратын мүшелер:

· Несеп ағар;

· Несеп қуығы;

· Несеп жібергіш өзек.

Сонымен несеп жүйесі мүшелері организмді керек емес алмасудан түзілген және қалдық заттардан тазартады. Организмнен зәрмен бірге мочевина, креатинин, зәр қышқылы, ацетон денелері, сүт қышқылы, ацетоуксус қышқылы, тұз эндогендік және экзогендік ұлы заттар шығарылады. Егер организмнен экскреттер шығарылмаса, онда адам 1-2 сағаттың ішінде өлуі мүмкін.

Несеп жүйесі мүшелерінің дамуы.

Эмрионда бүйректің және зәр шығару жолдарының дамуы 3 кезеңнен тұрады.

І кезең-бүйрек алды немесе пронефрос;

ІІ кезең-алғашқы бүйрек немесе ортаңғы бүйрек, мезонефрос;

ІІІ кезең-соңғы бүйрек немесе метанефрос.

Барлық үш бүйрек бір-біріне байланысты емес мезодермадан дамиды.

Эмбриогенез кезеңінде осы бүйректердің болуы несеп түзу мүшелерінің тек филогенетикалық дамуын көрсетеді.

Бүйрек алды эмбриональдық дамудың 3-ші аптасында қалыптасып, 40-60 сағат аралығында қызмет атқарады. Ол 8-10 несеп өзекшелерімен немесе пронефридимен көрсетілген, ол бір шетімен дене қуысына, ал екінші шетімен мезонефральды жолға ашылады. Мысалы: мұндай бүйрек төменгі су жәндіктерінде кездеседі.

Алғашқы бүйрек 3-ші аптаның аяғында 4-ші аптаның басында қалыптасып, 12-15 күндей қызмет атқарады. Несеп өзекшелерінің саны 20-ға жетеді. Несеп өзекшелерінің көп бөлігінде дененің екінші қуысымен байланысы жоқ, ол кішкене бөлігінде қалады, бірақ тесіктерде кірпіктер болады, олардың толқуы несепті жыныс жолына бағыттайды. Тесігі жоқ өзекшелерде қан тамыр шумақшасы бар терең капсуласы болады. Осы кезеңде несеп өзекшелерден несепті жинайтын жыныс жолы немесе метанефридии клоакаға ашылады.

Схема түрінде:

 

Сурет №1 Сурет №2

А) 40-60 сағат б) 12-15 күн.

І бүйрек алды. ІІ. Алғашқы бүйрек

1. Пронефридии 1. бекітілген өзекшелер

2. Метанефридиидің 2. өзекшелер кірпіктерімен

ұрығы.

3. мезонефральды жыныс жолы. 3. метанеифридии.

4. клака. 4. жыныс жолы.

5. клоака.

Соңғы бүйректің дамуы эмбриональдық дамудың 2-ші айынан басталып, метанефрогенді ұлпадан дамиды. Жыныс жолының соңғы бөлігінен болашақ несеп қуығы мен бүйрек түбегінің соқыр немесе жасандытомпаюы пайда болады.

Мезонефральды жолдың соқыр томпаюы соңғы бүйректің ұрығына еніп өседі.

Несеп ағардың соқыр шетінен, метанефрогенді ұлпаның қалыңдығында бүйрек түбегі, тостағаншалар және бүйрек милы затының жинағыш түтігі пайда болады. Метанефрогенді ұлпада сонымен қатар түтіктер пайда болады, олар өсе келе капсулаға айналады.

Содан соң, метанефрогенді ұлпаның түтікшелері жыныс жолының түтікшелері мен бірігіп зәр шығару жүйесінің проксимальді жолдары пайда болады.

 

Схема түрінде:

 

Сурет №3

А) соңғы бүйректің қалыпта Б) Соңғы бүйректің қалыптасуы.

суының алғашқы стадиясы 1. Болашақ жұмыртқа

1. Бекітілген кірпіктерімен 2. Болашақ аталық жыныс безі

метанефридии 3. Мезонефральды (жыныс, воль-

2. Тұйық метаенфридилер фов) жолы.

3. Аллантоис 4. Аллантоис

5. Клоака.

4. Мезонефральды жол. 6. Несеп ағар, тостағаншалар, жинағыш

5. Мезонефральды жолдың түтікше.

соқыр томпаюы. 7. Бүйректің милы затындағы түтікше

6. Клоака. лермен және бүйрек қыртысындағы

түтікшелердің бастамасы.

8. Бүйректің милы затымен және

қыртысындағы түтікшелердің бірігуі

және зәр шығару жолдарының прок-

симальды бөлімінің қалыптасуы.

Сонымен, бұл бөлікте несеп жүйесі мүшелерінің дамуы көрсетілді. Несеп қуығы мен несеп жібергіш өзектің дамуы жыныс мүшелерінің дамуына байланысты.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1054 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Исследование мочи по Нечипоренко.| Бүйректің құрылымдық-функциянальдық бірлігі. Зәрдің түзілу фазасы. Юкстагломерулярлық аппарат.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)