Читайте также: |
|
(Қорытынды бақылау үшін)
Гистологияның даму тарихы. Зерттеу әдістері. Гистологиялық препараттарды дайындау сатылары. Препараттардың түрлері: жұғын, із, пленка, кесінді. Бекіту, үзінділерді тығыздау, кесінділерді дайындау және бояу. Тірі жасушалар мен тіндерді зерттеу әдістері. Жасушалар мен тіндердің метаболизімі мен химиялық құрамын зерттеу әдістері: гистохимия, иммуногистохимия, гистопрепараттарда полимеразды тізбекті реакциялар. Гистологиялық лабораториялардағы жұмыс істеудің қауыпсыздығы.
Тіндер жасушалар мен олардың туындыларының жүйесі ретінде. Жасушалар тіндердің басты элементтері. Жасуша емес құрылымдар-симпласттар жасушалар туындысы ретінде. Жасушааралық зат. Жасушаның құрылымдық компоненттері. Жасушаның тіршілігінің негізгі көріністері.
Адам эмбриологиясы. Дамудың сатылары. Дамудың қатерлі кезеңдері.
Эпителий тіндері. Дамуы. Сипаттамасы. Жіктелуі. Эпителий жасушаларының құрылысы. Қызметі. Регенерациясы. Адамның жасына байланысты өзгерістері. Бірқабатты және көпқабатты эпителийлердің сипаттамасы. Көпқабатты мүйізденетін, мүйізденбейтін және өтпелі эпителийлердің сипаттамасы. Безді эпителий, бездер. Құрылысы, жіктелуі. Өнім өндіру түрлері мен фазалары.
Қан, лимфа, қанжасау. Құрамы. Қызметі. Гемограмма. Қанның пішіндік элементтері. Эритроциттердің пішіндері, құрылысы, қызметі. Лейкоциттердің сипаттамасы. Түйіршікті лейкоциттер. Түйіршіксіз лейкоциттер. Лимфоциттердің құрылысы, қызметі. Моноциттердің сипаттамасы, қызметі. Қан табақшалары – қызметі және түрлері. Ажырату әдістері. Лейкоцитограмма.
Дәнекер тіндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Қызметі. Меншікті дәнекер тіндердің сипаттамасы. Тығыз және борпылдақ дәнекер тіндердің жасушалары. Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер. Құрылысы және ерекшеліктері. Қаңқалық тіндер. Жалпы сипаттамасы.
Шеміршек және сүйек тіндерінің құрылысы, жіктелуі және қасиеттері. Организмде орналасуы. Сүйектің дамуы. Сүйектің қалпына келуі.
Бұлшық ет тіндерінің сипаттамасы, даму негізі, жіктелуі, қызметі. Жазық, көлденең-жолақты қаңқалық және көлденең-жолақты жүректің бұлшық еттерінің құрылысы. Бұлшық ет талшығының гистогенезі, регенерациясы. Саркомердің құрылысы. Бұлшықет талшықтарының жиырылу үрдісі.
Жүйкелік тіндердің сипаттамасы, гистогенезі, құрылысы және қызметі. Жүйке жасушаларының құрылысы, жіктелуі және қызметі. Биохимиялық сипаттамасы. Нейроглия – құрылысы және қызметі. Жүйкелік талшықтардың құрылысы, қызметі және жіктелуі.
Сезім мүшелері. Жіктелуі (бірінші реттік- және екіншіреттік сезім мүшелері). Көру мүшесінің құрылысы мен ерекшеліктері. Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелерінің құрылысы.
1 Аралық бақылаудың бағдарламасы (қысқаша мазмұны):
Гистологияның даму тарихы. Зерттеу әдістері. Тіндер жасушалардың және олардың туындыларының жүйесі ретінде. Жасушалар тіндердің басты элементтері ретінде. Жасушалардың құрылымдық компоненттері. Жасуша тіршілігінің негізгі көріністері. Адам эмбриологиясы. Даму сатылары. Дамудың қатерлі кезеңдері. Тіндер туралы ілімнің негіздері. Қан, лимфа, қан жасау.
2 Аралық бақылаудың бағдарламасы (қысқаша мазмұны):
Тіндер туралы ілімнің негіздері. Эпителий, меншікті және қаңқалық дәнекер, бұлшық ет және жүйке тіндерінің гистофизиологиясы. Жасушалары мен жасушааралық заттарының құрылысы, дамуы, ерекшеліктері. Мүшелердің құрамындағы тіндердің мамандануы.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер | | | Железы внутренней секреции |