Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

 

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Гистология кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

Gist-1 2205 Гистология-1 бойынша

5В130100 - "Жалпы медицина" мамандығына арналған

 

Оқыту уақытының көлемі: 108 сағ.

 

Курс 2

 

Семестр 3,4

 

 

Қарағанды 2013ж.


Силлабус «Гистология 1» пәні бойынша бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған.

 

 

Силлабус кафедра отырысында қарастырылып бекітілді

«04» 09.2013ж Хаттама № 2

Кафедра меңгерушісі Есимова Р.Ж.

 


Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер

Гистология кафедрасы

· Есимова Роза Жанатовна, кафедра меңгерушісі, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы-22 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі», 2004 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.

· Куркин Александр Валерьянович, кафедра профессоры; медицина ғылымдарының докторы, профессор, ұстаздық жұмыс стажы- 44 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: балалық шақтың морфологиясы, перинаталдық патология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Функциональная характеристика аденогипофиза» Душанбе қаласында 1967 жылы профессор А.А.Браунның жетекшілігімен қорғалған, докторлық диссертация, тақырыбы: «Калькулезный пиелонефрит у детей» (клинико-морфологиялық зерттеу), 1974 жылы Москвада қорғалған. 2 монографияның, 160 ғылыми жұмыстардың авторы. 3 медицина ғылымдарының докторларын және 23 медицина ғылымдарының кандидаттарын дайындады. Орыс тілінде дәріс оқиды.

· Джумабаева Сания Каликовна, кафедраның доценті; медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаздық жұмыс стажы-44 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: нейрогистология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Состояние нервных и соединительнотканных элементов матки при беременности», 1974 жылы Қарағанды қаласында қорғалған. Ғылыми жетекшісі профессор А.А. Зорина. Орыс және мемлекеттік тілде дәрістер оқып, сабақтар жүргізеді.

· Рыбалкина Дина Хабибуллаевна, кафедраның доценті; медицина ғылымдарының кандидаты, КГМУ доценті, ұстаздық жұмыс стажы – 7 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: мукозалдық жүйенің морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Цитологические параметры и реактивность буккальных эпителиоцитов у детей», 2008ж. Алматыда қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Орыс тілінде сабақ жүргізеді.

· Нурсейтова Күләш Тлеулесовна, доцент қ.а., кафедраның оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы – 21 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Жүктілердің қаназдығы кезіндегі ұрық бауырының морфологиялық сипаттамасы», 2005 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.

· Берикбаева Бакыт Хамзақызы, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 11жыл. Ғылыми жұмыс саласы: ұйқы безіндегі ішкі секреция тіндерінің гистофизиологиясы.Орыс, қазақ тілдерінде сабақ жүргізеді.

· Алдабергенова Шаттык Тасболатовна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 3 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

· Койшиманова Улбосын Сериковна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

· Исабаева Рауна Төлегеновна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

· Рахимова Қалампыр Саниевна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 1-ші жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері (мекен-жайы, корпусы, аудиториясы), телефондары, электрондық мекен-жайлары

Алалыкин көшесі, 7, телефон 56-41-81, қос.106.

Пәннің саясаты: Кафедраның пәнді оқу барысында студенттерге қоятын жалпы талаптары, жұмыстың бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайдағы айыппұл шаралары.

Пәннің саясаты қазіргі замандағы студенттерді оқытушының кеңес беруімен және бағдарлауымен өз бетімен аудиторлық және аудиториядан тыс білім алуға оқыту әдістемесіне сай жасалған. Гистологияның әрбір тақырыбын зерттеу барысында студент дәйекті түрде материалды оның мотивациялық сипаттамасынан, алдына қойған мақсатынан бастап, тақырыптың аяғында берілген сұрақтар арқылы тексеруге болатын ақырғы нәтижесіне дейін меңгереді. Қажетті нысандарды зерттегенде оған тапсырмалар картасы және орындау негіздері және бақылау-оқыту есептері беріледі. Зерттеу барысында студенттерде керекті құралдар кешені бар: оқулық, атлас, оқу-ақпараттық блоктар, әдістемелік ұсыныстар, препараттар, электроннограммалар, суреттер және т.б.

Кіріспе «Жалпы медицина» мамандығына арналған гистология бағдарламасы болашақ дәрігердің дайындығының басты және теориялық білімдерінің негізін құрайтын медико-биологиялық ғылымдар жүйесінің міндетті және маңызды бөлігі болып табылатын гистология ғылымының қазіргі жетістіктерін көрсетеді. Әртүрлі биологиялық, физикалық, химиялық және басқадай факторлардың әсерлері барысында бейімделу механизмдерін түсіну үшін жасушалардың, тіндердің және мүшелердің қалыпты құрылымын білу қажет. Зерттеу объектісі болып сәулелік және электронды микроскопта алынған тірі және бекітілген жасушалар мен тіндердің көріністері болып табылады.

Пәннің мақсаты: Адам тіршілігінің құрылымдық ұйымдастырылуы және оларға мақсатты әсер ету мүмкіншіліктері туралы студенттерде қазіргі заманға сай білім қалыптастыру. Е ресек адамдар мен әр түрлі жастағы балалардың айырмашылықтарын ажырату.

Пәннің міндеттері:

Ø Білім: гистологияның мақсаты мен міндеттерін, клиникалық пәндерді зерттеудегі маңызын ажыратады, жасушаның және жасушааралық заттың құрылымдық компоненттерін анықтайды, тіндік компоненттердің гистофункционалдық ерекшеліктерін және олардың негізгі биологиялық процестерге қатысуымен байланыстырады, тіндердің эмбрионалдық дамуының негізгі заңдылықтарын анықтайды

Ø Түсіну: Морфологияда қолданылатын қазіргі заманға сай әдістердің мағынасын және принциптерін анықтайды, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейлерде тіндердің жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын ажыратады, тіндердің дифференциялануының негізгі заңдылықтарын, организмнің әртүрлі физиологиялық және қорғаныс-бейімделу реакцияларына байланысты жасушалардың және тіндердің құрылымдарының өзгерістерін түсіндіреді.

Ø Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: гистологияның терминдерін меңгереді, сәулелік, электрондық микроскопияның, гистохимияның мәліметтерінің негізінде тіндік элементтердің гистофункционалдық ерекшеліктерін бағалайды, гистологиядан оқиғалық есептерді шешеді, тәжірибеде гистологиялық препараттардың бейнекөріністерін қолданып, олардың сипаттамалық хаттамасын құрастырады.

Ø Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: организмнің әртүрлі физиологиялық және қорғаныс-бейімделу реакцияларына байланысты жасушалардың және тіндердің құрылымының өзгерістерін бағалайды, жасушалардың және тіндердің құрылымдарының реактивті немесе патологиялық өзгерістері туралы өз қорытындыларын қалыптастырады, сырқаттардың алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ұсыныстарды қалыптастыруға алған білімдерін сараптайды.

Ø Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу: Қалыпты және организмдегі бұзылыстар жағдайында тіндердің гистофизиологиясының себеп-салдарлық байланысын анықтайды және мәліметтерді реферат, презентация, жобалар түрінде көрсетеді.

Ø Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: Ғылыми, анықтама және оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу барысында ақпаратты таңдай алады, тіндердің құрылымдық құралуы туралы білімін олардың мүшелердегі мамандануына байланысты түзелген гистофункционалдық ерекшеліктерін өз бетімен зерттеуге қолданады.

Оқытудың соңғы нәтижесі:

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижесі Құзыреттілік
А сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу Гистологияның мақсаты мен міндеттерін, цитологияның және эмбриологияның клиникалық пәндерді зерттеудегі маңызын анықтайды. 1, 3
Жасушалардың және жасушааралық заттың құрылымдық компоненттерін идентификациялайды. 1, 3
Тіндік компоненттердің гистофункционалдық ерекшеліктерін негізгі биологиялық процестерге қатысуымен байланыстырады (қорғаныш, трофикалық, пролиферативті және т.б.). 1, 3, 4
Тіндердің эмбрионалдық дамуының негізгі заңдылықтарын анықтайды. 1, 3, 4
Тіндердің дифференциялануының негізгі заңдылықтарын түсіндіреді. 1, 3, 4
Морфологияда қолданылатын қазіргі заманға сай әдістердің мағынасын және принциптерін түсіндіреді. 1, 3, 4
В осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу Гистологияда негізгі ұғымдармен терминдерді қолдана алатынын көрсетеді. 1, 3, 4
Сәулелік, электрондық микроскопияның, гистохимияның мәліметтерінің негізінде тіндік элементтердің гистофункционалдық ерекшеліктерін бағалайды. 1,2,3,4,6
Бейімделу нәтижелеріне жету үшін организмнің тіндерінің регенерациясының негізгі заңдылықтарын анықтайды. 1, 2, 3, 4
Жасушалардың және тіндердің өзгерістерін адамның жасымен байланыстырады. 2, 3, 5
Жалпы гистология, цитология және эмбриологиядан оқиғалық/клиникалық есептерді шешеді. 1,2,3,4,5
Топта жұмыс істеу дағдысына ие. Өзгеріске ұшыраған жағдайларға бейімделіп, эмоцияларын тізгіндейді. 1,2,3,5,6,7
Тәжірибеде гистологиялық препараттардың бейнекөріністерін (суретін) жасауды қолданып, олардың сипаттамалық хаттамасын құрастырады. 1, 3, 6
С дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу Микроскопиялық деңгейде жасушалық және жасушалық емес құрылымдарды идентификациялау кезінде пікірлерін айтады. 1,2,3,4
Организмнің әртүрлі физиологиялық және қорғаныш-бейімделу реакцияларымен байланысты жасушалардың және тіндердің құрылымының өзгерістерін бағалайды. 1,2,3,4
Жасушалардың және тіндердің құрылымдарының реактивті немесе патологиялық өзгерістері туралы өз қорытындыларын қалыптастырады. 1,3,4,7
Сырқаттардың алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ұсыныстарды қалыптастыруға алған білімдерін сараптайды. 1,3,6
D әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру Қалыпты жағдайда жасушалардың құрылымдық қалыптасуының заңдылықтары және тіндердің гистофизиологиясы бойынша ақпараттың маңызын бағалайды және оларды тәжірибелік сабақтарда қолданады. 1,2,3,4
Қалыпты және организмдегі бұзылыстар жағдайында тіндердің гистофизиологиясының себеп-салдарлық байланысын анықтайды және мәліметтерді презентацияда көрсетеді. 1,2,3,4
Студенттерге/оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға өз білімін және ептілігін гистологиялық препараттарды интерпретациялау кезінде, оқиғалық есептерді шешу барысында көрсете алады. 1,2,3,4,5
Қалыпты жағдайда, адаптациялық реакциялар және регенеративтік процестер кезіндегі жасушалардың және тіндердің құрылымдық қалыптасуының негіздерінде алған білімдері бойынша өз қорытындыларын қалыптастыра алады. 1,2,3,4,6
Ғылыми, анықтама және оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу барысында ақпаратты таңдай алады. 1, 3, 4, 6
ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау Өз түсінігін реферат, презентация, жобалар түрінде бейнелей алады, ақпаратты тәжірибелік сабақтарда, студенттердің ғылыми үйірмесінің отырыстарында, студенттердің ғылыми конференцияларында көрсете алады. 1,3, 4, 6
Өз ойы, зерттеу аумағы ақпаратының сараптамасы мен синтезі бойынша көпшілік алдына шығу дағдыларына ие. 2,3,4,6
E Өз бетімен білім алуды жалғастыру қабілеті Гистология - 2, анатомия - 2, физиология - 2, патологиялық анатомия - 1, 2, патологиялық физиология - 1, 2, ішкі аурулар пропедевтикасы.  

* Құзыреттіліктер тізімі: 1. Жалпы білімділік 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Өзін-өзі үнемі жетiлдіру дағдысы 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Командада жұмыс істеу дағдысы 7. Кəсіби біліктілік 8. Клиникалық дағдылар

Реквизитке дейінгі: анатомия және физиологияның мектеп бағдарламасы, молекулярлық биология және медициналық генетика

Реквизиттен кейінгі: гистология -2,анатомия-2, физиология-2, патологиялық анатомия-1,2, патологиялық физиология-1,2

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы өткізуі формасы сағаты құзырлығы
  Гистология, эмбриология курсына кіріспе, зерттеудің мақсаттары және әдістері. Жасушаның құрылысы проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Жасушалар тіршілігінің негізгі көрінісі проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Адам эмбриологиясы проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Эмбриональдық гистогенез проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Тіндер туралы ұғымның негізі проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Эпителий тіні. Бездер. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Қан және лимфа проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Қанжасау проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Дәнекер тіндер. Жасушалық элементтері. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Дәнекер тіннің мамандануы проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Шеміршек тіндері. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Сүйек тіндері. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Бұлшық ет тіндері: көлденең-жолақты қаңқалық. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Бұлшық ет тіндері: жазық және жүректің. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Жүйке тіні. Нейронның құрылымдық-қызметтік сипаттамасы. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Жүйке тіні. Нейроглия, жүйке талшықтары, жүйкелік аяқтамалар. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Көру және иіс сезу мүшелерінің гистологиясы. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Есту, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу мүшелерінің гистологиясы. проблемалық   Биомедициналық ғылымдарды білу
  Барлығы      

 

Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы өткізуі формасы сағаты құзырлығы
  Гистологиялық техника Оқу лабораториясындағы тәжірибелік сабақ. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу.   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Цитология. Жасуша органеллалары. Қосындылар. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Цитология. Жасуша ядросы. Жасушаның бөлінуі. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Адам эмбриологиясы. Прогенез. Адамның эмбрионалдық дамуының бастапқы кезеңі. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Адам эмбриологиясы. Адамның эмбрионал-дық дамуының ұрықтық кезеңі. Ұрықтан тыс мүшелер. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Бөлімнің соңғы сабағы - коллоквиум. Гистологиялық препараттарды, сызбаларды, эл.микросуреттерді анықтау   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Эпителиальдық тіндер. Бездер. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Қанның пішіндік элементтері. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Қанжасау.   командалық бағытпен оқыту (TBL).     Биомедициналық ғылымдарды білу. Топта жұмыс істеу дағдысы.
  Дәнекер тіндер. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Қаңқалық тіндер. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу.   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Бөлімнің соңғы сабағы - коллоквиум. Гистологиялық препараттарды, сызбаларды, эл.микросуреттерді анықтау.   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Бұлшық ет тіндері. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Жүйке тіні. Нейроциттер. Нейроглия.   Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Жүйке тіні. Жүйке талшықтары. Жүйкелік аяқтамалар. Синапстар. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Сезім мүшелері. Көру мүшесі. Йіс сезу мүшесі. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Сезім мүшелері. Есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі. Дәм сезу мүшесі. Гист.преп.микроскопиялау, суретін салу, оқиғалық есептерді шешу   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Бөлімнің соңғы сабағы - коллоквиум. Гистологиялық препараттарды, сызбаларды, эл.микросуреттерді анықтау.   Биомедициналық ғылымдарды білу. Коммуникативтік дағды.
  Барлығы      

СӨЖ тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы өткізуі формасы сағаты құзырлығы
  Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Қазақстанда гистологияның дамуы. Жобаны дайындау (реферат, презентация)     Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Цитология. Жасушалардың зақымдаушы әсерге жауабы. Жасушалардың қартаюы мен өлуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Адам эмбриологиясы. Дамудың қатерлі кезеңдері. Подготовка проекта (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Эпителий тіндері. Адамның жасына байланысты гистологиясы, мамандануы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Қан, лимфа. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Қанжасау. Адамның жасына байланысты гистологиясы. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Қаңқалық тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Бұлшық ет тіндері. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Жүйке тіні. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Анализаторлар туралы ғылым аясында сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Жобаны дайындау (реферат, презентация)   Биомедициналық ғылымдарды білу. Ғылыми зерттеу дағдысы. Үнемі жетілу дағдысы.
  Барлығы    

§ Кеңес беру уақыты: апта сайын, сенбі күні 10ºº сағаттан 13ºº сағатқа дейін.

· Аралық бақылау уақыты: оқу жоспарына сәйкес.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 331 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пределы изменчивости тканей| Бағдарлама (пәннің қысқаша мазмұны).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)