Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Norton шкаласы 4 страница

Зарарсыздандыру. 1 страница | Зарарсыздандыру. 2 страница | Зарарсыздандыру. 3 страница | Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Болуы мүмкін асқынулар:

1. Сүліктің тістеп, сорған жері кейіннен қышып, ірің пайда болу мүмкін, бұл тазалық сақтамаған жағдайда болады.

2. Сүлікті қойғанда қан сорғызатын жерді білмеудің кесірінен қан кетуі мүмкін.

3. Тері астына май клеткалары бос орналасқан жерлерден аздап қан кетуі мүмкін. Сүлікті аузы кең шыны банкаға салып сақтайды. Оны салып қоятын суды шүмектен алып 24 сағат тұндырады. Сонда судың хлоры кетеді. Сүлік тұрған суды күнде ауыстырып тұру керек, сүлік салынған банканы терезенің алдына қояды, судың температурасы 10-150С болу керек, аузы дәкемен жабулы тұрады.

 

11.8.Емдік ванналар

Ванна – сумен емдеудің көп тараған түрлерінің бірі. Ваннаны негізінен тазалыққа емдеу мен ауруды алу үшін пайдаланады. Оны пациент дәрігердің нұсқауымен қабылдайды. Ваннаға түсу тәртібін дәрігер белгілейді.

Ванна бірнеше түрге бөлінеді:

1. Жалпы ванна. Ваннаның бұл түрін қабылдаған адам оған денесін түгел батырып шомылады.

2. Жартылай ванна. Бұған түскен пациент денесін суға беліне дейін батырады.

3. Дененің жекелеген мүшелері үшін қолданылатын ванна. Мысалы:

аяққа, қолға, мүшелерге арналған ванналар болады.

 

Ваннаны дайындау әдістері

Ваннаны пациент шомылар алдында ғана дайындайды, себебі уақытынан бұрын ваннаға су толтырытса, онда суып кетуі мүмкін.

Ваннағы суды арнаулы резењке түтікше арқылы толтырады. Ол тұрған бөлме буланып кетпес үшін әуелі ваннаға суық су құяды, содан соң ыстық су қосады. Бұның бәрін термометр арқылы тексеріп отырады. Пациент ваннаға жатып, денесін суға батырғанда басының астына /желкесіне/ сүлгі жастайды, ал аяқ жағына тақтайдан жасалған тіреуіш қояды.

Ескерту: Ваннаға жатқан науқасты үнемі қадағалап отыру керек. Егер науқастың түрі бұзылып, беті бозарса, және т.б. онда ваннаға түсуді тоқтатып, дереу дәрігерді шақырту керек.

Судың температурасына байланысты ванна бірнеше түрге бөлінеді:

1. Суық ванна, судың температурасы 200С дейін.

2. Салқын ванна 28-330С.

3. Индифферентті ванна – 34-360С /аса салқын да, аса жылы да емес/.

4. Жылы ванна – 37-390С.

5. Ыстық ванна – 400С және одан жоғары.

Индифферентті және жылы ваннаны – пациенттіњ ұйқысы бұзылғанда, нерв жүйелері өте қозғыш болған жағдайда /нервоз/, тері аурулары немесе қышымасы пайда болғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау мерзімі 20-30 мин.

Ыстық ванна - ваннаның бұл түрін созылмалы буын ауруына шалдыққанда, нерв ұштары қабынғанда, зат алмасу процессі бұзылғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау ұзақтығы 5-10 мин.

Салқын ваннаны – нерв жүйесі бұзылғанда, көңіл-күйі қобалжығанда, ±йқы бұзылғанда пайдаланады.

Ыстық ваннаға қолдың, аяқтың буындары ауырғанда 20-30 минуттай батырып отырады.

Суық ваннаны дененің бір мүшесі жаңа зақымданғанда, сіңір созылғанда ваннаға 5-10 минут батырып отырады.

 
 


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Дәрісіз емдеудің маңыздылығын түсіндіріңіз?

2. Дәрісіз емдеудің түрлерін атап шығыңыз?

3. Жылы компресс қою әдісін айтып көрсетіңіз?

4. Қыша, оның түрлерін атап, қою әдісін көрсетіңіз?

5. Оңқа қою әдісін, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтып, көрсетіңіз?

6. Суық компрессті қолдану ережесін атап шығыңыз?

7. Жылытқышты қолдану ережесін атап шығыңыз?

8. Мұздатқышты қолдану, қолданбау ережесін атап шығыңыз?

9. Ваналардың қолдану қасиеттерін түсіндіріңіз?

10. Сүлік салу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

 

12.ПАЦИЕНТТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

12.1.Тамыр соғысы және оның мінездемесі

Тамыр соғысы артериялық, капиллярлы,

веноздық болады. Артериялық тамыр соғысы

– ол артерия қабырғасының ырғағымен соғуы,

қанның жүрек жиырылған кезіндегі артерия

жүйесіне лақтырылуы.

Тамыр соғысы орталық (орта ұйқы артериясында)

және перифериялық (шеткерлік)

түрлеріне бөлінеді. Диагностикалық

мақсатпен тамыр соғысын иықтық, самайлық,

шаптық, тізелік артериялардан анықтайды.

Көбінесе тамыр соғысын сәуле артериясында

өлшейді.

Тамыр соғысын зерттегенде, оның жиілігін,

ырғақтығын, толуын, толықсуын

анықтау маңызды. Тамыр соғысының мінездігі

артерия қабырғасының икемділігімен байланысты.

Жиілігі - тамыр соғысының минуттаѓы

толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет.

Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60- тан төмен) болса, оны брадикардия дейді. Егер дене қызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді.

Ырғақтығы тамыр соғу толқынының аралығында анықталады. Егер аралығы біркелкі болса, оны ырғақты (дұрыс) тамыр соғысы дейді. Егер аралығы әртүрлі болса, оны ырғақсыз (дұрыс емес) деп атайды. Сау адамның жүрек соғуы және тамыр соғысы біркелкі болады. Егер жүректің соғуымен тамыр соғуының аралығында айырмашылық болса, онда тамыр соғысының кемшілігі деп атайды (мерцательная аритмия).

Тамыр соғысының толуы тамырдың толқын биіктігінен, жүректің систоликалық көлемімен байланысты. Егер биіктігі көбейсе немесе біркелкі болса, оны нормалық тамыр соғысы дейді (толық).

Толықсуы - қан қысымына байланысты. Егер қан қысымы норма болған кезінде тамыр соғысын біркелкі күшпен басады, оны күштенген тамыр соғысы деп атайды. Тамыр соғысы жұмсақ болуы бостығы жіп тәріздес деп атайды.

Тамыр соғысының мәліметтері екі әдіспен тіркеледі:

сандық (медициналыќ құжаттарға);

графикалық (температура қағазында).

Сәуле артериясында тамыр соғысын анықтау,

оның қасиеттеріне мінездеме беру

 

Мақсаты: Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау- жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын.

Көрсеткіші: организмнің функционалдық жағдайын бағалау.

Жабдықтар: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам.

1. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз;.

2. Процедураныњ жүрісін, мақсатын түсіндіріңіз;

3. Келісім алыңыз;

4. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

5. Қолды жуып, құрғатыңыз;

6. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

7. 2-,3-,4- саусақпен пациенттің қолының сәуле артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз;

8. 60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз;

9. Тамыр соғу аралығын бағалаңыз;

10. Тамыр толуына баға беріңіз;

11. Температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін тіркеңіз, (графикалық) және қадағалау қағазына тіркеңіз (сандық тәсіл бойынша).

12. Пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз;

13. Қолды жуып құрғатыңыз.

 

 


12.2.Қан қысымын өлшеудің мейіркештік технологиясы

Артериялдық деп - аѓзадаѓы артерия жүйесінде, жүрек жиырылған кезде пайда болып жєне нервтің гуморальдық күрделі реттелуден, жүректің ќанды айдау жылдамдығынан жєне шамасынан, ќан тонусыныњ жиілігінен жєне ырғақтылығынан тєуелді болатын ќан ќысымын айтады.

Ќан ќысымы систолдық жєне диастолдық болып екіге бөлінеді.

Систолдық деп - жүрек қарыншаның жиырылуына байланысты ќан ќысымын атайды.

Диастолдық деп - қарыншаның босауына байланысты ќан ќысымын атайды.

Пульстық қан қысым деп систолдық жєне диастолдық ќан қысымдарыныњ арасындаѓы айырмашылыќты атайды.

Қан қысымын танометр жабдыѓымен өлшейді. Танометрлердің бірнеше түрлері болады: сандық, сынаптық, сфигмоманометрлік.

Электрондық (дауыссыз) танометрмен қан қысымын өлшегенде мынандай факторларды есепке алу керек: манжетканың размерін, фонендоскоп, мембрананы т.б. Норма бойынша қан қысымы адамның жасымен, сыртқы факторлардан, нервтік, физикалық күштен байланысты болады.

Ересек адамдардың:

систоликалық қан қысымы 120/129 мм. с.б.б., диастоликалық 80/84 мм с.б.б., пульстік қан қысымы норма бойынша 40-45 мм с.б.б. болады. Әртүрлі жағдайда қан қысымының қалыпты көрсеткіштері өзгереді, оны артериялдық гипертензия немесе гипертония деп атайды. Қан қысымы төмендесе артериялдық гипотензия немесе гипотония деп атайды.

 
 


Мақсаты: қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру.

1. Пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз;

2. Мақсатын, мағынасын түсіндіріп, пациенттіњ келісімін алыңыз;

3. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

4. Қолды жуып, құрғатыңыз;

5. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз;

6. Қолын дұрыстап салып, астына жастықша салыңыз;

7. Манжетканы иығына салып, трубкаларын төмен қаратыңыз;

8. Манометрді манжеткамен жалѓаңыз;

9. Манометрдің көрсеткіші «0»- де болуы керек.

10.Фонендоскопты білек шұңқырына салып, грушаның бұрандысын жауып ауа жіберіңіз;

11.Бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз;. Тамыр соғуының жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз;

12.Толығымен барлық ауаны шығарыңыз;

13.Процедураны 5 минуттан кейін қайталаңыз;

14.Манжетканы шешіңіз;

15.Манометрді қапшыққа салыңыз;

16.Фонендоскопты екі рет 70% спиртпен сүртіңіз;

17.Систолдық пен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз;

18.Қолды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

Ø Қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге болмайды.

Ø Қан қысымын өлшер алдында 30 минут бұрын шылым шегуге болмайды.

Ø Дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды.

Ø Қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді.

Ø Қан қысымын 3 рет аралығы 1 минуттан өлшеп ортаңғы саның алады.

Ø Қан қысымын өлшегенде манжетканың тығыздығы 1 саусақ сиятың болады және шынтақ шұңқырынан 1 см жоғары болу керек.

Ø Манжетка жүрек тұсына дәл келтіреді.

Ø Егер пациент бірінші рет қан қысымын тексертіп отырса, онда екі қолынан өлшеп қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады.

Ø 65 жастан асқан қан диабеті бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейді.

12.3.Демнің жиілігін, ырғақтығын, тереңдігін тексеру

 

Мақсаты: Демнің негізгі мінездемелері.

Көрсеткіштері: тыныс органдарының функционалдық жағдайын бағалау.

Жабдықтар: секундасы бар сағат, температура қағазы, қалам.

Ескерту: демнің санын пациентке хабарламау керек.

1. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз;

2. Келісім алыңыз;

3. Қолды ыңғайлап ќойыңыз;

4. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз;

Ескерту: кеудесіндегі киімдерін шешіңіз.

1. Пациенттің тамыр соғысын өлшеген тәрізді қылып.қолын алыңыз;

2. Пациенттің және өзіңіздің қолыңызды кеудесіне немесе ішіне қойыңыз;

3. Секундомермен минутына қанша дем болғанын санаңыз;

4. Жиілігінің, тереңдігін, ырғақтығын бағалаңыз;

5. Осы жүргізген процедураны пациентке түсіндіріңіз;

6. Қолды жуып, құрғатыңыз;

7. Керекті құжатқа тіркеңіз.

 

12.4.Тәуліктегі диурезді өлшеу, су баланссын анықтау

 

Диурез дегеніміз зәрдің пайда болу және шығу процессі. Тәуліктегі диурез дегеніміз пациенттің бір тәулік бойы шығарған зәрі.

Тәуліктегі зәрі 800-1000 мл болады, жасынан, температурасынан, айналадағы дымқылдығынан, тағам жағдайынан, физикалық күш түскеннен байланысты, 75-80% ішкен суынан құралады. 20-25% термен, деммен, үлкен дәретімен шығады.

Тәуліктегі су балансы аѓзадаѓы су кірісі мен шығысының қатынасы.

Жемістердегі, көжелердегі және аѓзаѓа жіберілген суықтар да есепке алынады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 826 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Norton шкаласы 3 страница| Су баланссын есептеу 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)