Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Залалсыздандыру. Резенке трубкалардың, зондтардың, катетерлердің ішкі қуыстарының

Зарарсыздандыру. 1 страница | Зарарсыздандыру. 2 страница | Зарарсыздандыру. 3 страница | Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница |


Читайте также:
  1. Залалсыздандыру.

Резенке трубкалардың, зондтардың, катетерлердің ішкі қуыстарының дымқылдығын екі қабатты дәкеге немесе пергаменттық қағазға салып автоклавка Т - 1200С; Қ – 1,1 атм: У – 45 минут залалсыздандырады.

Ауалық залалсыздандыру.

Бүкіл микроорганизмді ұрықтарымен жою үшін құрғақ ыстықты қолданады.Тәжиребелі ісінде СанПин талабы бойынша ауалық залалсыздандыруды 2 тәртіп арқылы қолданады:

- Т - 1800С; У– 60 минут

- Т - 1600С; У– 150 минут.

Ыстық ауамен залалсыздандыру, арнайы ауа стерилизаторында жүргізіледі. Көбінесе металлдық, шынылы заттар, жіңішке фарфор, силикондық резенкелерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Ауалық стерилизаторға тек қана таза құрғақ заттар салынады. Оларды төртбұрышты қораптарға салып, қақпағын ашып тастайды да, залалсыздандырудан кейін қақпағын қайтадан жабады.

Залалсыздандыруға болмайды: мақталық, синтетикалық заттарды және жануар жүндері, полиэтилен т.б.

Ауалық залалсыздандырудың күрделігі

- Құрал – жабдықтардың барлық жерлеріне енгізіледі.

- Коррозиялық әсері жоқ.

- Төменгі бағалы.

- Ұнтақтарды, майларды, шынылы заттарды залалсыздандыруға болады.

Ауалық стерилизатордың жұмыс тәртібі.

1. Залалсыздандырылатын заттарды стерилизатор суық болып тұрғанда салады.

2. Қыздырады.

3. Залалсыздандыру температурасы – 1800 – ге дейін көтеріп 60 минутқа дейін белгіленеді.

4. Салқындатады.

5. Залалсыздандырылған заттарды алып, залалсыздандырылған қақпақпен жабады.

6. Егер құрал – жабдықтар залалсыздандырылған коропта болса – үш тәулікке дейін сақтанылады. Егер қақпақсыз болса тез арада қолданылады.

Радиациялық залалсыздандыру көбінесе кәсіби құрылыстарында қолданылады.

Залалсыздандыруды тексеру үшін қолданатын әдістер:

1. Физикалық – уақытын, температурасын, қысымын анықтайды;

2. Химиялық – көбінесе химиялық термоиндикаторлар қолданылады;

3. Бактериологиялық – биотест жүргізіледі.

Стерилизатордың жұмыстық қасиеттерінің көрсеткіштері.

- Жабдықтың жұмыстық қабілетін тексеру;

- Бактериологиялық тест алған жағдайда микроорганизмдердің өспеуі;

- Химиялық индикатор қолданғанда түсінің өзгеруі;

- Залалсыздандырылған заттардың микрофлорасын жан – жағына таратылмауы.

6.17.Құрал – жабдықтарды залалсыздандыруға тексеру сынақтары.

І. Азопирам сынағы:

Гемоглобинді, қышқылдарды, хлораралас заттарды, жуғыштарды, тотталған заттарды тексеру үшін азопирам сынағын қолданады. Азопирамның құрамында:100 мл амидопирин, 1 мл тұзқышқылды анилин бар. Осы қосындыны араластырып 96 % этил спиртімен 1 литрге дейін толтыру керек. Қақпағы тығыз жабылатын флаконда, тоңазытқышта температура 40С екі ай сақтауға болады. Ал егер температурасы +180 + 200 С болса бір ай сақтайды. Құрал – жабдықтарды тексергенде егер көкшіл бояу пайда болса – онда қанның барлығы анықталады.

ІІ. Фенолфталеин сынағы: 1% спиртық фенолфталеин ертіндісін жуғыштың қалдығын тексереді. Егер жабдықтарда қызғылт болса, қайтадан ағынды, содан кейін дистилденген суға жуады, осы сынақты қайталайды.

6.18.Медицина қызметкерлеріндегі парентералдық гепатиттердің алдын – алуы.

Парентералдық гепатиттердің таралу деңгейін төмендетуі арнайы алдын – алуы қолданылатын шаралардан байланысты. Оған кіреді:

1. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін әр түрлі әдістерді қолдану;

2. Қатаң түрде универсалды алдын – алу ережелерін сақтау;

3. Медицина қызметкерлері белсенді түрде иммунизация жасайды;

4. Парентералдық гепатит анықталған жағдайда эпидемиологиялық талдау және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

5. Гепатит жұқпа кезінде құжаттарды толтыру;

Алдын – алудың универсалдық шаралары.

1. Қанмен, немесе биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болған медициналық қызметкерлері барлық пациенттердің жұқпасын потенциалды (жұқпалы) көзі деп алады.

2. Қатаң түрде медициналық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтайды: көзелдірік, маска, қолғап, халат, т.б.

3. Емдеу диагностикалық манипуляцияларды және қолданылған құрал – жабдықтарды, бұйрықтармен және талаптардың сәйкестігімен орындайды.

4. Вирустық гепатиттің вакцинациясын жоспар бойынша өткізеді.

7.Емдеу мекемелердің құрылысы.

 

Бүкіл аурухананың құрылымдары екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Емдеу диагностикалық.

2. Әкімшілік – тұрмыстық.

Емдеу диагностикалық бөлігіне кіреді:

· қабылдау бөлімшесі;

· Арнайлы емдеу бөлімшелер (терапилық, хирургиялық, гинеколгиялық, т.б.);

· Оперблок;

· Диагностикалық лабораториялар (клиникалық, биохимиялық, цитологиялық, иммунологиялық, т.б.);

· Диагностикалық бөлімшелерімен кабинеттері.

Әкімшілік – тұрмыстық бөлігіне кіреді:

· Басты дәрігердің және оның орынбасарларының кабинеттері;

· Канцелярия;

· Бухгалтерия;

· Аспаз блогы;

· Төсек орындарды және киімдерді жуу бөлмесі;

· Дәріхана;

· Залалсыздандыру бөлімшесі;

· Қан құю бөлімшесі;

· От жағатын бөлме.

Емдеу бөлімшесінің құрылысы.

Емдеу терапиялық бөлімшеге жатады:

· пациенттерге арналған палаталар;

· процедура кабинеті;

· клизма жасайтын кабинеті;

· дәрігерлер кабинеті;

· мейіркештерің кабинеті;

· тағам тарататын бөлме және асхана;

· санитарлық блоктар (дәретхана, ванна және душ бөлмесі)

· ішкі киімдерді сақтайтын бөлме;

· тұрмыстық заттарды сақтайтын бөлме;

7.1.Емдеу-қорғау режимі, оның негізгі қағидалары

Ауруханаға түскен пациент өзінің әдетті өмір ырғағынан айырылып, өзіне жақын адамдарынан алшақтап, күнделікті жұмысынан тыс қалады. Сол себебтен үрей, қорқыныш сезімдері пайда болып мазасы кетеді. Кейбір жағдайда пациенттің мінезіне байланысты депрессия, невроз пайда болады. Әрбір бөлімшеде өзіндік тәртібін ұйымдастыруда пациенттердің жоғарыда көрсетілгендей жекелік қасиеттерін ескеріп отыру керек:

- пациенттерді палаталарға жекелік қасиеттері және ауруына, сонымен қатар сауығу дәрежесіне қарай бөледі;

- қолайлы микроклимат жасау.

Емдік режимі- пациенттердің тездеп жазылуына әсерін тигізетін өмір салтын ұйымдастыру.

Ортамен терапия өткізу: ортадағы болып жатқан факторларды пациенттердің сауығу жолына пайдалану арқылы жағымсыз факторларды тудырмауға бағытталған қорғау режимін қалыптастыру.

Ішкі тәртіпті анық сақталынуы келесі амалдармен жетістікке ие болады:

- бөлімшелердің, палаталардың тазалығы жоғары деңгейде болса;

- тәтті, дәмді дайындалған тағам;

- айғай-шуды алыстаттыру (радио, жай дауыспен сөйлесу, медицина персоналдарын шақырту және т.б.);

-пациенттердің серуендеуіне жағдай жасау (орындықтармен қамтамасыз ету);

-пациенттердің жақын туыстарымен үнемі араласып отыру;

- бөлімшенің ерекшеліктерін ескере отырып күн тәртібін құру (хирургия, балалар; психиатриялық және т.б.);

- салауатты өмір сүру белсенділігін арттыру үшін емдеу жаттығуларын жүргізіп отыру.

Пациенттер үшін тұрмыстық қалыпты (жиһаздар, таза да және қонымды киімдер, төсек жаймалары), мәдени көңіл көтеру жұмыстарын ұйымдастыру (дәрістер, әңгімелесулер өткізу, фильмдер көрсету, әдебиеттер оқу). Көп мән береді.

Жарықтандыру – әсіресе кешкі уақытта көз жанарына қатты әсер етпейтіндей, әлсіз де жұмсақ болуы керек.

Бөлметемпературасы - 18-200С; бөлмені үнемі желдетіп отыру, салқын кездерде екі көрпеден тарату.

Дәрігердің нұсқауларын уақытымен орындау.

Осының барлығы мейіркештің кәсіби деңгейіне және білімділігіне байланысты.

Емдеу мекемелерде қозғалу белсенділік тәртібі 4 түрге бөлінеді:

1. Қатаң төсек тәртібі: пациенттерге ауыр жедел жағдайда тағайындалады. Пациенттерге отыруға, тұруға, кейбір жағдайда басын көтеруге, орнынан қозғалуға болмайды. Мейіркеш осы жағдайда пациенттің тамақтандыруына, гигиеналық шараларын жүргізуге көмектеседі.

2. Төсек режимі: пациенттің физикалық белсенділігін керуеттік жағдайда емдеу шынықтырудың жаттығуларымен мейіркештің тексеруімен көбейтеді. Пациентке аяғын төмен түсіріп отыруға, және тамақ ішуге рұқсат етіледі. Гигиеналық шараларды мейіркеш туған туыстарының көмегімен жүргізеді.

3. Палаталық тәртіп: пациентке керуеттің қасындағы орындыққа отыруға рұқсат етіледі. Тағамды беру және гигиеналық шараларды палатада жүргізеді.

4. Жалпы тәртіп: пациент емін – еркін бөлімшелерде жүреді, тағамды асханада ішеді, өзі жуынады, аурухананың айналасында өзі жүріп дем алады.

Терапия бөлімшесінде 25 – 30 пациентке мейіркештің бір постысы болады.

Мейіркеш постысының құрал – жабдықтары:

· стол және орындық;

· дәрілерді сақтайтын шкаф;

· А,Б тізімі бойынша дәрілерді сақтайтын сейф;

· тоңазытқыштық;

· күтім заттарын сақтайтын шкаф;

· дәрілерді тарататын қозғалмалы стол;

· манипуляцияларды орындайтын стол;

· ыстық және суық суы бар раковина;

· мейіркештің отыратын орны палатадан келетін сигнализация болу керек;

· постыда керекті құрал – жабдықтар және бүкіл аурухананың бөлімшелерінің телефон тізімі және телефон болу керек.

7.2.Посттағы мейіркештің қызметі

Посттағы мейіркеш пациенттерге күтім жасайды. Палаталардың санитарлық тәртібін қадағалап отырады. Дәрігердің нұсқауын уақытымен тіркеп орындайды. Мейіркеш дәрігермен обходқа қатысып әр бір пациенттің жағдайын білуге тиіс. Мейіркештің міндетіне кіреді:

· Таңертен және кешке дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын санау, қан қысымын өлшеу, тәуліктегі диурезін жинау және оларды нұсқау қағазына тіркеу;

· Палатаның тазалығын тексеру және халы нашар пациенттерге көмек көрсету;

· Пациенттерді әр түрлі анализдерге дайындау және лабораторияға апару;

· Медициналық құжаттарды толтыру;

· Пациенттерге тағам таруына қатысу;

· Кіші буынды медицина қызметкерінің жұмысын тексеру;

· Аптасына бір рет пациенттің салмағын өлшеу;

· Дәрілерді уақытымен тарату;

· Пациенттерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Егер өзінің жұмысын дұрыстап атқармаса жауапқа тартылады.

7.3.Емдеу мекемесіндегі жүмыс тәртібі.

Ішкі ауруханалық жұқпалардын алдын алуы - бөлмелердегі ауаның жайылуын төмендетуге бағытталған. Сондықтан бөлмедегі санитарлық өндеуін жүргізу және ультракөкті қолдану санитарлық – эпидемияның тәртібінің маңызды компонетті болып саналады.

Санитарлық өндеу дегеніміз – емдеу мекемелердің ішіндегі заттарды шаңынан, қоқыстан, биологиялық сүықтықтын жиындығынан тазалау. Санитарлық өндеу жүргізу үшін тек қана Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі рұқсат етілген дезинфекциялық ертінділерді қолданады. Барлық бөлімшелер, инвентарлар құрал – жабдықтар таза болу тиіс. Зарарсыздандыруды жүргізу үшін емдеу мекемелердің бөлімшелерінде келесі дезинфекциялық ертінділерді қолданады.

2. ТАҚ-төртілік-аммоний қосындары, гуанидтық қосындар, аминдер

3. Хлорбелсенді және асқын тотығы жуғышы бар дезинфектанттар.

Бөлімшедегі санитарлық өндеуді жүргізу, және жуғыш немесе дезинфекциялық заттарды қолдану қажеттілігі, емдеу мекемелердің пішінінен және нақты бөлмелердің функциональды белгісінен байланысты. Хирургиялық, стоматологиялық тану бөлімшелеріне, акушерлік кабинеттерге, белсенді терапияға, балалар бөлімшелеріне санитарлық өндеуіне қатаң талаптар беріледі. Нормативтық құжаттар бойынша әр бір емдеу мекемелерінде тәулігіне 2 рет дымқыл жинау жүргізіледі. Қорытынды жинауы график бойынша өткізіледі.

- Жұқпалық саласында – 7 – 10 күнді бір рет

- Терапия, неврология бөлімшелерінде айына бір рет.

- Хирургиялық және гинекология саласында 7 күнде бір рет.

- Барлық салаларда процедура бөлімшесінде 7 күнде бір рет.

- Ванналық бөлімшелерде, дәретханаларда т.б. бөлімшелерде 10 – 15 күнде бір рет.

Дезинфекциялық ертінділерді арнайы вентиляциясы бар бөлмеде дайындайды. Медициналық персонал арнайы киімдермен: халат, калпак, маска, резеңке қолғап, респиратор, қорғанышты көзелдірікпен жұмыс істейді. Дезинфекциялық ертіндісің жасау үшін өлшегіш қасықтар, немесе стакандар, шприцтерді қолданады. Кейбір дезинфекциялық ертінділер флаконда шығарылады. Керекті концентрация жасау үшін сумен, дезинфекциялық ертіндінің қатынастық талабың сақтап отырады. Дезинфекциялық ертіндіні дайындағаннан кейін қақпақпен жауып жеке арнайы жерге сақтайды. Бөлмелердің ішің (қабырға, есік, пол т.б.) шашу немесе сүрту тәсілдерімен зарарсыздандырады. Кейбір жерлерің насос арқылы аэрозолдық тәсілмен немесе гидропульт арқылы зарарсыздандырады. Осы тәсілмен жұмыс істегенде біріншіден: медициналық персонал қауіпсіздік ережесін сақтайды: қорғаныш киім, респиратор, қорғаныш көзелдірік, резеңке қолғап.

Екіншіден: өндеу жүргізгенде пациенттер болмау керек. Микробтың ұрықтарың төмендету және аэрогендық жұқпаларды жою үшін ультракөк бактериоцидтық аппараттын қолданады. Барлық жинау инвентарлар санитарлық бөлмеде сақтанылады. Инвентарлардың барлығы маркирленген болу тиіс. Жұмыстың аяғында, барлық жинау инвентарды дезинфекциялық ерітіндісімен зарарсыздандырады. Кіші буынды медициналық персоналдың дезинфекциялық ертінділердің тиімді қолдануын, күту заттардың зарарсыздандыруын, жинау инвентарын күнделікті, қорытынды зарарсыздандыруын орынданғанын бөлме мейіркеші тексеріп отырады.

7.4.Пациенттерді бөлімшеге қабылдау.

Пациенттерді әр түрлі аурухананың ішіндегі бөлімшелерге жатқызу үшін, қабылдау бөлімшесі арқылы қабылдайды. Қабылдау бөлімшесінде пациенттерді тіркейді, дәрігер тексереді және санитарлық өндеу жүрізіледі. Қабылдау бөлімшесі пациенттер күтетін бөлмеден, тіркеу бөлмесінен, изолятордан, диагностикалық бөлмеден, санитарлық бөлмеден құралады. Санитарлық бөлімше (санпропускник) үш бөлмеден құралады: пациенттерді шешіндіретін, жуындыратын, киіндіретін бөлмеден. Қабылдау бөлімшесінде процедура кабинеті, тану бөлмесі, кіші операция жасайтын бөлме, рентген кабинет, лаборатория, кезекші дәрігердің бөлмесі, дәретхана, т.б. тәулік бойы жұмысын атқарып отырады. Қабылдау бөлімшесіне пациенттер жедел және жоспарланған түрде түседі. Пациенттің жағдайына қарай бүкіл хабарларды пациенттен егер пациент ессіз болса оның туыстарынан аласыз. Егер пациенттер құжатсыз келсе, милиция саласына хабарлайсыз. Жоспарланған пациенттер дәрігердің жолдамасымен келеді. Пациентті тіркегеннен кейін дәрігер қарайды да, егер жағдайына қарай ауруханаға жатқызса, онда мейіркеш санитарлық өндеу жүргізеді: педикулезға, грибоктық жұқпаларға тексереді.

7.5.Пациенттерге санитарлық өндеу жүргізу.

Пациенттің жағдайына байланысты жартылай немесе толық санитарлық өндеу жүргізіледі. Толық санитарлық өндеуге ванна және душ жатады. Жартылау өндеуге сүрту, дымқыл дәкемен жуып жатады. Санитарлық өндеудің алдында мейіркеш пациентті педикулезға тексереді.

Педикулез анықталғанда пациенттерге санитарлық өндеу жүргізу.

Мақсаты: шаштағы бит және сіркелерді жою.

“ҚР Брилль ауруын, бөртпе сүзегін алдын алу жетілдіру шаралары” №622 бұйрық бойынша жүргізіледі.

Педикулоцидтерді қолдану тәсілі.

1. 20 % сабын су араласқан бензил – бензоат суспензиясы 10 – 30 мг.

2. 10 % керосин – сабын су араласқан эмульсия 10 – 50 мг.

3. Лосьон немес шампунь “Антифор” “Антибит” – 50 – 80 мг.

4. 0,25 % дикрезил ерітіндісі 10 – 50 мг.

5. “К” – сабыны 2 % 1 г/1 адамға.

6. 5 % бор мазі – 5 – 25 гр.

Шашын өндегеннен кейін 5 – 10 % сірке қышқылымен қайтадан жуады.

Педикулезге қарсы өндеу жүргізетін қалаудың іші.

1. Пациенттердің киіміне арналган клеенкалы немесе мақта маталық қапшық.

2. Шашты жағатын лоток немесе шелек.

3. Клеенкалық пелерина.

4. Резеңке қолғап.

5. Металлдық жиі тарақ.

6. Шаш алғыш.

7. Спиртовка.

8. Мақта.

9. Байлам.

10. Қайшы

11. 5 – 10 % сірке қышқылы.

12. Битті өлтіретін заттар.

13. Киімдерді зарарсыздандыратын препараттар.

14. Бөлмені зарарсыздандыратын заттар.

Шашты бір педикулициттердің түрімен өндеп, байламмен орап, 25 – 30 мин қалдырады, содан кейін сабынмен немесе шампунмен жуып, жылы сірке қышқылы қосылған сумен шаяды. Сіркелерде жиі тарақпен сірке қышқылына малып тарайды. Егер ішкі киімдерде бит, сіркелер болса, оны 2 % содасы бар ертіндісіне 15 мин қайнатып, ыстық өтекпен, әсіресе қыртыстары бар жерлерін өндейді. Педикулоцидтермен 5 жылға дейін – жүкті әйелдерге, емізетін аналарға, терісі қабынған кісілерғе қолдануға болмайды. Ішкі киімдерді, төсектерді су эмульсияларға 5 – 10 мин салып қояды. Эмульсия шығыны 2,5 л бір комплект ішкі киімге 4 – 4,5 мл, бір комплект төсекке немесе 1 кг заттарға. Содан кейін жақсылап шайып, өтектеу керек.

7.6.Гигиеналық ванна жүргізу мейіркештің технологиясы.

Көрсеткіштері: терінің кірлеуі, педикулез. Ауыр жағдайда пациентке ваннаны қолдануға болмайды.

Құрал – жабдықтары: щетка, сабын, мочалка, резеңке қолғап, дезинфекциялық ертінділер.

Ø Резеңке қолғапты киіңіз;

Ø Ваннаны сабын араласқан щеткамен жуыңыз және 1,5 % гипохлорид ертіндісімен өндеңіз;

Ø Жылы су 35 – 37 0С ваннаны толтырыңыз;

Ø Пациентке ваннаға түсуге көмектесіңіз;

Ø Мочалкамен пациентті жуындырыңыз;

Ø Ваннадан шығаруға көмектесіңіз;

Ø Резеңке қолғапты шешіңіз;

Ø Пациентті палатаға шығарып салыңыз;

Ø Егер пациенттің жүрегі ауырып, қағып, басы айналса, онда ваннаның қабылдауын тоқтатып, көмек көрсетіңіз.

 
 


Гигиеналық душ қабылдау.

 

7.7.Гигиеналық душты жүргізу мейіркештің технологиясы.

Көрсеткіштері: терінің кірлеуі, педикулез. Ауыр жағдайда пациентке душты қолдануға болмайды.

Құрал – жабдықтары: щетка, сабын, мочалка, резеңке қолғап, дезинфекциялық ертінділер, орындық.

Ø Резеңке қолғапты киіңіз;

Ø Ваннаны сабын араласқан щеткамен жуыңыз және дез ертіндісімен өндеңіз;

Ø Жылы су 35 – 37 0С температура бойынша дайындап алыңыз;

Ø Ваннна ішіне орындық қойыңыз;

Ø Орындықтың үстіне ақ жайма салыңыз;

Ø Пациентке ваннаның ішіне отыруға көмектесіңіз;

Ø Мочалкамен пациентті жуындырыңыз;

Ø Ваннадан шығаруға көмектесіңіз;

Ø Резеңке қолғапты шешіңіз;

Ø Пациентті палатаға шығарып салыңыз;

Егер пациенттің жүрегі ауырып, қағып, басы айналса, онда ваннаның қабылдауын тоқтатып, көмек көрсетіңіз.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1549 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Залалсыздандыру.| Антропометрия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)