Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зарарсыздандыру. 4 страница

Зарарсыздандыру. 1 страница | Зарарсыздандыру. 2 страница | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ішкі ауруханалық жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.

Обьективті себептері бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:

- қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;

- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;

- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.

Субъективті себептер - бұл жоюға болатын себептер:

- медицина қызметкерлерінің сапасыздық дайындалуы;

- санитарлық-эпидемиялық саласының қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы;

- кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің болмауы;

- пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің медициналық қызметкерлерімен қарым-қатынасының өсуі;

- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған бактериотасымалдаушылардың кездесуі;

медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасының төмен болуы.

Ішкі ауруханалық жұқпаның көзі болуы мүмкін:

- жұқпалы аурумен ауыратын медицина қызметкерлерінің өз қызметін жалғастыруы;

- аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер;

- ауруханаға келетін келушілер — пациенттің туысқандары.

Ішкі ауруханалық жұқпаның таралу жолдары:

- экзогенді -ағзаға жұқпаның қоршаған ортадан түсуі;

- эндогенді- жұқпаның ағза ішінде таралуы.

Жұқпаның экзогенді түріне жатады:

- ауалы-тамшылы: жұқпаның ағзаға жағымсыз ауа арқылы енуі;

- қарым-қатынасты залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтармен, емдік манипуляцияларды орындау кезінде;

- имплантациялық-залалсыздандырылмаған протездерді, тігіс материалдарын қолданғанда;

- трансмиссивті-жәндіктердің тістеуі арқылы;

- алиментарлы- сапасыз тағамды қолданған кезде.

Жұқпаның эндогенді таралу жолы қан және лимфа арқылы екіге бөлінеді.

Қан арқылы — бұл қан ағысында, лимфа арқылы лимфа ағысында таралады.

Алдын алуды нәтижелі жүргізу үшін ішкі ауруханалық жұқпаның көзі мен таралу жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауықтыру мекемелерінде жұқпаның таралуын болдырмауға болады.

 

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық негізі болып құралатын иесінің ағзасы, микроорганизм (қоздырғыш), айналадағы орта.

Иесі (пациент немесе медицина қызметкері)

Айналадағы орта (емдеу диагностикалық процедуралар, аурухана)

 


Микроорганизм (қоздырғыш)

6.2.Ішкі ауруханалық жұқпалардың қоздырғыштары

Емдеу мекемелерде жиі кездесетін бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар. Әлсізденген ағзаға қоздырғыштың қонуы микроорганизмнің айналадағы ортаға өмір сүруіне байланысты. Ағзаға микроорганизм түскенде, жұқпаның дамуы міндетті емес. Ешқандай әсер жасамай, ол ағзада өмір сүре береді (осы жағдайды колонизация деп атайды)

Микроорганизмнің жұқпаға әкеліп соғуы біраз ішкі себептерден байланысты:

- жұқпалық дозадан;

- иесінің жасушаларына қону қабілетінен;

- инвазивтық процедураларының көбеюінен;

- токсиндерді шығару қабілеті;

- иесінің иммундық жүйесінің жойылу қабілетінен.
Ие - (хозяин)

Жұқпаның дамуы және клиниқалық белгілерінің ауырлығы, қоздырғыштан басқа тағы да бірнеше факторлармен байланысты:

1. жасынан;

2. қосымша аурулардан;

3. иммундық статустан;

4. ағзаның тұрақтылығынан;

5. иммунизациядан;

6. пайда болған аурулардан;

7. психологиялық жағдайлардан.

Госпиталдық жұқпалардың болатын орындары.

Теріде - 10 - 20% (кейбір жағдайда 40% дейін) стафилококктар болады.

Жаңа босанған әйелдерде бесінші күнде терісінде - 30%, ал төсінде -60% дейін стафилококктар болады. Ішек таяқшалары пациентерде 13-21%, медперсоналдарда 6-9%, энтерококктар 27-29% пайда болады. Шаштарында көбінесе 17-40% дейін стафилококктар болады. Мұрынның қуысында 90% дейін көтеріледі. Ауыз қуысында 90% дейін стафилококк болады. Жаңа туған баланың көзінде, кіндігінде стафилококк 70% дейін пайда болуы мүмкін. Қынапта 9-16%. Ішекте энтеровирустар, сальмонелалар, шигеллалар, стафилококктар, саңырауқұлақтар дамиды.

Айналадағы орта.

Айналадағы ортада қоздырғышпен иенің қатынасуы болады. Жұқпалы аурулардың дамуына және таралуына әсер ететін айналадағы ортаның факторлары бірнеше түрге бөлінеді (физикалық, биологиялық, әлеуметтік) Медициналық мекемелермен айналадағы орта ерекше түрі болып есептелінеді. Үнемі жетілдіріп отыратын медициналық техника және әр түрлі емдеу диагностикалық шаралары ішкі ауруханалық жұқпаның дамуына әсер етеді.

 

 

Даму орны Микроорганизмдер
Зәрлік катетерлар Ішек таяқшалары, стрептококк, протей, энтеробактериялар, клебсиела, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк, кандида
Көк тамырға қолданылатын құрал жабдықтар Грамм теріс бактериялар, энтеробактериялар, флавобактериялар, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк, стрептококк
Жасанды аппараттар Грамм теріс бактериялар псевдомонадтар, алтын түсті стафилококк, стрептококк
Суда қолданылатын системалар (дымқылдатқыштар, вентиляторлар, ионизаторлар, дистилляторлар, инголяторлар, гемодиализге арналған құрал жабдықтар) Грамм теріс бактериялар және оның токсиндері, ацинето бактериялар, аэромонадтар, клебсиела, гепатит В вирус
Антисептиктер Грамм теріс бактериялар псевдомонадтар, флавобактериялар, ацинетобактериялар, клебсиелла,

6.3.Жұқпалардың таралу жолдары және механизмі

 

Жұқпалар даму үшін қоздырғыш жұқпа жерінен әлсізденген иеге барады. Негізгі жұқпаның механизмі- артифициалдық таралуы.

Қоздырғыштың таралу механизмі әр-түрлі жолдарымен, факторлармен байланысты (аурухананың пішінінен, пациенттер контингентінен, емдеу диагностикалык процедуралар көлемінен)

БДДСҰ мәліметтері бойынша медициналық манипуляциялардың көлемі өсуде, оның 30% диагностикалық процедуралары болатын қанның анализі, зондтау, эндоскопиялар, пункциялар. Емдеу процедураға жатады: қанның транссфузиясы, сыворотка, плазма, әр түрлі инъекциялар, жасанды дем қолдану, катетеризациялау т.б.

Инвазиялық медициналық процедуралардың тізімі жыл сайын медициналық технологиясының дамуымен байланысты толықтырылып отырады.

Артифициалдық механизмнен басқа жұқпалар ауыз, нәжіс, ауа тамшы, трансмиссивтық, қатынастық, кәсіби түрде таралады.

Жұқпалардың таралу жолдары.

Таралу механизмі Таралу жолдары СНГ Таралу жолдары США Таралу Факторлары
Ауыз нәжістік Қатынастық, су арқылы, тағам арқылы Қатынас арқылы су арқылы тағам арқылы Қолдар, күту заттар, су Тағамдар
Ауа тамшылық Ауа тамшылық, ауа шаңдық Тамшы арқылы Ауа арқылы Дем жолдары тамшылары, шаң
Трансмиссивтық Ауа тамшылық ауа шаңдық Тамшы арқылы Ауа арқылы Құрттар
Байланыстық Жыныстық Тамшы арқылы Ауа арқылы Қолды күту заттар медициналық құрал-жабдықтар, дәрілер, материалдар
  Жасанды таралуы инструменталдық, аппараттық гемотрансфузиялық т.б Байланыстық (тікелей, тікелейсіз) Медициналық құрал жабдықтар, дәрілер, материалдар, қанның препараттары

 

Эпидемиялық маңызды болатын грамм оң кокктар, шартты патогендік грамм теріс, бактериялар саңырауқұлақ, қарапайымдықтар, паразиттер, шартты патогендік грамм теріс таяқша бактериялар, вирустар.

Ішкі ауруханалық жұқпаның себебінің негізінде болатын эпидемияға қарсы режимінің бұзылуы және емдеу диагностикалық процесінің факторлары.

 

6.4.Ішкі ауруханалық жұқпалар.

 

Патогендік негізгі себептері

микроорганизммен санитарлық-эпидемияға

шақырылған қарсы режимнін бузылуы

Шартты патогендіқ негізгі себептері

микроорганизммен емдеу диагностикалық

шақырылған процестің факторлары

Ішкі ауруханалық жұқпалардың көбеюі, дамуы жинақтық факторлармен анықталады:

1. Ірі ауруханалық жинақтардың құруы халықтың тығыздығынан
байланысты, көбінесе әлсізденген пациенттер, аурулармен тығыз
қарым қатынас жасайтын медицина персоналдар; орын ауыстырушылық процесспен, айналадағы ортаның қоршауымен (палаталар емдеу және диагностика жасау кабинеттері) микробиологиялық сипатынын ерекшелігі (шартты патогендік микроорганизмдердің алмасуы);

 

2. Күрделі жасанды жұқпалардың қоздырғыштарының таралу
механизімінің құрылуы, инвазиялық кірісулермен емдеу және диагностиқалық процедуралармен, мед құрал жабдықтармен байланысты;

3. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары табиғи механизмінің бәсеңдеу әсірінен, ауа тамшының және қатынастық тұрмыстық ауруларымен медициналық қызметкерлердің араласуы;

 

4. Ауруханаға жұқпалы аурулары анықталмаған пациенттер, жұқпа
қоздырғышының үнемі көзі болып саналады, олардың ішкі жұқпасы аурухананың ішіндегі негізгі ауруына қосылып мед.персоналдармен қабаттасады;

 

5. Кең түрде ретсіз антибиотиктерді қолдану;

 

6. Госпиталдық штаммдардың ішінде дәрілерге микроорганизмдердің тұрақтылығынын құрылуы;

 

7. Қауып контингенттің көбеюі;

 

8. Экологиялық жағдаймен (гиподинамия, стрестер, шулар, вибрациялар, магнит т.б.) байланысты халықтың қорғаныш күшінің төмендеуі;

 

9. Кең түрде диагностикалық және емдеу аппаратураларды,
жабдықтарды қолдану. Күрделі техника ерекше зарарсыздандыру
және залалсыздандыру әдістерін қолдануға талап етеді;

 

10. Клиницистардың баяу психологиялық бет бұрысынан, кейбір ішкі
ауруханалық жұқпалар дұрыстап қаралынбайды, сол себептен алдын
алу және эпидемияға қарсы шаралар уақытымен қолданылмайды.

Емдеу мекемесінде жұқпаның енуін алдын алу мақсатында жүргізіледі:

- жұмысқа қайта келушілерді қарау және зертханалық тексеруден өткізу;

- емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию;

- медицина қазметкерлерін ЕСМ-нің санитарлық эпидемиялық тәртібі туралы бұйрықтары және нұсқауларымен таныстырып отыру, жүйелі түрде санитарлық минимум тапсыруды үйымдастыру.

Барлық медицина қызметкерлері стационардың бағытына қарай жүйелі түрде медициналық бақылау жөне зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде жылына бір рет флюрографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері-венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтуі тиіс.

 

6.5.Ішкі ауруханалық жұқпаның эпидемиялық

процессінің ерекшелігі.

v Негізгі аурумен әлсізденген адамдардың және операциялық
кірісулер арасында процесстің дамуы шектелген.

v Эпидемиялық процесстің үздіксіз дамуы.

v Эпидемиялық процесстің тікелей тәуелдік өнімділігі, емдеу
диагностикалық процесстің агресивтік және инвазивтік дәрежесіне
байланысты.

v Сыртқы орта, жұқпаның көзі болып маңыздалады.

v Жұқпаның арнайлы таралу жолдарының құралуы.

v Этнологиялық құрылысында шартты патогендік флораның ерекше
ие болуы.

v Клиникалық белгілерінің, себептерінің полиморфизмі

v Антибиотиктердің микробтық популяцияға және аурулардың
иммундық жүйесіне әсер етуі.

 

Зарарсыздандыру.

Жұқпалық аурулармен күресумен және алдын – алу үшін зарарсыздандыру шаралары қолданылады.

Зарарсыздандыру – (дезинфекция) дегеніміз емдеу мекеменін айналадағы ортанын, құрал – жабдықтарының патогендік, шартты – патогендік микроорганизмдердің жоюы.

Зарарсыздандыруға кіретін екі түсінігі бар:

- дезинфекция – жұқпалы, инвазивті ауруларының тасушылары болатын буынаяқтыларды жоюға бағытталған комплекстік шаралар.

Дератизация – жұқпалы аурулармен, өте қауыпты жұқпаларының тасушылары болатын кеміргіштерді жоюға бағытталған комплексті шаралары.

Зарарсыздандыру – патогендік микроорганизмді жою үшін қолданылатын әдістерімен тәсілдері.

Зарарсыздандыру мақсаты: аурулардың қоздырғыштарының таралуын алдын – алуы және жою.

Зарарсыздандыру

 

Зарарсыздандыру мақсаты
Эпидемиялық процестің үзілуіне бағытталған қарсы шаралар. Емдеу мекемелер ішіндегі объектілеріндегі медициналық құрал – жабдықтарының жұқпаларын, пациент және медициналық персоналдың жұқпамен ауырмау үшін қоздырғыштарын жою. Құрал – жабдықтарын, күту заттарын, сыртқы объектілердегі патогендік, шарты патогендік микроорганизмдерді жою.

 

Жұқпалы аурулардың эпидемиялық жіктеу қағидасы, бүкіл жұқпаларды 4 түрге бөледі:

v ішектік;

v демдік;

v қан арқылы;

v тері арқылы.

 

6.7.Жұқпаның таралу механизімі.

Жұқпаның көзі жұқпаның таралуы қабылдағыш организм.

Таралу факторлары: ауа, су, қан, тағамдар, күнделікті заттар арқылы.

Жұқпалық процестің дамуы үшін кеміңде 3 кезеңі болу керек.

v Жұқпаның көзі;

v Таралу механизімі;

v Қабылдағыш организм.

Егер жұқпаның қоздырғыш көзі тек қана адам болса, жұқпаларды антропоноздар деп атайды.

Егер жұқпаның қоздырғышы кеміргіштер болса жұқпаларды зооноздар деп атайды.

Жұқпаның негізгі таралу жолдары:

v ауыз – нәжістік;

v аэрозольдық;

v трансмиссивтік;

v тұрмыстық.

Жұқпаның шынжыры: қоздырғыш таралуы адам.

Қоздырғыштың таралу тәсілдері.

1. Қатынастық:

v Тікелей;

v Тікелей емес;

v Жанама.

2. аэрогендік.

3. трансмиссивтік.

4. нәжісті – ауыздық.

5. перинаталдық.

Қабылдағыш дегеніміз – адамның организіміне патогендік агентің кіруі.

Қоздырғыштың қасиетінен басқа жұқпаның дамуы, тағыда басқа факторлардан байланысты:

v жасынан;

v қосымша аурулардың болуынан;

v иммундық, генетикалық статустан;

v ақуыздың, витаминдердің кемістігінен;

v адамның қалыпты микрофлорасының өзгеруінен;

v психологиялық жағдайынан.

Организімдегі қоздырғыштар көбейеді:

v ашық жараларда;

v катетр, трахеостомалар, инвазивтық құрал – жабдықтар дұрыс зарарсыздандырылмаса;

v созылмалы ауруларда (қант диабеті, иммунотапшылық лейкемия);

v Антибиотиктерді, сәулелік ем қолданғанда

Эпидемиялық процессті тоқтату үшін жұқпа шынжырының біреуіне үзіліс жасауға болады.

6.8.Зарарсыздандыру түрлері және әдістері.

 

Зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді:

v Алдын – алу;

v Ошақтық.

Егер жұқпаның көзі болмасақоздырғышты жою үшін алдын – алу зарарсыздандыру жүргізіледі.

Оның мақсаты: жұқпа таралмау үшін алдын алуы шараларын қолдану.

Ошақтық зарарсыздандыру – жұқпалық ошақта жүргізіледі.

Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Ошақты зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: күнделікті және қорытынды.

Күнделікті зарарсыздандыру дегеніміз жұқпа қоздырғышының көзі басынан – аяғына дейін болуына байланысты жүргізіледі.

Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Қорытынды зарарсыздандыру: пациент ауруханадан шыққанда, өлімге шалдыққанда бір рет қана жүргізіледі.

Оның мақсаты: жұқпаның қоздырғыштарын толығымен жою.

Зарарсыздандыру түрлері.

 
 


 

 


 

 

Зарарсыздандыру әдістері

 

Механикалық Физикалық Химиялық Биологиялық
Құрал – жабдықтардан, күту заттардан жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын әдістер: v Сілку v Қолды жуу v Ұру v Желдету v Дымқыл ветошпен сүрту v Дымқыл жинау v Кірлерді жинау v Айналдыра жуу. Физикалық факторлардың әсер етуі. v Қайнату v Пастеризациялау v Күйдіру v Ультра – көкті қолдану v Ыстық ауаның әсері. v Ыстық будың әсері. Химиялық заттарды қолдану: Антисептиктер Дезинфектанттар v сүрту v жуу v суға малу v құрғақ ұнтақпен себу. Биологиялық процесті қолдану. Табиғи жағдайда микробтар арасында антагонизмді қолдану.
Аралас. Бірнеше әдістерді қолдану.

6.9.Емдеу мекемелердегі қолданылатын дезинфектанттар.

Емдеу мекемелеріндегі қолданылатын дезинфектанттарлық заттарды зарарсыздандыру үш топқа бөлінеді:

1. Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

2. Бөлмелерді, жиһаздарды, пациенттердің күту заттарын зарарсыздандыру.

3. Медперсоналдын қолың өндеу.

Көбінесе зарарсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің РН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген.

Эпидемияға қарсы зарарсыздандыру шараларынын әсерін жетілдіру үшін дезинфекциялық заттарды дұрыс тандап, медперсонал оның негізгі қасиеттерін, ерекшеліктерін білуге тиіс.

Қазіргі дезинфектанттардың арасында хлораралас және асқын тотығын тәжірибеде қолданған тиімді.

Дезинфекциялық заттардың концентрациясын, уақытын тандауы көп себептерден байланысты:

v Дезинфекцияның талап ету дәрежесімен;

v Микроб қоздырғыштын сезімталдығы денгейімен және спектрімен;

v Дезинфекцияның жағдайымен, дезинфекциялы объектінің түрлерімен;

v Елдерге дезинфектанттардың жақпауымен;

v Дезинфекциялық шараларының бағасымен.

Дезинфекциялық заттардың талаптары:

- әрекеттің кең спектрі;

- әр – түрлі микроорганизмдердегі микроцидтық әсері;

- Улығы аз төмен аллергендігі;

- Суда жақсы еріткіштігі;

- Экологиялық қауыпсіздігі;

- Зарарсыздандыратын объектілерді зақымдандырмайтындығы;

- Қолдауға қарапайымдылығы;

- Зарарсыздандыру ортада белсендігі.

- Белсенділігін жоғалтпайтындығы;

- Сақтау мерзімінің ұзақтығы;

- Медперсоналдарға қауіпсіздігі;

- Тасымалдауға ыңғайлығы.

Жаңа ғасырдағы дезинфектантардың химиялық топтары мен қосындары. Белсенді заттардан (БАЗ) құралған, мысалы: аммоний төрт қосындысы (АТҚ).

Сыртқы белсенді заттардың құрамына мынадай компоненттер кіреді: глутарлық альдегид, асқын тотығы, глиоксаль, олар вирулицидтық, туберкулоцидтық, фунгицидтық және спороцидтық әсер етеді.

Қазақстанда жиі кездесетін дезинфектанттар болатын хлораралас заттар.

Хлораралас заттар (галлоидтер):

Объектілерге өндеу жүргізілгенде хлораралас заттар ауаға жоғарғы тығыздығына байланысты “белсенді хлор” шығарады, антимикробтың әсерінде молекуланың құрылысын қайталанбайтындай зақымдандырады. Осымен қатар оның антимикробтық әсерінен басқа тағыда жағымсыз әрекеті бар. Ол айналадағы ортаны, теріні, шырышты қабаттарды т.б. зақымдандырады.

Күрт иісті хлораралас заттар тыныс жолдарын тітіркендіреді.

Хлораралас дезинфектантарға жатады.

1. Анолиттер – бір рет қолданылады, тығыздығы 0,05 – 0,1 %, сақтау мерзімі 24 сағаттан 7 күнге дейін. Құрал – жабдықтарды залалсыздандыру алдында, зарарсыздандыру және химиялық залалсыздандыру үшін қолданылады.

2. Натрий гипохлорид 0,1 % – 2,5 % дейін суға ерітіп, құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ерітінділерді 1 – 7 күнге дейін сақтанылады.

3. Клорсепт таблетка тәрізді, көбінесе сұйықтықтарды, қанды, сывороткаларды зарарсыздандыру үшін қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1194 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зарарсыздандыру. 3 страница| Зарарсыздандыру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)