Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су баланссын есептеу 1 страница

Зарарсыздандыру. 2 страница | Зарарсыздандыру. 3 страница | Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мақсаты: тәулік бойы аѓзаѓа енгізілген және шығарылған су көлемінің қасиетін есеппен қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру.

Жабдықтар: салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы.

Ескерту: зәрдің шығуы ғана емес, құсық және үлкен дәреті есепке алынады.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, оның процедура орындай білу қабілетін бағалаңыз.

2.Пациент сұйықтығының қандай мөлшерде бөлінгеніне есеп жүргізе алатындығына сенім артыңыз.

3. Процедура мақсатымен, барысымен түсіндіріп, келісімін алыңыз.

4. Пациентке сұйықтық тағамдық және қозғалыс режимін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз.

5. 3 күн бойы диуретиктерді қолданбағанына көз жеткізу.

6. Тіркеу қағазына қалай тіркелетіні туралы толық хабарлау және пациентке не маќсатпен толтырылатынын түсіндіріңіз.

7. Тағамдардағы су көлемін, су балансын есепке алу маќсатында тіркелінетінін түсіндіріңіз..

8. Жабдықтарды дайындаңыз.

9. Таңертењгілік сағат 06.00 да зәрін пациент унитазға жібереді.

10. Зәрін жолдамасы бар ыдысқа жинауын түсіндіріңіз.

11. Тіркеу қағазына шыққан зәрінің көлемін жазыңыз.

12. Ішкен сұйықтық мөлшерін тіркеу қағазына жазыңыз.

13. Таңертен 06.00-ден ертењгі 06.00-ге дейін су ішкен және зәр шыққан уақытын тіркеу қағазына жазыңыз.

14. Ертењгі сағат 06.00-ден кейін тіркеу қағазын мейіркешке тапсыру.

15.Мейіркеш қанша сұйықтықтың шыққанын анықтау формуласы арќалы есептеп отырады: шыққан зәрдің көлемі х 0,8 (80%)= норма бойынша шығатын зәрдің көлемі.

16. Шыққан сұйықтықты есепке алынѓан сұйықтықпен салыстыру.

17.Егер нормасына қарағанда сұйықтық аз шықса, су балансы азайады.

Ескерту: диуретиктер қолданса, суы көп тағамдарды ќабылдаса, суық ауа райы әсер етсе, онда сұйықтықтыр көп шығады.

18.Су балансын тіркейтін қағазға жазу.

Ескерту: су балансыныњ нормада болуы ісіктердіњ ќайтуы жєне емніњ тиімділігін кµрсетеді. Су балансыныњ нормада болмауы ісіктердіњ кµбейіп жєне диуретиктік затардыњ тиімсіздігін кµрсетеді.

Су балансын тіркеу қағазы

Күні_________________________

Аурухананың аты______________

Бөлімшесі_____________________

Палатасы_____________________

Аты жөні_____________________

Жасы_________________________

Диагнозы______________________

Салмағы_______________________

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Пациенттердің бақылауына не жататынын тізіп беріңіз?

2. Демді санау әдісін айтып, көрсетіңіз?

3. Қалыпты жағдайдағы

4. демнің түрлерін атап шығыңыз?

5. Тамыр соғысын анықтайтын жерлерін және санауын айтып, көрсетіңіз?

6. Тамыр соғысының қасиеттеріне сипаттама беріңіз?

7. Қан қысымын өлшеу ережелерін атаңыз?

8. Систолдық қысымға сипаттама беріңіз?

9. Диастолдық қысымға сипаттама беріңіз?

10. Пульстық қысымға сипаттама беріңіз?

11. Тәуліктегі диурезге сипаттама беріңіз?

ІІ – НЕГІЗГІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР

13.Дәрілерді ағзаға енгізу жолдары

Дәрілер - ол келесі мақсаттармен емдеу үшін қолданылатын химиялық заттар:

- Ауруды емдеу және ауырсынуды басу;

- Аурудың физикалық, психикалық, функционалдық жағдайына баға беру;

- Ағзаның жоғалтқыш сұйықтығын толтыру;

- Микроорганизмдерді жою;

- Ағзаның қызметіне әсер ету үшін.

Доза дегеніміз дәрілердің көлемінің ағзаға енгізілуі.

Доза – екі түрге бөлінеді:

- Бір рет қолданылатын доза;

- Тәуліктік қолданылатын доза;

Доза граммен саналады:

Мысалы: 1,0=1 грамм 0,01= 1/100 г = 10 мг 0,001 = 1/1000=1 мг Тағайындалған биологиялық дәрілердің дозасы халықаралық бөлшекпен көрсетіледі: ME Балалардың дозасы 1 кг салмағына немесе 1м денесіне есептелінеді.

Минималдық доза дегеніміз - керекті дәрінің аз мөлшерде әсер етуі.

Емдік доза дегеніміз - дәрінің мөлшері емдеу үшін қолданылады.

Максималдық доза дегеніміз - көп мөлшердегі дәрінің дозасы ағзаға жағымсыз әсер етпейді.

Токсикалық доза дегеніміз - ағзаға улану шақырады.

Өлімге шақыратын доза дегеніміз - дәрінің аз мөлшердегі дозасы өлімге әкеліп соғады.

Ауруханаға түскен пациенттерді дәрігер нұсқау қағазына дәрілерді тағайындағаннан кейін, аға мейіркеш, постыдағы мейіркештің талабы бойынша дәрілерді дәріханадан алады. Дәрілерді енгізу жолдарына байланысты (сыртқа, ішке), нұсқауына қарай (А,Б тізімі) т.б. мейіркеш сақтау ережесін қадағалап отырады:

Ø керекті дәрілердің оның ішінде нашақорлық дәрілерді 10 күнге дейін жететіндей қылып алады;

Ø барлық залалсыздандырылған ертінділерді процедура бөлімшесінде шынылы шкафта сақтайды;

Ø А – тізіміндегі (улы дәрілер, нашақорлық анальгетиктер); Б – тізіміндегі (өте қымбат, жетіспейтін дәрілерді) арнайлы сейфта сақтайды;

Ø сыртқа және ішке қолданылатын дәрілер посттағы шкафтарда болады;

Ø күнге ұстамайтын дәрілерді жарықтан аулақ сақтайды;

Ø иісті дәрілерді жеке сақтайды;

Ø тұңбаларды, қайнатпаларды, микстураларды тоңазытқышта үш күнге дейін сақтайды;

Тиым салынады:

Ø дәрілердің көлемін, ұқсас әр түрлі ораудағы дәрілерді бір – біріне қосуға болмайды;

Ø дәрілердің этикеткасын өзгертуге болмайды;

Ø этикеткасыз дәрілерді сақтауға және қолдануға болмайды;

Дәрілердің қолдануға болмайтын белгілері:

Ø ертіндінің тұнықтығы;

Ø түсінің өзгеруі;

Ø иістенуі;

Ø таблетканың үгітілуі;

Ø этикеткасында мерзімінің асып кетуі;

Дәрілердің түрлері :

Аэрозоль, инъекциялар, тамшылар, капсулалар, майлар, кремдер, пасталар, ұнтақтар, балауыздар, таблеткалар, қоспалар, дражелар.

Дәрілер туралы білу керек:

Дұрыс атын, қолдану тәсілін, сақтау мерзімін, жағымсыз әсерін.

Ағзаға әсер еткенде мынандай түрлерге бөлінеді:

Ø Қоздырғыштық органдардың, тіндердің, жүйкелердің жұмысын физиологиялық шекарасына дейін жақсартады;

Ø Тітіркендіргіштік - физиологиялық процестерді тездетеді;

Ø Тыныштандыру – жүйенің органдарын, тіндерінің жұмысын ақырындатады;

Ø Зақымдандырғыш - жүйенің, органдардың қызметін тоқтатады;

Әрбір дәрінің емге жағымсыз әсері болады, кейбір жағдайда ауруға әсер етпейді.

Симптоматикалық ем дегеніміз - дәрілер аурудың белгісін азайтады немесе жояды.

Себептік ем дегеніміз - аурудың себебін емдеу мысалы: антибиотиктерді, инсулинді қолдану.

Патогенетикалық ем дегеніміз - аурудың даму механизімің емдеу.

Айырбасталу ем дегеніміз -ағзаға әр түрлі биологиялық заттарды енгізу.

Дәрілерді таратқанда мейіркеш лотокты қолданады. Бөлмелік мейіркеш дәрілерді нұсқау қағазы бойынша талдап, ауруларға таратады. Дәрілерді науқасқа өзінің көзінше береді.

Дәрілерді пациентке бергеннен бұрын:

Ø Нұсқау қағазына назар аударып оқыңыз;

Ø Науқастың нұсқау қағазындағы аты жөнін анықтаңыз;

Ø Дәрі атын дозасын, қолдану тәсілін тексеріңіз;

Ø Дәрінің этикеткасын тексеріңіз;

Ø Науқас дәріні сіздің көзінше қолдану керек;

Улы заттар, нашақорлық дәрілерді арнайы тексеру керек. Нашақорлық дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды. Ампулаларды қолданғаннан кейін лақтырып тастамайды, бір тәулік сейфқа сақтайды немесе аға мейіркешке тапсырып содан кейін бақылаушылар мүшелерінің қатынасы бойынша жойылады. Нашақорлық дәрілерді арнайлы тіркеу журналына есепке алады, ол журналды сейфка сақтайды. Арнаулы тіркеу журналына дәрінің дозасын, мөлшерін, науқастың ауру тарихының номерін, аты жөнін, диагнозын қолданылған күнін тіркейді.

Кезекті мейіркеш тапсырғанда тіркеу журналы бойынша нашақорлық дәрілердің тізімін алады.

Улы заттар: /мышьяк, атропин, стрихнин.

Қатты әсер ететін дәрілер: /аминазин, адреналин, преднизолон/. Осы айтылған дәрілер арнайы шкафтарда сақталынады /А және В/ және дәптерге тіркеледі.

Ерекше тіркеуге жататын нашақорлық дәрілер: /морфий, омнопон, промедол, кодеин т.б. Нашақорлық дәрілерді ұрлаған үшін медицина қызметкерлері жауапқа тартылады.

 

13.1Дәрілерді енгізу жолдары

Дәрілерді ағзаға енгізу үшін үш тәсілге бөледі:

1. сыртқы жолмен:

Ø тері арқылы

Ø шырышты қабаттар арқылы

Ø тыныс алу жолдары арқылы

2. энтералдық жолмен:

Ø ауыз арқылы

Ø тіл астына

Ø тік шекке

3. парентералдық жолмен:

Ø тіндерге

Ø қуыстарға (плевра қуысына, буындарға т.б.)

Ø тамырларға

 

         
   
 
 
 

 

 


Дәрілерді сыртқы жолмен енгізу.

Сыртқы жолмен майларды, эмульсияларды, ертінділерді тұнбаларды, микстураларды ұнтақтарды қолданады. Оларды компресс, примочка, жағу, сүрту, себу, жараға орам салумен, тамшы, ингаляция арқылы енгізеді.

Дәрілерді энтералдық жолмен таблетка, пелюля, ұнтақ, капсула, драже, тұнба, қайнатпа арқылы жіберілуі кең түрде қолданылады. Осы тәсілдің кемістіктері:

Ø дәрілер жартылай бауырға сіңеді;

Ø дәрілердің әсері пациенттің жасына, жекелік сезімталдығына, ағзаның патологиялық процесстеріне тәуелді;

Ø асқорыту органдарына баяу сіңуі;

Ø сана сезімнің жоқтығында, құсық кезінде, ауызға дәріні беруге мүмкіншілігі жоқ. Мысалы: - стрептомицин, асқазан кілегейлі қабатына сіңбейді

Ø Инсулин, окситоцин асқазанды, ішекті зақымдандырады;

Ø Гормондар /бауырды зақымдайтын әсері бар, асқазанға қатты

тітіркендіргіш жағдай көрсетеді/;

Ø Дәрілер асқазанның кілегейлі қабатына жағымсыз әсер етпеу үшін, оның сыртқы қабаттарын пленкамен жабады. Кейбір дәрілер біртіндеп сіңу үшін және жағымсыз әсер етпеу үшін көп қабатты болады.

13.2.Дәрілерді ауыз арқылы енгізу.

Пациент дәрінің атын және дозасын міндетті түрде білуі тиіс.

Дәрілерді тарату ережелері:

Ø Дәрінің этикеткасына назар аударып оқыныз;

Ø Дәрілерді тек қана нұсқау қағазы бойынша таратыңыз;

Ø Дәріні немен ішетінің пациентке хабарлаңыз;

Ø Дәріні пациентке сіздің көзінізше ішкізініз;

Ø Тамақтың алдында 15 минут бұрын ішуін немесе артынан 15 минуттан

кейін ішуін алдын – ала ескертіңіз;

Ø Кейбір дәрілерді ашқарынға (гельминттарға қарсы дәрілерді), ұйықтататын дәрілерді 30 минут ұйықтар алдында ішетінің ескерту;

Ø Нитроглицерин, валидол таблеткалары пациенттің тумбочкасында болу тиіс;

Ø Сұйық дәрілерді берер алдында шайқау керек;

Ø Пациентке дәрінің әсерін, ерекшелігін, асқынуын ескертіңіз;

Таблеткаларды, драже, капсулаларды, пилюлаларды тіліне салып сумен немесе кейбір жағдайда сүтпен, кисельмен ішкізу керек. Егер пациент таблетканы тұтас іше алмаса, онда өзі шайнап ішуіне болады (темірі бар таблеткаларда басқа). Драже, капсулаларды, пилюлаларды тұтасымен ішеді. Қарт, егде жастағы пациенттерге күнделікті арнайлы үш секцияға бөлінген (таңертен, күндіз, кешке деген жазуы бар) контейнер қолдануға болады. Ұнтақты пациент сумен езіп ішеді. Тұңбаларды, қайнатпаларды, микстураларды арнайлы 15 мл қасықпен ішеді. Спирттық тұңбаларды, экстрактарды тамшы арқылы қолданады.

13.3Тіл астына дәрілерді қолдану /сублингвально/

 

Ауыз - қуысында қан тамырларының көп болғандығнан дәрілер тез түрде сіңеді. Мысалы: валидол, нитроглицерин, клофеллин жиі қолданады. Дәріні тіл астына сінгенше ұстайды, жұтуға болмайды, өйткені дәрінің әсер төмендейді. Тіл астына дәрілерді жиі қолдануға болмайды, себебі ауыздың шырышты қабаты тітіркенеді.

13.4.Дәрілерді тік ішекке енгізу /рег гесtum/

Тік ішекке сұйық дәрілерді және суппозиторияларды енгізеді. Дәріні жіберер алдында тазарту клизмасын жасайды. Лимфа және көк тамыр қосындысының көптігінен дәрілер жақсы сіңеді де, жалпы қан жүйесіне барады. Бұл әдістің күрделілігі асқазанды тітіркендірмейді. Содан кейін егер құсу, лоқсу, өңештен өтпеген жағдайда, тік ішек арқылы енгізуге болады.

Кемшіліктері: /психологиялық ыңғайсыздық/ Көбінесе тік ішек арқылы гемморой, тік ішектің қабынуларын емдеу үшін балауыздарды қолданады. Кейбір дәрілердің қолдану ережелері бар.

13.5. Тік ішекке суппозиторияларды қолдану бір ізділігі:

Ø Суппозиторияларды тоңазытқыштан алып атын оқыңыз;

Ø Пациентке дәрі туралы хабарлама беріп, келісім алыңыз;

Ø Пациентті қырынан жатқызып, аяғын тізесіне бүктіріңіз;

Ø Резеңке қолғапты қолыңызға киініз;

Ø Суппозиторияны алып пациенттің жамбасын ашып тік ішекке енгізініз;

Ø Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

Ø Резеңке қолғапты шешіңіз;

Ø Бірнеше сағаттан кейін пациенттің жағдайын сұраңыз;

Дәрілерді тік ішекке дәрілік клизма арқылы жіберуге де болады.

 

13.6.Дәрілерді инголяция тәсілімен енгізу.

 

Дәрілерді дем арқылы енгізуін инголяция деп атайды. Инголяция арқылы тыныс алу жолдарына енгізіледі аэрозоль түрінде (В - адренолитиктерді) газ түрінде /анестетиктар/ ұнтақ түрінде (хромоглико натрий). Осы жол арқылы дәрілер тез сіңеді де жергілікті әсер етеді.

Газдалған дәрілер (фторотан, эфир) тез түрде әсері тоқтайды. Аэрозольдар көбінесе бронх шырышты қабаттарының ауруларында қолданылады (мысалы: сальбутамол, интал, беротек т.б) Көбінесе осы дәрілер инголятор арқылы қолдалынады. Ауыз арқылы қалталы инголятор, дискхалер, турбохалер немесе циклохалер арқылы енгізіледі. Инголяцияның көлемін және уақытын дәрігер анықтайды. Дәрігердің тексеруінсіз, бірақ дәрігердің нұсқауымен 5 минут аралығында екі инголяциялы дозаны беруге болады. Дәріні ауаға шашыратпау керек, ол өте қауіпті! Инголяция арқылы дәрінің қолдануын мейіркеш пациентке үйрету керек. Пациентке үйрету инголяция техникасы үш кезеннен құралады:

Ø Дәрі туралы хабарлау;

Ø Инголяция техникасын үйрету;

Ø Пациентті бақылау, қажетті жағдайда корректеу;

Дәріні инголятор арқылы жіберудің бір ізділігі.

Ø Дәрінің атын оқыңыз;

Ø Пациентке хабарлап келісім алыңыз;

Ø Қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

Ø Инголяциялық баллончикті алып, қалай қолданатының пациентке көрсетіңіз;

Ø Пациентті отырғызып немесе шамасы келсе тұрғызыныз;

Ø Инголятордың мунштугын алыңыз;

Ø Инголятор жоғарыдан төменге аударып шайқаңыз;

Ø Пациенттің үлкен саусағы баллончиктің астында екінші саусағы жоғарғы жақта болады;

Ø Пациентке терең түрде демді шығаруын сұраңыз;

Ø Инголятордың мунштугын пациент ернімен алып, басын кішкене шалқайтады;

Ø Пациентке терең түрде демін алуын сұраңыз, сонымен бірге баллончиктің түбін басу керек;

Ø Демің пациент шамасы келгенше ұстап, инголяторды аузына алғызыныз;

Ø Пациент демін шығарсын;

Ø Осы процедураны сіздің көзінізше пациент тағыда қайталасын;

Ø Инголятордың қақпағын жауып алып тастаңыз;

Ø Пациент аузын сумен шайсын;

Ø Қолыңызды жуып құрғатыңыз;

Сұйық дәрілерді дем жолдарына қолдану үшін, әсіресе демікпеде “дымқыл – небулайзерларді” қолданады. Дәрілермен демді алғанда көп дәрілер ауызда, кеңірдекте қалып қояды. Сол себептен спейсер немесе спинхалер қолданады.

Спейсер ішіндегі дәрі тұман болып бронхтарға барып тармақтарын кеңейтеді.

13.7.Мұрынға тамшы тамызу бір ізділігі:

Мұрынға /ертінділерді, ұнтақтарды, майларды, эмульсияларды қолданады. Дәрілер мұрынның кілегейлі қабатынан жергілікті тез сіңеді рефлекторлық тітіркендіргіштің әсер етуі ұнтақты мұрынның бір бөлігін қысып, екінші бөлігіне ауа жібергендей сіңіру керек. Талып қалғанда мүсәтір спиртін қолданады. Мұрынға мүсәтір спирті малынған мақтаны иіскетеді.

Ø Дәрінің атын оқыңыз;

Ø Пипетканы дайындаңыз;

Ø Пациентке хабарлап, түсіндіріп келісім алыңыз;

Ø Қолыңызды жуыныз;

Ø Пациентті отырғызып, мұрынның қуысын патологиялық секретінен босатыңыз:

Ø Пипеткаға дәріні сорып алыңыз;

Ø Пациентке басын шалқайтуға, мұрынның қандай бөлігіне дәріні жіберетінің түсіндіріп, сол жаққа қисайтуын сұраймыз;

Ø Мұрынның ұшын көтерініз;

Ø 3–4 тамшыны мұрынның ішіндегі сыртықы шырышты қабатына тамызыңыз;

Ø пациентке мұрынның шеміршегін басып тұруын сұраймыз (екінші жағынан осы процедураны қайталаңыз);

Ø пациенттің қал – жағдайын сұраңыз;

Ø пипетканы дез ертіндісіне салыңыз;

Ø қолыңызды жуыңыз;

13.8.Мұрынға май жіберудің мейіркештік технологиясы.

Ø Дәрінің атын оқыңыз;

Ø Қолыңызды жуыңыз;

Ø Пациентке түсіндіріп келісім алыңыз;

Ø Мақталы турундаларды жасаңыз;

Ø Пациенттің басын шалқайтыңыз;

Ø Мақталы турундаларға 0,5 – 0,7 см майды салыңыз;

Ø Турундаңы мұрынның қуысына салыңыз;

Ø Турунданы алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

13.9.Құлаққа дәріні жіберудің мейіркештік технологиясы.

Ø дәрінің атың оқыңыз;

Ø флакондағы дәріні дене температурасына дейін жылытыңыз;

Ø пипетканы дайындаңыз;

Ø пациентке хабарлап, түсіндіріп, келісім алыңыз;

Ø пациенті қырынан жатқызып, басын енкейтіңіз;

Ø пипеткамен 5 – 6 тамшы дәріні сорып алыңыз;

Ø құлақтың шеміршегін артқа жоғары көтеріңіз;

Ø тамшыны құлағына жіберіңіз;

Ø пациенттің қырынан 10 – 15 минут жатуын сұрайсыз;

Ø пациенттің жағдайын біліңіз;

Ø қолыңызды жуыңыз;

13.10.Дәріні көзге тамызудың мейіркештік технологиясы.

Ø қолыңызды жуыңыз;

Ø пипетканы, стерилденген мақта шариктерді, көз тамшыларын дайындаңыз;

Ø пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз;

Ø пациентті отырғызып басын шалқайтып немесе жатқызыңыз;

Ø оң жақ қолмен дәрісі бар пипетканы ұстап сол жақ қолымен мақта шаригін алып, төменгі кірпігін төмен тартыңыз;

Ø төменгі кірпіктің шырышты қабатына 1 – 2 тамшы жіберіңіз;

Ø пациенттің көзін жабуға сұраймыз;

Ø сыртта қалып қойған дәріні мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø пациенттің жағдайын біліңіз;

Ø қолды жуып құрғатыңыз;

13.11.Ұнтақты қолданудың мейіркештік технологиясы.

Ø дәрінің атына назар аударыныз;

Ø пациентке хабарлап, келісім алыңыз;

Ø процедура жасар алдында пациентті басқа пациенттерден перде арқылы бөліңіз,

Ø қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

Ø ұнтақты салатын жерін марлі дәкемен құрғатыңыз;

Ø ұнтақты біркелкі терінің сыртына салыңыз;

Ø резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

Ø пердені алып тастаңыз.

13.12.Майды теріге жағу

Майды жағуға болады: жұқа түрінде, тану арқылы, уқалау арқылы. Осы тәсілдерді дәрігер тағайындайды.

Майды уқалау арқылы енгізудің мейіркештік технологиясы.

Ø дәрінің атын оқыңыз;

Ø пациентке хабарлап келісім алыңыз;

Ø пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

Ø майды жағатын жерді көріп алыңыз;

Ø қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

Ø аппликаторға керекті мөлшерде майды алып жағыңыз;

Ø май ерігенше айналдыра жағыңыз;

Ø пациентті жылылаңыз;

Ø қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз,

13.13.Майды жұқа түрде енгізудің мейіркештік технологиясы.

Ø дәрінің атын оқыңыз;

Ø пациентке хабарлап келісім алыңыз;

Ø пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Norton шкаласы 4 страница| Су баланссын есептеу 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)