Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су баланссын есептеу 2 страница

Зарарсыздандыру. 3 страница | Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ø майды жағатын жерді көріп алыңыз;

Ø қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

Ø шынылы күрекше немесе шпательмен тубиктан керекті мөлшердегі майды алыңыз;

Ø майды жұқалап теріге жағыңыз,

Ø пациент 10 – 15 минут майды жаққан жерін ашық ұстайды;

Ø пациенттің жағдайын сұраңыз;

Ø резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

13.14.Майды тану арқылы қолданудың мейіркештік технологиясы.

Керекті заттарды әзірлеңіз: стерильденген дәкелер, мақта, бинт, қайшы, шпатель, май.

Ø Майдың атын оқыңыз;

Ø Пациентке хабарлап келісім алыңыз;

Ø Қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

Ø Стерильденген дәкеге шпательмен керектің майдың мөлшерін алыңыз;

Ø Майлы дәкені салатын жеріне салып, оның үстің мақтамен және бинтпен ораңыз;

Ø Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

14.Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу.

Процедура бөлімшесі барлық емдеу мекемелерде болады. Процедура бөлімшесінде әр түрлі диагностикалық және емдеу манипуляцияларды орындайды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, т.б. Процедура кабинеті екі зонаға бөлінеді:таза және болжамды таза. Таза зонада залалсыздандырылған қурал-жабдықтар, қурғақ-ыстық шкаф, тоназытқыштық, дәрілер түратын шкаф болады. Бұл жерге пациенттерге тұруға болмайды. Болжамды таза зонада қалған қурал-жабдықтар болады.

14.1.Процедура бөлімшесіндегі мейіркештің стандарты.

1. Сыртқы келбеті.

2. Мейіркештің әріптестерімен, ата – аналарымен, балаларымен этика және деонтологиясы.

3. Мейіркештің функционалдық міндеті.

4. Асептика, антисептика ережесін сақтау.

5. Дәрілерді топтар бойынша жазып алу, сақтау.

6. “А”- тізіміндегі дәрілердің тәуліктік және бір рет қолданылатын дозалары.

7. Құжаттарды жүргізу.

8. ОЗБ материалдарды дайындау, мерзімін сақтау.

9. Алғашқы қызмет көрсететін дәрілер жинағын дайындау (анафилактикалық шок) т.б.

10. Сан.эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру.

11. Анти – Спид (орауы).

12. Процедура бөлімшесін жабдықтандыру.

13. Биохимиялық, серологиялық және т.б. зерттеуге ескерту жасау.

14. Тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, резус – факторды анықтау.

15. Стериалдық және жұлынды – милық пункция жасау.

16. Бұғана астына салатын катетерді күту.

17. Бұйрықтар.

18. Дәрілермен жұмыс істеу туралы ескерту.

19. Манипуляция жасау туралы ескерту.

20. Өз мамандығын жоғарлату.

 

 

Процедура бөлімшесінің жабдықтары

1. Кушетка

2. Дәрілерді сақтайтын шкаф.

3. Сейф.

4. Тоңазытқыш.

5. Манипуляциялық стол:

Ø стерилденген шариктер

Ø 6 % - асқын тотығындағы пинцет

Ø 70 % спирт

Ø дәрі – дәрмектер

6. Серилденген биксті қоятын стол.

7. Дезинфекциялық ертінділерді қоятын стол.

8. Штативтер.

9. Жинау инвентария.

10. Қолжуғыш.

11. Орамал.

 

Процедура бөлімшесінің құжаттарының тізімі.

1. Дәрілерді тапсыру журналы.

2. Шприцтерді тапсыру және тіркеу журналы.

3. Наркотиктерді тіркеу журналы.

4. Тоңазытқыштың температурасын тіркеу журналы.

5. Бактерицидтық лампаның тіркеу журналы.

6. Қанды сақтау температурасын режимін сақтау журналы.

7. Қанның тобын және Rh – факторын тіркеу журналы.

8. Трансфузиялық орталарды құю туралы тіркеу журналы.

9. Спиртті тіркеу журналы.

10. Қанды ВИЧ – жұқпаға тексеру журналы.

11. Гемотрансфузияның тіркеу журналы.

12. Манипуляцияның тіркеу журналы.

 

Процедуралық мейіркештің жұмыс жоспары.

800 – 815 – Түнгі жұмыс істеген мейіркештен кезекті қабылдап алу.

815 – 830 – Дезинфекциялық ертінділерді дайындау.

830 – 900 – Биохимиялық анализдерді алу.

900 – 930 – Бикстерді ОЗБ апару

930 – 1200 – Жоспарлық операциялар (жансыздандыру) пациенттерді қабылдау, құжаттарды толтыру, қанның тобын тексеру, жаңадан түскен пациенттерді тіркеу.

1200 – 1430 – Дәрігердің нұсқауларын орындау.

1430 – 1500 – Нұсқау қағазынан дәрілерді жазып алу

1500 – 1530 – Жолдама бойынша аға мейіркештен дәрілерді алу.

1530 – 1545 – Кезекті жауапты мейіркешке тапсыру.

 

Анафилактикалық шок жағдайында дәрілер

және жабдықтар тізімі.

1. Адреналин 0,1% №10 амп

2. Норадреналин 0,2 % №5 амп

3. Пипольфен №10 амп

4. Супрастин №10 амп

5. Димедрол 1 % №10 амп

6. Преднизолон 30 мг №10амп

7. Дексаметазон 4 мг № 10 амп

8. Гидрокортизон 5 мл (көк тамырға жіберетін) № 10 амп

9. Эфедрин 5 % ертіндісі № 10 амп

10. Эуфиллин 2,4 % ертіндісі №10 амп

11. Мезатон 1 % ертіндісі № 10 амп

12. Строфантин 0,05 % ертіндісі №5 амп

13. Корглюкон 0,06 % ертіндісі № 5 амп

14. Кофеин 10% ертіндісі №10 амп

15. Кордиамин № 10 амп

16. Глюкоза ертіндісі 40 % ертіндісі № 20 амп

17. Натрий хлор 0,85 % ертіндісі № 20амп

18. Пенициллиназа 1 млн №3амп

19. Оттегі баллоны

20. Жасанды дем жасайтын аппарат

21. Ішкі инфузия жасайтын аппарат

22. Шприцтер 20 мл, 10 мл, 5 мл, 2 мл

23. Жгут

24. Отсос (Сорғыш)

25. Спирт 70 % ертіндісі 100 грамм

26. Скальпель

27. Ауызды кеңейткіш

28. Жастықша (оттегі бар).

 

 

Жедел жәрдем көрсету үшін қолданылатын дәрілер

1. Строфантин, дигоксин, кордиамин

2. Эуфиллин

3. Лазикс

4. Адреналин

5. Дексаметазон

6. Супрастин

7. Атропин

8. Седуксен, реланиум

9. Аминазин

10. Обзидан

11. Лидокаин

12. Инсулин

13. Полиглюкин

14. Глюкоза

15. Физиологиялық ертінді

16. Шприцтер

17. Системалар

18. Спирт

19. Жгут (байлам).

Парентералдық (ас қорыту жолынан тыс)жолмен дәрілерді инъекция арқылы қолданады. Инъекциялық дәрілердің ерекшеліктері: дәріні жіберген де бір тұтастығы бұзылады; арнайлы шприц және ине қолданылады. Инъекцияны тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, сүйекке, қуыстарға, милы қабатына, жұлынға, бездерге, артерияларға жасауға болады. Кейбір инъекцияларды (бұғана асты веналарға, артерияларға, лимфатикалық бездерге, қуыстарға, милы қабатына) дәрігер орындайды. Басқа инъекцияларды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға мейіркеш орындайды.

 
 


Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу күрделілігі:

· дәрінің тез арада әсер етуі;

· дозаның тұрақтылығы;

· бауырға әсер етпеуі;

· пациенттің құсық болған кезінде, дем алуы қиындағанда, сана сезімі болмағанда кедергі болмайды.

 

14.2.Шприцтің құрылысы және сипаттамасы.

Шприцтің құрылысында: циллиндр, поршень, ине болады. Шприцтің көлемі инъекцияның мөлшеріне байланысты; мысалы:

1. тері ішіне – 0,5 мл ертіндіге дейін жібереді.

2. тері астына – 0,5 – 2 мл ертіндіге дейін жібереді.

3. бұлшық етке – 1 – 10 мл ертіндіге дейін жібереді.

4. көк тамырға – 20 мл ертіндіге дейін жібереді.

5. қуыстарға – 20 – 50 мл ертіндіге дейін жібереді.

Қазіргі заманға сай көбінесе бір рет қолданатын шприцтер енгізілген, және Жанэ шприці және инсулин шприцтері бар. Инелердің ұзындығы, диаметрі инъекция салатын жерлермен байланысты. Мысалы:

1. тері ішіне салатын иненің ұзындығы – 15 мм, диаметрі – 0,4 мм.

2. тері астына салатын иненің ұзындығы – 20 мм, диаметрі – 0,4 – 0,6 мм

3. бұлшық етке салатын иненің ұзындығы – 60 – 80 мм, диаметрі-0,8 – 1 мм

4. көк тамырға салатын иненің ұзындығы – 40-60 мм, диаметрі-0,8-1 мм

14.3.Дәріні ампуладан сорып алудың мейіркештік технологиясы.

Ø Бір рет қолданатын шприцті дайындап алыңыз, оны орамынан поршені бар жағынан ашыңыз;

Ø Спирт 70 %, дәріні,шприцті, инені, стерилденген мақта шариктерді, егеуішті дайындаңыз;

Ø Қолды жуып құрғатыңыз, стерилденген резеңке қолғапты киініз;

Ø Ампуланы алып, ақ халаттың қасына әкеліп, атын, мерзімін, түсін анықтаңыз;

Ø Ампуланы стерилденген мақта шаригімен өндеп, егеуішпен егеңіз;

Ø Екінші стерилденген мақта шаригімен төменнен жоғары сүртіп ампуланы ашыңыз;

Ø Ампуланы сол жақ қолдың 2 – 3 саусақтың арасында ұстап, оң қолға шприцті инесімен алып, инені ампуланың ішіне абайлап салып дәріні сорып алыңыз;

Ø Иненің қақпақшасын жауып ауасын шығарыңыз;

Ø Егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, стерилденген лотоққа: стерилденген мақта шариктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, стерилденген дәкемен жауып апарасыз.

14.4.Физиологиялық жансыздандыру әдістері.

Инъекция жасау нәтижесі жансыздандырудан және мейіркештін жұмысынан байланысты:

1. Мейіркеш таза – тиянақты болуы.

2. Процедура бөлімшесінің таза болуы.

3. Нәтижелі медициналық құралдар (ине өткірлігі).

4. Дәріні пациенттің қатынасуынсыз ампуладан дайындап алуы.

5. Инъекцияның орның дұрыс тандап алуы.

6. Пациентке инъекция жасар алдында хабарлау.

7. Тоңазытқышта тұрған дәрілерді бөлме температурасына дейін жылыту.

8. Дәріні абайлап, баяу жіберу.

9. Процедура бөлмесін желдету, уақытымен жинау.

10. Әр түрлі жансыздандыру әдістерін қолдану.

Инъекция жасайтын орындарының жансыздандыруын үш әдіспен орындауға болады:

І әдіс: Саусақпен басу: инъекция жасайтын жерін 10х10 см көлемде спиртпен сүртіп алып, екінші мақта шаригімен терендігі 1 см – ге дейін 10 сек басып тұрады. Содан кейін мақтаны алып, сол жерге дәріні жібереді.

ІІ әдіс: Инъекция жасайтын жерді кең аймақта 10х10 см спиртке малынған шаригімен сүртіп үлкен бас бармағымен және екінші саусағымен теріні тереңдігі 1 см – ге дейін 2 – см – ге тартады да орның екінші спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп инъекция жасайды.

ІІІ әдіс: Осы әдіс бойынша шынылы немесе пластмас трубкаларды қолданады (көбінесе инелердің қақпақшаларын қолданады). Жалпы және жергілікті аймақта спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп трубканы тереңдігі 1 см – ге дейін 10 секунд басып соның ішіне инені салып дәріні жібереді, содан кейін инені, трубкамен қоса алып тастайды.

14.5.Тері ішіне ине салу әдісінің мейіркештік технологиясы.

Тері инъекцияны диагностикалық мақсатпен жасайды: мысалы: туберкулин - Манту реакциясын аллергиялық пробаларды. Инъекция жасайтын орны – қолдың ішкі ортаңғы бөлігі. Дәріні терінің эпидермальдық қабатына 0,1 – 1 мм – ға дейін ертіндіні жібереді.

Ø Антибиотигі бар флаконды, инъекцияға арналған суды, стерилденген мақта шариктерін, 70 % спирт, резенке қолғап, сызғыш және 1 мл – лық шприц дайындаңыз;

Ø Антибиотикті инъекциялық сумен немесе физиологиялық ертіндісімен (100 000 Б – 1 мл – ге) ерітіңіз;

Ø Шприцпен 0,1 мл антибиотик ерітіндісін сорып алыңыз;

Ø Ине салатын орның спиртке малынған мақта шаригімен кең және жергілікті аймақты екі рет сүртіңіз;

Ø Спирт құрғағанша тосыңыз;

Ø Сол қолыңызбен теріні тартып, оң қолыңызмен шприцті иненің тесігі жоғары қарап тұрған бойы терінің ішіне 1 мм – ге дейін кіргізіңіз;

Ø Ине салған жерде “лимон сырты” тәрізді түйме пайда болады;

Ø Мақта шаригін алмай инені алыңыз;

Ø 30 мин-тан кейін сынакқа сипаттама беріңіз;

Ø егер гиперемия 0,5 см артық болса, онда сынақ оң, антибиотикті қолдануға болмайды, егер 0,5 см кем болса, онда сынақ күдікті болады, қалыпты жағдайда ешқандай реакция болмау керек;

Ø қолданған шприцпен инені контейнерге жою үшін салыңыз.

 

 

14.6.Дәріні тері астына енгізудің мейіркештік технологиясы.

Әзірлеңіз: 2 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток.

Салатын орындары: иықтың сырқы жоғарғы бөлігі, санның алдынғы жағы, жауырынның асты, кіндіктің сол жақ және оң жақ аймақтары.

Ø Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

Ø Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø Сол қолмен теріні жиырып жоғары тартып, оң қолмен шприцті алып ине тесігін жоғары қаратып, бұрышы 450 2/3 бөлігіне салыңыз;

Ø Сол қолды босатып, поршенді ұстап, оң қолмен дәріні жіберіңіз;

Ø Дәріні жібергеннен кейін үшінші спиртке малынған мақта шаригін ине үстіне қойып шприцпен инені суырып алыңыз;

Ø Мақта шаригін 2 – 3 минутқа ұстауын пациенттен сұраймыз;

Ø Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

 

 

       
 
 
   

 


 

 



14.7.Дәріні бұлшық етке енгізудің мейіркештік технологиясы.

Салатын орындары: иықтағы дельта бұлшық еті, санның алдыңғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер біртіндеп қанға сіңеді, әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан өтіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80 мм болу керек.

Инъекция жасар алдында пациентке мағынасын түсіндіріп, аллергоанамнезін анықтаймыз және ине салатын орның дайындаймыз.

Әзірлеңіз: 5 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток.

Ø Қолды жуып, стерилденген резенке қолғапты киіңіз;

 

Ø Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

Ø Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø Теріні 1 – 2 сол жақ қолдың саусағымен тартыңыз, шприцті 900 бұрышпен 2/3 ұзындығына жіберіңіз;

Ø Шприцте қан жоқтығын анықтаңыз;

Ø Дәріні баяу жіберіңіз;

Ø Үшінші мақта шаригін ине үстіне қойып шприцтен инені суырып алыңыз;

Ø Пациенттен мақта шаригін 2 – 3 минут ұстауын сұраңыз;

Ø Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Ø Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

Ескерту: егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз. Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, бір сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе иодтық сетка жасаңыз


14.8.АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕЗУ ӘДІСТЕРІ.

Антибиотиктерді езудің 2 тәсілі бар. Антибиотиктерді стерилденген су ертіндісімен немесе физиологиялық ерітіндісімен езеді.

Бірінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1мл. 100000 Б антибиотик болады. Сол себебтен 1: 1 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып.сыртындағы мөлшерін /бірлігін/ оқыңыз. Мысалы – 600.000 Б.

2.Енді оны езу үшін керекті физиологиялық ерітіндісінің мөлшерін санап табыңыз. Оны есептеу үшін.флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 100.000 бөлуіміз керек. Мысалы:600.000: 100.000 — 6 мл. физиологиялық ерітіндісі керек.

3.Сөйтіп, 1:1 әдіс бойынша жаңағы флаконға 6 мл. физиологиялық ерітіндісін құямыз.

4.Керекті мөлшерді санап табу. Бұл ертінділерінің әр бір мл. -100 000 Б антибиотик бар. 2мл – 200 000 Б антибиотик бар.3мл – 300 000 Б антибиотик бар. Мысалы, бізге 250.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 2,5 мл езілген ерітіндіні сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорыпалу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген ерітінділерін сорып аламыз. Бізге 500.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз.

Екінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр бір мл.200000 Б антибиотик болады. Сол себебтен 1: 2 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып сыртындағы мөлшерін /бірлігін/ оқыңыз.

Мысалы – 600.000 Б.

2.Енді оны езу үшін керекті ерітінділірін мөлшерін санап табуымыз керек. Оны есептеу үшін, флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 200.000 бөлуіміз керек. Мысалы: 600.000: 200.000 – 3 мл. ерітіндісі керек.

3.Сөйтіп, 1:2 әдіс бойынша жаңағы флаконға 3 мл. ертіндісін құямыз. Енді осы ерітіндінің әр бір мл. - 200.000 Б антибитик болады.

4.Керекті мөлшерді санап табу. Бұлардың әр бір мл. – 200 000 Б антибиотик бар. 2мл – 400 000 Б антибиотик бар.

3мл – 600 000 Б антибиотик бар.

Мысалы, бізге 200.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 1 мл езілген ерітіндісін сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу керек.

Ол үшін біз шприцке 1,5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз. Бізге 600.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген ертіндісін сорып аламыз.

14.9.Көк тамырға дәріні енгізудің мейіркештік технологиясы

Жедел түрде көмек көрсету үшін кейбір жағдайда көк тамырға дәріні жібереді. Көбінесе шынтақтың ішкі жағындағы тамырларға жібереді.

Әзірлеңіз: 20 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска.

Ø Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

Ø Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

Ø Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

Ø Шприцке дәріні сорып дайындап алыңыз;

Ø Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

Ø Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

Ø бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;

Ø пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

Ø дәріні жайлап жіберініз;

Ø үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз;

Ø пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

Ø пациенттің жағдайын қадағ алап отырыңыз;

Ø Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Ø Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

14.10.Система арқылы көк тамырға сұйықтықтарды енгізудің мейіркештік технологиясы

Әзірлеңіз: бір рет қолданатын система пакеті, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска, лейкопластырь, пинцет.

Ø Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

Ø Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

Ø Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

Ø Дәрісі бар флаконды дайындап алыңыз;

Ø Дәрісі бар флаконның сыртындағы қағазына қарап атын оқыңыз, мерзіміне түсіне назар аударыңыз;

Ø Флаконның сыртқы қақпақшасын спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен сүртіп пинцетпен ортасын ашыңыз;

Ø Тағы да спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен резеңке үстін сүртіп алыңыз;

Ø Системасы бар пакеттің мерзімінің, тұтастығын тексеріңіз;

Ø Қайшымен пакетті кесіп системаны алыңыз;

Ø Иненің қақпақшасын шешіп флаконға кіргізіп ауа шығаратын тесігін ашыңыз;

Ø Флаконды штативке бекітіңіз:

Ø Тамшылатқышты көлденен қойып, ортасына дейін сұйықтықты толтыру үшін бұрандыны ашыңыз;

Ø Бұрандысын жауып тамшылатқышты қалпына келтіріңіз;

Ø Бұрандысын ашып бүкіл системаға сұйықтықты жіберіп ауасын шығарыңыз;

Ø Бұрандысын жауып, иненің қақпақшасын кигізіп щтативке іліп қойыңыз;

Ø Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

Ø Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 483 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Су баланссын есептеу 1 страница| Су баланссын есептеу 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.083 сек.)