Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су баланссын есептеу 3 страница

Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ø Бірінші теріні, екінші венаны тесіп қанның бар екенін анықтаңыз;

Ø Пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

Ø Системаның бұрандысын ашып тамшыны жайлап жібереміз;

Ø Инені лейкопластырмен бекітіп, стерилденген дәкемен жауып қойыңыз;

Ø пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

Ø система аяқталған кезде бұрандысын жауып лейкопластырды алып тастаңыз;

Ø үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып инені суырып алыңыз;

Ø пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

Ø Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Ø Системаны контейнерге жою үшін тастаңыз;

Ø Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

14.11.Майлы ертінділерді енгізу ерекшеліктері

(20 % камфора ертіндісін енгізу).

Ø Камфора майлы ерітінді болғаннан кейін қатаң түрде тері астына енгізіледі.

Ø Енгізу алдында ертіндіні ыстық суға салып, температурасын – 370- қа дейін жылытады.

Ø Тері астына, бұлшық етке салатын инемен енгізеді.

Ø Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.

Ø Егер қан болса онда салуға болмайды.

Ø Дәріні жібергеннен соң 1 сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.

14.12.25 % - 10 мл магний сульфат ертіндісін енгізу ерекшелігі.

Ø Магний сульфат ертіндісін бұлшық етке жіберетін иненің ұзындығы 80 мм – ге дейін.

Ø Пациентке дәрінің ауыр әсерін хабарлау керек.

Ø Дәріні жайлап, баяу жібереді.

Ø Дәріні жібергеннен соң 1 сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.

14.13.10% - 10 мл кальций хлорид ертіндісін енгізу ерекшелігі.

Ø Кальций хлоридті тек қана көк тамырға жібереді.

Ø Дәрі жіберер алдында пациентті ыңғайлап жатқызады.

Ø Дәрінің қандай ауыр әсері бар екенің пациентке хабарлайды.

Ø Егер пациенттің жағдайы дәріні жіберіп жатқанда нашарлай бастаса, терең дем алғызып, терезені ашып, нашатыр спиртін иіскетеді.

Ø Дәрі тері астына кетпеу үшін мейіркеш қадағалап отырады.

14.14.Бициллинді енгізу ерекшелігі.

Ø Бициллин – антибиотикке еріндіні қосқанда суспензия тәрізді болады.

Ø Бициллинді пациенттің көзінше ерітіп тез арада енгізеді.

Ø Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.

Ø Егер шприцте қан болса, онда басқа жерге салады.

14.15.Инсулинді енгізу ерекшелігі.

Инсулиннің әсері қандағы қанттың мөлшерін төмендетуге бағытталған. Инсулин флаконмен шығарылып, бөлшекпен есептеледі. 1 мл инсулинде – 40 бөлшек, кейбір инсулинде 80 бөлшек болуы мүмкін. Инсулинді тоңазытқышта, температурасы +100С сақтайды. Инъекция жасар алдында 2 сағат бұрын инсулинді тоңазытқыштан алып бөлме температурасына дейін жылытады. Инсулинді салатын жерлері: иықтардың ортаңғы сыртқы бөлігі, жауырын асты, санның алдыңғы жақтары, іштің аймағы.

Ø Инсулин жасар алдында бір рет қолданатын шприцті инесімен, инсулині бар флаконды, стерилденген мақта шариктерді, 70 % спирт, пинцет, резенке қолғапты әзірлеңіз;

Ø Флаконды оқып, тұнықтығын, қолдану мерзімін тексеріңіз.

Ø Флаконды араластырыңыз.

Ø Пинцетпен флаконның сыртқы темір қақпақшасын спиртпен сүртіп ашыңыз.

Ø Инсулин шприцін дайындаңыз.

Ø Флаконның резеңке жағын спиртпен сүртіңіз.

Ø Шприцке қанша бөлшек инсулин керек болса, сонша ауа сорып алыңыз.

Ø Ауаны флаконға жіберіңіз.

Ø Флаконды төңкеріп қанша ауа болса, сонша инсулин сорып алыңыз

Ø Пациентке хабарлап түсіндіріңіз.

Ø Салатын жерін дайындаңыз.

Ø Инсулинді тері астына салыңыз.

Ø Инсулинді салғаннан кейін 20 – 30 минут ішінде пациентке тамақ ішуін айтыңыз.

Инсулинді липодистрофия асқынуының алдын – алу үшін, ине салатын ауыстырып отырады. Ине салатын жерін спиртпен сүрткеннен кейін, спирт кепкенше тосады.

14.16.Инъекция жасағаннан кейінгі болатын асқынулар.

1. Инфильтрат – қатаюуы.Тіннің жасушаларының механикалық жарақаттану орнында белсенді ыдырауы. Себебі: инъекция топас инемен жасалған, қысқа ине қолданған, жіберген дәрінің тітіркендіргіш қасиеті, бір жерге қайта – қайта инъекция жасағаннан кейін, асептика ережесін сақтамағандықтан. Инфильтратты кетіру үшін жылытқыш, жылы қыздырма компресс, физио терапиялық ем қолданады.

2. Абсцесс – жұмсақ тіндердің іріндеуімен қуыстың пайда болуы, көбінесе асептика ережесінің бұзылуымен байланысты. Мұндай жағдайда тек қана хирургиялық кірісулер керек.

3. Дәрілік эмболия – майлы немесе суспензиялық ертінділердің тамырға барып оның қуысын жабады. Инъекция жерінде ауырсыну, қызару, ісіну, жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер майлы эмбол өкпе тамырларында болса, пациентте ентігу, басылмайтын жөтел, көгеру, кеудесінің қысылуы дамиды. Бұл асқыну пациентті өлімге шалдықтыруы мүмкін. Дәрілік эмболияның алдын – алу үшін инъекция жасайтын жерлерін ауыстырып және салар алдында тексереді. Майлы дәрілерді салғаннан кейін шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар – жоғын тексеріп отырады.

4. Ауа эмболиясы – көбінесе көк тамырға инъекция жасағаннан кейін дамиды. Белгілерідәрілік эмболиясына ұқсайды, бірақ тез арада басталады. Ауа эмболияның алдын – алу үшін шприцтен ауаны шығарып, қадағалап отырады.

5. Нерв талшықтарының зақымдануы – мейіркеш бұлшық етке ине салу ережесін білмегендіктен, жамбастың төменгі бөлігіне салады. Сол себептен нерв талшықтары зақымданып пациентте “ишиас” ауруы пайда болады.

6. Венаның жарылуы – қарт және егде жастағы паиценттерде, венаның жекелік қасиеттерінің бұзылуынан дамиды.

7. Тромбофлебит – бір венаны қайта – қайта тескеннен тромб пайда болады да, қабыну дамиды. Белгілері: жергілікті ауырсынуы, терінің қызаруы, венаның ісінуі. Мұндай асқынуда гепарин майын жұқа түрінде 8 сағатқа жағып, содан кейін жылы сумен жуып, ромашка тұнбасымен компрессті 8 сағатқа қояды. Осы процедураны 4 – 5 күн жасайды.

8. Некроз (өліеттену) – дәрі тері астына кетіп тіндерді өлі еттендіреді. Көбінесе 10% кальций хлорид ертіндісін дұрыстап салмағандықтан дамиды. Мұндай жағдайда инені алмай, поршенді өзінізге қарай тартып, 0,25 % новокаин ертіндісін сол инеге 1 – 2 мл жібереді. Өліет пайда болған орнын 0,25 % новокаин ертіндісін тері астына жан – жағына айналдыра жібереді.

9. Гематома – мейіркештің іс - әрекетінен байланысты. Венаға дәріні дұрыстап жібермегеннен дамиды. Тері асты ісініп, көк дақ пайда болады. Гематома пайда болған жеріне мұздатқышты қояды, келесі күні жылы спирттық компресс жасайды.

10. Сепсис – көк тамырға инъекция жасағанда залалсыздандырылмаған ертінділерді енгізуден, асептика және антисептика ережесін бұзғаннан ауыр түрде өтетін жұқпа.

11. Аллергиялық реакциялар – кейбір дәрілерді жібергенде есекжем, Квинке ісігі, конъюктивит, ринит, ең соңғыда анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Сондықтан мейіркеш міндетті түрде пациенттің аллергологиялық анамнезін жинауы және аллергологиялық сынақтарды жасау керек.

Парентералдық жолен дәрілерді енгізгенде болатын ақынулар

Бұлшық етке ине алғаннан кейінгі ақынулар Тері астына ине салғаннан кейінгі асқынулар Көк тамырға салғаннан кейінгі асқынулар
Майлы эмболиясы Майлы эмболиясы Ауа эмболиясы
Аллергиялық реакция Аллергиялық реакция Аллергиялық реакция
Гематома Гематома Гематома
Инфильтрат Инфильтрат Сеспсис
    Тромбофлебит
Нервтық түйіннің зақымдануы   Флебит
Иненің сынуы   Некроз

Бақылау сұрақтары мен тапырмалары

1. Дәрілірді енгізу жолдарын атап шығыңыз?

2. Дәрілерді қолдану тәсілдерін түсіндіріңіз?

3. Дәрілерді сақтау ережелерін айтып беріңіз?

4. Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу тәсілдерін тізіп беріңіз?

5. Тері ішіне ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

6. Тері астына ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

7. Бұлшық етке ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

8. Антибиотиктерді қолдану ережелерін атап шығыңыз?

9. Көк тамырға ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

10. Инсулинді қолдану ережесін түсіндіріңіз?

11. Бициллинді қолдану ерекшелігін атап шығыңыз?

12. Майлы ертінділерді енгізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз?

13. Система құру әдісін айтып көрсетіңіз?

14. Инъекциядан кейін болатын асқынуларды тізіп беріңіз?

 

КЛИЗМАЛАР

 

Клизма дегеніміз төменгі тоқ ішектің бөлігіне әртүрлі сұйықтықтарды құю арќылы орындалатын емдеу- диагностикалық манипуляциясы.

Мақсатына қарай емдеу клизмалар екі түрге бөлінеді:

- тазарту және босањсыту клизмалары

- дәрілік және емдеу клизмалары.

Тазарту клизмасын жасағандағы құйылған сұйықтық механикалық, температуралық, химиялық әсер етуі, ішектің жұмысын күшейтіп, нәжісті шығарады, егер сұйықтықты көп қолданса механикалық әсері күшейе т‰седі. Сұйықтықтың температурасы да ішектіњ механикалыќ ж±мысына әсер етеді. Мысалы, атоникалық дәрет тұрып қалғанда жылы немесе ыстық клизма қолданады (+ 370-400-420 С).

 

15.1.Тазарту клизмасын жасаудыњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: нәжістік массаны жєне газдарды шығару.

Көрсеткіштері:

Ø пациенттерді рентген зерттеуі алдына.

Ø пациенттерді эндоскопиялық тексеріс алдында.

Ø дәреті тұрып қалғанда, дәрі және ќоректік клизмалары алдында.

Ø операцияѓа дайындауда және босанудын алдында.

Кµрсетілмейтін жағдайлар:

Ø ас қорыту, ішек органдарынан қан кеткенде

Ø тоқ ішектің, тік ішектің өткір қабыну және жаралық процесстерінде

Ø тік ішектің қатерлі ісігінде.

Ø тік ішектің

Жабдықтар: стерильденген лоток, түтікше, дәкелер, пинцеттер, Эсмарх кружкасы, штатив, клеенка, жөргек, 1,5 л су, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс, судно, су термометрі, вазелин, шпатель.

Арнайы киім: латекстық қолғап, медициналыќ халат, клеенкалы фартук, ауыстыратын аяқ киім.

Ескерту: жіберетін су температурасы су термометрі көрсеткішіне сәйкестену керек.

Ø атониялық дәрет тұрып қалғанда 120-200С

Ø спастикалық дәрет тұрып қалғанда 370-400-420С

Ø дәрет тұрып қалғанда 200-250 С.

1.Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, жекелеп жағдай жасаңыз.

2. Процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

3. Халат, клеенкалы фартук, қолғаптарды киіңіз.

4. Эсмарх кружкасына 1,5 -2 л суды құйыңыз.

5. Эсмарх кружкасын штативке іліңіз.

6. Түтікшеге вазелин майын жағыңыз.

7. Бұранданы ашып, желді шығарыңыз.

8. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне қарай тартқызыңыз.

9. Пациенттіњ жамбасының астына клеенка, үстіне дәкі салыңыз.

10. Жамбасын итеріп, сол жақ қолының 1-2 саусағымен, оң жақ қолымен тік ішекке түтікшені жіберп, ең бірінші 3-4см кіндікке қарай, содан кейін 8-10см омыртқаның жотасына жайлап баѓыттап жіберіңіз.

11. Бұранданы ашып, сұйықтықты жіберіңіз.

12. Пациент ішімен демалуы қажет.

13. Бұранданы жауып, жайлап түтікшені алып, лотоққа салыңыз.

14. Пациент 10 мин. арқасымен жатып, сосын дәретханаға жіберіңіз.

15. Түтікшені, қолғап, фартукты дезерітіндіге салыңыз.

16. Халат, қолғап, фартукты айырбастаңыз.

17. Пациенттің жыныс м‰шелерін жууға көмектесіңіз.

15.2.Сифондық клизма жасаудыњ меіркештік технологиясы

Егер тазарту клизмасы көмектеспесе, ішекті жуу үшін сифон клизмасы қолданылады. Сифондық клизманы жасағанда сұйықтықпен қоса газдар,сұйық нәжістер, нәжістік тастар шығады. Пациенттерге бұл процедура ауыр тиеді, сондықтан клизма жасағанда жалпы жағдайын қадағалап отырып, дәрігердің қатысымен жасау керек.

Керекті жағдай: ішекке сифон клизмасын жасағанда сұйықтық қанша енгізілсе, сонша сыртќа шығуы керек.

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөліктеріндегі нәжісті, газдарды шығару.

Көрсеткіштері: тазалау клизманы жасағанда нәтижесінің болмауы.

- улы заттарды шығару;

Жабдықтар: шыны трубкамен жалғасқан стерильденген жуан резењке зонд, лоток, вазелин майы, воронка (1 литрлік), латекстік қолғап, 10-12 л су, ожау (1 литрлік), сұйықтықты құятын ыдыс, клеенка, үлкен жөргек, дәкелер.

Ø Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, пациентті жекелеңіз.

Ø Пациентке мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

1. Халат, клеенкалы фартук, латекстік қолғап кию.

2. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тарту.

3. Жамбасына клеенка және жөргек салу.

4. Системаны дайындап, зондтың т±йыќ жағына вазелин майын 30-40 см бойы жағу керек.

5. Екі жамбасының аралығын ашып, зондты 30-40см тереңдікке жіберу.

6. Воронканы зондқа жалғап, пациенттіњ дене деңгейіне кішкене қисайтып ұстап 1 литр су құю.

7. Воронканы жоғары көтеріп суды түбінен қалдыру керек.

10.Воронканы түсіріп, сұйықтықты төгіп, қайтадан осы процедураны жүргізу, кемінде 10-12 л су құю керек.

11.Зондты жайлап алып, дезинфекциялыќ ертіндісі бар ыдысқа салу.

12.Тік ішектің кірер ауызын жуу.

13.Қолғапты, фартукты, халатты шешіп, дезинфекциялыќ ертіндісі бар ыдысқа салу.

15.3.Гипертониялық клизма жасаудыњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: ішекті жақсы босањсыту.

Көрсеткіші: ісіктер.

Қолданбайтын жағдайлар:

Ø Төменгі тоқ ішектегі өткір қабыну және жаралық процестер;

Ø тік ішектің маңайынының жарылуы.

Жабдықтар: стерилденген резењка баллон, немесе Жане шприці, жел шығаратын түтікше, 10% натрий хлорид ерітіндісі 100-150 мл немесе 20 – 30% - магний сульфат ертіндісі 100 – 200 гр, латекстық қолғап, вазелин, лоток, клеенка, үлкен жөргек, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, келісімін алу.

2. Дәріні(суға)38-400С дейінгі жылыту.

3. Резењке баллонға 100 (200 мл) жылы ерітінді сорып алу.

4. Пациентті сол жақ қырына жатқызып оң жақ аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тарту.

5. Халат, қолғаптарды кию.

6. Пациенттің жамбасына клеенка және үлкен жөргек салу.

7. Жамбасының арасын ашып, жел шығаратын түтікшені 20-30см ішекке кіргізу.

8. Түтікшеге резењке баллонды жалғап, жайлап дәріні енгізу

9. Баллонды алып, содан кейін түтікшені алу.

10.Қолданған жабдықтарды дезинфекциялыќ ерітіндіге салу.

11.Дәріні 10-20 мин ұстап т±ру керектігін екенің пациенттің есіне салу.

12.Процедура дұрыс өткеніне көз жеткізу.

13.Тік ішектің айналасын жуу.

14.Қолғапты дезинфекциялыќ ерітіндіге салу, қолды жуу.

 

15.4.Майлы клизма жасаудыњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: нәжістерді, газдарды шығару.

Көрсеткіштері:

Ø іш құрылысына операция жасағаннан кейін, босанғаннан кейін 1 ші күндері.

Ø Тазарту клизмасы нәтижесіз болса.

Қолданбайтын жағдайлар:

- асқазан ішектең қан кеткенде

- тік ішектің қатерлі ісігінде

- тік ішектің түсуінде

- тоқ ішектің жараларында.

Жабдықтар: стерильденген резењке баллон, өсімдік майлары 50 – 100 гр, 37 – 380С дейін жылытылған, жел шығаратын түтікше, лоток, латекстік қолғап, таңу материалдары, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс.

Ескерту: майлы клизмадан кейін пациент бірнеше сағат жату керек.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.

2. Процедураға келісімін алу.

3. Резењке баллонға 100 мл (200) жылы майды сорып алу.

4. Жел шығаратын түтікшені вазелин маймен жағып, баллонды және түтікшені лотокқа салу.

5. Пациентке сол жақ қырына жатуына көмектесу.

6. Қолғапты кию.

7. Екі жамбасының арасын ашып жел шығаратын түтікшені 20-30см кіргізеді.

8. Түтікшеге баллонды жалғау, жайлап майды жіберу.

9. Баллонды қысылѓан к‰йі шығарып алу.

10.Баллонды ауамен толтырып, түтікшеге жалғап, жайлап ауаны жіберу.

11.Баллонды қысқан бойы шығарып алу, содан кейін жел шығаратын түтікшені шығару.

12.Жел шығаратын түтікшені, баллонды, лотокты дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

13.Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ерітіндіге салу.

14.Пациентті ыңғайлы жатқызып клизманыњ әсері 10-12 сағаттан кейін болатынын түсіндіру керек.

15.5.Тамшы клизма жасаудыњ мейіркештік технологиясы

Кейбір ауруларда пациенттер тағамды ауызбен ќабылдай алмайды.

Сондықтан таѓам тік ішек арқылы енгізділеді. Тоқ ішектің төменгі бөлігіне тек қана су, натрий хлорид ерітіндісі, глюкоза, спирт, жартылай белоктар аминоқышқылдар сіњеді. Ќоректік клизманың көлемі 200-250 мл аспауы керек. Ішекті жақсы ұстау үшін тағамға 5-10 тамшы опий т±ндырмасын қосады. Ќоректік клизманы күніне 1-2 рет жасауға ғана р±ќсат етіледі, себебі, ол тік ішекті тітіркендіреді. Егер м±ндай жағдай болса, бірнеше күнге үзіліс жасау керек.

Ќоректік клизманы тамшы әдісімен жасау керек, себебі мынадай артықшылыќтары бар:

- тамшы жіберілген сұйықтық тез сіңеді.

- Ішек созылмайды

- Ішектің перисталтикасын туѓызбайды

- Жел шығаруына кедергі жасамайды

- Ауыртпайды.

Мақсаты: дәріні тік ішек арқылы жіберу және сіңуін қамтамасыз ету.

Көрсеткіші: адам аѓзасына көп көлемде сұйықтықтарды енгізу.

Егер пациент ауызыарќала тамақ ќабылдай алмаса осы әдісті қолданады.

Қолданбайтын жағдайлар:

- асқазан ішектен қан кетуінде

- тоқ, тік ішектерінде өткір және жаралық процестер болса

- қатерлі ісіктерде

- тік ішектің маңайынының жарылуында.

Жабдықтар: стерильденген түтікше, лоток, вазелин, дәрілер, латекстіқ қолғап, система, штатив, клеенка, үлкен жөргек, су термометрі, 400-500С температурасындаѓы жылытқыш.

Ескерту: тамшы клизмасын тазарту клизмасынан кейін 30-40 минуттан кейін жасау керек.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру.

2. Дәрі бар флаконды суы бар ыдысқа салып, су термометр арқылы 400-420С дейін жылыту.

3. Системаны дайындап, грелкаға орап бекіту керек.

4. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне тарту керек.

5. Түтікшені вазелин майымен жағып дайындау.

6. Қолғапты кию.

7. Пациенттің жамбасына клеенка, үлкен жөргек салу.

8. Системаны дайындау (тамшылығы минутына 60-80 рет болуы керек).

9. Екі жамбасының арасын ашып түтікшені 20-30 см кіргізу.

10.Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

11.Процедура бітер алдында қолғапты киіп, бұранданы жауып, түтікшені шығару керек.

12.Пациенттің тік ішегін өњдеу.

13.Түтікше мен лотокты дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

14.Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

15.6.Жел шығаратын түтікшені қолданудыњ мейіркештік

Технологиясы

 

Жел шығаратын түтікшені іштің тырсылдағанында (метеоризм) қолданады.

Мақсаты: ішектен газдарды шығару.

Көрсеткіші: метеоризм.

Қолданбайтын жағдайлар:

- ішектен қан кетуінде;

- тік ішектің түсуінде;

- тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;

- тік ішектің қатерлі ісігінде;

- тромбоцитопенияда;

Жабдықтар: стерильденген жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.

Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.

1.Осы процедураға пациенттен келісімін алу.

2. Пациентті пердемен кµлегейлеу.

3. Пациентті сол жақ қырына керуерттің шетіне қарай тізесін бүгіп жатқызу.

4. Қолғапты кию.

5.Жамбасының астына клеенка, үстіне үлкен дәкені салу.

6 Орындықтың үстіне суы бар судноны қою.

7. Түтікшені вазелин майымен жағу (20-30 см бойымен).

8. Екі жамбасының арасын ашып, түтікшені 20-30 см терењдігіне енгізу.

9. Түтікшенің бос жағын суға салу.

10.Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

11. Қолғапты кию.

12. 1 сағаттан кейін түтікшені шығарып алу.

13.Түтікшені дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

14.Тік ішектің маңайын өњдеу және вазелин майы жағылған дәкіні салу.

15.Клеенкамен дәкені алып қапшыққа салу.

16.Қолғапты шешіп, дезинфекциядлыќ ерітіндіге салып, қолын жуып құрғату.

15.7.Асқазанды жуу

Мақсаты: асқазан ішін өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалау әдісін жүргізу.

Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрілермен, тамақпен улану, ішек түйіліп қалуында.

Қолданбайтын жағдайлар: Асқазаннан қан кетуде, жараларында, өңештің жіңішкеруінде, демікпеде, жедел инфаркт ауруында, жедел инсульта.

Жабдықтар: лоток, шынылы құйғыш (воронка) 0,5-1 л сиымдылығымен, 2 жуан зонд, шынылы трубка зондтарды жалғайтын, 10 л бөлметемпературалы су, ожау, леген (сүйықтықты құйятын), клеенкалы екі фартук, мәрліленген дәкелер, құрғақ хлор єгі, латекстық қолғап.

Ескерту: зондты жібергенде асқазанға кедергісіз өткенін тексеріп отыру ќажет.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Су баланссын есептеу 2 страница| Су баланссын есептеу 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)