Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су баланссын есептеу 4 страница

Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница | Су баланссын есептеу 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

2. Керекті жабдықтарды дайындау.

3. Фартукты кию.

4. Қолды жуып, құрғатып, қолғапты кию.

5. Пациентті орындыққа отырғызып, басын алдына қарай кішкене еңкейту.

6. Екі аяғының ортасына легенді қою.

7. Пациентке фартук кигізу.

8. Зондпен мұрын ±шынан бастап құлақ ±шына дейін, содан кейін кіндікке дейін өлшемдерді алу.

9. Зондтарды шынылы трубкамен жалғастыру.

10. Зондтың соњы ±шын жылы суға салу.

11. Пациенттің ауызын ашып, зондты оң жақ қолына алып (ұзындығы 10 см), жұтқыншаққа қарай кіргізу.

12. Пациентке ж±тыну арќылы зондты асқазан денгейіне дейін жұтќызттыру (зондта белгісі бар).

13. Зондқа құйғышты жалғап, асқазаннан төмен және кішкене қисайтып түсіру.

14. Құйғышқа суды құю.

15. Жайлап құйғышты пациенттің ауызына 25-30 см көтеру.

16. Құйғыштың түбінде су қалу керек.

17. Қайтадан құйғышты пациенттің тізесінен төмен түсіріп, ішіндегісін төгу.

18. Су тазарѓанѓа дейін осы процедураны бірнеше рет қайталау керек,.

19. Зондты жайлап алып, құйғыш екеуін дез ертіндіге салу.

20. Пациентке ауызын сумен шайѓызу, ауыз маңайын дәкелермен сүрту.

21. Физикалыќ, психикалық тыныштыќты қамтамасыз ету.

22. Асқазанның ішіндегісін (200мл) лабороторияға жіберу.

23. Асқазан ішіндегі ќалдыќты 1:5 қатынасындаѓы хлор єкпен өњдеу құрал-жабдықтарды, күтім заттарын, қолғаптарды дез ертіндімен өњдеу.

15.8.Құсық болған кезде көмек көрсету

Егер пациенттің сана сезімі айќын болса:

1. Пациентті отырғызып, клеенкамен жабу.

2. Орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қою.

3. Дәрігерге хабарлау.

4. Қ±сып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұру.

5. Қ±сқан сайын ауызын шайғызып отыру.

6. Қ±сықты дәрігерге көрсету.

Егер пациент әлсіз болса, немесе сана сезімі айќын емес жаѓдайда болса:

1. Пациентті қырымен жатқызу немесе басын жанына ќарай бұру.

2. Жедел түрде дәрігер шақыру.

3. Жастықты алып тастау.

4. Тіс протездерін (егер бар болса) алып тастау.

5. Клеенкамен мойынын, кеудесін жабу.

6. Ауызына лоток қою.

7. Электроотсоспен немесе резењке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алу.

8. Ауызды, құсық шыққан сайын, өњдеу, күту.

Ескерту: жекелік мейіркештік постымен қамтамасыз ету.

15.9.Қуыққа катетер енгізудіњ мейіркештік технологиясы

Катетеризация дегеніміз - қуыққа катетер енгізу. Катетерлеу емдеу және диагностикалық мақсатпен жүргізіледі және қуықты жуу үшін қолданылады.

Катетер қолданғанда инфекция жайылмауы үшін асептика шараларын қолдану керек. Катетерді тек қана керекті жағдайларда ќолданады.

Қуықты екі маќсатпен жуады:

- механикалық мақсатпен (тастарды, іріњді шығару)

- эндоскопиялық тексерістер жүргізер алдында.

Әйелдерге катетер енгізудегі мейіркештің технологиясы.

Мақсаты: зәрді қуықтан уақытымен шығару.

Көрсеткіштері: зәрдің өткір тұрып қалуы.

- қуықты жуу және дәрілерді жіберу.

- Зәр жолдарының операцияларының кейінгі кезенњдері.

Қолданбайтын жағдайлар: қуықтың жарылуында.

Жабдықтар: стерильденген катетер, екі пинцет, лоток резењке қолғап, фурацилин ерітіндісі 1:5000, вазелин майы, зәрді жинайтын ыдыс, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жуу үшін қолданатын антисептикалық ерітінді.

Ескерту: катетер енгізгенде қатањ түрде асептика ережесін сақтау керек, процедураны фельдшер немесе тәжірибелі мейіркеш жасайды.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, пациентті жекелеу, процедураның мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолғапты кию.

3. Пациентті шалқасына жатқызып, аяқтарын ашу (тізесі бүгілген к‰йде).

4. Жамбасының астына клеенка жөргек салу, үстіне судноны қою.

5. Қуықты жуу үшін керекті жабдықтарды дайындау.

6. Пациенттің жыныс м‰шелерін жуу және құрғату.

7. Резењке қолғапты айырбастап катетер қолдануға керекті жабдықтарды дайындау.

8. Оң жақ қолына пинцетті алып, марліленген дәкені фурацилин ерітіндісіне малып, жоғарыдан төмен жыныс м‰шелерін өњдеу керек (тампондарды дезинфекциялыќ ерітіндіге салу керек).

9. Пинцетпен катетерді алып вазелин майын жағып, сол жақ қолымен жыныс еріндерін ашып, оң жақ қолымен катетерді зәр шыққанша 4-6 см-ге енгізу керек.

10. Катетердің бос жағын зәрді жинайтын ыдысқа салу.

11. Пинцет, лотокты дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

12. Катетерді жайлап алып шығып, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

13. Резењке қолғапты дезинфекциялыќ ерітіндіге салу.

14. Қолды жуып құрғату.

15. Пациентке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасау.

Бақылау сұрақтары мен тапырмалары

1. Клизма туралы сипаттама беріңіз және оның маңыздылығын түсіндіріңіз?

2. Клизманың түрлерін тізіп беріңіз?

3. Тазарту клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

4. Сифондық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

5. Гипертоникалық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

6. Майлы клизманың ерекшелігін, қолдану ережесін түсіндіріңіз?

7. Тамшы клизманы қолдану ережесін атап, көрсетіңіз?

8. Қуыққа катетр қою маңыздылығын және әдісін атап шығыңыз?

9. Құсық кезінде көмек көрсету ережесін түсіндіріңіз?

10. Асқазанды жуу әдісінің ережесін түсіндіріп, көрсетіңіз?

16.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЄДІСТЕРІ

Лабораториялық тексерістер-пациенттерді тексерудегі маңызды бөлігі болып саналады.

Бұл мәліметтер диагноз қойғанда, пациенттің жағдайына баға бергенде ќажет. Лабораториялық тексерудің нєтижелері тура болуыныњ да кµп мєні бар.

Тексерілетіні: қан, зәр, нәжіс, қақырық, асқазан, бауыр-өт сөлдері, сұйықтары, шырышты қабаттары жєне т.б.

16.1.Қанды тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Қан анализдері жалпы клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық тексерістерге бөлінеді.

Жалпы клиникалық тексерістің мақсаты: қанның қасиеттік және көлемдік қан элементтерін тексеру (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит, гемоглобин, соэ жєнес т.б.).

Қанға тағам, физикалық күш, ішкен сұйықтық әсер етеді, сондықтан қан анализін таңертеңгілікте аш ќарында алады.

Биохимиялық тексеруде қандаѓы заттарды (глюкоза, билирубин, холестерин, белок, креатинин жєне т.б.) аныќтайды.

Бұл көрсеткіштер әрбір ауруларда өзгеріп отырады, сондықтан бұл мәліметтер диагноз қою үшін қолданылады.

Қанды биохимиялық, иммунологиялық зерттеуге процедура бөліміндегі мейіркеш көк тамырдан ашқарында 5 – 7 мл. алады. Клиникалық лабораторияға жолдама жазады.

 

16.2.Көк тамырдан қан алу мейіркештің технологиясы:

Көк тамырдан алу анализді процедура мейіркеші дәрігердің нұсқауымен орындайды. Қан алуды аш қарында жүргізеді, сондықтан пациентке алдын – ала ескертеді. Қанды тамырдан орташа 10 мл – ге дейін алады.

Ә зірлеңіз: стерилденген мақта шариктерін, бір рет қолданылатын шприц (10 – 20 мл) инесімен, пробиркалар, штативтер, спирт, жгут, лоток, резеңке қолғап, жастықша.

Ø Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

Ø Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

Ø Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

Ø Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

Ø Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

Ø Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

Ø бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;

Ø шприцке керекті мөлшерде қанды сорып алыңыз;

Ø пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

Ø үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз;

Ø пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

Ø инені шприцтен алып, абайлап пробирканың қабырға бойына қанды жіберіңіз;

Ø пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

Ø Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Ø Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

Ø Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, лабораторияға жіберіңіз;

16.3.Қақырықты тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Тыныс алу органдарында қақырықты тексеру маңызды орын алады, патологиялық процесстің мінездемесін анықтауға мүмкіндік жасайды.

Егер қақырық болса, оның тәуліктік көлемін анықтау керек (созылмалы бронхитте 10-15 мл, бронхоэктаз ауыруында (1 литрға дейін болады)).

Пациентте қақырық болса, микроскопиялық, бактериологиялық тексеруін жүргізу қажет.

Бронхоскопия жасағанда дүрыс қорытындыны алады, бұнда ауыздағы сілекейде микроорганизмдер болмайды.

Қақырықты жинаудыњ мейіркештік технологиясы

Қақырықтың жалпы клиникалық анализі

Мақсаты: тексеруге ќажетті дайындықты қамтамасыз ету, хабарлау, үйрету, сақтау, материалды зерттеуге жеткізу.

Көрсеткіштері: тыныс және жүрек аурулары.

Жабдықтар: таза шынылы ауызы кең ыдыс, жолдама, 1,5 % гипохлорид немесе 2,5 % вентален ертіндісі, резеңке қолғап, маска.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.

2. Пациентке ескерту, мақсатын түсіндіру, келісім алу.

3. Лабораториялық ыдысын кешкілікте беру, инструктаж жүргізу, тапсыру маңыздылығын айтып µту.

4. Тісін анализді тапсырар алдында 2 сағат бұрын тазалау, және ауызын сумен шаю.

5. Қолды жуып, резенке қолғапты және масканы кию.

6. Жөтеле отырып, таза ыдысқа 3-5 мл. қақырықты жинау.

7. Жолдаманы жабыстырып, лабораторияға 2 сағаттың ішінде жіберу.

8. Резенке қолғапты шешіп қолды жуып құрғату.

Қақырықтыњ бактериологиялық зерттеуі

Аурудың қоздырғышын анықтау және антибиотиктердің нәтижесін білу үшін, бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Пациентті нақты түрде дайындау керек. Стерилденген кең ауызы бар шыны ыдысты, крафтпакеттен жасалған қақпақшаны бактериологиялыќ лабораториядан алады. Ыдыстың ішінде сєйкестендіріліп алынатын көректік орта болуы керек (қант сорпасы, қан агары жєне т.б.).

Пациентке қақырықты таңертен ашқарында антибиотик тағайындамай тұрып жинайтының ескерту керек. Қақырықты жинағанда, ыдыстың шетіне қолымен, ауызымен тигізуге болмайды, қақырықты жөтелгеннен кейін қақпағын жауып қойып, 1 - 1,5 сағаттың ішінде тексеру керек. Баклабораторияға арнайы контейнер арқылы апарады.

Қақырықты т‰бірк‰лез таяқшасына тексеру

Әзірлеңіз: маска, клеенкалы фартук, резењке қолғап. 2,5% гипохлорид немесе 2,5% вентолен ертінділері.

Әрбір туберкулезге күдікті пациенттен қақырықты үш сынақ бойынша тексереді:

І сынақ - пациент ауруханаға немесе поликлиникаға келіп, таңертен мейіркештіњ бақылауымен қақырықты жинайды.

ІІ сынақ - қақырықты тапсыру үшін пациентке үйіне контейнер беріледі, содан кейін лабораторияға әкелінеді.

ІІІ сынақ – ќаќырыќты пациент мейіркештің бақылауымен ауруханада тапсырады.

Мейіркеш атќаратын іс - шаралар:

1. Пациентті тиыштандырып, тексеру себебін түсіндіріп, қақырықты қалай жинайтынын т‰сіндіру.

2. Жолдамасы жапсырылған кењ ауызды түкіргішті беру.

3. Пациенттің артында тұрып, пациентке түкіргішті ауызына таяуын µтініп, үш рет терең демін ішіне кіргізіп, демнің аяғында қатты жөтеліп, қақырықты түкіргішке түкіруін с±рау.

4. Қақырықты жеткілікті (3-5 мл.) алынғанын тексеру.

5. Қақпақшамен түкіргіштің ауызын жауып, арнайлы контейнерге салып, баклабораторияға жіберу.

6. Мейіркеш қолын жуып, құрғатуы.

7. Пациентке ертењгі күніне түкіргішті беріп, түсіндіру.

Жиналған қақырық тәулік ішінде лабораторияға жеткізілуі керек. Тасымалдау үшін бикстер, контейнерлер қолданылады. Лабораторияға апарылғанша, олар тоңазытқышта сақталынады.

Қақырықты атипті жасушаларға тексеру

Осы анализді алғанда бұл жасушалар тез бұзылатынын ескере отырып, жаңа шыққан қақырықты зерттейді. Қақырықты жалпы клиникалық анализіне жинаѓан тәрізді жинайды.

Ескерту: жөтелген кездегі бµлінген қақырықтың ќажеттігін пациенттерге түсіндіру керек.

Қақырықты және ыдыстарды зарарсыздандыру

Екі әдіспен зарарсыздандырады.

І әдіс – 1,5% гипохлорид немесе 2,5 % вентолен немесе 0,06 % диохлорид ертіндісіне 1 сағатқа зарарсыздандырады.

ІІ әдіс- түбіркүлез пациенттерінің түкіргіштерін, ыдыстарын 2,5 % гипохлорид немесе 5 % вентолен немесе 0,1 % диохлорид ертіндісіне 4 сағатқа зарарсыздандырады.

16.4.Жұтқыншақтан және мұрыннан жұғынды алудыњ

мейіркештік технологиясы

Жұғын тығыз мақта-марлі тампонымен жабылған стерильденген пробиркаға таңертенгілік ашқарында алынады.

Дайындау керек: стерильденген шпатель, “Ж” (жұтқыншақ) деген белгісі бар тампонды пробирка.

1. Пациентті күнге қарай қарсы отырғызу.

2. Сол жақ қолына пробиркамен шпательді алу.

3. Пациенттің ауызын ашу.

4. Шпательмен тілдің түбірін басып, оң жақ

қолымен пробиркадағы стерильденген тампонды

алу.

5. Тампонмен жұғынды айналдыра алу

(ауызының шырышты қабатарына тиіспеу керек).

6. Тампонды пробиркаға салу (пробирканыњ

кірер ауызына тигізбей).

7. Пробирканы штативке салу.

8. Шпательді зарарсыздандыру.

М±рыннан жұғынды алудаѓы мейіркештік технологиясы

Дайындау керек: стерильденген тампоны бар пробирка.

1. Пациентті отырғызып, басын кішкене шалқайту.

2. “М” (мұрын) деген жапсырмасы бар пробирканы сол қолына алып, оњ қолымен тампонды алу.

3. Мұрын ±шын сол жақ қолымен кішкене көтеріп, оң жақ қолымен тампонды айналдыра жұғынды алу, содан кейін оң жақ мұрын тесігіне кіргізу (терендігі - 1,5-2 см).

4. Тампонды пробиркаға салу.

5. Жолдама жазу.

Жолдама

Баклабораторияға ____________________________

жіберілген “Ж” немесе “М” жағынды

Зерттеу үшін дифтерияға __________________

Аты жөні _____________________________

Жасы _____________________________

Пациенттіњ адресі Аурухана N 1 инфекциялыќ бөлімі

Уақыты, күні _____________________________

Анализ алушының қолы ______________________

16.5.Зәрді тексеру мейіркештің технологиясы.

Зәрді тексергенде, оның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұнбаның микроскопиясын анықтап, бүйрек жұмысын және басқа органдарының зақымдануын аныќтау.

16.5.Зәрді жалпы анализге тексерудіњ мейіркештік

Технологиясы

Мақсаты: тура нєтижесін алу.

Көрсеткіштері: Физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұнбаны микроскопия т±рѓысында бағалау. Пациентті жалпылай тексеру.

Жабдықтар: 200 мл. шынылы ыдыс, қайнатылған су, сабын,

гигиеналық дәке, жолдама.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.

2. Тексерудің мақсатын пациентке түсіндіру, келісімін алу.

А) амбулаториялық жағдайда

· зәрді жинау үшін қалай ыдысты дайындау тєртібін пациентке үйрету.

· құрғақ, таза 200 мл. сыйымдылықты, қақпақшасы бар шынылы ыдысты дайындау.

· пациентті гигиеналық процедура жүргізу тәсілін үйрету (жыныс органдарын жуу):

n ыдысқа жылы қайнатылған суды ќ±йып және сабынды дайындау

n жыныс органдарын жоғарғы бөліктен төменге дейін жуу

n дәкемен жоғардан төменге дейін құрғатып сүрту.

· лабораторияға зәрдің жалпы анализіне жолдама жазу

· пациентке немесе оның туыстарына зәрді қайда апаратынын түсіндіру.

Б) ауруханалық жағдайда

· жолдама жазу

· пациентке таза, құрғақ 150-200 мл. сыйымдылықты ыдысты беру

· пациенттің анализ тапсырар алдында жыныс органдарын жуу.

В) Процедураны орындағанда:

1. пациентке зәрді жинау әдісін үйрету

n танертеңгілік жыныс органдарын жуғаннан кейін зәрдің бірінші тамшысын унитазға жіберу керек

n зәрді ұстап ыдыстың қақпақшасын ашып

n 150-200 мл. зәрді ыдысқа жіберу керек

n қалған зәрді унитазға жіберу керек

2. пациенттен осы түсіндірген зєрді алу тєртібін қайталап сұрау

3. анализді қай жерге апаратынын түсіндіру (тоңазытқышта зәр тек қана 1,5 сағат ұсталынады).

Зәрді қантқа тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: дұрыс қорытындыны алу үшін қасиеттік дайындықпен қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: тәулектегі зәрдегі қанттыњ өеу керектілігі.

Жабдықтар: 2-3 л. сыйымдылығы бар шыны ыдыс, жолдама.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау

2. Анализдің мақсатын, барысын түсіндіру, келісім алу

3. Пациентке күнделікті тағам, су, қозғалу режимін сақтап, зәрін тәулік бойында жинауын түсіндіру

А) амбулаториялық жағдайда:

анализге ыдысты дайындауын үйрету, таза 2-3 литрлік сыйымдылығы бар және 200-250 мл-дік сыйымдылығы бар шыны ыдыстарды дайындау

Б)Ауруханалық және амбулаториялық жағдайда:

1. пациентті зәр жинау әдісіне үйрету:

2. танертең сағат 6-да пациент дәретханаға барып, зәрін унитазға жібереді

n содан кейін ертенгі сағат 6-ға дейін зәрін үлкен ыдысқа жинайды

n жалпы зәрін өлшеу керек (тәуліктегі зәрі)

n араластырып, 200 мл шыны ыдысқа құйып алып, лабораторияға жіберу

n жолдаманың ішіне тәулектегі зәрдің мөлшерін жазып, ыдысқа жабыстыру

3. пациентке осы жоғарғы айтылған әдістерді қайталау (егер ұғымы нашар болса, жазып беріңіз)

4. пациентке әрі қарай, анализін қайда апаратынын түсіндіру.

5. ауруханада мейіркеш пациенттің жолдамасын жабыстырып, тәулектегі зәрін өлшеп, араластырып, басқа ыдысқа құйып, лабораторияға апарады.

Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша жинаудаѓы мейіркештік

Технологиясы

Мақсаты: тура нєтижелерін алу.

Көрсеткіштері: зәрдегі элементтердің көлемін анықтау қажеттілігі.

Жабдықтар: таза, құрғақ сыйымдылығы 100-200 мл. шыны ыдыс, стерильденген дәкелер, корнцанг, клеенка, жөргек, судно, калий перманганат ертіндісінің әлсіз түрі.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау

2. Пациентке тексеру мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу

3. Амбулаториялық жағдайда:

· пациенттерге сыйымдылығы 100-200 мл. таза шынылы ыдысты беріп, содымен (сабынсыз) жууын үйрету

· жыныс органдарын жуу:

а) жылы қайнатылған су, сабын дайындау.

б) жыныс м‰шелерін жоғардан төмен жууын үйрету

в) жоғарыдан төмен құрғатып, сүрту

§ тексеруге жолдама құру

§ ыдысты қай жерге, қай уақытта апаруын үйрету

4. Ауруханалық жағдайда:

§ Жолдаманы құжат бойынша жазу

§ Пациентке жолдамасы бар100-200 мл. ыдысты беру

§ пациенттің жыныс м‰шелерін жуу

5. Пациентке қалай зәрді жинайтынын үйрету:

§ бірінші тамшыны унитазға жіберу

§ Зәрін ұстау

§ Ыдысқа 100 мл. зәрдін ортанғы бөлігін алу

§ Зәрін ұстап, қалғанын унитазға жіберу

§ Ыдысты қақпақшамен жабу

§ Керекті жерге апаруын түсіндіру.

Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинаудыњ мейіркештік

Технологиясы

Мақсаты: тура нєтижелерін алу.

Көрсеткіштері: б‰йректің сүзбе жұмысын (мөлшерін, салмағын) анықтау.

Жабдықтар: 8 таза, құрғақ сыйымдылығы 200-300 мл. бар ыдыстар дайындау, жолдамалар, қосымша 2-3 ыдыс дайындау.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынасын жасау.

2. Тексерудің мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

3. Су, тұз, қозғалу режимін өзгертпеуін түсіндіру (диуретиктерді қолдануға болмайды).

А) Амбулаториялық жағдайда:

· Пациентті үйрету: 200-300 мл. сыйымдылығы бар 8 таза ыдыстар дайындау, уақыттарын жазу.

· Қосымша 2-3 ыдыс дайындау.

4. Таңертеңгелік сағат 6-да зәрін унитазға жіберу.

5. Әрбір 3 сағаттың ішінде зәрді жинау (арнайлы уақыты жазылған ыдыстарға).

6. Егер зәр көп шықса, қосымша ыдыстарға жинау.

7. Егер 3 сағат аралығында зәр болмаса, онда зәр “жоқ”- деп белгі қою керек.

8. Түнде мейіркеш пациентті оятуын ескертіп ќою.

9. Ыдыстарды қайда қоятының түсіндіру.

10.Су балансын тіркеу қағазын жүргізу.

11.Пациентке немесе оның туыстарына анализдерді қайда апарып µткізуін, қай уақытта апаруын түсіндіру.

Б) Ауруханалық жағдайда:

Анализдерін лабораторияға апарады.

Зәрді микрофлораға, антибиотиктердің

сезімталдығына тексеру

1. Антибиотиктерді, уросептиктерді, диурезді жылдамдату алдында тағайындалады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 419 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Су баланссын есептеу 3 страница| Су баланссын есептеу 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)