Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Norton шкаласы 3 страница

Зарарсыздандыру. 1 страница | Зарарсыздандыру. 2 страница | Зарарсыздандыру. 3 страница | Зарарсыздандыру. 4 страница | Зарарсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Залалсыздандыру. | Антропометрия | Norton шкаласы 1 страница | Су баланссын есептеу 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

диеталық тамақтануды дүрыс ұиымдастыру.

Диетаны дені сау адам мен пациенттің тамақтану тәртібін анықтау деген кең үғымда түсіндіріледі (тамақтың сапасы, мөлшері, тамақтану уақыты).

 

10.1.Емдік тамақтану

 

Емдік тамақтану - пациенттің тағамдық заттарға физиологи5ілық қажеттілігін қамтамасыз етеді және пациенттің патологиялық механизмдеріне әсер етеді. Емдік тамақтанудың міндеттері - бүзылған зат алмасуды қалпына келтіру және ауру ағымына терапиялық әсер ету.

Диеталық тамақтануды ұйымдастырудын алдында:

- тамақтың сапалық қүрамы (тамақ рационында белокты, майды, көмірсутегінің азаюы немесе кобеюі) және оның мөлшері;

- азық-түлікті дайындаудың аспаздық сипаттамасы;

- тамақтану тәртібі (уақыты, тамақты қабылдау жиілігі) анықтайды. Пациенттің бір сәтте бірнеше ауруына қарай арнайы диетаны тандайды.

Диетаның қажеттілігі мен үзақтылығын дәрігер белгілейді және диета пациенттің ауруына, жағдайына және диетаны көтере алуына байланысты. Дәрігер диетаның мөлшерін медициналық картадағы тағайындау парағына белгілейді.

Диетотерапия емдеу саласында маңызды компоненті болып есептеледі. Себебі: бүкіл ауруларда тағайындалады. Диетотерапия кейбір жағдайда емдеу үшін қолданғанда жақсы нәтижелі болады. Емдеу мекемелерінде 15 емдәмдер қолданылады.

1. №1 – емдәм асқазан ішек ауруларының қозуында және сауықтырған кезенінде қолданады. Жалпы сипаттамасы: ас қорытуға баратын тағамдарды механикалық, химиялық, термиялық өндеу, тітірекендіргіштерге тиым салу. Тағамды көбінесе булы, езілген түрінде қолданады.

 

2.№5 – емдәм бауыр - өт жолдарының қабынуында: жедел және созылмалы гепатит, жедел және созылмалы холецистит. Жалпы сипаттамасы: физиологиялық жағдайда ақуыз бен көміртегіні қалыпты қолдану және майларды шектеу. Тағамда холестерині бар, пурині бар, азоттық құрамдарды, щавер қышқылын, эфирлік майларды шектеу. Тағамды көбінесе бұқтырып, буға пісіреді.

 

3.№7 – емдәм бүйрек ауыруында: жедел және созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит ауруында қолданады. Жалпы сипаттамасы: ақуыздың көлемін шектеу, ал сутек пен майларды қалыпты түрде қолдану. Тағамды тұссыз дайындайды. Етті, балықты, саңырауқұлақты, эфир майларын шектейді.

4. №9 – емдәм қант диабетінде қолданылады. Жалпы сипаттамасы: көміртекті және жанура майларын шектеу. Тағамда тұзды, холестеринді шектеу. Тәтті тағамдардың орнына арнайлы қант айырбастаушы тағамдарды қолданады.

 

5.№10 – емдәм жүрек ауруларында қолданылады. Жалпы сипаттамасы: диетасында жануардың майларын және жеңіл сіңетін көміртектерді шектеу. Тағамда тұздың көлемін шектеу, «С» және «В» топтағы витаминдерді, калий, магний микроэлементтерін көбейту.

 

6.№15 – емдәм барлық ауруларға қолданылады. Жалпы сипаттамасы: физиолгиялық толықнәтижелі диета. Майлардың, көміртектердің, ақуыздардың көлемі сау адамның тағамының қалпына сәйкес болу керек.

10.2.Тамақты тарату ережелері.

Ø Тамақты мейіркеш пен тағам таратушы таратады.

Ø Халі нашар науқастарды мейіркеш төсегінде тамақтандырады.

Ø Жалпы режимдегі пациенттер асханада тамаќтанады.

Ø Төсек режиміндегі пациенттерге палатасына әкеліп беріледі.

Ø Тамақ таратқанда мейіркеш пен тамақ таратушының арнайы киімі болады. Қолын жақсылап жуады.

Ø Кіші медицина қызметкері бөлімшені жуатын болса тамақты таратуға рұќсат берілмейді.

Ø Пациенттің төсегінің жанына тамақ қалдыруға болмайды.

Тамаќтандыру процедурасы:

1. Пациентті тамақтандыру алдында оның көзқарасына баға беріңіз;.

2. Пациентке психологиялық жағдай келтіріп, түсіндіріңіз;

3. Пациентке өз пікірін, сезімін айтуға мүмкіндік беріңіз;

4. Тамақтануѓа келісімі болуы керек.

5. Тамақтану үшін, керек заттарды дайындаңыз;

6. Тамақ берген кезде көмек көрсетіңіз;

7. Тамақтануды қауіпсіздік жағдайға келтіріңіз;

8. Тамақтану туралы пациенттерге, оның тағам ќабылдауы туралы мәліметерді туыстарына оқып жүргізіңіз;

9. Пациенттің көз қарасына баға беріңіз;

10. Пациентті тамақ ішкеннен кейін бақылап отырыңыз;

 

 

10.3.Тамақтандыру әдістері

Тамаќтандырудыњ келесі әдістері бар:

1. Табиғи тамақтандыру (аузына қасықпен тамақ беру).

2. Ауру адамға ыдыс арқылы тамақ беру. Пациентті сүйеп отырғызып немесе басын көтеріп алдына алжапқыш жауып сұйық тамақтарын ішкізу.

3. Зонд арқылы тамақтандыру. Ауыр жағдайда, есінен танып жатқан пациенттерге мұрынынан жіңішке зонтты өткізіп, асқазанға жібереді.

 

 

4. Құрал жабдықтарды әзірлеу: жіңішке стерилденген зонд (ішкі диаметрі 0,5 - 0,8 см), вазелин майы, Жанэ шприці, 30 – 50 мл су, лейкопластырь, бұранды, резеңке қолғаптар. Зонд арқылы тамақтандыру үшін арнайлы тағам қоспалары болады (энпиттар). Бір рет тамақтандыру үшін 600 – 800 мл сұйық тағам керек (тәтті шай, морс, шикі жұмыртқа, сүт, сорпа).

Ø Резеңке қолғапты киіңіз;

Ø Асқазанға зонд жіберу үшін мұрыннан құлаққа, құлақтан асқазанға дейін өлшеңіз;

Ø Зондты жібергеннен кейін бұрандымен жауып қойыңыз;

Ø Жанэ шприціне сұйық тағамды алып, бұрандыны ашып, жайлап жіберіңіз;

Ø Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

Ø Құрал – жабдықтарды өндеңіз;

Ø Резеңке қолғапты шешіп қолыңызды жуыңыз.

5. Гастростома арқылы тамақтандыру. Есінен танып, бет аузын бинтпен жауып тастағанда немесе өңештен тамақ өтпейтін пациенттерге ішін тіліп, асқазанды тесіп зонтты кіргізеді. Зонттың сыртына воронкасын кигізіп сұйық тағамдарды аз мөлшерде құйып тұрады.

6. Қорректіқ клизма арқылы тамақтандыру (тік шек арқылы сұйық тағамдарды құйып отырады).

7. Парентеральдық тамақтану әдісі (көк тамыр, система арқылы сұйықтарды жібереді).

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Емдәм туралы сипаттама беріңіз?

2. Қандай ем дәмдерді білесіз?

3. Халы нашар пациенттердің тамақтандыру ережесін айтып беріңіз?

4. Жасанды тамақтандыру түрлерін тізіп беріңіз?

5. Зонд арқылы пациентті тамақтандыруын айтып көрсетіңіз?

6. Пациентті гастростома арқылы тамақтандыру ережесін түсіндіріңіз?

7. Пациентті клизма арқылы тамақтандыруын айтып көрсетіңіз?

11.ДӘРІСІЗ ЕМДЕУ

Терінің ішінде нерв талшықтардың көп болғандықтан рефлекс арқылы қан айналысына әсер етуге болады. Нерв рецепторлары жылымен тітіркендіргенде – қан тамырлары кеңейеді, ал суықпен тітіркенсе, тамырлары жіңішкереді. Жылы процедурлар ауырғанын басады.

Жылының әсері барлық аѓзаѓа таралмайды, терењ тіндерге әсер етеді.

Аѓзаныњ суыққа әсері үш кезеңнен құралады.

- бірінші кезеңде тамырлар жіңішкеріп, тері бозарады, суық болады, қан ішкі м‰шелерге қарай ауысып, ауырғаны басылады.

- Екінші кезең бір минуттан кейін басталады, тамырлары кеңейіп, тері қызарып жылынады.

- Үшінші кезеңде терісі көкшіл – қызыл болып мұздайды, тері ќабаты «қаздыњ терісі тәрізді» болады.

- Суық процедуралардын әсері дененің сыртқы қабаттарына жайылады.

Дәрісіз емдеу әдісі рефлекс арқылы бүкіл ағзаѓа әсер етеді.

- Дәрісіз емдеу процедураларына жатады: қыша, оңќа, сүлік, мұздатқыш, жылытқыш, емдеу ванналары.

11.1.Оңќа қоюдаѓы мейіркештік стандарт

Мақсаты: ауырғанын басу, қабыну процессін тоқтату.

Көрсеткіштері: Өкпе аурулары, бұлшық ет, нерв аурулары қан қысымының көтерілуі, невралгиялар.

Жақпайтын жағдайлар: қансырау, психикалық қоздырғыштар, қатерлі ісіктер, тері аурулары, тубікулез, гипертермия, терінің жоғары сезімталдылығы.

Жабдықтар: 10-20 спирт, мақта, 96%-20,0 спирт, вазелин, сіріңке, дезинфекциялыќ ертіндісі бар ыдыс, марлі дәкелер, орамал, жөргек, суы бар стаќан.

Оңка қойғанда пациенттің бөлмесі жылы болуы және техника қауіпсіздік ережелері сақталуы керек.

Оңќаны қоюѓа р±ќсат етілмейтін дене бµліктері: кеудесінің алдына, жауырын с‰йектерініњ ‰стіне, омыртқа, бүйрек, жүрек тұсына, қалы бар жерлерге.

Оњќа ќою процедурасы:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

2. Процедурның жүрісін түсіндіріңіз;

3. Оңќаның тұстастығын тексеріңіз;

4. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

5. Қолды жуып, құрғатыңыз;

6. Мақтаны корнцангқа ораңыз;

7. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

8. Шашын орамалмен жабыңыз;

9. Пациенттің тері ќабатына вазелинді жағып, артық майды сүртіп алыңыз;

10. Сіріңкемен мақтаны жағыңыз;

11. Оңканың сол жақ қолына алып, оң жақ қолмен /0,5-1см/ ішінді корнцангпен оңканың ішін жылытыңыз;.

12. Мақтаны сөндіріп, суға салыңыз;

13. Пациентті жылылап орап жатқызыңыз;

14. 15-20 мин оңќаны салыңыз;

15. Қолды жуып құрғатыңыз;

16. Бір саусағымен теріні тартып, екінші қолымен оңќаны алыңыз;

17. Барлық оңкаларды алып, терідегі вазелин майын сүртіңіз;.

18. Пациентті киіндіріп, жылы көрпемен жабыңыз;

19. Арқасындағы оңќаның орындары кететіндігі туралы ескертіңіз;.

20. Медициналыќ оңќаларды зарарсыздандырыңыз;

21. Қолды жуып құрғатыңыз.

 

 

Компресс

Компресс – дегеніміз – (сығу) көп қабаттап орау.

Компрестің түрлері:

- Құрғақ суық

-Дымқыл ыстық

-Жалпы жылы

-Жергілікті дәрілік

Суық компресс – теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының 2 кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 – 3 минут сайын ауыстырып отыру керек. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.

Ыстық компресті – тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.

 
 

 


 

 
 

 


11.3.Жылы компресс қою мейіркештің стандарты

Мақсаты: ұзақ біркелкі тамырларды кеңейтеді, тканьдегі қан айналысын жақсартып, ауырғанын басады.

Көрсеткіштері:

· терінің, майлы қабатының, ине салғаннан кейінгі қатаюда, флебитте, лимфоаденитте қабыну процестерінде қолданады;

· буын ауруларында;

· кеңсірек, кеңірдек ауруларында;

· гематомада;

· жарақаттанғанда; катаральдық отитте;

Қарама – қарсы көрсеткіштері;

· терінің тұтастығының бұзылуы

· дене қызуының көтерілуі

· аллергиялық жағдайлрда

· қатерлі ісікте

· терінің ірінді ауруларында

· қатерлі ісіктерде

Жабдықтар: 6-8 қабатты марлі дәке, 40% спирт немесе 6% бір қалай қасық сірке қышқылды су, клеенка, целофан, мақта, бинт, қайшы.

Процедура барысы:

1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру, келісімін алу.

2. Қажетті жабдықтарды дайындау.

3. Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғап кию.

4. Пациенттің терісін қарап, компресс қоятын жерін тексеру.

5. 6-8 қабатты дәкені 40% ерітіндісіне малып, теріге салу.

6. 1,5-2 см асырып, оның үстіне кесілген клеенканы немесе целофан салу.

7. 1,5-2 см асырып мақтамен жабу

8. Компресті бинтпен бекіту.

9. Уақытын белгілеу (компресті 6-12 сағатқа дейін ұстайды).

10. Қолды жуу.

11. Екі сағаттан кейін шынашақ саусағын дәкенің астына тығып жылылығын және дымқылдығын тексеру.

12. Компресті алып теріні жылы сумен сүртіп құрғатып, жылы орап тастау керек.

13. Қолды жуу керек.

 

11.4.Жылытқышты қолданудаѓы мейіркештік стандарт

Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі м‰шелерге ќанныњ толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді.

Көрсеткіштері:

Ø Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін

Ø Жалпы жылыну үшін

Ø Созылмалы гастрит және колит ауруында (ауырсынуды басу үшін)

Ø Гипертоникалық кризде

Ø Бүйрек ұстамасында

Ø Гематоманы емдеу үшін

Ø Радикулитте

Ø Буындардың қабынуында

Ø Тері және майлы қабаттын қабынуларында

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

Ø Іштің түсініксіз ауырсынуы

Ø Жедел аппендицитте

Ø Жедел холециститте

Ø Жедел панкреатитте

Ø Перитонитте

Ø Қан кеткенде

Ø Терінің зақымдануында

Ø Ірінді жараларда

Ø Маститте

Ø Дене қызуы көтерілгенде

Ø Қатерлі ісіктерде

Ø Ессіз пациенттерге қолдануға болмайды.

Жабдықтар: резеңке жылытқыш (1,5-2), су температурасы (60-70С), жеке орамал, 1% хлорамин ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшетін термометр.

Процедура барысы:

1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.

2. Керекті жабдықтарды дайындау.

3. Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.

4. Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауданы шығарып бұрандасын жабу.

5. Жылытқышты бір жағына бұрайды.

6. Төмен ұстап құрғатып сүрту.

7. Жылытқышты орамалмен пациентке беру.

8. Жылытқышты керекті жерге 20 минутке қою.

9. Жылытқышты алып, суын төгу.

10. Пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызу жылылап көрпе жабу.

11. Қолды жуып, құрғатып резеңке қолғапты кию.

12. Жылытқышты 1% хлорамин ерітіндісімен өңдеу (екі рет аралыѓы 15 мин).

13. Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.

14. Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.

 

11.5.Мұздатқышты қоюдаѓы мейіркештік стандарт

Құрғақ суықтың әсері терінің тамырларын жіңішкертеді және тереңдегі м‰шелер мен тіндерге әсер етеді, нервтік рецепторлардың сезімталдығын төмендетуі.

Көрсеткіштері:

Ø Іштің жедел қабыну процестерінде

Ø Қан кеткенде

Ø Жарақаттанғанда

Ø Дене қызуы көтерілгенде

Ø Жәндіктердің тістеуінде

Ø Маститте

Ø Ми жарақатында

Қарама – қарсы көрсеткіштер:

· созылмалы қабыну процестер

· тері аурулары

Жабдықтар: мұздатқыш, ±сақ мұзды кесіндер су (14-160С), жеке орамал, 1% хлорамин ерітіндісі бар ыдыс, дәке.

Процедураны үнемі тексеріп отыру керек.

1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау.

2. Процедура жүрісін, мақсатын түсіндіру, келісімін алу.

3. Керекті жабдықтарды дайындау.

4. Мұздатқышты ұсақ мұздармен толтыру, суық су құю.

5. Көлденеңінен қойып, бұрандасын жабу.

6. Орамалмен орау.

7. Керекті жеріне салу басына 5 мин (5 мин аралығымен), ішіне 15-20 мин (аралығы 30 мин).

8. Уақытын белгілеу.

Ескерту: жалпы уақытты үзілістермен қоса екі сағаттан аспау керек.

9. Мұздатқышты алып, суын тµгіп мұздарды алып тастау керек.

10. Пациентті ыңғайымен жатқызу.

11. Мұздатқышты дәкемен 1% хлорамин ертіндісімен екі рет (аралығы 15 минуттн өңдеу).

12. Қолды жуып, құрғату.

Ескерту: егер терісінің тұтастығы бұзылса мейіркеш резенке қолғаппен жұмыс істеп оны 3% хлорамин ертіндісіне зарарсыздандыру.

11.6.Қыша қоюдаѓы мейіркештік стандарт

Қышаның емдеу әсері эфирдің қыша майы арқылы білінеді, ол 40-450С температурасында теріні тітіркендіріп, тамырларын кеңейтеді, сол себептен ауырғанын басады.

Қыша тығыз қағаздан жасалған (8х12,5) оған қыша өсімдіктің ұнтағын жабыстырған, әрбір қышада сақтау мерзімі кµрсетілген.

Көрсеткіштері:

Ø өткір қабыну процесстері,

Ø пневмониялар,

Ø бронхиттер,

Ø плевриттер,

Ø нерв жүйесінің аурулары,

Ø невралгиялар,

Ø остеохондроз,

Ø гипертониялық криз,

Ø жүрек тұсына шаншу қадалғанда.

Қолданбайтын жағдайлар:

Ø ќан кету,

Ø қатерлі ісіктерде,

Ø қыша манайына аллергия болу,

Ø терінің аурулары,

Ø гипертония.

Ø Дене қызуы көтерілгенде

 

Жабдықтар: қышалар, суы бар лоток (температурасы 40-450С), өңделген жабдықтарға арналған лоток, орамал, марлі, дәкелер, су температурасын өлшейтін термометр.

Қыша қояр алдында қышаның сақтау мерзімін тексеру керек, егер қыша ұнтағы түсіп жатса қолдануға болмайды.

Процедура барысы:

1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасау.

2. Процедура мақсатын және жүрісін түсіндіру келісімін алу.

3. Керекті жабдықтарды дайындау.

4. Қолды құрғату.

5. Пациентті ыңғайлап жатқызу.

6. Теріні қарап тексеру.

7. Қышаны 5 сек суға малып, керекті жерге салу, орамалмен жабу.

8. Қышаның салатын судың температурасын өлшеу (40-450С).

9. Пациентті ќымтап жабу.

10. Қышаны 10-15 мин ұстау.

11. Қышаны екінші лотокқа жинау.

12. Терісін жылы дымқыл дәкемен сүртіп, құрғату.

13. Киімді кигізіп, ыңғайлап жатқызу.

14. Пациентті 30-60 мин жатқызу керек.

15. Қолды жуып құрғату.

11.7.Сүлікті қою тәсілі

 

Сүлікті қоюға қажетті құралдар: Пробирка, пинцет, стерильді дәке, стерильді глюкоза, мақта, бинт, тұзды су.

Көрсеткіштері:

Ø Гипертоникалық криз

Ø Церебральдық криздер

Ø Глаукома

Ø Мидың қан айналымының бұзылуы

Ø Миокардтың өлі еттенуі

Ø Бауырдың іркілуі

Ø Геморрой

Ø Тромбофлебит

Ø Радикулит

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

Ø Қан кетуге бейімділігі

Ø Қан кету

Ø Қан аздық

Ø Терінің аурулары

Ø Аллергиялық, септикалық аурулар

Ø Гипотензия

Ø Антикогулянттармен емдеу

Қоятын жерлері:

 

1. Гипертоникалық кризде

- құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды;

2. Көз ауруларында

- көздің сызық деңгейінен самай аймағына қарай қояды;

3. Стенокардияда, миокарттың өлі еттенуінде

- жүректің 3 – 4 қабырға аралығына қояды;

4. Бауыр іркілуінде

- 10 жақ қабырға астына қояды;

5. Тромбофлебитте

- тромбысы бар венадан 1 см артқа, шахмат тәртібімен қояды;

6. Геморройда

- тік ішектің аузына айналдыра қояды;

Сүлікті қою үшін теріні жылы қайнаған сумен сабындамай жуып, сүртеді, себебі сүлік сабынның иісін жақтырмайды. Сондықтан сүлік қоятын жерге қант езілген тәтті су жағады. Сүліктің аш болғаны дұрыс. Оны адамның аяғына, кеудесіне, арқасына т.б. жерлеріне қоюға болаы. Сүлікті денеге қою үшін оны банкіден пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салады, ал құйрық жағы төмен қарайды. Пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізеді. Егер сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастайды. Сүлікті құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қоюға болады, ал құлақ жағына өте жақын қоюға болмайды, өйткені ол жерде вена тамыры бар. Миокард инфарктісіне ұшырған адамға сүлікті жүрегінің тұсына, яғни 3-5 ші қабырға аралығына қою керек. Ал сүлік шамамен 10 мл қан сорады.

Сүлік қанды шамамен 40-60 минуттей сорады да, тойған сүлік торсиып барып т‰сіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта батырып алып, сүліктің тұмығы кіріп тұрған жерге қояды, сонда ол өзінен өзі түсіп қалады. Түскен сүліктерді формалин ертіндісіне немесе мүсәпір спиртіне салып µлтіру керек, салынған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін қан сорған жерлерді бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қояды. Сүлік тістеп қан сорған жерден 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қан ағады. Егер 24 сағаттан кейін де қан ағуы тиылмаса, онда ол жерге перманганат калий ерітіндісіне тампонды батырып, таңып тастайды немесе танудың қатты түрін қолданады /давящая повязка/ ал қан ақпаса, онда жарақатталған жердің айналасын сутегінің асқын тотығымен немесе йодпен сүртеді де құрғақ стерильді таңғышпен байлап тастайды. Әдетте сүліктің тістеген жері 2-3 күнде жазылады. Ал екінші рет сүлікті бірнеше күннен кейін барып қою керек.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 482 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Norton шкаласы 2 страница| Norton шкаласы 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)