Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1 страница. Сұрақ №1 V1 Өзін-өзі танудың мәні: Ішкі

3 страница | 4 страница | 5 страница | 6 страница | 7 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Деңгей 1

Сұрақ №1

V1 Өзін-өзі танудың мәні:
  Ішкі үйлесімділікке, психологиялық кемелдікке ие болу құралы.
  Организмнің ішкі күйлерінің қасиеттерін тұтастай бейнелеу.
  Организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеу.
  Есте сақталған мәліметтерді қайта санаға келтіру
  Түрлі әсерлерді, бейнелерді, әрекеттерді бейнелеу.

 

Сұрақ №2

V1 Өзін-өзі тану – бұл:
  Тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін тану.
  Өзіне қатысты құбылыстардың мәнін тану.
  Өзін қоршаған заттардың түрлі қасиеттерін тану
  Өзін қоршағанның бәрін жанама түрде бейнелеу.
  Өз санасында ұмытылған нәрселерді қайта байланыстыру.

Сұрақ № 3

V1 Өзін-өзі қабылдау - бұл:  
  Өзінің жағымсыз және жағымды қасиеттерін мойындау.  
  Өзінің қате пікірін мойындау.  
  Өзіне қатысты өзгенің қателігін мойындау.  
  Өзіне қатысты ережелерді мойындау.  
  Өзіне айтылған сынды мойындау.  

Сұрақ № 4

V1 Өзін-өзі қабылдау пайда болады:
  Әлсіз санайтын қасиеттеріне позитивті эмоциялық қатынас негізінде.
  Өзінің жетістіктеріне жағымды қатынастың негізінде.
  Өзінің табыстарын мақтан тұтудың негізінде.
  Өзінің кемшіліктерін сынаудың негізінде.
  Өзін өзгелермен салыстырудың негізінде.

Сұрақ № 5

V1 Өзін-өзі төмен бағалау көрінеді:
  Өзінің күші мен қабілетіне сенімсіздіктен.
  Қалай да болмасын мақтауға ілігуге ұмтылудан.
  Табысқа жетуге тырысудан.
  Сынға төмен сезімталдықтан.
  Жасырын агрессияны қолданудан.

 

Сұрақ № 6

V1 Өзін-өзі жоғары бағалау көрінеді:
  Өзгелерден ерекшеленіп көрінуге тырысудан.
  Өзінің күші мен қабілетіне бейтарап қараудан.
  Мектепке жағымсыз қатынасынан.
  Педагогтарға жағымсыз қатынасынан.
  Құрдастарына жағымсыз қатынасынан.

Сұрақ № 7

V1 Өзін-өзі түсіну байқалады:
  Өзінің күйзелісін, мақсаттарын, ойларын нақты, толық түсінуден.
  Өзіне қатынасында өзге адамдарды жіктеп қабылдаудан.
  Өзіне қатынасында өзге адамдарды дұрыс, толық қабылдаудан.
  Өзінің таным процестерін толық басқарудан.
  Өз өмірін өзінше сүруге жаупкершілігін сезінуден.

Сұрақ №8

V1 Өзін-өзі жетілдіру – бұл:
  Бұрын қолынан келмеген іс-әрекеттерді меңгеруге ұмтылуы.
  Өзінің «сыртқы Менін» қанағаттандыруға ұмтылу.
  Өзінің «ішкі Менін» тежей білу.
  Физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу.
  Органикалық қажеттілігін қанағаттандыруға тырысу

Сұрақ № 9

V2 Өзін-өзі дамыту – бұл:
  Өз өмірінің нағыз субъектісі болуға түбегейлі қабілеті.
  Өзін-өзі ынталандыру қабілеті.
  Өзінің қылықтарын басқару қабілеті.
  Әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлану қабілеті.
  Айналадағы заттарды субъективті бейнелендіру қабілеті.

Сұрақ № 10

V1 Тұлғаның есеюінің көрсеткіші және оған қол жеткізудің маңызды шарттары:
  Өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, танытуға қажеттілік.
  Өзін-өзі жоғары ұстауға ұмтылу.
  Өзін қайткенде де сыйлатуға ұмтылу.
  Өз беделін арттыруға қажеттілік.
  Өзін-өзі тежей білуге тырысу.

Сұрақ №11

V1 Шығармашылық – ол:  
  Стандартты дүниелердің ауқымындағы жаңаның тууы.  
  Ар-ұят, ұждан сияқты қасиеттердің дамуы.  
  Маңызды әлеуметтік қажеттілік.  
  Өзгелердің кейбір қылықтарына байланысты көңіл-күйін білдіру.  
  Өзгелермен қарым-қатынасқа қажеттіліктің бірі.  

 

Сұрақ №12

V1 Шығармашылыққа оятатын күш болып табылады:
  Қалыптан тыс стимул мен жағдаяттардың тууы.
  Түзетпей, асығыс қорытынды жасамай тыңдаудың қалыптасуы.
  Тәртіп пен ережені бұлжытпай сақтауға дағдылану.
  Ішкі сезіміне сенімнің пайда болуы.
  Дене әрекетсіздігінің ұзаққа созылуы.

Сұрақ №13

V1 Кез келген іске шығармашылықпен қарау мүмкіндік тудырады:
  Өзінің жан дүниесін ашуға.
  Заттар мен құбылыстардың сырын ашуға.
  Ерлікке тәрбиелеуге.
  Адалдық пен әділеттілікке баулуға.
  Өзіндік санасын өзгелерге мойындатуға

Сұрақ № 14

V1 Адамның өзін-өзі тануында білімнің рөлін атап көрсеткен қазақ ағартушы-ғалымдары:
  А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин.
  Ө. Жолдасбеков, И.Тайманов, Ы. Ноғайбаев.
  Қ.Сәтбаев, Ә. Қастеев, Ш. Айманов.
  М. Өтемісұлы, Д.Нұрпейісова, А.Ғалымбаева.
  Б. Момышұлы, Н. Құлжанова, Ә. Шәріпов.

Сұрақ № 15

V1 Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге көмек көрсете алады:
  Ата-анаңыз, мұғалімдер тәжірибесі мол мамандар.
  Хисса-дастандардағы кейіпкерлер.
  Ертегі кейіпкерлері.
  Аңыз кейіпкерлері.
  Бейтаныс адамдар.

Сұрақ № 16

V1 Сүйікті ісіңізбен айналысу мүмкіндік тудырады:  
  Тез арада өз салаңызда озық маман болуға.  
  Тез арада билікке қол жеткізуге.  
  Тез арада лауазымыңыздың өсуіне.  
  Өзіңізді бәрінен жоғары сезінуге.  
  Өзіңізді бәрімен теңдей сезінуге.  

Сұрақ № 17

V1 Мен - тұжырымдамасы - болуы мүмкін:
  Жағымды, жағымсыз, екіұшты.
  Сәтті, сәтсіз.
  Әділетті, әділетсіз.
  Бейтарап.
  Икемсіз.

Сұрақ № 18

V1 Адамның ішкі жан дүниесі өзінен өзі пайда болмайды, ол -
  Сыртқы дүниенің ерекше формасының бейнесі.
  Өзінің саласы бар.
  Өзінің сферасы бар.
  Өзінің көлемі бар.
  Өзінің аясы бар.

Сұрақ № 19

V1 Адамның ішкі жан дүниесінің мазмұнын құрайды:
  Сана, бейсана, тұтастай психика.
  Тітіркену, бейімделу.
  Қимыл-қозғалыс, жүріс-тұрыс.
  Қобалжу, мазасыздану.
  Ойлану, қиялдау.

Сұрақ № 20

V1 Өмір сүру үшін және өмірге қуану үшін адам:
  Қоршаған шындықты оңды қабылдауы,өз күшіне сенуі қажет.
  Өзінің мүмкіндігіне сын көзбен қарауы керек.
  Өзінің сезімдеріне ерік беруі қажет.
  Өз шамасын білуі, өзгелерге үміт артуы қажет.
  Айналасындағыларды таңдап қабылдауы керек.

Сұрақ № 21

V1 Махаббат мүмкіндік береді:
  Барлық жағымды шығармашылық күштің оянуына.
  Адамда идентификацияның пайда болуына.
  Адамда инстинкттердің сақталуына.
  Адамда интуицияның оянуына.
  Адамда шартты рефлекстің қалыптасуына.

Сұрақ № 22

V1 Бенедикт Спиноза бостандықты байланыстырды:
  Санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен.
  Мотивпен, мотивациямен, мінез-құлықпен.
  Мен-бейнесімен, Мен-тұжырымдамамен.
  Әрекетпен, іс-әрекетпен, қимыл-қозғалыспен.
  Санаастымен, бейсанамен.

Сұрақ № 23

V1 Н.А. Бердяевтің пікірі бойынша адамды азат, ерікті жасайтын:
  Таңдауға, шығармашылыққа мүмкіндігі.
  Мансапқа қол жеткізуге мүмкіндігі.
  Қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі.
  Органикалық қажеттілігін өтеуге мүмкіндігі.
  Сүюге мүмкіндігі.

Сұрақ № 24

V1 Абайдың пікірінше, руханилық - адам бойына
  Кітаптар, халық аңыздары мен өнер, рухани тәжірибе арқылы сіңеді
  Органикалық, биоогиялық қанағаттанумен сіңеді.
  Материалдық заттар, көңіл-күйлер арқылы сіңеді.
  Қызықты құбылыстар арқылы сіңеді.
  Іс-әрекет, қимыл-қозғалыс арқылы сіңеді.

Сұрақ № 25

V1 Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықтың, адамның адамгершілігі жоғары болады:
  Бостандық, теңдік, тәуелсіздік алған кезде.
  Денсаулығы мықты болған кезде.
  Материалдық байлыққа жеткен кезде.
  Автономдық алып, билігін жүргізген кезде кезде.
  Өзгеге арқа сүйеген кезде.

Сұрақ № 26

V1 Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықтың, адамның адамгершілік қасиеттері толықтай көріне алмайды:
  Әділетсіздікпен үнемі езгіге душар болып отырғанда.
  Үнемі қақтығыстар болып отырғанда.
  Өзара қарым-қатынас тапшылығында.
  Жиі табиғи апаттарға ұшырап отырғанда.
  Денсаулығы төмен болған жағдайда.

Сұрақ № 27

V1 Адам өзінің ішкі дүниесін көрсетеді:
  Қылықтарымен, сөзімен, әрекеттерімен.
  Тақпақ жаттауымен, өлең айтуымен.
  Ойын ойнауымен.
  Би билеуімен.
  Аң аулауымен.

Сұрақ № 28

V1 Тұлғаның руханилығының қалыптасуында ерекше рөл атқарады:
  Өнер, ғылым, діни сенім.
  Экономика, саясат.
  Кездейсоқ жағдаяттар.
  Ерік күші.
  Іргелес ассоциациялар

Сұрақ № 29

V1 Адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәні:
  Келісімде өмір сүре алу және соған талпыну.
  Өзінің материалдық байлығымен бөлісу.
  Лауазымын өсіруге талпыну.
  Байлықта өмір сүруге талпыну.
  Әлеуметтік жағдайын жақсартуға талпыну.

Сұрақ № 30

V1 Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қарым-қатынасқа қажеттілік анық көрінеді:
  Тату көршіліктен, қонақжайлылықтан, тілектестіктен.
  Тұйықтықтан, қабылдамаудан.
  Бытыраңқылықтан, жүзге, руға бөлінулен.
  Сенімсіздіктен.
  Агрессивтіліктен.

 

Сұрақ № 31

V1 Қазақстандағы қарым-қатынас мәдениеті жақын:
  Тұлғааралық, эмоциялық қатынастарды құруға және толеранттылыққа.
  Ресми немесе бейресми қарым-қатынасқа.
  Тұғырлық қарым-қатынасқа.
  Рөлдік қарым-қатынас мәдениетіне
  Іскерлік қатынастарды құруға.

Сұрақ № 32

V1 Адамдар арасындағы түрлі қашықтықта қарым-қатынас зонасы (аумағы):
  Көпшілік және жеке зона, әлеуметтік және интим зонасы.
  Ыңғайсыз және ыңғайлы зона.
  Мәдени зона және ресми зона.
  Арнайы зона.
  Бейресми зона.

Сұрақ № 33

V1 Кез келген дау-дамай жағдаятында болады:
  Жеңімпаздар, жеңілгендер.
  Табыстылар, бақылаушылар.
  Бақылаушылар, жәбірленушілер.
  Бақылаушылар, келісушілер.
  Жеңімпаздар, бақылаушылар

Сұрақ № 34

V1 Қарым-қатынастың, тілдесудің жемістілігін қамтамасыз ететін маңызды шарттар:
  Адамның назарын аудару, достық ниетте болу.
  Адамның көңілін аудармау, өзіне қаратпау.
  Адамға назар аудармау.
  Өзінің ұлттық салт-дәстүрін сақтау.
  Түрлі ниетте болу.

Сұрақ № 35

V1 Жанжалдың жағымды нәтижесі болуы мүмкін:
  Прогресс, конструктивті шешім, альтернатива.
  Регресс.
  Кеңейту, тереңдету.
  Қирату.
  Деструктивті шешім..

Сұрақ № 36

V1 Қарым-қатынас мәдениеті өзіне ендіретін механизмдер:
  Тыңдау, есіту, қарау, көру, рефлексия, эмпатия.
  Эмпатия, қайталау, кінәләушылық.
  Көру, есіту.
  Қарау, тыңдау.
  Рефлексия, қайталау.

Сұрақ № 37

V1 Адамның рухани өсуі мен қабілеттерінің дамуы көп жағдайда байланысты:
  Бауыр басуға қажеттіліктің қанағаттандырылуына.
  Табысты мансапқа.
  Біржақты қарым-қатынасқа.
  Сүйіспеншіліктің молдығына.
  Альтруизмге.

Сұрақ № 38

V1 Отбасында сүйіспеншілікке бөленген адамда дамитын сапалар:
  «Қажеттілік» комплексі, альтруизм, мейірімділік, эмпатияға қабілеттілік.
  «Қажетсіз адам» комплексі, толымсыздық комплексі.
  Мүсәпірлік комплексі.
  Эгоизм, агрессия
  Біреуді сүюге қабілетсіздік.

Сұрақ № 39

V1 Туыстық байланыстар басты рөл атқарады:
  Өз отбасын құруда, өмір жолын таңдауда, қиын жағдаяттарда.
  Болашақ жарын таңдауда, некені бұзуда.
  Өзіне дос таңдауда.
  Достарымен көңіл көтеруде.
  Еңбек ұжымында әріптестермен қарым-қатынаста.

Сұрақ № 40

V1 Отбасындағы ардақты ананың рөлі:
  Әрқашан өз баласын түсінеді, елдің баласы етіп тәрбиелейді.
  Әрқашан өзін құрбан етуі керек.
  Өз баласын кейбір кезде ғана түсінеді.
  Тек әкеге қосымша болып табылады.
  Ісі де, сөзі де әрқашан дұрыс.

Сұрақ № 41

V1 Отбасындағы асқар таудай әкенің рөлі:
  Кез келген проблеманы жете түсінетін, арқа сүйейтін тірек, ақылшы.
  Өз принциптеріне бағынуды талап етеді.
  Тек материалдық молшылықты қамтамасыз етеді.
  Өзіне сөзсіз бағынуды талап етеді.
  Өзінікін әрқашан дұрыс деп есептейді.

Сұрақ № 42

V1 Нағыз махаббат тек қана болуы мүмкін:
  Жоғары адамгершілікті, құрбан болушы, асқақтатушы.
  Бағындырушы
  Ыңғайға көндіруші.
  Жағымпазданушы.
  Жауапсыз.

Сұрақ № 43

V1 Достықты білдіретін маңызды қатынастардың түрлері:
  Рухани жақындық, бірлескен іс-әрекеттегі тең құқықтылық.
  Тәндік жақындық және тек жолдастық қатынастар
  Кейбір қатынастарда теңсіздікті ұғыну.
  Бірлескен іс-әрекетте билік жүргізу.
  Серіктестік қатынастар.

Сұрақ № 44

V1 Достықтың қалыптасуына әкеледі:
  Өмірге ортақ көзқарастардың болуы.
  Өмірге көзқарастардың алшақтығы.
  Тек бір түрлі ұлтқа қатыстылық.
  Тек бір жынысқа қатыстылық.
  Жеке-дара іс-әрекет, өзара жарысқа түсу

Сұрақ № 45


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 286 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Взаимовлияние| 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)