Читайте также:
|
|
Өсімдік майын ертеректе күнбағыс,зығыр, мақта, жаңғақ сияқты майлы дақылдардың дәнін жаныштап, ағызу, қыздырып тарту сияқты қарапайым тәсілдермен алып, қарынға, бүйенге, күбілерге, ішекке құйып сақтаған.
Өсімдік майлары - түрлі өсімдіктер дәннен алынатын табиғи өнімдер. Майлы дақыл тұқымдарында, дәнінде майдың мөлшері көп болатын дақылдар жатады. Олардан алынған майлар тамаққа пайдаланылады және басқа өндіріс салаларында да қолданылады. өсімдік майлары таза күінде немесе маргарин түрінде қолданылады. Майлы дақылдардың тұқымдарының саплық көрсеткіштеріне олардың түсі мен иісі, ылғалдылығы, араласпалардың мөлшері, майдың мөлшері және сапасы жатады. Майлы дақылдарға жататын үпілмәліктің (майкене) (май 54,3 %), жержаңғақтың (май 48,7 %), қышанның (май 41,5 %), рапстың (май 42,4 %), крамбенің (май 37,3 %), күнбағыстың (45,1 %), күнжіттің (май 50,2 %), сояның (май 20,0 %), зығырдың (май 42,5 %), арыштың (рыжик) (май 36,2 %), құрамында 20 дан 55 % - ке дейін май болады.
Өсімдік майларын алудың екі тәсілі бар. Бірі сығымдау, екіншісі экстракциялау. Сығу тәсілі май алудың ең ежелгі тәсілі, бұл кезде қысымда дәндерді сығып алады. Сығымдаудың екі тәсілі бар: суық және ыстық. Суық сығымдауда дәндерді алдын-ала жылулық өңдемей сығады; майдың түсі ашық түсті болады, май дәндерінің табиғи дәмі мен иісін сақтайды. Май шығымынұлғайту үшін майдаланған дәндерді 100 - 110 °С тепературада ылғалдандыра отырып қуырады, нәтижесінде май тұтқырлығы азаяды да, одан май толық бөлінеді. Майдың дәмімен иісі күшейе түседі.
Экстракциялау - май алудың тиімді әдісі, бұнда майды дәндерден май еріткіштерімен ерітіп алады. Бұл май дәндерінен майын толық бөліп алуға болады (күнжарасында 1 % май қалады). Бұл тәсілде арнулы аппарат ішіне органикалық еріткіштер (бензин немесе дихлорэтан) құйылып майдаланған дәндерден май ажыратылады. Майға араласқан органикалық еріткіштерді бөліп шығару үшін дистилятор, ал май бөлініп алынған қалдықтарға араласқан еріткіш заттарды бөлу үшін шнекті буландырғаштар пайдаланылады. Майы алынған қалдық заттар малдың құнарлы жемі. Дәндерден бөініп алынған май тазартылады. Тазарту әртүрлі қоспалардан, ароматты, белокты және шарышты заттардан, пигменттерден, бос май қышқылдарынан ажырату үшін жүргізіледі. Қоспа түріне байланысты тазалужың әртүлі әдәстерә қлоданылады.
Механикалық тазалу - майды тұндыру, фильтрлеу немесе центрифуглау арқылы бөгде қоспалардан тазарту. Механикалық тазартудан өткен майды ғана рафинадталмаған деп атайды.
Гидратация кезінде майдан белокты және шарышты заттарды бөледі. 60 °С - қа дейін қыздырылған май арқылы немесе 1 % - ды ас тұзының ертіндісін өткізеді. Белокты, шарышты заттар және фосфатитерісінеді, когуляцияланады да тұнбаға түседі. Тұнбаны алып тастайды, ал майды сүзеді немесе сепараторда тартады. Механиклық тазалау мен гидратациядан өткен май гидратталған май деп аталады.
Нейтралдау (сілтілік өңдеу) майдан бос май қышқылдарынан ажырту үшін жүргізеді. Майға сілті ерітіндісін қоссалды, ол бос май қышқылдарымен әрекеттесіп сабын түзеді. Сабынды бөліп алу үшін майды сумен жуып кептіпреді.
Ағарту майдан бояғыш заттарды бөлу үшін жүгізіледі. Майға ұнтақталған әртүрлі ағартқыш заттар, активті көмір және т.б қосады, олар бояғыш заттарды адсобцияла, бояғыш заттарды ұстайды, ал маймөлдірленеді. Содан кейін майды сүзеді.
Механикалық тазаланған, гидратталған, нейтралданған және ағарған май дезодорацияланбаған рафиндалған деп аталады.
Дезодарация процесінде майдың табиғи ароматты заттары, оснымен қатар бензин қалдықтары ажыратылады. Дезодаация арнайы аппараттарда - дезодораторларда жүгізіледі. 170 - 230 °С дейін қыздырылған майдан өткір аса қызған бу өткізеді, бу ароматтызаттарды жұтады.
Тазалаудың толық схемасынан өткен май дезоратталған рафиндалған май деп аталады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 431 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бақылау сұрақтары | | | Жануарлар майлары |