Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұлғалық өсу түсінігі

Тренингтің әдіснамалық негіздері | Ақпаратты ұсыну техникалары (дәріс, видео-иллюстрация, пікір-талас, бағдарланған нұсқау, жүйленген шолу және т.б.). | Ролдiк ойындар | Жағдаят анализi | Тренингте топтың дамуының негізгі сатылары. | Екінші саты – саналау. | Тренинг жүргiзушiнiң ролi мен қызметi | Психологиялық тренинг жетекшісі іс-әрекетінің этикалық аспектілері. | Практикалық сабақ 4 сағ. | Тұлғалық өсу тренингі. |


Читайте также:
  1. Жеке адам әлеуметтануының түсінігі
  2. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
  3. Индикативтік жоспарлау түсінігі
  4. Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі
  5. Леуметтік сфера түсінігі
  6. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.
  7. Тұлға және тұлғалық өсу.

Адамның тұлғалық өсуі оның тұлғалық потенциалының үнемі дамуын көрсетеді.

Тұлғалық потенциал-бұл өзінің ішкі елестері мен критерилері негізінде адамға шешім қабылдауға және өзінің мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік беретін, психологиялық қасиеттердің кешені.

Әртүрлі авторлар тұлғалық потенциалдың түрлі көрсеткіштерін ұсынады: тұлғалық автономия және тәуелсіздік, ішкі еркіндік, өмірді мағыналау; күрделі оқиғаларда өмірлік тұрақтылық, ішкі өзгерістерге дайындық; жаңа белгісіз ақпаратты қабылдауға қабілеттілік; әрекет етуге үнемі дайын болу; іс-әрекетті жоспарлау ерекшеліктері; тұлғаның уақыттық перспективасы.

Тұлғалық өсу ең алдымен адамның өзінің күш жігеріне байланысты. Тұлғалық өсуде, адамның ішкі әлемінде және оның сыртқы әлеммен өзара қарым-қатынасында өзгерістер болады. Бұл өзгеріс психологиялық қорғаныстың бұрмалап әсер етуінен біртіндеп босайды да, қабылданған ақпаратқа, өзінің «Мен-бейнесін» қорғау мақсатында «сүзгіден» өткізу емес, сеніп қабылдау қабілетіне ие бола бастайды.

Осыдан кейін ол жаңа сыртқы ақпараттарға неғұрлым ашық бола бастайды, сонымен қатар өзін, өзінің сезімдерін және бастан кешулерін дұрыс түсіне бастайды. Ол өзінің мүмкіндіктерін ақылмен бағалап, өзіне қатыстыға жауапкершілікті ала бастайды. Тұлғалық өсу болып жатқан адам қарым-қатынасқа ғана емес, өзара әрекетке ұмтылады, басқа адамдармен байланыста нұғырлым ашық және табиғи бола бастайды, сонымен қатар неғұрлым шынайы, иілгіш, тұлғаралық қарама-қайшылықты компетентті шешуге қабілетті болады.

Тұлғалық өсу, ұмтылыстар, қалаулар және мүмкіндіктер арасында, өмір талаптары мен мораль арасында, шынайылық және жоспар арасында шешілмеген қарама-қайшылықтары жоқ тұтас тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мүндай тұлға дағдарыстарды басынан кешірмейді дегенді білдірмейді. Тұлғалық өсу адамдға дағдарыстарды жеңудің маңызды тәсілін береді-тұлғалық мағына, өзінің барлық ойлары, сезімдері және әрекеттерінің іштей мағыналанғандығын түсіну. Күрделң дағдарыстық ситуацияға түсе отырып, өзіне мынандай сұрақтарды қоймайды: «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан пайда болды?», «Кім кінәлі?». Былай сұрайды: «Неге?» осы дағдарысты жеңе отыртып қандай пайдаға ие боламын? Қандай тәжірибе аламын?

Неғұрлым дамыған тұлға ең алдымен критикада ойланып алып, одан рационалды түйінді іздей бастайды.

 

 

Тұлғалық өсу ішкі еркіндікті кеңейту процесі – тұлғаның актуализациясы. Актуализацияның салдары:

- креативтіліктің өсуі (шығармашылық қабілет);

- өзін және шынайылықты терең қабылдау «ол қандай, солай қабылдау»;

- толеранттылықтың өсуі (бөгде нанымдарға шыдамдылық);

- жаңашылдыққа ұмтылу және жаңа тәжірибеге ашықтық;

- тікелейлік және мінез-құлықтың табиғилығы;

- өз-өзіне терең сенімділік сезімі.

Актуализация процесі психикалық және ментальды деңгейде өз-өзімен терең жүйелі жұмыс жасауды көрсетеді. Ол үшін жеткілікті мотивация және рефлексияға деген қабілеттілік керек. «Тұлғалық өсу» түсінігінің өзі тұлғалық қасиеттерімен жетілдірудегі мақсатқа бағытталған жұмыс және бұл өзін-өзі тану, өзін өзі ояту, тұлғалық дамуды бағдарламалау және өзін-өзі реализациялауды көрсетеді.

«Тұлғалық өсу» - алғашында К.Роджерс және А.Маслоудың гуманистік концепциясында қалыптастырылған, алайда қазіргі таңда басқа психологиялық бағыттарда кеңінен қолданылады.

 

  Адам табиғаты Тәрбиелеудің мағынасы Негізгі өкілдері
  Мінсіз позитивті Актуализациялауға көмек К.Роджерс, А.Маслоу
  Шартты позитивті Таңдауға көмек В.Франкл экзистенциалды бағыт
  Нейтралды Қалыптастыру, коррекция Бихевиоризм, кеңес психологиясының көпшілігі
  Бұзылған Түзету, компенсация Классикалық фрейдизм

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 1378 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұлға және тұлғалық өсу.| Тренингтік тәжірибедегі тұлғалық өсу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)