Читайте также: |
|
Тренингті жүргізудің теориялық негізделуі және техникалары барлық әлемде қарқынды дамуда. Қазір олардың үлкен үш бағытын көрсетуге болады:
1. тұлғалық өсу тренингі;
2. қарым-қатынас тренингі;
3. бизнес тренингі.
Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады. Тренингтің әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың және тренердің көмегімен өзінің саналанбайтын қорқыныштарын түсінуге, ішкі барьерлерді жеңе алады, басқа адамдар оны қалай қабылдайтынын жақсы түсіне алады. Бұл одан кейін де өзінің жағымды қасиеттерін неғұрлым эффективті қолдануға, қабілеттердің неғұрлым шынайы бағалауын қалыптастыруға, өзіндік қателіктер және кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас тренингі -топ мүшелерін қарым-қатынастын түрлі ситуацияларда тиімді мінез-құлықты үйретуге, оларда сәйкес дағдыларды дамытуға арналған. Тұлғалық өсу тренингі және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты және оларды кешенді әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг әдісі алуан түрлі, оның негізінде топтық пікір-талас және рөлдік ойындар түрлі нұсқада, сәйкестікте болады.
Бизнес тренингтер нақты кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған. Оның ішінде жиі кездесетіні бір нәрсені сату бойынша тренинг. Сонымен қатар келіссөздерді жүргізу, конфликтілі ситуацияны шешу, команданы құру, тиімді басқару және т.б. тренингтерді де танымал.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 836 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Практикалық сабақ 4 сағ. | | | Тұлға және тұлғалық өсу. |