Читайте также: |
|
Миннесоттық көп шкалалы тұлғалық сауалнама (The Minnesota Multiphasic Personality Inventory) әлемдік психологиялық тәжірибеде тұлғаны диагностикалаудың неғұрлым валидті және сенімді әдістемесі болып табылады. MMPI әдістемесі 1941 жылы психолог С.Хатауэй және психиатр Дж.МакКинлидің жетекшілігімен Миннесот штаты университетінің психиатриялық клиникасында өнделген. Алғашында әдістеме психикалық науқастарды дифференциалды диагностикалау үшін қолданылған болатын.
Алайда қазіргі таңда MMPI әдістемесі ересек адамдар тұлғаларының психологиялық ерекшеліктерін терең диагностикалау үшін қолданылады. Сенімділіктің жоғары деңгейі бар бұл әдістеме арқылы мінездің бітістері мен типтерін, мінез-құлық пен қарым-қатынас стилін, адаптацияға деген қабілеттіліктерді және жасырын психологиялық ауытқуларды анықтауға, кәсіби жарамдылықты, эмоционалды күй мен стресс көрінісінің деңгейін бағалауға, кез келген еңбек іс-әрекеті түрлеріндегі қиындықтардың кездесу мүмкіндігі мен мазмұнын болжамдауға болады.
MMPI-дың алғаш адаптацияланған түрінің авторы Л.Н. Собчик болып табылады. MMPI бойынша орыс тіліндегі бірінші кітап 1971ж. жарияланды. Л.Н.Собчик сұрақнаманың карточкалық формасын қолданды, онда сұрақнаманың 550 пункті және 13 базалық және 3 бағалаушы шкалалары сипатталған. Ол барлық тұжырымдарды орыс тіліне аударып, ер адамдар мен әйелдерге арналған жеке формаларын бөлген. Нәтижелерді өңдеу кезінде көбінесе психиатриялық интерпретация қолданылған.
Басқа тұлғалық сұрақнамалармен салыстырғанда MMPI әдістемесінің мына артықшылықтары көрініс табады:
- максималды объективтілік;
- сыртқы критерий бойынша валидтілік;
- алынған нәтижелердің шынайлылығын сенімді қадағалау;
- қосымша шкалаларды құру және қолдану мүмкіншілігі.
Зерттеудің жүргізілу барысы. MMPI әдістемесі 16 жастан асқан адамдардың тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін диагностикалау үшін қолданылады, сондай-ақ, олардың 7 сыныптан кем емес білімі, сақталынған вербалды интеллектілері 70 IQ кем емес болуы тиіс және орыс тілін түсінулері қажет. Әдістеме материалы ретінде 566 тұжырымнан тұратын жинақ болып табылады. Тұжырымдар адамның түрлі жағдайлардағы мінез-құлықына, көңіл-күйіне, уайымдарына, қатынастарына, қалауларына, әдеттеріне, көріністеріне, эмоционалдық күйлеріне, өзін сезінуіне қатысты келеді. Сұрақнаманың ер адамдарға және әйел адамдарға арналған бөлек нұсқалары бар. Сонымен қатар, әдістеменің құрамына жауап бланкісі кіреді.
Тестілеу басталмас бұрын мына жағдайларды ескеру қажет:
1. комфортты сыртқы шарттарды, жақсы жарықты, бөтен дыбыстардың болмауын, оптималды температураны және жазба жұмысының қолайлығын қамтамасыз ету;
2. өзін таныстыру;
3. сыналушылармен танысу;
4. сыналушылардың қанағаттанарлық күйде екеніне, олардың сабырлы және психотроптық дәрілердің әсерінде еместігіне сенімді болу;
5. керек жағдайларда сыналушыларды сабырлы ету;
6. зерттеудің мақсатын және нәтижелердің құпиялы болатынын түсіндіру;
7. сыналушыларға тестілеудің нәтижелерін ұсынуының мүмкін болатын айту;
8. нұсқауды дауыс шығарып оқу, егер пайда болса онда сыналушылардың сұрақтарына жауап беру;
9. нұсқауды дұрыс түсінгендіктеріне және тапсырмалардың дұрыс орындалуына көз жеткізу.
Болмайды:
- Тестілеуді жағымсыз сыртқы орта жағдайларында және сыналушының өзін жаман сезінуі кезінде өткізу;
- Сыналушыға MMPI-ды үйде немесе кез келген басқа қадағаланбайтын жерлерде орындауға мүмкіндік беру;
- Тестілеу бойынша алынған нәтижелерді жазбаша түрде сыналушыларға беру.
Сұрақнаманы толытыру үшін берілетін нұсқау:
«Сұрақнама нөмірленген 566 тұжырымнан тұрады. Сіз олардың әрқайсысын мұқият оқып, баға беруіңіз қажет, яғни ол нақты Сізге сәйкес келе ме әлде жоқ, Сіз келісесіз бе немесе келіспейсіз бе. Егер тұжырым Сіз үшін дұрыс болса, онда Сіз жауап бланкісіндегі сәйкес келетін тұжырым нөмірінің үстінен белгілейсіз. Егер тұжырым Сіз үшін дұрыс емес болса, онда Сіз жауап бланкісіндегі сәйкес келетін тұжырым нөмірінің астынан белгілейсіз.
Бұл «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар емес, бұл Сіз келісе алатын немесе келісе алмайтын тұжырымдар екенін есіңізден шығармаңыз. Мысалы, «Менің басым ешқашан ауырмайды» деген тұжырымға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере алмаймыз. Сіздің жауабыңыз тек өзіңіздің ой-пікіріңізді сипаттауы тиіс.
Тұжырым нөмірі жауап бланкісіндегі нөмірге сәйкес келетініне назар аударыңыз. Егер, сіз қателесіп кетсеңіз, қате жерінде сызық қойып, керек жерді белгілеңіз. Мәтіңге ешбір өзгертулер енгізбеңіз».
Сыналушылар нұсқауды дұрыс түсінуіне сенімді болсаңыз, тестілеуді бастауға болады.
Кейінгі жылдары MMPI-дың екі жаңа түрі жасалынды. MMPI-2 (1989ж.) және MMPI-А (1992ж.).Олардың авторлары Дж.Бетчер және В.Далстром. MMPI-2 16-дан 84 жасқа дейінгі ересек адамдарға, ал MMPI-А 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Ресей психологиясында MMPI-дың адаптацияланған екі түрі қолданылады: Ф.Б.Березин мен М.П.Мирошниковтың және Л.Н.Собчиктың басшылығымен.
MMPI бойынша тестілеуге кететін жалпы уақыт 50 мен 90 минут аралығында болады. Толтырылған жауап бланкісі кілт арқылы өңделеді. Кілттер ретінде арнайы трафареттер қолданылады, оларды жауап бланкілеріне салу қажет. 5-ші шкала (Мf) бойынша ер адамдар мен әйел адамдарға бөлек трафареттер бар. Әр шкала бойынша сыналушының кілтпен сәйкес келетін жауаптар саны саналып, осылайша шикі баллдар саны анықталады. (1-ші кесте).
Келесі кезеңде шикі баллдарға коррекция шкаласы бойынша түзетулер енгізіледі. Түзетулер өзін-өзі реттеу, импульсивтілік, мазасыздық және индивидуалдылық шкалаларына енгізіледі, қалған шкалаларға коррекция жасаудың қажеті жоқ.
Кейін шикі баллдарды бағалаушы шкалалар бойынша стандартты Т-баллдарға айналдыру керек (2-ші және 3-ші кестелер).
1-ші кесте. MMPI әдістемесінің нәтижелерінің көрініс
Шкалалар | L | F | K | 1 Hs | 2 D | 3 Hy | 4 Pd | 5 Mf | 6 Pa | 7 Pt | 8 Sc | 9 Ma | 0 Si |
Шикі баллдар | |||||||||||||
Коррекция коэффиценттері | +0.5K | +0.4K | +K | +K | +0.2K | ||||||||
Коррекцияланған маңыналар | |||||||||||||
T-баллдар |
2-ші кесте. MMPI шкалаларының шикі баллдарын Т-баллдарға ауыстыру ер адамдар үшін
Шикі баллдар | Шкалалар | ||||||||||||
L | F | K | |||||||||||
L | F | K |
3-ші кесте. MMPI шкалаларының шикі баллдарын Т-баллдарға ауыстыру әйел адамдар үшін
Шикі баллдар | Шкалалар | ||||||||||||
L | F | K | |||||||||||
L | F | K |
MMPI шкалаларының Т-баллдармен көрсетілетін нәтижелерінің орташа мәні 50-ге тең, және стандартты ауытқу 10-ға тең. Осылайша, норма диапозоны 30-дан 70-ке дейінгі Т-баллдар интервалын қамтиды.
Сондай-ақ, MMPI нәтижелері бойынша ақпаратты профиль түрінде суреттеуге болады. MMPI профилі бұл MMPI шкалаларының сандық көрсеткіштерінің графиакалық формасы. (Х) абсцисс осі бойынша солдан оңға қарай басында үш бағалаушы, кейін 10 базистік шкалалар көрсеткіштері түсіріледі. (Y) ордината осі бойынша астынан үстіне қарай Т-баллдар орналасқан. MMPI-дың әрбір шкалалары бойынша нүкте ретінде Т-баллдар мағынасы графикке түсіріледі. Содан кейін бағалаушы шкалалар бөлек және базистік шкалалар бөлек сол нүктелер арқылы сызықтармен қосылады.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 1844 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сауалнама | | | Профиль деңгейі |