Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу

Глоссарий | Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. | Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті | Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы. | Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары. | Зерттеу процедурасы | Нәтижелерді талдау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) |


Читайте также:
  1. A) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшылар
  2. B) 7 күн, ал күрделі істер бойынша соттың ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін
  3. B) жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
  4. B) Сол мәселе туралы дау бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. D) Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады
  7. E) Әрбір іс бойынша істі қарауға әзірлеу міндетті

Құндылықты бағдарлар жүйесі тұлға бағыттылығының мазмұндық жағын анықтайды және оның қоршаған әлемге, өз-өзіне деген қатынастын негізін, дүниетаным негізін және өмірлік белсенділік мотивациясының ядросын, өмірлік концепция мен «өмір философиясы» негізін құрайды.

Қазіргі уақытта неғұрлым кең тараған құндылықтар тізімін тікелей ранглеуге негізделген М.Рокичтың құндылықтық бағдарларын зерттеу әдісі болып табылады.

М.Рокич құндылықтардың екі класын бөледі:

Терминалды (А тізімі) – жеке тұлғалық жүзеге асудың соңғы мақсаты, оған ұмтылу деген сенім; инструменталды (Б тізімі) - әрекеттің қандай да бейнесі немесе тұлғаның қасиеті қандай да бір жағдаяттарда артық болып табылатынына сенім. Мұндай бөлу дәстүрлі бөлуге, мақсат-құндылықтары және тәсіл-құндылықтарына сәйкес келеді.

Респондентке құндылықтардың екі тізімі (әрқайсысында 18-ден), не алфавиттік тәртіпте қағаз бетінде, не карточкада ұсынылады. Тізімде сыналушы әрбір құндылыққа рангілік нөмер береді, ал карточкалар мәнділігі бойынша орналастырылады. Материалдарды берудің соңғы формасы неғұрлым сенімді нәтижебереді. Алдымен терминалды жиын, сосың инструменталды құндылықтар жиыны ұсынылады.

Нұсқау: «Сізге қазір құндылықтар көрсетілген 18 карточкадан тұратын жиын ұсынылады. Сіздің міндетіңіз - өміріңізді басқаруыңызға қарай оларды Сіздің принциптеріңіз ретінде орналастыру. Әрбір құндылық жеке карточкада жазылған. Карточкаларды ұқыппен оқып, Сізге неғұрлым мәндісін таңдап, оны бірінші орынға орналастырыңыз.Сосың мәнділігі бойынша екіншісін таңдап, біріншіден кейін орналастырыңыз. Ары қарай қалған карточкалардыңбарлығын осы тәртіппен орналастырып шығыңыз. Мәнділігі төмені ең соңындақалады және 18 орынды иеленеді».

Асықпай, ойланып жасаңыз. Егер жұмыс барысында Сіз ойыңызды өзгертсеңіз, онда өзжауабыңызды түзеп, карточкалардың орнын ауыстыра аласыз. Соңғы нәтиже Сіздің шынайы позицияңызды бейнелеу керек.

Экспериментаторға нұсқау:

Сыналушыға құндылықтардың екі тізімі (әрқайсысында 18-ден), не алфавиттік тәртіпте қағаз бетінде, не карточкада ұсынылады. Тізімде сыналушы әрбір құндылыққа рангілік нөмер береді, ал карточкалар мәнділігі бойынша орналастырылады. Материалдарды берудің соңғы формасы неғұрлым сенімді нәтиже береді. Алдымен терминалды жиын, сосың инструменталды құндылықтар жиыны ұсынылады.

 

А тізімі:

- белсенді іс-әрекеттік өмір (өмірдің эмоционалды қаныққандығы);

- өмірлік даналық (өмірлік тәжірибемен жететін пікірдің кемелділігі және ақылды ой);

- деңсаулық (физикалық және психикалық);

- қызықты жұмыс;

- табиғат және өнердің әдемілігі (табиғаттағы және өнердегі сұлулықты бастан кешіру);

- махаббат (сүйікті адамымен рухани және физикалық жақындық);

- материалды қамтамасыз етілген өмір (материалды қиындықтың жоқ болуы);

- жақсы және сенімді достардың болуы;

- қоғамдық мойындау (қоршағандарды, ұжымды, жұмыс бойынша азаматтарды сыйлау);

- таным (өзінің білімін, дүниетанымын, жалпы мәдиентті, интеллектуалды дамуды кеңейту мүмкіндігі);

- өнімді өмір (өзінің мүмкіндіктерін, күш және қабілеттерін максималды толық қолдану);

- даму (өз-өзімен жұмыс жасау, үнемі физикалық және рухани жетілу);

- көңіл көтеру (уақытты жақсы өткізу, міндеттердің жоқ болуы);

- еркіндік (дербестілік, пікір және қылықтардан тәуелсіздік);

- бақытты отбасылық өмір;

- басқалардың бақыты (әл-ауқат, басқа адамдарды, барлық халықты, адамзатты жетілдіру және дамыту);

- шығармашылық (шығармашылық іс-әрекеттің мүмкіндігі);

- өз-өзіне сенімділік (ішкі үйлесімділік, ішкі қарама-қайшылықтан, күдіктен еркіндік).

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 1545 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.| Б тізімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)