Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Пәнді оқытудың мақсаты. | Оқу пәндерін оқытудың жоспары. | Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті | Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы. | Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары. | Зерттеу процедурасы | Нәтижелерді талдау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) |


Читайте также:
  1. II. Глоссарий
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. Глоссарий

Агрессия – « aggressiо» - шабуыл жасау деген мағынаны білдіреді. Басқаларға немесе өзіне әдейі зиян келтіруі.

Бағыттылық - бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.

Вербалды агрессия - сөз арқылы өзінің жағымсыз қатынасын жеткізу.

Гипертимді тип (ГП). Бұл типтің байқалатын ерекшелігі болып әркезде немесе жиі көтеріңкі көңіл-күйде болуы саналады. Ол жоғары белсенділікпен, қызметке деген қызығушылығымен ерекшеленеді. Оған жақсы қарым-қатынас, жоғары сөз аңдушылық қасиеті тән, өмірге оптимистік көзбен қарайды, қиыншылықтар туған жағдайда да оптимистігін жоғалтпайды.

Демонстративтік тип (ДМ). Бұл типтің бастапқы ерекшелігі болып, әрқашан адамның ойында із қалдыруға ұмтылыс, өзіне қарата білу, елдің ортасында болу қажеттілігінің тууы табылады. Бұл қасиеттер оның демонстративті мінез-құлқында айқын көрінеді. Осы мінез типінің элементіне өзін-өзі мақтау, өзі жайлы немесе басқа бір әңгімелер айту, барлық кездерде бұл тұлғаның орталық орында болуы жатады

Дистимдік тип (ДТ). Дистимдік тұлға бұл гипертимділікке қарама-қарсы. Мұндай типтер қайғылы, қараң, уайымды өмір сүруге бейімделген. Бұл қасиеттер барлық жағынан байқалады: мінез-құлқында да, сөйлеу мәнерінде де, өмірді қабылдау ерекшелігінде де, басқа адамдарды және оқиғаны немесе әлеуметтік- перцептивтік ерекшеліктерді қабылдауында. Бұл адамдар өмірде байсалды болады. Гипер белсенділік, жай ғана белсенділік қасиеттері бұларға тән емес. Жеке мінез-құлық сипаттарын біле тұрып олардың үйлесімділігін анықтауға болады. Мысалы: акцентуациялы тұлғаларда демонстративтік және педантты қырлы қасиеттердің үйлесімділігі мүлдем кездеспейді, себебі демонстративтік және педантты тип тұлғалары бір сферада бір-біріне қарама-қайшы келеді.

Жағдайлық және реактивті мазасыздану негізінен күй ретінде субъективті эмоциялармен сипатталынады: қысым, мазасыздану, жүйкелі т.б. Бұл күй негізінен стресстік жағдайға эмоционалдық реакция ретінде көрінеді де, динамикалық және интенсивтілік жағынан уақыт арасы әр түрлі болады.

Жанама агрессия – жанама жолмен бағытталған агрессия.

Инструменталды құндылықтар - әрекеттің қандай да бейнесі немесе тұлғаның қасиеті қандай да бір жағдаяттарда артық болып табылатынына сенім.

Күмәндану – адамдарға деген қатынасы бойынша сенбеушілік және сақтықтан, басқа адамдар жамандықты жоспарлайды және әкеледі деген сенімге дейінгі диапазон.

Кінә сезімі немесе аутоагрессия - субьектіні бұл адам жаман адам екеніне сендіру кезіндегі кінә сезімі.

Күлгін түс - қызыл мен көк түстің қасиетін қамтиды. Жауапкершіліктің болмауы, шынайлылыққа сай келмеу, магия, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс т.б. Бұл түсті жеткіншектер және жүкті әйелдер жиі таңдауы мүмкін. Себебі ол кезеңде олар эмоционалды тұрақсыздықтың күйінде жүреді. Гомосексуалдылыққа икемділерде бұл түс таңдалады. Күлгін түс 3,7 позицияда мәні жоқ, ал жүктілер мен жеткіншектерде 1,2 позицияларында ешқандай мәнге ие емес.

Қара түс – экстремалды жүріс - тұрыс, көп жағдайды қаламау, яғни «жоқ» ұғымымен сәйкес келеді. Өзге түстердің таңдалуына да әсерін тигізеді. Бірінші орында таңдалса адам өмір оқиғаларына қарсы келу, ойланбай әрекет етуді байқатады.

Қабілеттілік - тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқталуына әкеліп соғады.

Қою - жасыл түс - өзіндік бекітудегі қажеттілік. Тұлға бойындағы қысымды, талпыну, мақсатқа ұмтылушылықты, өзгерістерге қарсы тұру, көзқарасының тұрақтылығы. Сары түспен қатар қолданылуы бостандыққа деген ұмтылысты білдіреді. Екінші - үшінші позициядағы түстер емес, өзге түстердің ретінде таңдалса тұлға бойындағы қысымды айқындайды. Өмір ситуациясында адамдарды қоршаған ортасының түсімен тікелей байланыстырады: өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің т. б. Ол обьектілер қоршаған орта болып табылатындықтан қорғанысты білдіреді. Темпераменттердің ішінде меланхоликтердің сүйікті түсі болып табылады.

Қызыл түс - «әрекет ету», «жетістікке жету». Тұлғаның энергиясын жұмсаудағы физиологиялық күйі, спортқа, жеңіске, эротикаға т.б. деген ерігі, қалауы. Бұл әдістемені жүргізу барысында бұл түсті қаламау физиологиялық және жүйкелік жұқару, тозу, сексуалды қызығушылықтың төмен болуын аңғартады. Таңдалған түстердің алдыңғы қатарында болуы көшбасшылыққа деген ұмтылыс, тұлға бойындағы шығармашылық бастау т.б. байқатады. Алғашқы үш түс қатарында болмаса эмоционалды - вегетативті қысымды көрсетеді. Өмірлік жағдайда ертедегі ер адамдардың аң аулау үрдісімен тікелей байланыстырады, яғни отбасын асырау үшін аңды аулауда белсенділікті байқату, сондай - ақ адамның сексуалды қозу зоналары да осы түспен байланыстырылады. Бұл түс сангвиниктердің түсі болып табылады.

Қоңыр түс – алдыңғы қатарда болса физикалық дискомфортты байқатады. Әсіресе тұлғаның ауыру, науқастану кезінде жиі алдыңғы қатарда таңдалады. Өз жанұясын жоғалтқандарда бұл түсті таңдау байқалады. 8 позицияда болса қажеттілікті терістеу, яғни ол босаңсуда, физиологиялық қанағаттануда өз қажеттіліктерін терістеу болып табылады.

Қою - көк түс - қанағаттану, тыныштықтың белгісі, сезімталдылық пен жарақаттанушылықты көрсетеді, эстетикаға бейім, эмпатиясы бар, сенімділік, сензитивтілік, берілгіштікті байқатады. Бұл түстің төменгі қатарда таңдалуы эмоционалды қарым - қатынаста қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Темпераменттің ішінде флегматик типі жиі осы түсті қалайды. Өмірде түн мезгілімен салыстырмалы түрде қарастырады. Өйткені ол тұлғалардың босаңсу, тынығу, ұйқы т.б. процесстерімен тікелей байланысты.

Қозғыш тип (ВЗ). Қозбалы тұлғаның ерекшелігіне – мінездегі айқын импульсивтік жатады. Оның сөйлеу мәнері және мінезінің логикаға ешқандай қатысы жоқ, сондай ақ өз іс-қимылын үнемі бағалап отырмайды. Ал керісінше, оның импульсивтілігі инстинкт немесе бақылауға келмейтін қозбалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік қарым-қатынас, сөйлесу аймағында олардың мінезінде шыдамсыздық байқалады, бұл шыдамсыздықтың жиі көрінетіндігінен сиптталады.

Мінез - тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

Мазасыз-қорқақ тип (ТР). Бұл типтің бастапқы ерекшелігі: жоғары мазасыздық, болған сәтсіздіктер жайында көп ойлану, өз тағдыры жайлы күйзелу және жақын туыстарының ертеңгі күнін ойлау болып табылады. Бірақ бұлай күйзеліске ұшырай берудің объективті жайы жоқ, қорқақтық және жүрексіздігімен ерекшеленеді. Сыртқы жағдайлар алдында әр кезде қорқыныштың болуы, өз күшіне сенімсіздікпен қарауға алып келеді.

Меланхолик - интраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз.

Интраверт - өз-өзімен, адамдармен байланыс орнатқаннан бастап, оларға бейімделгенге дейін қиындықтарды сезінеді. Салмақты, тепе-тең, әлем сүйгіш, оны әрекеттері ойластырылған, ақыл-ойлы. Достары көп емес. болашақты жоспарлағанды жақсы көреді, мезеттік қозуларға берілуге бейім емес. пессимист, қобалжығанды ұнатпайды, берілген өмірлік ережелерді ұстанады. Өз сезімдерін бақылап отырады және өте сирек агрессивті болады, жауапты.

Невротизмнің жоғарғы деңгейі (невротик) - жүйке психикалық үдерістерінің тепе-тең емес, эмоционалды тұрақсыз, вегетативті жүйке жүйесі лабильді. Сондықтан да ол жеңіл ашуланады, көңіл-күйі тез өзгереді, сезімтал, сонымен қатар мазасыз, күмәншіл, баяу, шешім шығара алмайды.

Невротизмнің төменгі деңгейі (эмоционалды тұрақты тип) - салмақты, тепе-тең, шешім шығара алады.

Негативизм - белгіленген жалпы заңға қарсы жағымсыз күрес арқылы қарсы болу ол негативті оппозициялық мінез-құлық.

Өзін-өзі бақылау - тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте тығыз байланыста.

Педантты тип (ПД). Бұл типтің сыртқы жағдайларда айқын көрінетін мынадай қасиеттері бар: тазалық, реттілік, шешім қабылдай алмаушылық және абайлылық, сақтық. Оның сыртқы бейнесінде жылдам өзгерістерге үйрене алмаушылық, жауапкершілікті өз қолына алуға бара алмаушылық байқалады.

Реңжу - ашу-қызғаныш ыза әрекеттері қоршаған ортаға деген өшпенділік әрекеттер.

Сангвиник - қарым-қатынасшыл, ашық, әңгімешіл, еті тірі, ынталы, бастаған ісін үнемі аяғына дейін жеткізе бермейді. Еңбекшілдігін, жаңашылдыққа ұмтылуын мадақтау қажет, бірақ оған берген жүктемелерді үнемі бақылауға алу керек, өйткені жасаған істері ақылға сай болу үшін. Тәртіптілікті жаттықтыру қажет, жұмыстағы анықтықты үренуі керек.

Сары түс - алға ұмтылу, үміттену қажеттілігі, релаксацияны білдіреді. Сары түсті таңдау үлкен бақытқа деген үзілмес үміт, болашаққа ұмтылыс, жаңаға ұмтылу т.б. Тұлға бойындағы жағымсыз күйлерде ол шыдамсыздықты, мазасыздануды, көре алмауды т.б. білдіреді. Сары түсін қаламау (6,7,8 орын) көңілдің қалуы, адам үмітінің орындалмай қалуын аңғартады. Жасыл түспен қатар қолданылуы үлкен әлеуметтік статусқа ұмтылуды байқатады. 2,3,4,5 реттегі түстерден басқаларда тұлға бойындағы қысымды білдіреді. Өмір жағдайында қараңғы түннен соң шығатын күн элементімен байланыстырылады. Аспанды жарыққа толтыру, адам бойында белсенділікті оятуға шақырады. Бұл холерик типтес индивидтердің жиі қалайтын түсі болып табылады.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Тіреліп қалушы тип (ЗС). Тұлғаның тіреліп қалушы типі аффектінің жоғары беріктілігімен эмоцианалды толқулар, күйзелістің ұзақтылығы. Жеке беделімен қызығушылықтарын балағаттау, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмайды және ешқашан жай ғана кешірілмейді. Осыған байланысты, оның айналасындағылар оны кек алғыш адам ретінде сипаттайды. Бұған мынадай негіз бар: аффективтік күйзелістер таңғажайып ойлармен, өкпе назы бар адамнан кек алуға жоспар құрумен сәйкес келеді. Бұл адамдардың аурулы, ренішті көңіл-күйі айқын көрініске ие. Мұндай адамдарды жоғарыда айтылғанмен бірге қарастырғанда сезімтал адамдарға жатқызуға болады.

Терминалды құндылықтар – жеке тұлғалық жүзеге асудың соңғы мақсаты, оған ұмтылу деген сенім.

Тітіркену – кішкене ғана қозу кезінде бірден жағымсыз сезім көрсету.

Тұлғалық мазасыздану негізінде адамның кез келген қауіп тудыратын жағдайларға деген қатынасын көрсетеді. Тұлғалық мазасыздану негізінен арнайы стимулдарды қабылдау мен өзіндік бағаға деген қауіп ретінде қабылдауда жүзеге асады.

Экстраверт - монотондылықты көтере алмайды, жұмыс уақытында жиі көңілі бөліне береді. Қарым-қатынасшыл, импульсивті, өзін-өзі бақылау жетіспейді, ортаға тез бейімделеді, сезімін ашық білдіреді. Ықыласшыл, жарқын жүзді, өз-өзіне сенімді, лидерлікке ұмтылады, достары көп, ұстамсыз, көңіл көтеруге ұмтылады, тәуекел етуді жақсы көреді, тапқыр, үнемі жауапты емес.

Экзальтилденген немесе шат көңіл билеген тип (ЭК). Экзальтилденген тұлғаның бастапқы ерекшелігі болып қарқынды, толқуы, шат көңіл билеген реакция табылады. Олар қуанышты оқиғадан кейін шат көңілде бола тұрып, қайғылы оқиға немесе фактіге байланысты тығырықтан оңай шыға алады, ал ішкі алған әсерімен толқулары сыртқы бейнесінде айқын көрініп тұрады.

Эмотивті тип (ЭМ). Жіңішке эмоциялық аймағында терең және жоғары сезімталдық сипатына ие. Бұл адамдар жұмсақ, ашық, эмоционалды, эмпатиясы жоғары дамыған. Осы айтылған барлық ерекшеліктер сыртқы реакциялар кезінде айқын көрінеді.

Циклотимді тип (ЦТ). Бұл типтің маңызды ерекшелігіне гипертимдік және дистимдік күйдің ауысып тұруы жатады. Сондай-ақ, бұл өзгерістер сирек және кездейсоқ болып табылмайды. Гипертимді фазада, мінезде- қуанышты оқиға тек көтеріңкі эмоцияны ғана емес, сондай –ақ қызметке деген құлшыныс, белсенділіктің де оянуына алып келеді. Ал қайғылы оқиға салғыртыққа, ренішке әкеледі. Бұл кезде адамның жай күйінде ойлау реакциясының баяулығы, эмоцианалдық көңіл аударудың төмендеуі сипаты байқалады.

Холерик - экстраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз.

Физикалық агрессия – басқа адам үшін физикалық күш қолдану.

Флегматик - салмақты, сенімді адам, әлем сүйгіш, бірақ пассивтілігімен ерекшеленеді. Өзінің әлеуметтік интеллектісін жаттықтыру қажет (адамдарды түсіну, басқалардың бастан кешіруін бақылау, контактіні жайғастыру және т.б.). Тұйықтықтан өзін-өзі бағалауы әрқашан адекватты болмауы мүмкін, сондықтан осындай жағдайда өзін-өзі бағалауын көтеру қажет.


1-апта (4 сағ)

Тақырып 1. Тұлғаны зерттеу.

Мақсаты: Тұлғаны зерттеудің критерийлерін қарастыру.

Сұрақтар: Тұлға құрылымын, психологиялық феномендерді және тұлға көріністерін, тұлғалық ерекшеліктерді, тұлғаның қалыптасуы және дамуын зерттеу. Зерттеу әдістерін классификациялаудың критерилері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тұлға, даму, тұлға құрылымы.

Белгісіз нәрсе мақсат бола ала ма? Егер мәселе жеке адамның өміріндегі тұрмыстық мақсаты жайында болса, мұнымен келісуге болады. Егер қоғам үшін маңызды процесс, жоғары білім мақсаты туралы айтсақ ол маңызды мәселе. Жоғары білімнің басты мақсаты ретінде тұлғаның сәтті дамуы психологиялық зерттеудің пәні ретінде тұлғаның мәніне ғылыми енуінің деңгейіне өте қатты байланысты. Сонымен мұнда тек теориялық емес, сонымен бірге ғылыми-қолданбалы, практикалық аспектінің мәні де зор. Соңғысына ең алдымен тұлғаны диагностикалау жатады. Тұлғаны диагностикалаудың нақты әдістерінсіз нәтижелі бақылау және өзін-өзі бақылауды, сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуын анықтау қиынға түседі. Кез-келген тұлғаның теориясы диагностикалық практикасыз және т.б. жасалмайды. Біздің елімізде жарамсыз ғылыми бағыттарды қудағалаумен, әсіресе 1936 жылы педалогия мен диагностикалық тестілеуге тыйым салумен байланысты қиын жылдар тұлға психологиясының дамуына да кері әсерін тигізді. Осы саладағы атаулы келеңсіздіктер көрсеткіші тұлғаны зерттеудің отандық әдістемелердің жеткілікті деңгейде өңделмегендігінен, практиктердің шектен тыс валидтілігі жеткілікті деңгейде емес шетел әдістемелеріне сүйенуінен көруге болады.

Тек тұлғаның жалпы психологиялық теориясы тұрғыдан жіктеуді айтпағанда құруға ғана емес, сонымен бірге оның практикалық мақсаттарда қолдануға кедергі болатын кейбір қиындықтарды атап өтейік:

1. Тұлға көрініс беретін және зерттеуге болатын, шындық аумағын шектелген түсінік. Көп жағдайда мұндай аумақ зерттелетін адамдар контингентіне байланысты еңбек, оқу және т.б. «іс-әрекетке» алып келеді. Осыған байланысты А.Н. Леонтьевтің «Деятельность. Сознание. Личность.» атты еңбегі еске түсірсек жетіп жатыр [29]. Әрқашан психологиялық құбылыстарды жүйелі түрде түсінуге ұмтылған Б.Ф. Ломов психологтарды едәуір кең шынайылылықты зерттеуге шақырған (мәселен, мінез-құлық және т.б.) [31]. Тұлға көріністерінің едәуір бара-бар және кең көлемді аумағы болып, К.А. Абульханова-Славская атап өткендей, жалпы өмір сүру кейпі мен өмір сүру әрекеті табылады. Шын мәнінде, студенттің декларативті мінез-құлқы оқу іс-әрекетінде демалыс уақыты мен формальді емес өзараәрекеттерде көрінетін шынайы мотивтер жасырып қалады.

2. Көптеген психологиялық зерттеулерде және диагностикалық әдістемелерде кездесетін тұлғаның бытыраңқылығы мен оның көріну жағдайлары. Бұл тұлғаны «қасиеттер теориясының» арнасында зерттеу барысында көрінді. Америка психологиясының жетекші психологы Ю. Дженнинге (1961 ж.) осы салада жазылған көптеген зерттеулерге қорытынды жасай отырып былай деген: «Аталған зерттеулерде лидерлерге тән көптеген қасиеттер айтылған практикалық міндеттерді шешпейді. 50 жыл бойы жүргізілген зерттеулер лидерлерді лидер еместерден ажыратуға мүмкіндік беретін тұлғаға тән қырлары мен қасиеттері жиынтығын бермеді» [27; с. 309]. Осыған ұқсас зерттеулер біздің елде де жетерлік.

3. Әлеуметтік факторлардың рөлін асыра бағалау, яғни онтогенезде тұлғаның дамуы генетикалық түрде шартталмаған және оқудың, әлеуметтенудің нәтижесінде меңгерген табиғи, өзараәрекеттестіктердің диалектикасын есепке алмай, адамның әлеуметтену процесі ретінде ғана көрінеді [12; 18]. Әлеуметтенуді осылай жоғары бағалау, белсенділігі төмен және шығармашыл емес тұлғаның қалыптасуына алып келетін қатаң түрде берілген сыртқы эталондар ретінде әлеуметтік факторлардың бір жақты әсерімен сәйкес келетіндігі қызықты.

Тұлға құрылымын қарастырайық. Оған кіретін қабілет, темперамент, мінез, ерік қасиеттері, эмоциялар, мотивация, қоғамдық бағдарлар кіреді.

Өмірдегі іс-әрекеттердің барлық түрлеріне байланысты жиі айтылып жүретін сөздердің бірі адамның қабілеті.

Қабілет - білімді, дағдыны, шеберлікті сәтті игеруге жағдай жасайтын адамның психологиялық ерекшеліктері, бірақ өздерін онда бар білімдерге, дағдыларға, шеберлікке жатқызуға болмайды. Қабілеттер білім мен дағдыларды игерудегі адамның мүмкіндігін көрсетеді.

Темперамент тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады.

Бұл проблемаға қызығушылық осыдан 2,5 жыл бұрын пайда болды. Ол индивидуалдық түрлердің пайда болуынан болды. Яғни адамның биологиялық және физиологиялық бітімі ерекшеліктері және ағзаның дамуы, сондай- ақ әлеуметтік даму, әлеуметтік байланыстар және контакттардың бір – біріне ұқсамайтындығы және қайталанбайтындығы әсерінен болады. Тұлғаның биологиялық құрылымына темперамент жатады. Темперамент адамдар арасындағы психикалық айырмашылықтық бар екенін анықтайды, сондай - ақ эмоцияның беріктілігі және интенсивтілігін анықтайды.

Осы уақытқа дейін темперамент проблемасын бірнеше рет зертеуге алынса да, бұл проблема қазіргі кезде шешімін таппай отыр. Қазіргі уақытта темпераментті зерттеудің бірнеше әдістері бар. Бірақ зеттеушілердің айтуы боынша олардың әдістері бір нәрседен шығады ол яғни ол темпераменттің биологиялық фундаменті, онда тұлға әлеуметтік түрде құрылады, ал тұлғаның өз қасиеттері темперамент болып табылады.

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.), эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Адамның мінезін, оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір- бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан да, адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп, оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын, амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамның негізгі оның іс-әрекетінде, жасаған жұмысында, қойылған мақсатын орындауда. Осылардың барысында ол әртүрлі қиындықтармен, кедергілермен кездесіп, соларды жеңу үшін ақыл-ойын, күш-жігерін, қайратын жұмсайды. Мұның бәрі еріктің көрінісі.

Сөйтіп, ерік дегеніміз қойылған мақсатты орындау жолындағы әрекеттерді реттейтін адам санасының қызметі және сол жолдағы кездесетін қиындықтарды жеңу үшін барысынша күш-жігерін жұмсауы.Ерік процестері басқа психикалық процестерімен тығыз байланыста болады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсуі шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық және т.б. осындай эмоциялар, енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, урейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар бар. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттіліктерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 512 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осымша әдебиеттер| Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)