Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұрақнама мәтіні

Оқу пәндерін оқытудың жоспары. | Осымша әдебиеттер | Глоссарий | Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. | Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті | Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы. | Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары. | Зерттеу процедурасы | Нәтижелерді талдау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. |


  1. Сіз көбіне көтерінкі көңіл-күйде боласыз ба?
  2. Сізге қарсы айтылған сындарға сезімталсыз ба?
  3. Кинода, театрда, әңгімелесуде сіздің көзіңізге жас оралу бола ма?
  4. Бір жұмыс істеп, оның дұрыстығына күмәндаңасыз ба және ол дұрыс екендігіне көз жеткізбей тынышталмайсыз ба?
  5. Балалық кезде сіз, сенің құрбыларындай батыл болдыңыз ба?
  6. Сіздің көңіл-күйініз тез ауыспалы ма?
  7. Топта, қоғамдық ортада сіз жұрттың назарында боласыз ба?
  8. Мынадай жағдай сізде байқала ма? Сіз әр кімге себепсіз айғай шығарасыз.
  9. Сіз салмақты адамсыз ба?
  10. Сіз бір нәрсеге танқала аласыз ба?
  11. Сіз шешім қабылдай аласыз ба?
  12. Сізді біреу реңжітсе тез ұмыта аласыз ба?
  13. Сіз нәзік жүректісіз бе?
  14. Пошта қорабына хат салып тұрып, сіз оның қорапқа түскен түспегенін қолыңызбен тексересіз бе?
  15. Сіз ең жақсы жұмыскерлер қатарында болуға ұмытыласыз ба?

16. Сізде балалық шағынызда найзағайдан немесе бөтен иттен қорқу сезімі болды ма (одай сезім казіргі шағыңызда байқала ма)?

17. Сіз барлық жерде және барлығыңда тәртіп сақтауға тырысасыз ба?

18. Сіздің көңіл- күйініз сыртқы факторларға тәуелді ме?

19. Сізді таныстарыңыз жақсы көре ме?

20. Сізде ішкі қобалжулар (мүмкін болатын қасырет, жаманшылықты түйсіну сезімі) жиі бола ма?

21. Сізде көбіне төмен көңіл-күйлер бола ма?

22. Сізде бір рет болса да жүйкелік күйзеліс немесе истерика болды ма?

23. Сізге бір орында ұзақ отыру қиын ба?

24. Сізге қатысты әділсіз іс-әрекет жасалса, сіз бар күшіңізді салып өз ойыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба?

25. Сіз қой немесе тауықты бауыздай аласыз ба?

26. Сізге үйдегі перденін немесе дастарханның дұрыс орналаспауы әсер ете ме, әлде сіз оларды бірден дұрыстауға кірісесіз бе?

27. Сіз балалық шағыңызда үйде жалғыз қалуға қорқатын едіңіз бе?

28. Сізде көңіл-күйініздің толқуы жиі бола ма?

29. Сіз өз мамандығыңыздың мықты иегері болуыңызға үнемі талпынасыз ба?

30. Сіз тез реңжисіз ба?

31. Сіз мүлтіксіз ешқандай ойсыз көңілді бола аласыз ба?

32. Шексіз бақыт сезімі, Сізді мүлдем төмендететін кездер бола ма?

33. Қалай ойлайсыз, Сіз әзіл-ысқақтық спектаклдің жүргізушісі болалар ма едіңіз?

34. Сіз қалыпты жағдайда адамдар жөніндегі ойыңызды ашық, тікелей және екі ойсыз айтасыз?

35. Сізде қанды көргенде жаман сезім туындамайды ма?

36. Сіз жоғары тұлғалық жауапкершілікті қажет ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

37. Басқаларға қатысты әділетсіздік жасалса, Сіз оларды ақтап шығуға бейімсіз бе?

38. Сізге қараңғы жер төлеге түсуден қорқасыз ба?

39. Сіз жылдамдықты қажет ететін, бірақ сапаға көп талап қойылмайтын жұмысты қалар ма едіңіз?

40. Сіз қарым-қатынасшылсыз ба?

41. Сіз мектепте өлеңдерді өз еркіңізбен мәнерлеп айтатың ба едіңіз?

42. Сіз балалық шағынызда үйден қаштыңыз ба?

43. Сізге өмір қиын болып көріне ме?

44. Дау-жанжалдан кейін Сіздің реңжігенініз соншалық, жұмысқа бару мүмкін емес сияқты болып көрінеді ме?

45. Сәтсіз жағдайларда Сізде әзілдеу сезімі жоғалмайды деп айтуға бола ма?

46. Егерде сізді біреу реңжітсе, Сіз достасуға бірінші қадам жасарма едіңіз?

47. Сіз жануарларды жақсы көресіз бе?

48. Үйден шығып кеткен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба?

49. Кейде, Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға жаман бірнәрсе болады деген анық емес ойлар келеді ме?

50. Сіз өз көңіл-күйінізді өте құбылмалы деп ойлайсыз ба?

51. Сізге сахынаға шығу немесе көп адамдар алдыңда баяндама оқу қиын ба?

52. Егер Сіздің намысыңызға тисе, Сізді реңжіткен адамды жұдырықпен ұра аласыз ба,?

53. Сізде басқа адамдарға деген қарым-қатынас қажеттілігі жоғары ма?

54. Сіз, қандайда бір нәрсеге көңіліңіз қалған кезде қатты күйзелетін адамдар қатарына жатасыз ба,?

55. Сізге ұйымдастырушылық іс-әрекетті қажет ететін жұмыстар ұнай ма?

56. Сіз алдағы кедергілерге қарамай өзініздің мақсатыңызға жетуге ұмытыласыз ба?

57. Трагедиалық кинолар, Сіздің көзіңізге жас келетіндей әсер ете ме?

58. Сол күнгі не болашақ жайлы ойларыңызға байланысты, Сізде үнемі ұйықтау қиын бола ма?

59. Кейде Сіз мектепте құрбыларыңызға тапсырманы көшіруге берерме едіңіз?

60. Мәйттен жалғыз айналып өту үшін, Сізге үлкен ерік-жігер қажет пе?

61. Сіз бөлмеңізде заттардың өз орыныңда болуын қатаң бақылайсыз ба?

62. Мынадай жағдай сізде бола ма, Сіздің көңіл-күйіңіз ұйықтар алдында көтерінкі болып, ұйқыдан тұрғаннан кейін жабыраңқы күйде болады?

63. Сіз жаңа жағдайға тез үйренесіз бе?

64. Сізде бас аурулары бола ма?

65. Сіз жиі күлесіз бе?

66. Сіз өзініздің ұнатпайтын, бағаламайтың, силамайтың адамдармен де амандасасыз ба?

67. Сіз пысық адамсыз ба?

68. Сіз әділетсіздіктерге қатты қайғырасыз ба?

69. Сіз табиғатты досым дейтіндей жақсы көресіз бе?

70. Үйден кетерде немесе ұйықтар алдыңда Сіз, газ сөнулі екенің, есік жабық екенін тексересіз бе?

71. Сіз аса қорқақсыз ба?

72. Ішімдікті ішкен кезде Сіздің көңіл-күйініз өзгереме?

73. Сіз жастық шағыңызда шығармашылық ұйымдарға өз еркінізбен қатыстынызба?

74. Сіз өмірді пессимистік қабылдайтыңыз соншалық, қуанышты күтпейсіз?

75. Сізді саяхаттауға жиі тартып тұра ма?

76. Сіздің көңіл-күйіңіз жылдам ауыса ала ма, қуанышты күйден кенеттен жабырқанқы күйге ауысу?

77. Сіз топта достарыңыздың көңіл-күйін оңай көтере аласыз ба?

78. Сіз ұзақ уақыт реңжейсіз бе және қаты уайымдайсыз ба?

79. Сіз басқа адамдардың қайғысын ұзақ уақыт уайымдайсыз ба?

80. Сіз мектепте оқығанда дәптер жолында сия, дақтар қалғанда, жиі жаңа дәптерге көшіретін едіңіз бе?

81. Сіз адамдарға күдікпен, сенімсіздікпен қарайсыз ба?

82. Сіз қорқынышты түстер жиі көресіз бе?

83. Сізде жүріп бара жатқан поездің дөңгелегіне астына түсіп қаламын деп сақтанасыз ба?

84. Көңілді топта, Сіз өзіңізді көңілді ұстайсыз?

85. Шешімін табуды қажет ететің, қиын мәселеден ойынызды басқа нәрсеге ауыстыра аласыз ба?

86. Сіз ішімдікті қабылдағанда, өзіңізді еркін сезініп, ашыла түсесіз?

87. Сіз әңгімелесу кезінде сөзге сараңсыз ба?

88. Егер Сізге сахынада ойнау қажет болса, онда Сіз рөлге кіріп, оның тек қана ойын екенін ұмытасыз?

Леонгард сұрақнамасының әрбір шкаласын санағанда стандартизация шешімі үшін әрбір шкала мағынасы нақты бір санға көбейтіледі. Бұл әдістеме кілтінде көрсетілген. Акценуацияланған тұлға, патологиялық болып табылмайды.

КІЛТ:

№ П/П Акцентуация типтері Сәйкес келетін жауаптар Қалыпты коэффициент
1. Гипертимді 1,11,23,33,45,55,67,77  
2. Тіреліп қалушы 2,-12,15,24,34,37,-46,56,-59,68,78,81  
3. Эмотивті 3,13,-25,35,47,57,69,79  
4. Дистимді 9,21,-31,43,-53,-65,-75,87  
5. Мазасыз-қорқақ -5,16,27,38,49,60,71,82  
6. Экзальтилденген 10,32,54,76  
7. Циклотимді 6,18,28,40,50,62,72,84  
8. Қозғыш 8,20,30,42,52,64,74,86  
9. Педантты 4,14,17,26,36,-39,48,58,61,70,80,83  
10. Демонстративті 7,19,22,29,41,44,-51,63,66,73,85,88  

 

Оларға қысқартулар мен түсініктер енгізілген.

+Б.- жағымды бітіс, -Б.-жағымсыз бітіс, +Ж.- сол типке жағымды жағдай, -Ж.-сол типке жағымсыз жағдай (керсінше айтқанда, аз қақтығысу орыны).

Гипертимді тип:

+Б.: Қарым-қатынасшылдық, күштілік, оптималдылық, өмірлік мәселелерге жеңіл қарау, эрудициялылық;

-Б.: Импульсивтілік, мінез-құлқын ойластырмау, жалқаулық, жеңіл ойлау, тітіркенгіш, поза мен фразаға бейімділік;

+Ж.: Жұмыстық қатынас, жеңіл байланысулардың көптігі, терең өндеусіз оперативті шешімдер қажеттілігі;

-Ж.: Талдау қажеттілігі, шешімге жауапкершілік, еріксіз жалғыздық, ортаның бірінғайлылығы.

Тіреліп қалушы:

+Б.: Принципшілдік, табандылық, ұстамдылық, парыз сезімінің болуы, өзін құрбан қылу;

-Б.: Күмәншіл, кекшіл, өзімшілдік, айналадағылардан шексіз талап ету;

+Ж.: Бағалау жағдайына ризашылдық ету, жақындықты марапаттау, оның үлгісінде жүру;

-Ж.: Ой құндылығының және жақындылығына күмәндану, дүниеге әділсіз қарауды әшкерлеу.

Эмотивті тип:

+Б.: Жылы жүректі, эмоционалды, борыш сезімі, жақсылық тілегіштік және тактилділік;

-Б.: Өте сезімтал, қарым-қатынастың ерекше стильін қажет етеді, негізгіні көре алмау, әр нәрсеге байлану;

+Ж.: Өнерге қатынас, басқалардың уайымына субъективті кіру қажеттілігі, жұмыста және қарым-қатынаста формальді шектеудің болмауы;

-Ж.: Отбасы ауруы және мәселелер, шиеленістер, жақындары және басшылар жағынан әділетсіздік.

Дистимді тип:

+Б.: Мезгілділік, жауапкершілік, әділдік, пунктуальділік;

-Б.: Инерттілік, баяулылық, пассивтілік, орта қуанышына ортақтаса алмау;

+Ж.: «адам-белгілер жүйесі», «адам-табиғат» мамндығының типі, жұмыс жылдамдығын қажет етпейді;

-Ж.: Жағдайдың өзгерісін тез жауап қайтару қажеттігі, жұмыс тәсілін өзгерту, шешімді тез қабылдау, жаңа қызметкерлермен тез тіл табысу, адамдармен танысу.

Мазасыз-қорқақ тип:

+Б.: Сезімталдық, өзін кінәлау, эмоциональдылық, қызығушылық, достық қатынас;

-Б.: Адам мен жағдайға «жабысу» тендециясы, тірек бола алмау, жаңа дүниеден қашу, дербестіктің болмауы, әділетсіздікті үнсіз мойындау;

+Ж.: Басқа адамдармен бір типті қатынас, нақты анықталған құқық және міндет, ынтаның қажетсіздігі, лидерлік;

-Ж.: Басқалар тарапынан әділетсіз кінәлау, мазақтау, қарым-қатынасты анықтауға қажеттілік.

Экзальтилденген тип:

+Б.: Эмоционалдылық, баға және іс-әрекеттін айқындығы;

-Б.: Сезімдерін ұстай алмау, ашуланшақ немесе жасқаншақ, эгоизм;

+Ж.: Барын салып жұмыс істеу, сезімге деген «азықтың» болуы;

-Ж.: Жұмыстың бірыңғайлылығы, айналадағылардан жоғары бағалауды қажет ету, нұсқаумен шектелу, жағымсыз сезім және жағдайдың «тереңдігі».

Циклотимді тип:

+Б.: Дүниеге стандартты емес қатынас, салмақтылықты қажет ету және романтикалылықты қажет ету;

-Б.: Өзінің ішкі әлеміне үңілу, бағалаудың субъективтілігі;

+Ж.: Жұмыс ырғағының жеке даралылығы, өмірдің қаңғыбастық бейнесі;

-Ж.: Қалыпты жағдайдан айрылған жағдайлар, график бойынша жұмыс, жұмыс жағдайына байланысты адамдармен кең қарым-қатынас жасау қажеттілігі.

Қозғыш тип:

+ Б.: Күштілік, инициативтілік, шаруашыл, адал ниет, балалармен жануарларға деген махаббат;

-Б.: Тітіркендіргіштік, ашуланшақтық, қарсыластыққа шыдамау, «қолын көтеруге» бейімділік, кызығушылықтарда өзін ұстай алмау.

+Ж.: Ақыл-ой және физикалық белсенділік жағдайы, жалғыздықтағы жұмыс;

-Ж.: Кінәлау, қарсы әркет ету, моралдық және материалдық шығын жағдайы.

Педантты тип:

+Б.: Міндеттілік, тең көңіл-күй, сенімділік, тәртіптілік;

-Б.: Тынышсыз, тұтығушылық, формализм, өзін және басқаларды қажетсіз тексеру, анықсыздық жағдайда шешім таба алмау;

+Ж.: Нұсқауға сай берілген тапсырманы іске асыру мүмкіндігі, қарым-қатынастағы тұрақтылық;

-Ж.: Белгісіздік жағдайында стандартты емес және жеке шешім қабылдауға деген талап.

Демонстративті тип:

+ Б.: Күшті, қысылмай әрекет етушілік, өзіне қарата алу, әртістік мәліметтер, сезімнің айқындылығы;

-Б.: Эгоистік, фантазерлық, шынайы еместілік, шешімді қажет ететін сұрақтардан қашу;

+Ж.: «Шоу» ұйымдастыра алу, сахынада өзін еркін ұстау, басқалардың қамын ойлау;

-Ж.: Ойын мен өтіріктің ашылып қалу мүмкіндігі, «көрермендердің» бағаламауы, «жұлдыз» болу құқығын шектеу, немқұрайлық.

Г. Шмишек сауалнамасы: бұл әдістемені Г. Шмишек 1970 жылы К.Леонгардтың акцентуалдық тұлға концепциясы негізінде өңдеп шығарды. Пішіні бойынша бұл сауалнама «иә» немесе «жоқ» деген екі нұсқалы жауап ұсынатын 88 сұрақтан тұрады.

Тестілеуден кейін алынған жауаптар кілт көмегімен өңделеді. Қорытындысында әрбір акцентуация типі бойынша баллдар көрсеткіштері шығады. Содан кейін алынған көрсеткіштер сәйкесінше коэффиценттер бойынша формулаға салынып есептелінеді.

Баллдар суммасы *коэффицент = қорытынды көрсеткіш.

Әрбір акцентуация типі бойынша келесі көрсеткіштер қолданылады:

1) Гипертимді – 3

2) Циклотимді – 3

3) Экзальтилденген – 6

4) Эмотивті – 3

5) Мазасыз-қорқақ – 3

6) Педантты – 2

7) Қозғыш – 3

8) Демонстративті – 2

9) Тіреліп қалушы – 2

10) Дистимді – 3

Соңғы нәтиже көрсеткіш акцентуациялық тип бойынша орташа белгімен салыстырылады және сәйкес диагностикалық шешім шығарылады.

Шмишек сауалнамасы көмегімен акцентуацияның келесі 10 типі анықталады:

1.Гипертимді тип (ГП)

Бұл типтің байқалатын ерекшелігі болып әркезде немесе жиі көтеріңкі көңіл-күйде болуы саналады. Ол жоғары белсенділікпен, қызметке деген қызығушылығымен ерекшеленеді. Оған жақсы қарым-қатынас, жоғары сөз аңдушылық қасиеті тән, өмірге оптимистік көзбен қарайды, қиыншылықтар туған жағдайда да оптимистігін жоғалтпайды.

2. Циклотимді тип (ЦТ)

Бұл типтің маңызды ерекшелігіне гипертимдік және дистимдік күйдің ауысып тұруы жатады. Сондай-ақ, бұл өзгерістер сирек және кездейсоқ болып табылмайды. Гипертимді фазада, мінезде- қуанышты оқиға тек көтеріңкі эмоцияны ғана емес, сондай –ақ қызметке деген құлшыныс, белсенділіктің де оянуына алып келеді. Ал қайғылы оқиға салғыртыққа, ренішке әкеледі. Бұл кезде адамның жай күйінде ойлау реакциясының баяулығы, эмоцианалдық көңіл аударудың төмендеуі сипаты байқалады.

3. Экзальтилденген немесе шат көңіл билеген тип (ЭК)

Экзальтилденген тұлғаның бастапқы ерекшелігі болып қарқынды, толқуы, шат көңіл билеген реакция табылады. Олар қуанышты оқиғадан кейін шат көңілде бола тұрып, қайғылы оқиға немесе фактіге байланысты тығырықтан оңай шыға алады, ал ішкі алған әсерімен толқулары сыртқы бейнесінде айқын көрініп тұрады.

4. Эмотивті тип (ЭМ)

Жіңішке эмоциялық аймағында терең және жоғары сезімталдық сипатына ие. Бұл адамдар жұмсақ, ашық, эмоционалды, эмпатиясы жоғары дамыған. Осы айтылған барлық ерекшеліктер сыртқы реакциялар кезінде айқын көрінеді.

5. Мазасыз-қорқақ тип (ТР)

Бұл типтің бастапқы ерекшелігі: жоғары мазасыздық, болған сәтсіздіктер жайында көп ойлану, өз тағдыры жайлы күйзелу және жақын туыстарының ертеңгі күнін ойлау болып табылады. Бірақ бұлай күйзеліске ұшырай берудің объективті жайы жоқ, қорқақтық және жүрексіздігімен ерекшеленеді. Сыртқы жағдайлар алдында әр кезде қорқыныштың болуы, өз күшіне сенімсіздікпен қарауға алып келеді.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 2377 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.| Педантты тип (ПД)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)