Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы.

Пәнді оқытудың мақсаты. | Оқу пәндерін оқытудың жоспары. | Осымша әдебиеттер | Глоссарий | Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. | Зерттеу процедурасы | Нәтижелерді талдау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

Сыналушы экспериментке ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қатысады. Тестілеу жағдайын анықтайтын шешуші фактор: шешімді қабылдайтын кім болып табылады – сыналушы немесе басқа адам? Ғылыми-практикалық психодиагностикалық міндеттің (жағдай) мүмкін төрт нұсқасын көрсетуге болады: 1) экспериментке ерікті қатысу, ары қарайғы өмірлік мінез құлықты дербес таңдау; 2) мәжбүрлі қатысу, мінез-құлықты дербес таңдау; 3) мәжбүрлі қатысу, мінез-құлықты таңдау зерттеуден кейін бекітілген (навязан); 4) зерттеуге ерікті түрде қатысу, ары қарайғы мінез-құлықты таңдау бекітілген.

Нақты психодиагностикалық жағдайлар және оларды типтерге сәйкестендіру:

І тип. Бұған ерікті психологиялық кеңес беру жағдайы жатады. Кеңес беруші сыналушыға өмірлік мәселелерін шешуге көмектесуге міндетті өз мойнына алады. Сыналушы кеңес берушіге өз еркімен жүгінеді, оның құзыреттілігіне сенеді, шешімді өндеуге белсенді қатысуға және міндетті түрде ашық болуды қабылдайды. Болашақтағы мінез-құлықты соңғы таңдау клиентке тиісті (мысалы, отбасылық кеңес беру баланың мінез-құлқына қатысты, психологиялық кәсіби кеңес беру, жетекшінің стильіне қарым-қатынасына қатысты басшыларға кеңес беру).

ІІ тип. Бұл типтегі жағдай неғұрлым жиі кездеседі. Бұған жататын оқу орнындағы кәсіби және психологиялық іріктеу. Зерттелуші дайындық немесе оқу профильін таңдау жөніндегі шешімді өзі қабылдайды. Мүмкін жағдай сырттан мәжбүрлеп, ата-ананың әсер етуі. Зерттелушінің болашақ тағдырының шешімін өзі емес, ал бас адамдар (қабылдау комиссиясы, кәсіби іріктеу комиссиясы, кадр бөлімі және т.б.) тапсырманы орындап болғаннан соң сыналушы басқа жағдайға әсер ете алмайды. ІІ типтегі жағдайда сыналушының еркіндігі төмен және белсенді болу керек, бірақ эмоциональды-мотивациялық шиеленіс жоғары және сыналушы үшін психодиагностика нәтижесіның мәнділік дәрежесі жоғары, себебі шешімге әсер ету мүмкіндігі жоқ. Кәсіби іріктеудің барлық жағдайында сыналушы толығымен ерікті түрде қатыса алмайды, мысалы, Қарулы күштерде.

ІІІ тип. Бұл – Бұхаралық зерттеу, оған қатысу міндетті түрде (социологиялық, демографиялық және т.б.). Әкімшілік немесе қоғамдық мекемелердің шешімі бойынша жүргізілетін көптеген психологиялық ақпараттық зерттеулер осы типке жатады, егер диагностикалық ақпарат зерттелушіге хабарланса (олар өзі туралы мәліметті, ұжым туралы туралы мәліметті өзінің мінез-құлқын және өмірлік жолын жоспарлағанда ескере алады). Бұған психологиялық экспериментке қатысуға еліктіретін студент-психологтардың зерттеуін айтуға болады (мысал, оқушының сыныптық және үй тапсырмасын зерттеуін жатқызуға болады, себебі оқушы оны орындаудан бас тарта алмайды).

IV тип. Бұл психологтың күнделікті жұмысында және әдеттегі өмірінде кездесетін көптеген диагностикалық жағдайды айтамыз. Мұнын барлығы зерттеуге мәжбүрлі қатыстырудағы сыналушының мінез-құлқын әлеуметтік бақылаудың жоғарғы деңгейімен сипатталады. Зерттелуішінің тағдыры туралы шешім оның қалауы бойынша қабылданады. Мұндай жағдайға басшыларды және инженерлік-техникалық кадрларды аттестациялауды жатқызуға болады. Мәжбүрлі соттық сараптама IV типтегі жағдайға жатады. Сонымен қатар өндірістік кәсіпорында кадрларды орналастыру (егер шешім жұмысшының қатысуыңсыз қабылданса), жедел қызметке тартылғандарды Қарулы күштерге тарату және кәсіби іріктеу.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 344 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті| Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)