Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б тізімі

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. | Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті | Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы. | Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары. | Зерттеу процедурасы | Нәтижелерді талдау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. |


Читайте также:
  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
  2. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
  3. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
  4. олданылған әдебиеттер тізімі
  5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

- жоғарғы сұраныстар (өмірге деген жоғарғы талаптар және жоғарғы талаптану);

- жарқын жүзділік (сықақ сезімі);

– орындаушылық (тәртіптілік);

– тәуелсіздік (дербестікке, шешім шығаруға деген қабілеттілік);

– өзінің және басқалардың кемшіліктеріне келісе алмаушылық;

– білімділік (білімнің кеңдігі, жоғарғы жалпы мәдениет);

– жауапкершілік (абырой сезімі, өз сөзінде тұра білу);

– рационалдылық (дұрыс және логикалық ойлау қабілеті, ойластырылған, рационалды шешімді қабылдау);

– өз-өзін бақылау (ұстамдылық, өзіндік тәртіп);

– өз пікірінде, көз-қарасында тұра алу батылдығы;

– күшті ерік-жігер (өз дегенінде тұра алу ептілігі, қиындықтардан қашпау);

– шыдамдылық (басқалардың пікіріне және көз-қарастарына, басқалардың жіберген қателерін және адасуларын кешіре алу ептілі);

– көз-қарастың кеңдігі (басқаның көз-қарасын түсіне алу ептілігі, басқалардың талғамын, салтын, әдетін сыйлау);

– әділдік (шыншылдық, адалдық);

– істегі тиімділік (еңбек сүйгіштік, жұмыстағы өнімділік);

– сезімталдық (қамқор болу).

 

Әдістеменің артықшылығы зерттеуді жүргізудегі және нәтижелерді өңдеудегі әмбебаптылығы, қолайлығы және үнемділігі болып табылады, стимулдық материал (құндылықтар тізімі) ретінде, нұсқау ретінде де түрлендіруге икемді. Оның мәнді кемшілігі әлеуметтік қалаушылықтың, шынайылылықтың болмау мүмкіндігінің әсер етуі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдайда диагностикалау мотивациясы, тестілеудің еркін сипаты және психолог пен сыналушы арасында байланыстың болуы ерекше рөлде ойнайды. Әдістемені сараптамалық іріктеу мақсатында жүргізуге ұсынбайды.

Көрсетілген кемшіліктерді жеңу үшін және құндылықтық бағдар жүйесіне неғұрлым терең ену үшін нұсқауды өзгертуге болады, бұл қосымша диагностикалық ақпарат береді және неғұрлым негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Негізгі сериядан кейін, сыналушыға келесі сұрақтарға жауап бере отырып, карточкаларды ранглеуді сұрау керек:

1. «Осы құндылықтар Сіздің өміріңізде қандай тәртіппен және қандай дәрежеде (пайызда) жүзеге асырылған?»

2. «Армандағаныңыздай болатын болса, осы құндылықтарды қалай орналастырар едініз?»

3. «Сіздің көз-қарасыңыз бойынша, барлық қатынаста жітілген адам мұны жасар ма еді?»

4. «Сіздің пікіріңізше, адамдардың көпшілігі, мұны қалай жасар еді?»

5. «Сіз 5 немесе 10 жыл бұрын, мұны қалай істер едініз?»

6. «Сіз 5 немесе 10 жылдан кейін, мұны қалай істер едініз?»

 

Құндылықтар иерархиясын талдай отырып, сыналушылардың мазмұндық блокпен түрлі негіз бойынша оларды топтастыруына назар аудару керек. Мысалы, «нақты» және «абстрактілі» құндылықтар, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру және жеке өмір құндылықтары деп бөлінеді. Инструменталды құндылықтар этикалық құндылықтар, қарым-қатынас құндылықтары, жұмыс құндылықтары; жеке тұлғалық және конформистік құндылықтар, альтруистік құндылықтар, өзін-өзі жетілдіру құндылықтары және басқаларды қабылдау құндылықтары және т.б. деп топтастырылуы мүмкін. Бұл құндылықтықбағдар жүйесін субъективті құрылымдаудың барлық мүмкіндігі емес. Психолог жеке тұлғалық заңдылықты таба алу керек. Егер ешқандай заңдылық анықталмаса, онда респондентте құндылықтар жүйесі қалыптаспаған немес шынайы емес жауап деп болжауға болады. Зерттеуді дербес жүргізген дұрыс, алайда топтық тестілеуді де жүргізуге болады.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу| Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)