Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android қосымшасы компоненттері
  3. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  4. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  5. B) Талапкер және оның өкілі
  6. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  7. C) сот және іске қатысушы тұлғалар

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Еуразиялық зерттеулер кафедрасы

(кафедраның атауы)

 

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Еуразиялық зерттеулер

кафедрасының меңгерушісі

Н.У. Шаяхметов

_______________________

________________20____ж.

Экономикалық мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

ЕТР 21 12 Еуразияшылдық: теория және практика пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

____________________________________________________________________

(модульдін атауы және шифры)

 

СИЛЛАБУС

 

 

Астана

201_

 

Силлабус

 

1. Силлабус (Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім алушыларға арналған оқу пәнінің бағдарламасы);

2.Пән оқытушысы: Абдрахманова Г.С., т.ғ.к., доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті.

Кафедраның байланыс телефоны: 8 (7172) 703500; 34-316 Gauhar-abdrahmanova@mail.ru

Ғылыми қызығушылығы аясы:, Еуразия халықтары тарихы мен мәдениетін зерттеу.

2. Пәннің аты - ЕТР 2112- Еуразияшылдық: теория және практика, 2-кредит

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны - сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиттер және постреквизиттер) тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, экономика негіздері.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы Аталған пәнде еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері толық қамтылады. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразияшылдық идеясының мән-маңызы мен жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Еуразияшылдық идеясының туындауының тарихи кезеңдері, әртүрлі ағымдары, қоғамдық-саяси ой-пікірлері туралы, Еуразиялық эконо­ми­калық интегра­ция­ның болашағы, Еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері, ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелері туралы және еуразияшылдыққа қатысты қазақстандық жоба жайында оқытылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: еуразияшылдық идеяның тарихын және оның қазіргі замандағы тәжірбиелік мәнісін зерттеу.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Еуразияшылдықтың теориясы мен практикасы және осы идеяға қатысты қазақстандық жоба туралы жүйелі білім игеру.

2. Еуразияшылдық туралы алған іргелі білімдерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны. Еуразияшылдық: теория және практика курсы еуразияшылдық идеясы мен оның қайнар көздері хақындағы басты тұғырнамалар турасында ең негізгі және қажетті мәліметтер беру мақсатындағы дәрістер мен практикалық сабақтар беруді көздейді. Еуразияшылдық идеясы бұған дейінгі түрлі еуразиялық зерттеулер бағытында – негізінен орыс қоғамдық – саяси ғылыми ойының жемісі болып табылатын ойлар жүйесі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық жаңа жобасы негізінде жаңа үрдістер мен түрленулерге ие болды.

5.5. Пәннің пререквизиттері. Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия, Саясаттану.

5.6. Пәннің постреквизиттері. Халықаралық экономика, Халықаралық экономикалық қатынастар, Экономикалық теория

 

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

 

№ апта Тақырып аттары Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
дәріс    
  Кіріспе. Еуразия географиялық түсінік ретінде. Қазақстандық еуразияшылдық идеясының эволюциясы. Курстың мақсат-міндеттері. Еуразиялық кеңістік түсінігі мен «Еуразия идеясының» тарихи өзегі. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Пән бойынша әдебиеттер картотекасын жасау.  
  Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтыруы. Түркі өркениетінің ерекшеліктері. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. Орта ғасырлық түркі өркениетінің Еуразиялық кеністіктегі тарихи орнын ашып көрсету. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-баяндама жазу.  
  ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамдық ой-пікір еуразияшылдық контексінде. Алаш қозғалысының қалыптасып, дамуы. Алаш идеологиясы еуразияшылыдқ идея контексінде.   Қазақ зиялыларының Шығыс пен Батыс өркениеті ара-қатынасы туралы зерттеулері. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-конспект, Тарихи эссе жазу.  
  Еуразияшылдық идеясының қалыптасу кезеңдері. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.   Еуразиялық идеяның негізін қалаушылардың басты идеяларына назар аудару және кейінгі сабақтастығын зерделеу. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Конспект жазу. Тест сұрақтарын жасау.  
  Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы. Н.Данилевскийі мен П.И.Савицкидің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Кесте-конспект жасау.  
  Г.В. Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы. Н.С. Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясы қалыптасуына қосқан үлесі Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері. Г.Вернадский мен Н.С.Трубецкойдің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-баяндама жазу.  
  Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі. Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға қосқан үлесі. Л.Н.Гумилевтің Еуразия халықтарының тарихын зерттеудегі үлесін ашып көрсету. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-конспект жазу. Түсініктер мен терминдер сөздігін жасау.  
  О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. О. Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеялары. О.Сүлейменовтің еңбектеріндегі Еуразия халықтарының тарихи-мәдени байланысының ерекшеліктері. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Тарихи эссе жазу.    
  ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы. Президенттің 1997 жылғы Жолдауындағы Еуразияшылдық идеясы Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясының басты бағыттары. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Баяндама әзірлеу.  
  ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы. ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия доктринасының жаңа кезеңі. ТМД елдеріндегі интеграциялық процестердің ерекшелігін саралау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Конспект жазу. Салыстырмалы талдау жасау.    
  Еуразиялық одақ идеясының тари­хи, этномәдени және әлеуметтік-эконо­микалық алғышарттары Еуразиялық идея иіримдері Еуразиялық одақ құрудың принциптері Қазіргі әлемдегі интеграциялық үрдістегі ЕурАзЭҚ-тың алатын орнын айқындау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-баяндама жазу.  
  Еуразиялық экономикалық қауымдастық: жетістіктері мен болашағы Еуразиялық экономикалық қоғам­дастығының ТМД кеңістігіндегі қызметі. ЕурАзЭҚ негізгі міндеттері.   Еуразиялық экономикалық қоғам­дастығының ТМД кеңістігіндегі қызметі. ЕурАзЭҚ негізгі міндеттеріне тоқталу. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-конспект, Тарихи эссе жазу.  
  Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістіктің қа­лыптасуы және маңызы Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістіктің қа­лыптасуы. БЭК-тің құқықтық негізгі шарттары. Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістіктің қа­лыптасуы. БЭК-тің құқықтық негізгі шарттарын ашып көрсету. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Конспект жазу. Тест сұрақтарын жасау.  
  Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа индустрияландырудың жаңа жолы. Кеден одағы -еркін сауда жа­сасу мүмкіндігі. Кеден Одағының басты ерекшеліктерің саралау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Кесте-конспект жасау.  
  Қазақстан және еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері Қазіргі кездегі еуразиялық интеграция лық үрдістер. ЕурАзЭҚ. Қазіргі кездегі еуразиялық интеграция лық үрдістерді айқындау. Дәріс-1 Семинар-1 СӨЖ-2 Реферат-түйіндеме жазу. «1991-2012 жж. аралығында еуразиялық интеграциялық ұйымдар» хронологиялық кесте құру.  

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6. 1 Негізгі әдебиеттер:

1. Вернадский Г.В. Начертание русской истории.- Прага, 1927.

2. Гумилев Л.Н. Көне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. – 480 б.

3. Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Қазақстан», 1998.-528 б.

4. Савицкий П.Н. Евразийство // Основы евразийства.- Москва, 2002.-С.280. 5. Трубецкой Н.С. Европа и человечество.- София, 1920.

6.2 Қосымша әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Евразийское пространство: интеграционный потенциал // Евразийский союз. Идеи, практика, перспективы: 1994-1997.- Москва, 1997.

2. Проблемы евразийства.-Астана: издательство Евразийского университета. 1998.- 225 с.

3. Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства // Евразийский университет и евразийское сообщество: взгляд на начало XI века.- Астана, 2002. – С. 152-159.

4. Ермекбаев Ж.А. Теория этногенеза и евразийские идеи Л.Н. Гумилева в преподавании исторических дисциплин. Учебное пособие. –Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2003.- 90 с.

5. Евразийская идея Н.А. Назарбаева и тюркское пространство. /Коллективная монография под общ. ред. Ибраева Ш./. – Астана: «Сарыарқа», 2011. -404 с.

 

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

 

Пәнді оқу барысында ағымдағы, аралық, қорытынды, сондай-ақ белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыру қарастырылған. Студенттерге үнемі сабаққа келу, үздіксіз оқуға және топтық пікірсайыстарға белсеңді қатысуға тұра келеді.Студенттер үшін аудиториялық сабақтардағы процесстерге белсенді қатысу міндетті болып саналады, өйткені сабақ айту сапасының негізінне қарап бағаланады.

Егерде студент қойылған талаптарға сәйкес тапсырмаларды саналы орындаса ең жоғарғы балдарға қол жеткізеді. Белгіленген уақытында өткізілмеген тапсырмалар қабылданбайды.

Бағалау жүйесі: Ағымдық бал: - 25 %. Аралық тест – 10 %. СӨЖП және СӨЖ – 25 %.

Эмтихан – 40 %. Барлығы: - 100 %.

Пән бойынша пайыздық мазмұндағы қорытынды баға төмендегі формуламен анықталады:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4,

Онда: Р1– 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Р2 – 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест–емтихан).

 

8. Оқу пәнінің саясаты.

«Еуразияшылдық: теория және практика» пәні бойынша барлық сағат саны: Дәріс-15, Семинар-15, СӨЖ-30. Сабақтың барлық түрлеріне қатысу міндетті болып келеді. Сабақта өзін-өзі ұстауы ЖОО ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

 

 

Кафедраның әдістемелік секциясының мәжілісінде қарастырылған.

«___» __________20__ ж., хаттама № ____

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Снятие с мели буксировкой рывками.| Глава 4. Умение слушать - ваш путь к популярности и успеху.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)