Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автопортрет әдістемесі

Шикі баллдарды стандартты баллға (стенге) ауыстыру кестесі | Факторларға түсіндірме | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Нұсқау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | К. Томастың мінез-құлықты бейнелеу тестісі. | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Көрсеткіштер және интерпретация. |


Читайте также:
  1. Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі
  2. Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу
  3. Тұлғалық ерекшелікерді зерттеудегі MMPI әдістемесі
  4. Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі

Е.С. Романова мен С.Ф. Потемкина проективті әдістемелер кітабында оқырмандарға «Автопортрет» әдістемесін ұсынды, сондай-ақ бұл әдістеме жоғарғы деңгейдегі тұлғаларды диагностикалауға мүмкіндік береді. Авторлық нұсқаның өзінде бұл әдістеменің екі интерпретациясы берілген: біріншісін Р.Бернс (АҚШ) ұсынса, екіншісі оригиналды нұсқа, яғни авторлардың өздері ұсынған нұсқасы болып табылады.

Анықтама бойынша, автопортрет - тұлғаның өзін бейнелеп салған, адам бейнесі. Психодиагностика үшін автопортреттердің мүмкіндігін анықтау және белгілі бір типологиялық белгілері бойынша ажырату маңызды болып табылады. Жалпы бұл әдістің даму тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді. Өнер саласында автопортреттің түрлі формасын бөліп көрсетуге болады, олар:

- Орталықта адам жүзінің орналасуы; оны жиі графикалық бейне дейді.

- Портреттің интерьерлі (жабдықталған түрде) бейнеленуі, портреттің толықтырылуы.

- Бір сәтте бірнеше автопортреттің бейнеленуі, тұлға өмір жолындағы түрлі жастық кезеңді бейнелейді, яғни жас бойынша айырмашылық;

Соңғы кезеңде автопортрет - метафорасының өзі кеңінен қолданылады, әсіресе түрлі психологиялық эксперименттерде барлық адамға арналғандығы ақпарат алуға мүмкіндік береді және тұлға қиялының көрінісінің шектеусіз дамығандығын салынған бейнелерден аңғартады. Мысалы: экстравагантты модадағы костюмде жас әйелдің ауадағы қанатта ілініп тұрған бейнесінің бейнеленуі, сюжетті автопортрет, яғни қарапайым, реалды ситуацияда бейнеленуі: жақын достарының арасында автордың қарым - қатынас жасауы, күлуі, әңгімелесуі, тамақтану т.б. бейнесінің бейнеленуі; енгізілмеген ситуация, бірақ реалды бейне: шындығында болатын маңызды бір оқиғаға қатысып бейнеленуі; фантастикалық ситуация, автордың өзі қатыспаған, болмаған ситуацияны бейнелеуі.

Бірінші интерпретациясы. «Автопортрет» тестін Р.Берн (АҚШ, Адам дамуының институты, Г.Сиэтл) бейімдеді және бұл әдістемеде өзіңді жалғыз немесе жанұя, жұмыстағы әріптестерімен бірге бейнелеуді ұсынды. Р.Бернс автопортреттегі мына элементтірді сипаттаиды:

Бас. Бастың үлкен болуы - интелектісінің жоғарғы деңгейде болуына немесе өз интеллектісіне риза болмауды білдіреді. Кішкентай бас - көп жағдайда интеллектуалды деңгейінің жасына сай еместігін немесе әлеуметтік сәйкессіздіктің сезімін бейнелейді.

Көз- қауіптілікті және қоғамдық көзқарасқа деген гипер- сезімталдылықты бейнелейді. Кішкене және жабық көздер -интроверсияға деген тенденцияны аңғартады.

Құлақ пен мұрын. Үлкен құлақ - сынға деген үлкен сезімталдықты аңғартса, аралас мұрын - сексуалды мәселенің бар екенін байқатады. Танаудың айқын байқалуы - агрессияға деген басымдылықты дәлелдейді.

Ауыз. Айқындалған ауыз – примитивті оральды тенденцияны немесе сөйлеу процесіндегі қиындықты болжайды. Бейнеде ауыздың салынбауы - қарым - қатынастағы селқостықты немесе депрессия күйін білдіреді.

Кол. Сыртқы әлеммен тұлғаның қарым-қатынасын символдайды; тұйықталған, байланысқан қол – қатты, міндеттелген, тұйықталған тұлғаны бейнелейді. Нәзік қол-физикалық немесе психологияляқ әлсіздікті байқатады. Ұзын, күшті қол - амбициоздықты және сыртқы әлем оқиғасына араласудағы қатты қызығушылықты білдіреді. Өте қысқа қол – сәйкессіздік сезімі мен амбициоздықтың болмауын көрсетеді.

Аяқ. Ұзын аяқ–тәуелсіздікке деген қажеттілік. Үлкен аяқ –қауіпсіздікке деген қажеттілік. Аяқсыз салынған сурет-тұрақсыздықты және негіздің болмауын айтады. Мысалы: әскерден қашқандар (дезиртерлер) әдетте жиі адамның бейнесін аяқсыз салады.

Екінші интерпритациясы. Тест адамның индивидуалды– типологиялық ерекшеліктерін анықтауға жасалған, өзі жайлы елесі, сыртқы бейнесі, тұлғаға және өзіне деген қатынасын анықтауға арналған.

Әдістеменің мақстаты: адамның индивидуалды – типологиялық ерекшелігін анықтау.

Қажетті құрал-жабдық: қалам, 10х15 см - дегі ақ парақ.

Сыналушыға нұсқау: «Өз портретіңізді салыңыз!».

Бейнені талдағанда суреттің белгілерін бөліп көрсетеді, оның негізінде барлық суреттерді мына бейнелер арқылы біріктіруге болады:

1. Эстетикалық бейне – шығармашылық қабілеті бар, адам жүзінің бейнеленуі арқылы жүзеге асады. Суреттің бейнесін ажырату қиынға соқпайды. Салынған сурет жеңілдік, иілгіштік, көркемдіктің байқалуымен ерекшеленеді.

2. Схематикалық бейне – адамның жүзі, дене схемасы, бюст суреттері арқылы көрінеді. Мұндай суретті интелектуалды қорға бай тұлға салады (И.П.Павлов бойынша ойлаушылар типі). Сурет декоративті түрінде болады. Бұл адамдар үшін кішкене бөлшектер өте маңызды.

3. Реалды бейне – нақтыланып салынған, яғни беттің, шаштың, құлақтың, мойынның, киімнің т.б. элементтерідің толық бөлшектерін қамтып салынуы. Мұндай бөлшектеуге жақын, икемді аналитикалық когнитивті стильдегі және үлкен педанттілікпен ерекшелентін адамдар бейнелейді. Яғни, сурет барлық элементті қамтиды.

4. Метафорлық бейне – адам өзін бір зат секілді бейнелейді, мысалы, шәйнек немесе химиялық құрал т.б. Бұлай шығармашылық қорға бай, қиялы мен фантазиясы дамыған, шығармашылық қабілеті және әйгілі юмор сезімі бар тұлға салады.

5. «Интерьердегі автопортрет» - адамның бейнесін оның айналасын қоршаған заттардың ортасында салу, пейзаж фонында, бөлмеде, т.б. Мұндай сюжет бейнелеушілерге тән және сыртқы заттарға бағытталып салады.

6. Эмоционалды автопортрет – адам өзін эмоционалды күйде бейнелейді. Жоғарғы эмоцияға тән, өз күйін рефлексиялай алады, кейде уайымның эмоциясы керісінше бейнеленуі мүмкін. Мысалы: мұңлы адам көңілді адамды салады.

7. Қозғалыс немесе позаны бейнелеу – адам өзін болып жатқан іс - әрекет түрінде бейнелейді. Мұндай суреттер мәнерлеп қозғалатындарға, бишілерге, спортпен шұғылданатын тұлғаларға тән.

8. Автопортреттің арқа жағынан бейнеленуі – адам жүзінің орнына жұлынның салынуы. Мұндай суретті нұсқауға қарсы келетіндер салады.

9. Портрет көлемі - жағымды физикалық күйді, оның орегиналдылығы - қарым-қатынастағы демонстративтілікті, адамға деген қызығушылықты білдіреді. Штрих пен суреттің басып салынуы тұлға бойындағы қысымды көрсетеді.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 2995 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі| Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)