Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Факторларға түсіндірме

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу | Б тізімі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Жылы шырайлы тип. | Сауалнама | Тұлғалық ерекшелікерді зерттеудегі MMPI әдістемесі | Профиль деңгейі | Профиль рельефі | Профиль еңкеюі |


Читайте также:
  1. Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша түсіндірме аппараты

I. «А» ФАКТОРЫ «ашықтық-тұйықтық»

Төмен бағаланған адам тұйық, тіпті ебедейсіз, басқа адамдарды бағалауда артық талап қояды. Ол скептик болады, айналасындағыларға суық келеді, жалғыз болғанды ұнатады, шын көңілімен сыр бөлісетін жақын жолдасы болмайды.

Жоғары бағаланған жағдайда адамның мінезі ашық және ақ көңіл, ешбір қалтықсыз және мейірімді болады. Ол адам айналасындағылармен бірге жұмыс жасайды, қарама-қайшылықтарды жоюға белсене қатынасады, сенгіш сыннан қорықпайды, эмоционалды, кез келген оқиғаларға үн қосады. Жалпы фактор ұсақ топтарда адамдардың қарым-қатынасына бағдарланады.

 

II. «В» ФАКТОРЫ «жоғарғы интеллект-төмен интеллект»

Төмен бағалауда адамға тиянақтылық және ойлаудың жүйесіздігі тән және парасаттылықтың бағытын өзгерту мүмкін.

Жоғары бағалауда ойлаудың дерексіздігі байқалады, зерек (тапқыр) және тез үйренгіш болып келеді. Ауызша мәдениеттілігі мен білімпаздық деңгейі бір – біріне байланысты.

 

III. «С» ФАКТОРЫ «эмоциональды тұрақтылық-эмоциональды тұрақсыздық»

Төмен бағалауда толеранттылық-төзімділік байқалады, сезімге берілгіш, қызығушылығы құбылмалы, көңіл күйі тұрақсыздыққа бейім, қызбалық, қажығандық, жүйке ауруы симптомдары, делдалдығы байқалады.

Жоғары бағалауда адам ұстамды, жұмысқа қабілетті, эмоциясы жетілген, нақтылы. Ол топтың ықпалында болуға бейім, қызығушылығы тұрақты. Онда жүйке жүдеуі болмайды. Кейбір уақытта эмоциялық ебедейсіздік байқалуы мүмкін. Кейбір жұмыстарда фактор жүйке жүйесінің қызметімен байланыста болады, тежеу процестері мен тұрақсыздық басым болады.

 

IV «Е» ФАКТОРЫ «үстемділік-бағынушылық»

Төмен бағалауда адам ұялшақ, басқаларға жол беруге бейім. Ол көп жағдайда біреуге тәуелді болады, кінәні өз мойнына алады, қателесуден қауіптенеді. Ол – әдепті кісі, қадірлейтін бағынатын, тіпті енжарлыққа берілетін адам.

Жоғары бағалы адам тәуелсіз, өкімшіл, өзіне – өзі сенген қыңыр, басқыншылыққа тақау болып келеді. Ол өзін ұстауда, пікір айтуда тәуелсіз, өз пікірін маңайындағыларға өткізеді. Жанжал болған жағдайда басқаларды айыптайды, сырт жақтан өкімділк пен басымдылыққа қарсы,өзі өктемшілдікпен басқаруды тандайды. Сонымен қатар жоғары мәртебе үшін күреседі, жанжалшыл, өзімшіл.

 

V. «F» ФАКТОРЫ «айқындылық-ұстамдылық»

Төмен бағаланған адам ақыл-парасат, сақтық, байыптылық, үндемеушілік тән болып келеді. Ол кез-келген нәрсені күрделендіреді, шын дүниені қабылдауға келген жағдайда сенімсіздік білдіреді. Болашақ үшін алаңдайды, сәтсіздіктердің болын болжайды. Маңайдағылар үшін ол өте зеріккен адам, енжар тым менменшіл болып көрінеді.

Жоғары бағалы адам тіршілікке құмар, импульсивті, алаңсыз, көңілді бейқам, әңгімешіл, жылдам болады. Әлеуметтік қатынас ол үшін маңызды және әсерлі, өзі жігерлі. Ол – экспансивті, адамдармен қарым-қатынасы адал. Ол көшбасшы (лидер) болады және сәттілікке сенеді. Жалпы, бұл факторды бағалауда әсерлі болуы мен қарым-қатынасты жылжымалықтығын бейнелейді.

 

VI. «G» ФАКТОРЫ «жоғарғы нормативтілік-сезімталдылық»

Төменгі бағаланған тұрақсыздыққа, кездейсоқтыққа бейім. Көпшілік талаптармен, нормаларды орындауға ешқандай күш жұмсамайды. Ол принципсіз жинақы емес, жауапкершілігі төмен, әлеуметтік нормаларға тұрақсыз болып келеді. Нормалардан бас тарту оны әлеуметтік заңдылықты бұзуға әкелуі мүмкін.

Жоғары бағалы нормаларды сақтаумен мақсатқа жетуде табандылық көрсете алады, тиянақтылық, жауапкершілік істерге бағытшылдық көрсетеді. Жалпы, фактор әр түрлі мөлшерлер мен жиындарды жүйелеудегі іс-әрекеттер мен қатынастарды белгілейді.

 

VII. «Н» ФАКТОРЫ «батылдық-жасқаншақтық»

Төмен бағаланған адам – жасқаншақ, өзіне-өзі сенімсіз, ұстамды көбінесе көлеңкеде болуды қалайды. Үлкен ортадан гөрі бір- екі адам немесе жолдастардың арасында болғанды жақсы көреді. Қоқан-лоқыны өте сезгіш келеді.

Жоғары бағалы әлеуметтік батылдық тән, таныс емес адамдармен жеке жағдайларда белсенділік көрсетеді. Ол тәуекелдікке бейім, өзін бос және тәуелсіз ұстайды. Жалпы бұл фактор әлеуметтік жағдайларда қоқан-лоқыға қарсы шыға алады және әлеуметтік қарым-қатынаста шешімділік байқатады.

 

VIII. «I» ФАКТОРЫ «қайырымдылық-қатігездік»

Төмен бағаланған адам жұмсақ, сезімтал, әлемді көркем қабылдауға бейім. Жауластықпен байланысты жағдайлардан қашуға ұмтылады. Өмірдің «дөрекі» жақтарымен соқтығысқанда жараланғыш. Тәуелді, мақаббатқа, көңіл аударуға және қоршаған ортаның көмегіне мұқтаж. Бұл полюстің шеткі мәні, стрессті жеңуге деген төмен қабілетті көрсетеді.

Жоғарғы бағаланған – ержүрек, күшті, тәжірибелі. Сезімге емес, көпшілігінде ақылға сүйенеді. Реалист. Психологиялық мәселелерді рационалдылықпен шешеді. Бұл полюстің шеткі мәні эмоционалды мейрімсіздікпен шешеді.

 

IX. «L» ФАКТОРЫ «күдікшілдік-сенгіштік»

Төменгі бағаланған адам мінезінің ашықтығымен, сенгіштігімен, басқа адамдарға жағымды, төзімді, сиымдылығымен сипатталынады, қызғаншақтық, мінезі жоқ, адамдармен тіл табысады және ұжымда жұмысын жақсы атқарады.

Жоғары бағаланған – қызғаншақ, көреалмаушылық, күдікшіл, ол өзін өте жоғары бағалайды. Оның мүддесі тек өзіне бағытталған, іс-әрекеттерінде өте сақ, эгоцентрлік мінезі бар. Бұл фактор адамдарға эмоциялық қарым-қатынасты білдіреді.

 

X. «М» ФАКТОРЫ «дамыған қиял-практикалылық»

Төменгі бағалы адам адал, епті. Ол айналадағы жағдайларды бағдарлайды, жалпы нормаларға сай іс-әрекет жасайды, ол адамдар кей жағдайда шектелу және аса ұсақтыққа бейімділік байқалады.

Жоғары бағаланған адам – елестету қабілеті жоғары дамыған, өз ішкі дүниесіне бағытталған, шығармашылық қабілеті жоғары адам.

XI. «N» ФАКТОРЫ «дипломатиялық-турашылдық»

Төменгі бағаланған адам – турашыл, сенгіш болып келеді.

Жоғары бағалы адам – есепқор, көреген, ақыл-парасатты және айналадағы адамдарға елжірегіш.

ХII. «О» ФАКТОРЫ «мазасыздық-өз-өзіне сенімділік»

Төменгі бағаланған адам – суыққанды, ұстамды, өзіне-өзі сенімді. Жоғары бағалы адамға қауіп-қорқыныш, депрессиялық (тоқырау), өкпешілдік, әсерлілік тән.

 

ХIII. «Q1» ФАКТОРЫ « радикализм-консерватизм »

Төмен бағаланған адам – консервативтік дәстүрлі қиыншылықтарға төзімді келеді, ол не нәрсеге сену керек екенін біледі, кейбір прнциптерінің дәрменсіздігіне қарамастан жаңа процестерге күдікпен қарайды. Ол қызықпайды.

Жоғары бағаланаған адам жоғары сын көзімен қарайды, парасатты тартымды мүддесімен, аналитикалық ойымен, жақсы хабардардылықпен көзге түседі. Сараптауға бейім, жаңа бекімеген көзқараспен өзгеруді тез қабылдайды, абырой беделге сенбейді, сенімге ештене қабылдамайды.

 

XIV. «Q2» ФАКТОРЫ «дербестілік-тәуелділік»

Төменгі деңгейде «Өзін-өзі бақылау» - жоғары деңгейде өзін-өзі бақылау.

Төменгі бағалы тәртіпсіздік, ішкі қарама-қайшылық басым, әлеуметтік талаптарды іске асыруға мән бермейді.

 

XV. «Q3» ФАКТОРЫ «жоғарғы өзін бақылау-төмен өзін бақылау»

Төмен бағаланған адам тәртіпсіз, өзі туралы іштей сенімсіз, әлеуметтік талаптарды орындауға құлықсыз.

Жоғары бағалы адам өзін-өзі бақылауы дамыған, әлеуметтік талаптарды тиянақты орындайды. Адам өзінің түсінігіне сай әрекет жасайды, өз мінез-құлығымен, эмоцияларын бақылайды, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Оған жеке тұлғаның мақсаттылығы ұштасушылық мінездері тән. Бұл фактор ішкі бақылау денгейінің өлшемі болады.

 

XVI. «Q4» ФАКТОРЫ «шиеленісушілік-босаңдық»

Төмен бағалауда әлсіздіктену, босаңдылық тыныштылық, дәлелдеу төмен, жалқаулық және тым қанағаттанушылық.

Жоғары бағалауда күштенуді, жабырқаң қылық, қозғыштықты анықтайды. Адамның жабырқаң қылықта болуы, оның жабырқаңқылықты дәлелдеуі жоғары болуын көрсетеді. Оған қанағатсыздық тән.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шикі баллдарды стандартты баллға (стенге) ауыстыру кестесі| Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)