Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Профиль еңкеюі

Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу | Б тізімі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Жылы шырайлы тип. | Сауалнама | Тұлғалық ерекшелікерді зерттеудегі MMPI әдістемесі | Профиль деңгейі |


Читайте также:
  1. Гинекологический профиль
  2. Задача 6.3. Построить продольный профиль и вычислить уклон линии на карте, заданной преподавателем.
  3. И какое место оно занимает профильной смене?
  4. Направление подготовки «Лингвистика», профиль «Теория и методика преподавания иностранных языков и культур» (английский язык).
  5. Направление подготовки «Педагогическое образование», профиль «Иностранный язык» (английский) очная форма обучения
  6. Начальника республиканской профильной смены
  7. Необходимых для проведения республиканской профильной смены.

MMPI профильдері көп жағдайларда солға немесе оңға еңкеюдің айқын көрінісінің жоқ болуымен сипатталады. Бірақ кейбір жағдайларда бұндай еңкеюлер кездесіп тұрады, егер профильдің бір жағы екіншісімен салыстырғанда неғұрлым жоғары болса, онда мұнда белгілі бір бұзылулар бар екені анықталады.

Осылайша, невротикалық бұзылулар адамның интеллектуалды сферасына қатысты емес, оның эмоционалды уайымдарымен тығыз байланысты болады. Невротикалық бұзылулары бар адам өзінің уайымдары адекватсыз екендігін түсінеді, бірақ оларды қадағалау және өзінің Мінез-құлқына коррекция жасау қиынға соғады. Невротикалық бұзылулардың пайда болуының жоғары мүмкіндігін жағымсыз еңкеюі бар профиль сипаттайды (Сурет 7), мұнда максималды мәндер бірінші үш шкалаларда болады, олар «невротикалық триаданың шкалалары» деп аталады.

Керісінше, психотикалық бұзылулар интеллектуалды және мінез-құлықтық сфераларда көрініс табады. Мұнда адам өзінің белгілі бір бұзылуларының бар болуын саналы түрде сезінбейді. Психотикалық бұзылулардың пайда болуының жоғары мүмкіндігін жағымды еңкеюі бар профиль сипаттайды (Сурет 8), мұнда максималды мәндер профильдің ортаңғы және оң жағында орналасқан шкалаларда, соның ішінде ең бастысы, 4, 6, 8 және 9 шкалаларда кездеседі, олар «психотикалық триада шкалалары» деп аталады.

Еңкеюдің болмауы психологиялық бұзылулардың жоғын сипаттамайды. Бұзылулар туралы шекаралы профиль немесе белгілі бір пиктердің бар болуы көрсете алады. Мұнда бұзылулар уақытша сипатта болады, немесе тұлғаның психопатиялық өзгерулерімен байланысты келеді.

 

6-шы кесте. MMPI профилінің еңкеюін өңдеу.

 

Еңкею Белгілері Психологиялық сипаттама
Жағымсыз Профильдің сол жағы оң жағына қарағанда неғұрлым жоғары болады. Мұнда максималды мәндер 1, 2, 3 шкалаларда кездеседі, сондай-ақ 7 шкала (Сурет 7). Невротикалық бұзылулардың пайда болуының мүмкіндігі жоғары. Эмоционалды қиындықтар, қатты уайымдар, мазасыздық, сенімсіздік, қарым-қатынастағы қиындықтар, соматикалық бұзылулар.
Жағымды Профильдың оң жағы сол жаққа қарағанда жоғары болады. Мұнда максималды мәндер 4, 6, 8 және 9 шкалаларда кездеседі, сондай-ақ F шкаласы бойынша жоғары мәндер болуы мүмкін (Сурет 8). Психотикалық бұзылулардың пайда болуының мүмкіндігі жоғары. Өзін және қоршаған ортаны түсінудегі адекватсыздық, шиеленістерге бейімділік, өзін-өзі жоғары бағалау, жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелерін бұзу, қабылдау мен зейіннің бұзылуы мүмкін.

 

 

Сурет 7. MMPI-дың жағымсыз еңкеюі бар профилі.

 

 

Сурет 8. MMPI-дың жағымды еңкеюі бар профилі.

 

 

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. MMPI Профиль типтері.

2. Сенімділік шкаласының сипаттамасы.

3. Профильді кодтау ерекшеліктері.

4. Тұлғалық ерекшелікерді зерттеудегі MMPI әдістемесін жүргізу.

5. Мәліметтерді өңдеу. Алынған нәтижелер итерпретациясы.

6. Қорытынды. Генералды зерттелушілерге эксперимент жүргізу.

7. Эксперимент жүргізілгені туралы есеп.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Методики психодиагностики в спорте: Учеб. пособие: В.А. Марищук, Ю.М. Блудов, В.А. Плахтиенко, Л.К. Серова. 2-е изд. Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 2000.

2. Собчик Л.Н. Диагностика межличностных отношений. Модифицированный вариант интерперсональной диагностики Т. Лири: Методическое руководство. – М.: ИКА "Москва", 2001.

3. Собчик Л.Н. Психодиагностика: методы и методология. –М., 2002.

4. Собчик Л.Н. Введение в психологию индивидуальности: Теория и практика психодиагностики. – М.: Ин-т приклодной психологии, 2001.


8-апта (4 сағ)

Тақырып: Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасынығ негізгі қағидалары: қолдану мақсаты және міндеттері.

Мақсаты: Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасын қарастыру.

Сұрақтар: Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасының негізгі қағидалары: қолдану мақсаты және міндеттері. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сұрақтамасын интерпретациялау ерекшеліктері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: фактор, стент, шикі баллдар.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Профиль рельефі| Шикі баллдарды стандартты баллға (стенге) ауыстыру кестесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)