Читайте также:
|
|
Профиль рельефі тұрақты индивидуалды тұлғалық ерекшеліктерді, түрлі бітістердің көрінісінің дәрежесін сипаттайды. Қаншалықты профиль тегіс болса, соншалықты бұл адамның мінез-құлқы ситуация және сыртқы фактор арқылы анықталатындығын, оның жауап беру тәсілін таңдау мүмкіндігін және оның мінез-құлықтық репертуардың кең болуын көрсетеді (Сурет 2). Жеке шкалалар бойынша профильдің жоғарлануы кездессе, онда бұл адамның белгілі бір тұлғалық бітістерінің басқаларға қарағанда айқын көрінуі сипатталады. Бірақ, бұндай жоғарланудың саны 3 немесе одан да көп болса, бұл адам тұлғасының акцентуацияланғанын көрсетпейді (Сурет 5). Ал егер жоғарлану саны тек бір немесе екі ғана болса, онда бұл акцентуацияның белгілі бір типтерінің бар екенін анықтайды (Сурет 6, 11, 12, 13, 14). Бұл жағдайда адамның мінез-құлқын жеңіл болжауға болады.
5-ші кесте. MMPI профилінің рельефін өңдеу.
Рельеф | Белгілері | Психологиялық сипаттама |
Тізбектелген | Сәйкесінше тегіс профиль, шкалалардың максималды және минималды мәндерінің айырмашылығы 15-20 Т-баллдан аспайды (Сурет 2). | Мінез-құлқының, ойлауының және уайымдарының тұрақтылығы, өзіне және қоршаған ортаға деген адекватты қатынасы. Сенімділік, сабырлық, тепе-теңділік, мақсаттылық, шыдамдылық. Эффективті қарым-қатынас орнату, өзінің күйін және мінез-құлқын қадағалау қабілеттілігі, жағдайлардың кең ауқымына жеңіл бейімделу, түрлі тапсырмалрды орындау, жағдайға байланысты бір әрекет түрінен екіншісіне ауысу. |
Тістес | Үш немесе одан да көп шкалалар мәні басқа шкалалар мәндерінен 20 Т-балл көлемінде айырмашылық табады (Сурет 5). | Тұлғаның бір қатар айқын бітістері басқаларға қарағанда жиі көрінеді. Мінез-құлықтың және уайымдаудың кейбір тәсілдері жоғары мүмкіндікпен кездеседі. Бірақ бұл адамда жауап берудің тәсілдерін таңдау мүмкіндігі басым келеді. |
Пиктәріздес | Бір немесе екі шкалалардың мәндері басқа шкалалардың орташа деңгейінен 20 Т-баллға жоғары болады (Сурет 6, 11, 12, 13, 14). | Акцентуация немесе психопатияның белгілі бір типінің бар болуы. Мінез-құлық пен уайымдау мазмұны нақты қай шкала бойынша пик көрінуі арқылы анықталады. |
Егер, профильдің шекаралы деңгейі жоғары болса, онда рельеф жасырын болуы мүмкін. Яғни, эмоционалды селқостықтың жоғары деңгейінде тұлғаның бітістерін айыру қиынға соғады.
Сурет 5. MMPI-дың тістес профилі.
Сурет 6. MMPI-дың Пиктәріздес профилі. 9 шкала бойынша пик.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Профиль деңгейі | | | Профиль еңкеюі |