Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері | Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз | Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар | Лемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезінақ біздің елімізде өтті. | Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. | Сегізінші сын-қатер-үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. | Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгерді. | Салық саясаты | Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. | Бұл үшін не істеу қажет? |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын.

Бұл - еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым.

Бұл - жаңа саяси бағыт.

 

І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық.

Бұл 1997 жыл - кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.

Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.

1997 жыл естеріңізде ме?

Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.

Көпшілік: «Бұл не - насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» деп сауал қойып жатты.

Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.

Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.

Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.

Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс болды.

Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат - жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.

Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту| Лттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)