Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері | Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту | Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. | Лемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезінақ біздің елімізде өтті. | Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. | Сегізінші сын-қатер-үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. | Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгерді. | Салық саясаты | Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. | Бұл үшін не істеу қажет? |


Читайте также:
  1. Бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу
  2. Бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу
  3. Басқарудың негізгі қызметтері
  4. Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
  5. Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.
  6. Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.
  7. Кәсіпорынды басқарудың функционалдық құрылымы

 

Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз - әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз.

Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан - АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.

Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз.

Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз.

Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс.

Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады.

Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.

Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз| Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)