Читайте также:
|
|
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылдан екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
Ескерту. 375-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару | | | Бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу |