Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

Бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану | Бап. Коммерциялық сатып алу | Бап. Терроризм актісі | Бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу | Бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату | Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы |


Читайте также:
  1. Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
  2. Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
  3. Бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу
  4. Бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу
  5. Бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу
  6. Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiруге әкеп соқса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бас бостандығын екi жылға дейiнгi мерзiмге шектеуге, не белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсыздан кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта iрi көлемдегi залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн сомада жеке адамға келтiрiлген залал не айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есеге асып түсетiн сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

257-бап. Бұзақылық

1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет, егер оны:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
в) бірнеше рет жасаса, -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

258-бап. Тағылық

Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 258-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-тарау. Халықтың денсаулығына және
адамгершiлiкке қарсы қылмыстар


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қаруды заңсыз жасау| Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)