Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

Бап. Коммерциялық сатып алу | Бап. Терроризм актісі | Бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу | Бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату | Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы | Бап. Қаруды заңсыз жасау |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Абылдап-жөнелту жолдарын пайдалану дәрежесі.
  7. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру

1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi:
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) әлденеше рет;
в) есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты өте iрi мөлшерде;
г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi:
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса;
б) білім беру ұйымдарында жасаса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап және осы Кодекстің 250-бабы (есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты бөлігінде) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың мөлшері "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.
Ескерту. 259-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.05.31 N 327, 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 235 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу| Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)