Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

Бап. Терроризм актісі | Бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу | Бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату | Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы | Бап. Қаруды заңсыз жасау | Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу |


Читайте также:
  1. АТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
  2. Атты әсер ететін улы заттар
  3. Бап. Қаруды заңсыз жасау
  4. Бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
  5. Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
  6. Бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу

1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) iрi мөлшерде жасалса -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 262-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есiрткi заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, бiр адамның немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобының осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттерi, -
бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 263-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 N 47, өзгеріс енгізілді - 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 264-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату| Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)