Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу

Бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу | Бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу | Бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату | Бап. Сапасыз құрылыс | Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу | Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы | Бап. Қаруды заңсыз жасау | Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу | Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
  7. Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

1. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттi аталған ережелердi сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттардың, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге елеулi зиян келтiрiлуiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 265-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау

1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару және белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 266-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру| Бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)