Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атты әсер ететін улы заттар

Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері | II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ | Сәулелену дозасы туралы түсінік | Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі | ТМД елдеріндегі ядролық реакторлардың үлгілері | АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы | РАДИАЦИЯ КӨЗДЕРІ, ТАБИҒИ РАДИОАКТИВТІЛІК, ЖЕРДІҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУЫ | Аумақтың радиоактивті ластануы | Адамға сәуле алудың қауіпі | Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы |


Читайте также:
  1. АТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
  2. Бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру
  3. Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы
  4. Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
  5. Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату
  6. Бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу

ҚӘУЗ — бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялык қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл: заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) түншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);

д) түншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Түншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар

(хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатады, олар үшіп организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байланыс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекшелігімен және экспозициялық дозаның көлемімен анықталады. Көбірек жинақталған бір қатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химиялық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі жатады (амил, акрилонитрил, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көптеген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегінде алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұшыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэти-қорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар) жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпатдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Түншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның салдарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларға организмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан, және басқалар) жатады. Булармен улану уға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады организм, әдеттегідей, біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарға галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (ди­оксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар) жата­ды. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен тері үлпалар арқ-ылы әсер ете отыра, өте үзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бүл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық орган­дар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

ҚӘУЗ туралы негізгі мәліметтер.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 225 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ| УЗ-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)