Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау

Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу | Бап. Экоцид | Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру | Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау | Бап. Қарулы бүлiк | Бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату | Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту | Бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару | Бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету | Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау |


Читайте также:
  1. C) Ерекше іс жүргізу
  2. C) Талап қою арқылы жүргізу, ерекше талап қою арқылы іс жүргізу, ерекше іс жүргізу
  3. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
  4. Бап. Адамды ұрлау
  5. Бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы
  6. Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) бiрнеше рет жасалса;
в) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлiнуiне әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

181-бап. Қорқытып алушылық

1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай жолмен:
а) күш қолдану;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай жолмен:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып;
в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасаған қорқытып алу –
г) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тонау| Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)